54
Джим Коллинз
18
«От хорошего к великому. Почему
одни компании совершают, другие прорыва нет» деген
кітабының отыз тоғыз бетін мойындау тақырыбына
арнаған.
Қарап отырсаң, кәсіпкерлікке қатысты кітап, ме-
неджментке деген жаңа көзқарас тудыратын кітап, онда
он есе дамыған, табысты болып есептелген компаниялар
туралы айтылады. Ал осы он есе дамыған компания-
лардың ортақ қасиеті, ол – мойындай алуында делінген,
Сондықтан сен де, мойындау керек екенін қабылдасаң,
әрі қарай оңай болады. Себебі, адыраспандардан құтылу-
дың алғышарттарының бірі – осы мойындау.
ЕКІНШІ, адыраспандардың сені
неден шектейтінін
есепте. Жақсы бизнеске ақша салудың орнына, қыр-
сығып, әріптесіңе мінезіңді көрсеткің келіп, шығынға
әкелетін бизнеске ақша құйдың. Нәтижесінде банкрот
болдың. Кімге, нені дәлелдегің келді? Нәтиже қандай?
ҮШІНШІ, рационалды ойлау жүйесін қос. Өзіңнің са-
сық көкірегіңнің кесірінен сенің жеке көлігің жоқ, сон
дықтан автобуспен жүресің. Ал негізінде,
жарыңның аға-
сы қарызға берем деген сол ақшаны алғанда, бизнесіңді
дөңгелетіп, қарызды пайдасымен қайтарар едің. Кәсіпкер
деген формада, жеке көлік те,
туыстардың назары да
өзіңде болар еді.
ТӨРТІНШІ, адыраспандармен күрес.
Еріншектікті жеңуге келетін болсақ, бұл оп-оңай.
Ерініп тұрған Қуаныш пен ерінбей тұрған Қуаныштың
арасы – әрекет. Егер ол әрекет жасаса, демек, еріншектікті
жеңгені. Мен істеймін деп, ерінбей әрекет жасау бар-жоғы
бес-ақ секунд уақытыңызды алады. «Momentum» деген
түсінік бар. Ол 3
–7 секунд аралығы.
Осы уақыттың ішін
де шешім қабылдауың керек. Сондықтан ерініп тұрған
кезің мен ерінбей тұрған кезіңнің арасы бес-ақ секунд,
осыны ұмытпа.
____________
18
Джим Коллинз
– америкалық бизнес-кеңесші, жазушы, зерттеуші.