Екінші болма! Бизнесте, карьерада және өмірде женіске жетудің Қазақша жолы 3-басылым Алматы



Pdf көрінісі
бет61/95
Дата13.04.2024
өлшемі2.73 Mb.
#498591
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   95
екінші болма

Байланыстардың сапасы. Байланыстардың саны көп 
болғаны жақсы. Бірақ оның сапасы одан гөрі маңызды. 
Өкінішке қарай, бізде көп адамдар нетворкингтің күшін 
дұрыс бағаламайды. Тек жұмыс барысында, өзіне қажет 
кезде іздей бастайды. Ал Джелаледдин Румиді тыңдасақ, 
адаммен ол жай ғана адам болған соң да араласу керек. 
«Керек кезде ғана іздейді екен» деген ойдағы адам саған 
жақсылық жасап жарытпайды. 
Сьюзан Роан айтады: «Сіздің не білетініңіз маңыз- 
ды емес, сіздің кімді білетініңіз де маңызды емес. Сізді 
кімнің білетіні маңызды». Таныс-тамыр деген қазақ ой- 
лап тапкан нәрсе емес. Бүкіл дүние жүзі сол жүйемен жұ- 
мыс істейді. 
Мүмкін, басқаша атайды. Таныстықтың бекуіне септе- 
сетін бірнеше техника бар. 
Оның біріншісі, таныстықты бекіту. Сен бір жиында 
жақсы адаммен таныстың делік. Нөмірлеріңді алмас- 
тыңдар, сосын ұмытып кеттіңдер. Келесіде, шаруа бары- 
сында сол адамға өтініш айтқың келсе, телефон тұтқа- 
сын көтере алмайсың, өйткені танысқаннан кейін жа- 
йына қалдырдың. Кейт Феррацци жоғарыдағы кіта- 
бында танысқан адамға ертесіне хабарласып, өзің тура- 
лы есіне салу жайында айтады. Қандай да бір сұрақ 
қоюға болады немесе қызықты ақпаратпен бөліс, жай 
ғана халін сұра. Әйтеуір, өзің туралы ақпараттың оның 
миында бекуіне әсер еттің. 
Екіншіден, нетворкингтің алтын ережесі, таныстарды 
іздеп тұру. Иә, уақыт жоқ. Бәрінде бәріне уақыт жетпей- 
ді. Бірақ табысты адамдардың бір әдеті, ол да Трейсидің 
кітабында айтылып кеткен, жан-жағындағы адамдарды 
түгендеп отыру. Таныстардың халін сұрап тұру. Біздің 
менталитетте, әсіресе, үлкенге сәлем беріп тұру міндеті 
саналады. Ағалар өздерін іздеп тұратын інілерді жақсы 
көреді. Бірақ інілер де өзін іздеген ағаларды жаман көр- 


160
мейтінін ұмытпайық. Үлкенге де, кішіге де өзің хабарла- 
сып отыратын адам болсаң, адамдардың жаңалықтарын 
біліп отырасың және қажет кезде бір-бірімен жалғап, 
әлеуметтік байланыстардың орталығында боласың. 
Өзіңе қандай да бір қызмет, тауар, не ақпарат керек кезде 
кімге қоңырау шалсам деп те қиналмайсың. 
Қандай кеңес бере алам? Күніне бес қоңырау жасауды 
әдетке айналдыру. Телефонындағы «Контактілер» деген 
бөлімшені ашта, күніне бес қоңырау жаса. Ешқандай 
себепсіз, ешқандай есепсіз. Ертесіне тағы да бес қоңы- 
рау. Солайша, таныстарыңның шеңберін арттырып қана 
қоймайсың, оның сапасын да арттырасың. Ал өзгелерге 
хабарласу, күнделікті шаруаның бөлігіне айналады. 
Көп адаммен байланыста болудың артықшылығын 
әлеуметтану ғылымы да дәлелдеген. Роберд Уолдин- 
гердің жиырма миллион рет қаралған «Жақсы өмір сүру 
үшін не керек?» (What makes a good life? Lessons from 
the longest study on happiness) деген дәрісі бар. Сонда 
әлеуметтанушы ғажайып қорытындыға келеді. Бірақ 
алдымен ол әңгімелейтін зерттеудің өзі туралы. 
Америка ғалымдары 75 жыл бойы 724 адамның өмірін 
бақылаған екен. Бала күндерінен жыл сайын олардың 
жұмысы, денсаулығы, тұрмысы, отбасы, т.б. жайында 
ақпар тіркеп отырады. Кедейлеу және ауқаттырақ 
аудандардан шыққан 724 адамның ішінде бірнеше 
президент, Нобель сыйлығының иегері, бизнесмен, 
Голливуд жұлдызы және басқа да түрлі адамдар бар 
екен. Бұл адамзат тарихындағы ең үлкен және ұзақ 
әлеуметтік зерттеу десе де орынды. Сонда олардың 
жасаған қорытындысы, адамды бақытты қылатын ақша 
емес екен. Атақ та емес екен. Билік те емес екен. Адамды 
бақытты қылатын – адамдармен қарым-қатынас сапасы. 
Әлеуметтік өмірі неғұрлым оңды болса, сол адамның 
денсаулығы мықты келеді және ұзақ жасайды екен. Ал 
жалғыздықтан жапа шегетін адамдар ауруға да бейім 
келіп, дүниеден ертерек өтеді екен. Ал, осыдан кейін 
коммуникацияның қажеттілігін қалай жоққа шығарасың? 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   57   58   59   60   61   62   63   64   ...   95




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет