Екінші деңгейдегі банктердің, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша есептілікті беру қағидаларын бекіту туралы



Дата17.06.2016
өлшемі449.49 Kb.
#141999
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 12.09.2012 15:53:05
Екінші деңгейдегі банктердің, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша есептілікті беру қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 174 Қаулысы

 

«Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 54-бабына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банк) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Екінші деңгейдегі банктердің, «Қазақстанның Даму банкі» акционерлік қоғамының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша есептілікті беру қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.

3. Осы қаулы 2012 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануы тиіс.

 

 

Ұлттық Банк

Төрағасы

 

Г. Марченко

 

Қазақстан Республикасының



Ұлттық Банкі Басқармасының

2012 жылғы 28 сәуірдегі

174 қаулысымен



бекітілді

 

 

Екінші деңгейдегі банктердің, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және банк операцияларының жекелеген

түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша есептілікті беру

қағидалары

 

Осы Екінші деңгейдегі банктердің, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша есептілікті беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 1995 жылғы 31 тамыздағы «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы», 2003 жылғы 4 шілдедегі «Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттiк реттеу және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді және екінші деңгейдегі банктердің (бұдан әрі - банктер) «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және банк операцияларын жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қарыздар мен шарттық міндеттемелер бойынша есептілікті (бұдан әрі - есептілік) беру тізбесін, мерзімдерін және тәртібін белгілейді.



1. Қағидалардың мақсаттары үшін мынадай ұғымдар пайдаланылады:

1) акционер - қарыз алушының (тең қарыз алушының) жай акцияларының он және одан көп пайызы мөлшеріндегі акциялардың меншік иесі болып табылатын тұлға;

2) банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым - қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органының банктік қарыз беру операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар агроөнеркәсіп кешені саласында ұлттық басқарушы холдингінің ипотекалық ұйымдары және еншілес ұйымдары;

3) басшы - Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне немесе құрылтай құжаттарына сәйкес заңды тұлғаны басқаруды жүзеге асыратын немесе дара кәсіпкер болып табылатын жеке тұлға;

4) бенефициар - кепілдік немесе кепілгерлік шартына сәйкес пайда алушы (оның пайдасына шарт жасалады) болып табылатын тұлға;

5) кепіл беруші - кепіл шартына сәйкес мүлкі немесе ондағы үлесі кепіл заты болып табылатын тұлға;

6) кепілдік беруші - басқа тұлғаның (борышкердің) кредиторы алдында осы тұлғаның міндеттемесінің орындалуына толығымен немесе ішінара борышкермен бірлесе жауап беруге міндеттенетін тұлға;

7) «Кредиттік тіркелім» ААШЖ - «Кредиттік тіркелім» автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйе;

8) кредиттік тіркелім - жоғарыда көрсетілген ұйымдардың кредиттік қызметіне байланысты тәуекелдердің мониторингі мақсатында, сондай-ақ ақша-кредиттік статистиканы және сыртқы сектордың статистикасын қалыптастыру мақсатында қалыптастырылатын, банк, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым Қағидалардың талаптарына сәйкес уәкілетті органға ұсынған ақпаратты қамтитын электрондық деректер базасы;

9) қарыз алушы - қарыз (кредит) алу шартына қол қоятын, қарызды (кредитті) алған және өзіне алған ақшаны қайтаруға және алған қарызды (кредитті), оның ішінде сыйақыны және кредит бойынша басқа да төлемдерді толық өтеуге міндеттеме қабылдайтын тұлға;

10) принципал - кепілдік немесе кепілгерлік шартына сәйкес міндеттемеде негізгі борышкер болып табылатын тұлға;

11) тең қарыз алушы - қарыз алушымен бірге қарыз (кредит) алу шартына қол қоятын және қарыз (кредит) алу шарты бойынша алған ақшаны қайтаруға және алған қарызды (кредитті), оның ішінде сыйақыны және кредит бойынша басқа да төлемдерді толық өтеу бойынша міндеттемелерді орындауға бірлесе жауапты ретінде болатын тұлға;

12) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитеті;

13) үлестес қатысушы - заңды тұлғаның жарғылық капиталының он және одан көп пайызын иеленген тұлға;

14) шартты міндеттеме - болашақта белгісіз бір немесе бірнеше оқиға басталған (басталмаған) кезде ғана танылуы мүмкін, банк (банктік емес ұйым), Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым клиент үшін үшінші тұлғалардың пайдасына қабылдайтын, және клиенттің шарт талаптарынан туындайтын тәуекелдерін көтеретін міндеттеме.

Кредиттік тарих субъектісі болып осы тармақтың 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12) және 13) тармақшаларда көрсетілген тұлғалар танылады.

2. Есептілік уәкілетті органға электрондық форматта есепті кезеңнен кейінгі айдың жиырмасы күні Астана уақыты бойынша сағат 18-00-ден кешіктірмей, мынадай кезеңділікпен беріледі:



банктер, ипотекалық ұйымдар, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы - ай сайын;

қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органының банктік қарыз беру операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар агроөнеркәсіп кешені саласында ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымдары - тоқсан сайын.

2013 жылғы 1 қаңтардан бастап есептілік уәкілетті органға электрондық форматта есепті кезеңнен кейінгі айдың бесінші жұмыс күні Астана уақыты бойынша сағат 18-00-ден кешіктірмей, мынадай кезеңділікпен беріледі:

банктер, ипотекалық ұйымдар, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы - ай сайын;

қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын уәкілетті органының банктік қарыз беру операцияларын жүзеге асыруға лицензиясы бар агроөнеркәсіп кешені саласында ұлттық басқарушы холдингінің еншілес ұйымдары - тоқсан сайын.

3. Қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша хабарлама уәкілетті органға Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысанда беріледі.

4. Қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша есептілік уәкілетті органға электрондық түрде беріледі не Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша толтырылады.

5. Есептілік барлық берілген және өтелмеген қарыздар (оның ішінде баланстан шығарылғандар), шартты міндеттемелер бойынша беріледі. Ақпарат қарыз алушының және (немесе) тең қарыз алушының міндеттемелері тоқтаған күніне дейін беріледі.

6. Есептерді жасаған кезде пайдаланылатын өлшем бірлігі бүтін санмен белгіленеді және өзгеше белгіленбесе, теңгеде көрсетіледі. 0,5 кем сома нөлге дейін домалақтанады, ал 0,5 және одан жоғары сома бірлікке дейін домалақтанады. Коэффициенттер үтірден кейін екі белгімен көрсетіледі.

7. Ақпарат болмаған жағдайда банк, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым уәкілетті органға Қағидалардың 3-қосымшасына сәйкес нысанда қағаз тасымалдағышта тиісті хат жібереді.

8. Есептілікке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажет болса, банк, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым есептілікті уәкілетті органға берген күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде есептілікке өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу қажеттілігінің себептерін түсіндіре отырып, жазбаша өтініш жібереді.

Берілген есептілікте толық емес және (немесе) дәйексіз ақпаратты анықтаған жағдайда уәкілетті орган ол туралы банкке, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамына, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға хабарлайды.

Банк, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйым хабарламаны алған күнінен бастап екі күннен кешіктірмей уәкілетті органның ескертулерін ескере отырып пысықталған есептілікті ұсынады.

 

Екінші деңгейдегі банктердің,



«Қазақстанның Даму Банкі»

акционерлік қоғамының және банк

операцияларының жекелеген

түрлерін жүзеге асыратын

ұйымдардың қарыздар мен шартты

міндеттемелер бойынша

есептілікті беру қағидаларына

1-қосымша

 

Нысан

 

___________________________________________________ Төрағасы

(уәкілетті органның атауы)

___________________________________________________

(тегі, аты, бар болса - әкесінің аты)

 

Осымен, _________________________________________________________________________________________________

(банктің, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы және

банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атауы)

20____жылғы 1 __________ жағдай бойынша «Кредиттік тіркелім» ААШЖ арқылы қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша есептілікті бергені жөнінде хабарлайды және оның дәйектілігін растайды.

 

Бірінші басшы (ол болмаған кезде - оның орнындағы тұлға)

___________________________________________________    ________

(тегі, аты, бар болса - әкесінің аты)                  (қолы)

Бас бухгалтер

__________________________________________________    __________

(тегі, аты, бар болса - әкесінің аты)                  (қолы)

Орындаушы: ___________________________ ______  _______________

(лауазымы, тегі және аты)  (қолы)  (телефон нөмірі)

 

Есепке қол қою күні 20___ жылғы «__» __________.

 

Мөр орны

 

Ескерту: Қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша тиісті ақпарат болған кезде толтырылады.

 

Екінші деңгейдегі банктердің,



«Қазақстанның Даму Банкі»

акционерлік қоғамының және банк

операцияларының жекелеген

түрлерін жүзеге асыратын

ұйымдардың қарыздар мен шартты

міндеттемелер бойынша

есептілікті беру қағидаларына

2-қосымша

 

 

«Кредиттік тіркелім» ААШЖ көрсеткіштерінің тізбесі

 



Көрсеткіштердің атауы

1

Кредиттік тарих субъектісі туралы ақпаратта кредиттік тарих субъектісі туралы сәйкестендіру мәліметтері қамтылған:

1.1.

Заңды тұлғалар бойынша:

1.1.1.

Кредиттік тарих субъектісінің түрі (рөлі);

1.1.2.

Заңды тұлғаның толық атауы;

1.1.3.

Ұйымдастырушылық-құқықтық нысаны;

1.1.4.

Резиденттік мәртебесі;

1.1.5.

Субъектінің құжаттары:

1.1.5.1.

сәйкестендіру құжаттарының түрі

1.1.5.2.

құжаттың нөмірі

1.1.5.3.

құжатты беру күні

1.1.5.4.

құжатты қолдану мерзімінің аяқталу күні

1.1.6.

почталық мекенжайы және (немесе) орналасу орны:

1.1.6.1.

мекенжайының (тіркелуінің (нақты)) типі;

1.1.6.2.

облысы;

1.1.6.3.

ауданы;

1.1.6.4.

Қаласы (елді жері);

1.1.6.5.

мекенжайы (қала (елді жері), көше (ықшам ауданы), үйдің нөмірі (пәтердің);

1.1.6.6.

байланыс түрі;

1.1.6.7.

телефон нөмірі;

1.1.7.

Кредиттік тарих субъектісінің елі;

1.1.8.

Оффшорлық аймақ;

1.1.9.

Экономикалық қызмет түрі;

1.1.10

Экономика секторы;

1.1.11.

Банкпен, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынаспен байланыста болуының белгісі;

1.1.12.

Заңды тұлға басшысының тегі, аты (бар болса әкесінің аты);

1.1.13.

Заңды тұлғаның акционері (үлестік қатысушысы):

1.1.13.1.

акционердің (үлестік қатысушысының) атауы:

1.1.13.2.

акционердің (үлестік қатысушысының) үлесі;

1.1.14.

Заңды тұлғаның шешімдері шартқа немесе басқаға байланысты оффшорлық аймақта тіркелген басқа да тұлғамен айқындалады;

1.1.15.

Жеке кәсіпкерлік субъектісінің коды;

1.2.

Жеке тұлғалар бойынша:

1.2.1.

Кредиттік тарих субъектісінің рөлі;

1.2.2.

Тегі, аты (бар болса әкесінің аты);

1.2.3.

Туылған күні;

1.2.4.

Жынысы;

1.2.5.

Субъектінің құжаттары:

1.2.5.1.

сәйкестендіру құжаттарының түрі;

1.2.5.2.

құжаттың нөмірі;

1.2.5.3.

құжатты беру күні;

1.2.5.4.

құжатты қолдану мерзімінің аяқталу күні

1.2.6.

почталық мекенжайы және (немесе) орналасу орны:

1.2.6.1.

мекенжай (тіркеу (нақты)) типі;

1.2.6.2.

облысы;

1.2.6.3.

ауданы;

1.2.6.4.

Қаласы (елді жері);

1.2.6.5.

мекенжайы (қаласы (елді жері), көшесі (ықшам ауданы), үйдің (пәтердің) нөмірі);

1.2.6.6.

байланыс түрі;

1.2.6.7.

телефон нөмірі;

1.2.7.

Резиденттік мәртебесі;

1.2.8.

Кредиттік тарих субъектісінің елі;

1.2.9.

Оффшорлық аумақ;

1.2.10.

Жеке кәсіпкерлік субъектісінің коды;

1.2.11.

Экономикалық қызмет түрі;

1.2.12.

Экономика секторы;

1.2.13.

Банкпен, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйыммен ерекше қатынаспен байланыста болуының белгісі;

1.2.14.

Әлеуметтік мәртебесі;

1.2.15.

Білімі деңгейі;

1.2.16.

Отбасылық жағдайы;

1.2.17.

Отбасы мүшелерінің саны;

1.2.18.

Қарыз алушының 15 жасқа дейінгі асырауындағылардың саны;

2

Шарт туралы ақпарат:

2.1.

Кредиттік тарих субъектісі туралы мәліметтер және кредитормен келісімді қатынастар туралы мәліметтер:

2.1.1.

Қарыздың, шартты міндеттемелердің түрі;

2.1.2.

Шарттың нөмірі;

2.1.3.

Шарттың күні;

2.1.4.

Қосымша келісімнің нөмірі;

2.1.5.

Қосымша келісімнің күні;

2.1.6.

Кредиттік желі шартының нөмірі (кредиттік желіге қатысының белгісі);

2.1.7.

Кредиттік желі шартының күні (кредиттік желіге қатысының белгісі);

2.1.8.

Басталысымен банктік кепілді немесе кепілдемені берген банктің міндеттемесі аяқталатын жағдайлар (оқиғалар);

2.1.9.

Банктік кепілді (кепілдемені) шығару нөмірі;

2.1.10.

Банктік кепілді (кепілдемені) шығару күні

2.1.11.

Берудің нақты күні;

2.1.12.

Шарт талаптары бойынша өтеу күні;

2.1.13.

Шарт бойынша валюта түрі;

2.1.14.

Шарт валютасындағы қарыз (шартты міндеттеме) сомасы;

2.1.15.

Шарт бойынша жылдық сыйақы мөлшерлемесі (пайызбен);

2.1.15.1.

өзгермелі мөлшерлеменің белгіленген мөлшерлемесі (белгіленген спрэды);

2.1.15.2.

өзгермелі индекс;

2.1.16.

Сыйақы мөлшерлемесінің түрі;

2.1.17.

Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі;

2.1.18.

Шарт бойынша айыппұл мөлшерлемесі;

2.1.19.

Шарт бойынша өсімпұл мөлшерлемесі;

2.1.20.

Төлем кезеңдігінің графигі:

2.1.20.1.

негізгі борыш бойынша;

2.1.20.2.

сыйақы бойынша;

2.1.21.

Өтеу әдісі;

2.1.22.

Кредиттеу мақсаты;

2.1.23.

Кредиттеу объектісі;

2.1.24.

Қарызды берген банктің, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның қаржыландыру көзі;

2.1.25.

Қарыз алушыда валюталық түсімнің болуы және (немесе) қарыз алушыда хеджирлеу құралдары болуы;

2.1.26.

Теңге қарыздары бойынша валюталық тәуекел;

2.1.27.

Дара кәсіпкерлік белгілері;

2.1.28.

Қарызды, шартты міндеттемені (оның ішінде кредит желіні) беру туралы шешім қабылдаған банктің, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның уәкілетті органы:

2.1.28.1.

банктің, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның басқару органының атауы;

2.1.28.2.

шешімді қабылдау хаттамасының күні;

2.1.28.3.

хаттаманың нөмірі;

2.1.29.

Қарызды, шартты міндеттемені берген банк филиалының коды;

2.1.30.

Қамтамасыз етуі:

2.1.30.1.

кепіл шартының нөмірі;

2.1.30.2.

кепіл шартының күні;

2.1.31.

Кредит желісінің, кредиттік картаның лимиті;

2.1.32.

Бірыңғай портфельдің атауы:

2.1.32.1.

уәкілетті органның талабы бойынша;

2.1.32.2.

халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптары бойынша;

2.1.33.

Негізгі борыш бойынша жеңілдік кезеңі:

2.1.33.1.

кезеңнің басталуы;

2.1.33.2.

кезеңнің аяқталуы;

2.1.34.

Сыйақы бойынша жеңілдік кезеңі:

2.1.34.1.

кезеңнің басталуы;

2.1.34.2.

кезеңнің аяқталуы;

2.1.35.

Айыппұл бойынша жеңілдік кезеңі:

2.1.35.1.

кезеңнің басталуы;

2.1.35.2.

кезеңнің аяқталуы;

2.1.36.

Өсімпұл бойынша жеңілдік кезеңі:

2.1.36.1.

кезеңнің басталуы;

2.1.36.2.

кезеңнің аяқталуы;

2.1.37.

Ай сайынғы кіріс сомасы;

2.1.38.

Ай сайынғы міндеттемелер сомасы;

2.2.

Қамтамасыз ету жөніндегі ақпарат:

2.2.1.

Қамтамасыз етуі

2.2.1.1.

кепіл шартының нөмірі;

2.2.1.2.

кепіл шартының күні;

2.2.1.3.

қамтамасыз ету түрі;

2.2.1.4.

орналасу орны (тіркеу) - елі;

2.2.1.5.

қамтамасыз ету сомасы:

2.2.1.5.1.

кепіл сомасы;

2.2.1.5.2

нарық құны;

2.2.1.6.

қамтамасыз етуді бағалау:

2.2.1.6.1.

бағалау күні;

2.2.1.6.2.

бағалау сомасы;

2.2.1.7.

жоғары өтімді қамтамасыз етудің белгісі;

3

Қарызды (шартты міндеттемелерді) қамтамасыз ету жөніндегі ақпарат:

3.1.

Есепті кезеңдегі қарыз алушының ағымдағы міндеттемелері мен ақша қозғалысы туралы ақпарат:

3.1.1.

Есепті кезеңде есептелді:

3.1.1.1.

сыйақылар (теңгемен, шарт валютасында);

3.1.1.2.

айыппұлдар (теңгемен);

3.1.1.3.

өсімпұлдар (теңгемен);

3.1.2.

Есепті кезеңде берілді (теңгемен, шарт валютасында);

3.1.3.

Кредиттік карталар бойынша кезеңдегі транзакциялардың саны;

3.1.4.

Кезеңде өтелді (теңгемен, шарт валютасында):

3.1.4.1.

мерзімі өтпеген негізгі борыш;

3.1.4.2.

мерзімі өткен негізгі борыш;

3.1.4.3.

мерзімі өтпеген сыйақы;

3.1.4.4.

мерзімі өткен сыйақы;

3.1.4.5.

айыппұлдар (теңгемен);

3.1.4.6.

өсімпұлдар (теңгемен);

3.1.5.

Негізгі қарыз бойынша қарыз көлеміндегі басқа өзгерістер (теңгемен):

3.1.5.1.

кредиторлардың үмітсіз борыштарды есептен шығаруы:

3.1.5.2.

секторлардың жіктеліміндегі өзгерістер;

3.1.5.3.

қарыздар жіктеліміндегі өзгерістер;

3.1.5.3.

қарыздар көлеміндегі өзгерістер;

3.1.5.4.

қарыздар көлеміндегі басқа да өзгерістер;

3.1.6.

Сыйақы бойынша қарыз көлеміндегі басқа өзгерістер (теңгемен):

3.1.6.1.

кредиторлардың үмітсіз борыштарды есептен шығаруы:

3.1.6.2.

секторлардың жіктеліміндегі өзгерістер;

3.1.6.3.

қарыздар жіктеліміндегі өзгерістер;

3.1.6.4.

қарыздар көлеміндегі басқа да өзгерістер;

3.1.7.

Негізгі борыштың қалдығы (теңгемен, шарт валютасында):

3.1.7.1.

мерзімі өтпеген берешек;

3.1.7.2.

мерзімі өткен берешек;

3.1.7.3.

баланстан шығарылған берешек;

3.1.8.

Есептелген сыйақының қалдығы (теңгемен, шарт валютасында):

3.1.8.1.

өтелмеген;

3.1.8.2.

мерзімін өткен;

3.1.8.3.

баланстан шығарылған;

3.1.9.

Негізгі борыш бойынша баланстық шоттың нөмірі:

3.1.9.1.

мерзімі өтпеген берешек;

3.1.9.2.

мерзімі өткен берешек;

3.1.9.3.

баланстан шығарылған берешек;

3.1.10.

Сыйақы бойынша баланстық шоттың нөмірі:

3.1.10.1.

мерзімі өтпеген берешек;

3.1.10.2.

мерзімі өткен берешек;

3.1.10.3.

баланстан шығарылған берешек;

3.1.11.

Халықаралық қаржылық есептілік стандарттары мен уәкілетті органның бірыңғай емес кредиттер бойынша талаптары бойынша қалыптастырылған провизиялар (резервтер) бойынша айырмасы көрсетілген баланстық шоттың нөмірі;

3.1.12.

Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының бірыңғай емес кредиттер бойынша талаптарымен қалыптастырылған провизиялар (резервтер) бойынша баланстық шоттың нөмірі;

3.1.13.

Оң (теріс) түзету бойынша баланстық шоттың нөмірі;

3.1.14.

Дисконт (сыйақы) бойынша баланстық шоттың нөмірі;

3.1.15.

Мерзімі өткен берешекті шотқа енгізу күні:

3.1.15.1.

негізгі борыш бойынша;

3.1.15.2.

сыйақы бойынша;

3.1.16.

Мерзімі өткен берешекті өтеу күні:

3.1.16.1.

негізгі борыш бойынша;

3.1.16.2.

сыйақы бойынша;

3.1.17.

Баланстан шығару күні:

3.1.17.1.

негізгі борыш бойынша;

3.1.17.2.

сыйақы бойынша;

3.1.18.

Нақты өтеу күні;

3.1.19.

Қарыздың (шартты міндеттемелердің) мерзімін ұзартуды аяқтау күні;

3.1.20.

Бір заемшыға тәуекелдің ең жоғарғы көлемі;

3.1.21.

Жіктеу санаты;

3.1.22.

Бірыңғай кредиттер бойынша провизиялардың (резервтердің) нақты қалыптастырылған сомасы:

3.1.22.1.

уәкілетті органның талаптары бойынша;

3.1.22.2.

халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптары бойынша;

3.1.23.

Келешектегі ақша ағыны дисконтының құны/бірыңғай кредиттер бойынша алынуға күтілетін құны;

3.1.24.

Оң (теріс) түзету (теңгемен, шарт валютасында);

3.1.25.

Дисконт (сыйақы) (теңгемен, шарт валютасында);

3.1.26.

Қарызды және шартты міндеттемені бағалау критерийлері бойынша баллдар:

3.1.26.1.

қаржылық жай-күйі;

3.1.26.2.

төлемдерді өтеудің мерзімін өткізу;

3.1.26.3.

қамтамасыз етудің сапасы;

3.1.26.4.

мақсатты емес пайдалану үлесі;

3.1.26.5.

қарыз алушыда рейтинг болуы;

3.1.26.6.

соңғы бағалау күні;

3.1.27.

Қайта ұйымдастыру (қайта құрылымдау) белгісі;

3.1.28.

Қамтамасыз ету бойынша өтеп алу:

3.1.28.1.

өтеп алудың типі;

3.1.28.2.

кепіл шартының нөмірі;

3.1.28.3.

кепіл шартының күні;

3.1.28.4.

өткізу (өтеу) күні;

3.1.28.5.

қайтару сомасы;

3.1.29.

Қарыз алушыға қойылатын талаптарды тоқтату:

3.1.29.1.

Қарыз бойынша талаптарды тоқтату туралы шешім шығарған банктің, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның уәкілетті органы;

3.1.29.2.

талаптарды тоқтату күні;

3.1.29.3.

мерзімі өтпеген негізгі борыш;

3.1.29.4.

мерзімі өткен негізгі борыш;

3.1.29.5.

мерзімі өтпеген сыйақы;

3.1.29.6.

мерзімі өткен сыйақы;

3.1.29.7.

айыппұл;

3.1.29.8.

өсімпұл;

3.1.30.

Алдағы төлем сомасы:

3.1.30.1.

негізгі борыш бойынша;

3.1.30.2.

сыйақы бойынша;

3.1.31.

Қарыз, шартты міндеттеме бойынша талап ету құқықтары берілетін ұйымның типі;

3.1.32.

Қарыз, шартты міндеттеме бойынша талап ету құқықтары берілетін ұйымның атауы және бастапқы шарттың жеткізушісі;

3.1.33.

Қарыз, шартты міндеттеме бойынша талапты сату (өткізу) күні;

3.1.34.

Қарыз, шартты міндеттеме бойынша талап ету құқықтары қабылданған ұйымның типі;

3.1.35.

Қарыз, шартты міндеттеме бойынша талап ету құқықтары қабылданған ұйымның атауы және бастапқы шарттың жеткізушісі;

3.1.36.

Қарыз, шартты міндеттеме бойынша талапты сатып алу (қабылдау) күні;

3.1.37.

Есептік күні;

3.2.

Портфельдік негізде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптары бойынша қалыптастырылған провизиялар туралы ақпарат:

3.2.1.

Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптары бойынша бірыңғай портфельдің атауы;

3.2.2.

Портфельдік негізде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптары бойынша провизиялардың (резервтердің) нақты қалыптастырылған сомасы;

3.2.3.

Портфельдік негізде халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптары бойынша қалыптастырылған провизиялар (резервтер) бойынша баланстық шоттың нөмірі;

3.2.4.

Портфельдік негізде алуға күтілетін, келешектегі ақша ағынының дисконтты құны (құны);

3.3.

Уәкілетті органның бірыңғай кредиттер жөніндегі талаптары бойынша қалыптастырылған провизиялар туралы ақпарат:

3.3.1.

Уәкілетті органның талаптары бойынша бірыңғай портфельдің атауы;

3.3.2.

Уәкілетті органның бірыңғай кредиттер жөніндегі талаптары бойынша провизиялардың (резервтердің) нақты қалыптастырылған сомасы;

3.3.3.

Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптары мен уәкілетті органның бірыңғай кредиттер жөніндегі талаптары бойынша қалыптастырылған провизиялар (резервтер) бойынша айырмасы көрсетілген баланстық шоттың нөмірі;

3.4.

Қарыз құнын қайта бағалау бойынша ақпарат:

3.4.1.

Заңды тұлғаларға берілген, шетел валютасында номинирленген қарыздардың құнын қайта бағалау (қысқа мерзімді):

3.4.1.1.

еркін айырбасталатын валютада (бұдан әрі - ЕАВ);

3.4.1.2.

валюталардың басқа түрлерінде (бұдан әрі - ВБТ);

3.4.2.

Заңды тұлғаларға берілген, шетел валютасында номинирленген қарыздардың құнын қайта бағалау (ұзақ мерзімді):

3.4.2.1.

ЕАВ-да;

3.4.2.2.

ВБТ-да;

3.4.3.

Жеке тұлғаларға берілген, шетел валютасында номинирленген қарыздардың құнын қайта бағалау (қысқа мерзімді):

3.4.3.1.

ЕАВ-да;

3.4.3.2.

ВБТ-да;

3.4.4.

Жеке тұлғаларға берілген, шетел валютасында номинирленген қарыздардың құнын қайта бағалау (ұзақ мерзімді):

3.4.4.1.

ЕАВ-да;

3.4.4.2.

ВБТ-да;

3.4.5.

Шағын кәсіпкерлік субъектісі - заңды тұлғаларға берілген, шетел валютасында номинирленген қарыздардың құнын қайта бағалау (қысқа мерзімді):

3.4.5.1.

ЕАВ-да;

3.4.5.2.

ВБТ-да;

3.4.6.

Шағын кәсіпкерлік субъектісі - заңды тұлғаларға берілген, шетел валютасында номинирленген қарыздардың құнын қайта бағалау (ұзақ мерзімді):

3.4.6.1.

ЕАВ-да;

3.4.6.2.

ВБТ-да;

3.4.7.

Шағын кәсіпкерлік субъектісі - жеке тұлғаларға берілген, шетел валютасында номинирленген қарыздардың құнын қайта бағалау (қысқа мерзімді):

3.4.7.1.

еркін айырбасталатын валютада (ЕАВ);

3.4.7.2.

валюталардың басқа түрлерінде (ВБТ);

3.4.8.

Шағын кәсіпкерлік субъектісі - жеке тұлғаларға берілген, шетел валютасында номинирленген қарыздардың құнын қайта бағалау (ұзақ мерзімді):

3.4.8.1.

ЕАВ-да;

3.4.8.2.

ВБТ-да;

 

Ескерту:

1. «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы реттік нөмірлері 2.1.32.1., 3.1.11., 3.1.20., 3.1.21., 3.1.22.1., 3.1.26., 3.1.26.1., 3.1.26.2., 3.1.26.3., 3.1.26.4., 3.1.26.5., 3.1.26.6., 3.3.1., 3.3.2., 3.3.3-жолдарды, «Кредиттік тіркелім» ААШЖ көрсеткіштері тізбесінің нысандарын толтырмайды.

2. Реттік нөмірлері 1.1.4., 1.1.5.3., 1.1.5.4., 1.1.6.3., 1.1.6.4., 1.1.10., 1.1.13. - 1.1.14., 1.2.3., 1.2.4., 1.2.5.3., 1.2.5.4., 1.2.6.3., 1.2.6.4., 1.2.7., 1.2.12., 1.2.14. - 1.2.18., 2.1.6. - 2.1.10., 2.1.15.2., 2.1.16. - 2.1.21., 2.1.26., 2.1.28. - 2.1.28.3., 2.1.30.2., 2.1.31., 2.1.33. - 2.1.33.2., 2.1.34. - 2.1.38., 2.2.1.2. - 2.2.1.4., 2.2.1.5.2., 2.2.1.6. - 2.2.1.7., 3.1.1.2. - 3.1.6.4., 3.1.10.3., 3.1.20., 3.1.26. - 3.1.28.5., 3.1.29. - 3.1.36., 3.4.1. - 3.4.8.2-жолдар, «Кредиттік тіркелім» ААШЖ көрсеткіштері тізбесінің нысандары 2013 жылғы 1 қаңтардан бастап толтырылады.

 

Екінші деңгейдегі банктердің,



«Қазақстанның Даму Банкі»

акционерлік қоғамының және банк

операцияларының жекелеген

түрлерін жүзеге асыратын

ұйымдардың қарыздар мен шартты

міндеттемелер бойынша

есептілікті беру қағидаларына

3-қосымша

 

Нысан

 

 

_____________________________________________ Төрағасы

(уәкілетті органның атауы)

________________________________________________________

(тегі, аты, бар болса - әкесінің аты)

 

Осымен, _________________________________________________________________________________________________

(банктің, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамы және банк операцияларының

жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның атауы)

20____жылғы 1 __________ жағдай бойынша қарыздар мен шартты міндеттемелер жөніндегі ақпараттың жоқтығы туралы хабарлайды.

 

Бірінші басшы (ол болмаған кезде - оның орнындағы тұлға)

_____________________________________________________  ________

(тегі, аты, бар болса - әкесінің аты)                     (қолы)

 

Бас бухгалтер _______________________________________  ________

(тегі, аты, бар болса - әкесінің аты)         (қолы)

 

Орындаушы:

_____________________________________________________  _______

(тегі, аты, бар болса - әкесінің аты)                   (қолы)

 

Есепке қол қою күні 20___ жылғы «_____» __________.

 

Мөр орны

 

Ескерту: Қарыздар мен шартты міндеттемелер бойынша тиісті ақпарат болған кезде толтырылады.

 

Қазақстан Республикасының



Ұлттық Банкі Басқармасының

2012 жылғы 28 сәуірдегі

174 қаулысына

қосымша

 

 

Күші жойылды деп танылатын нормативтік құқықтық актілердің

тізбесі

 

1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кредиттік тізілімді қалыптастыру үшін есеп беру ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 27 қарашадағы № 333 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3350 тіркелген);

2. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың кредиттік тізілімді қалыптастыру үшін есеп беру ережесін бекіту туралы» 2004 жылғы 27 қарашадағы № 333 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2005 жылғы 28 мамырдағы № 160 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3709 тіркелген);

3. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне сәйкестендіру нөмірлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2007 жылғы 28 мамырдағы № 155 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4803 тіркелген) қосымшаның 9-тармағы;



4. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбiр нормативтiк құқықтық актiлерiне қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы» 2010 жылғы 3 қыркүйектегі № 131 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6554 тіркелген) қосымшаның 10-тармағы.

 

 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет