Екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзету мен жайластыруды ұйымдастыру жӨніндегі нұсқаулықты бекіту туралы



бет1/2
Дата12.07.2016
өлшемі353.84 Kb.
#195469
  1   2
Екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзету мен жайластыруды ұйымдастыру жӨніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасы төрағасының 2007 жылғы 28 мамырдағы N 56 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 18 шілдеде Нормативтік құқытық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4817 болып енгізілді.


      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы Заңы 8-бабының л-4) тармақшасына сәйкес, екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзету мен жайластыруды ұйымдастыру тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Екінші деңгейдегі банктердің, банк
операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзету мен жайластыруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулық (бұдан әрі - Нұсқаулық) бекітілсін.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      3. Қолма-қол ақшамен жұмыс департаменті (Мәжитов Д.М.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, филиалдарына, Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігіне, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне, екінші деңгейдегі банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарға жіберсін.

      4. Қазақстан Республикасында шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар осы қаулы қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде айырбастау пункттерінің жұмыс істеп тұрған үй-жайларын Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес келтірсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.А. Әлжановқа жүктелсін.

      Ұлттық Банк Төрағасы

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасы


      Қаржы нарығы мен қаржы
      ұйымдарын реттеу және
      қадағалау агенттігі
      2007 жылғы 6 маусым

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі
      2007 жылғы 21 маусым

      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының
      Төтенше жағдайлар жөніндегі министрі
      2007 жылғы 26 маусым

      


Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі Басқармасының
2007 жылғы 28 мамырдағы
N 56 қаулысымен бекітілді

Екінші деңгейдегі банктердің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзету мен жайластыруды ұйымдастыру жөніндегі
НҰСҚАУЛЫҚ

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық екінші деңгейдегі банктердің (филиалдарын және олардың қосымша үй-жайларын қоса алғанда), банк операцияларының


жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және олардың
филиалдарының үй-жайларын (бұдан әрі - Объект) күзету мен жайластыруды ұйымдастыру тәртібін белгілейді.

      2. Объектілерді күзетуді "Күзет қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңында (бұдан әрі - Күзет қызметі туралы заң) айқындалған күзет қызметін жүзеге асыратын субъект (бұдан әрі - Күзет субъектісі) жүзеге асыруы тиіс.

      3. Объектіні күзету жөніндегі Күзет субъектісінің қызметі Күзет қызметі туралы Заңмен, "Қазақстан Республикасының Ішкі істер органдары туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңымен, "Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Заңымен, "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларымен, Қазақстан Республикасының бұйрықтарымен және басқа нормативтік құқықтық актілерімен, күзет қызметін көрсету шартымен, Объектідегі өткізу және объектішілік режимді ұйымдастыру ережесімен және осы Нұсқаулықпен реттеледі.

      4. Күзет субъектілерінің қызметін бақылау функцияларын аумақтық ішкі істер органдарының мемлекеттік күзет қызметінің бөлімшесі (бұдан әрі - мемлекеттік күзет қызметінің аумақтық бөлімшесі) жүзеге асырады.


      Күзет субъектілерінің қызметкерлері Объектідегі қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын алу барысында құқық қорғау органдарына міндетті түрде көмек көрсетуі тиіс.

2-тарау. Объектіні күзетуді ұйымдастыру

      5. Екінші деңгейдегі банктердің (филиалдарын және олардың қосымша үй-жайларын қоса алғанда) қарулы күзетпен күзетілуі және арнайы техникалық күзет құралдарымен жарақтандырылуы тиіс.

      6. Екінші деңгейдегі банктерді (филиалдарын және олардың қосымша үй-жайларын қоса алғанда) күзетуді жүзеге асыратын Күзет субъектілерінің функцияларын күзетілетін Объектінің басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Нұсқаулыққа сәйкес айқындайды, аумақтық ішкі істер органдарының басшыларымен келісіледі.

      7. Күзетілетін Объектіде қызметкерлердің және келушілердің кіру тәртібін айқындайтын өткізу және объектішілік режим белгіленуі тиіс. Өткізу және объектішілік режимді ұйымдастыру ережесін Объектінің басшысы бекітеді және Күзет субъектісінің Объектідегі өткізу және объектішілік режимнің орындалуын қамтамасыз ететін басшысымен келісіледі.

      8. Екінші деңгейдегі банктерді және олардың филиалдарын күзету және өткізу және объектішілік режимін қамтамасыз ету үшін арнайы жабдықталған және оқшауланған, қауіпсіздік жүйелерімен, арнайы күзет және байланыс техникалық құралдармен жарақтандырылған үй-жай көзделуі тиіс. Филиалдың қосымша үй-жайларда күзет үй-жайының болуы қажеттілігін екінші деңгейдегі банк айқындауы тиіс.

      9. Банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың және олардың филиалдарының үй-жайларында осы Нұсқаулықтың 39-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, қарулы күзет постылары орнатылуы тиіс. Қарулы күзет постыларының функцияларын күзетілетін Объектінің бірінші басшысы айқындайды.

      10. Объектідегі күзет постыларының саны және олардың орналасқан жерін Объектінің және Күзет субъектісінің басшылары қызметкерлердің, клиенттердің және тауар-материалдық құндылықтардың қауіпсіздік талаптарын қамтамасыз етуді ескере отырып айқындайды.

3-тарау. Күзетілетін Объектілерді орталықтандырылған
бақылау пунктіне қабылдау және тапсыру тәртібі

      11. Объектілерді орталықтандырылған бақылау пунктіне күзетке қабылдау және тапсыру күзет қызметін көрсетуге арналған шарт негізінде жүргізіледі.


      Арнайы техникалық құралдар іске қосылған кезде әсер ету тәртібі Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2288 тіркелген "Күзетілетін объектілерден, азаматтардың пәтерлерінен және меншіктің барлық нысандарындағы өзге де объектілерден Жедел басқару орталықтарына, Астана, Алматы қалаларының және облыстар ішкі істер департаменттерінің кезекші бөлімдеріне келіп түсетін дабыл белгілеріне қоғамдық тәртіпті сақтауға жұмылдырылған полиция кешенді күштерінің ден қоюын ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" 2003 жылғы 17 мамырдағы N 280 бұйрығымен реттеледі.

      12. Орталықтандырылған бақылау пункті жоқ елді мекендерде Объектілерден күзет, дабыл сигнализациясының іске қосылуына әсер етуді ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелері Күзет субъектісімен бірлесіп жүзеге асырады.

      13. Күзетке қабылданатын Объектіні комиссиялық тексеру мемлекеттік күзет қызметінің аумақтық бөлімшелерінің, күзет субъектісінің, орталықтандырылған бақылау пунктінің және күзетке қабылданған Объектінің өкілдерінің қатысуымен жүргізіледі.

      14. Тексеру нәтижесі бойынша Объектінің күзетке қабылдау үшін дайындық дәрежесі айқындалады және осы Нұсқаулықтың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тексеру актісі және жария етілмейтін коммерциялық құпияны құрайтын мәліметтер жасалады. Объектінің басшысы комиссияның қорытындысына сәйкес Объектіні техникалық нығайту, оны арнайы техникалық күзет құралдарымен жарақтандыру жөніндегі қажетті іс-шараларды орындайды.

      15. Объектіні техникалық нығайту және арнайы техникалық күзет құралдарымен жарақтандыру жөніндегі қажетті іс-шараларды орындалғаннан кейін осы Нұсқаулықтың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша пайдалануға қабылдау актісі бекітіледі және күзет қызметін көрсету шарты жасалады.

4-тарау. Үй-жайлардың банк операцияларын жүргізу үшін дайындық дәрежесі туралы қорытынды беру тәртібі

      16. Үй-жайлардың осы Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес келуі туралы қорытындыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің (бұдан әрі - Ұлттық Банктің) филиалы береді. Қорытынды үй-жайларды тексеру актісінің нәтижесі негізінде жасалады. Тексеруді Ұлттық Банктің филиалы Ұлттық Банктің тапсырмасы немесе екінші деңгейдегі банктің, банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымның өтініші бойынша жүргізеді.

      17. Қорытынды және тексеру акт екі данамен жасалады және өтініш беруші өтініш жасаған күннен бастап он жұмыс күні ішінде беріледі. Бірінші данасы өтініш берушіге беріледі, екінші данасы Ұлттық Банктің филиалында қалады.
      Тексеру актісіне үй-жайды тексерген тұлғалар қол қояды, Ұлттық Банк филиалының басшысы немесе оның орындағы тұлға бекітеді және мөрмен бекітіледі.
      Ұлттық Банк филиалының фирмалық бланкіндегі қорытындыға филиал басшысы немесе оның орындағы тұлға қол қояды және мөрмен бекітіледі.

5-тарау. Өрт қауіпсіздігі жүйесі іске қосылған кездегі іс-қимылдар тәртібі

      18. Объектіде өрт қауіпсіздігі жүйесі іске қосылған және төтенше сипаттағы басқа жағдайлар туындаған жағдайда жасақ жетекшісі бұл туралы ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелерінің кезекші бөліміне, өртке қарсы қызмет органның кезекші бөліміне жедел хабарлайды.

      19. Қоймада өрт болған, өрт қауіпсіздігі жүйесі іске қосылған және төтенше сипаттағы басқа жағдайлар туындаған жағдайда жасақ жетекшісі және орталықтандырылған бақылау пунктінің кезекшісі бұл туралы ішкі істер органдарының аумақтық бөлімшелерінің кезекші бөліміне, өртке қарсы қызмет органның кезекші бөліміне жедел хабарлайды және Объектінің құндылықтардың сақталуына жауапты тұлғаларға және басшыларына хабарлайды.
      Егер бар болса, қойманың есіктеріндегі мөрлердің тұтастығын құндылықтардың сақталуына жауапты тұлғалар келгенге дейін бұзуға қатаң тыйым салынады. Қоймада өрт болған жағдайдағы іс-қимылдар тәртібін Объектінің жетекшісі, Күзет субъектісі әзірлейді және өртке қарсы қызмет органымен келісіледі.

      20. Құндылықтардың сақталуына жауапты тұлғаларға хабарлау


мақсатында және олар Объектіге келген кезде күзет постысында және
орталықтандырылған бақылау пунктінде бірінші басшылардың және
құндылықтардың сақталуына жауапты лауазымды тұлғалардың тұратын мекен-жайлары, қызметтік және үй телефондары көрсетілген тізімдері сақталуы тиіс.

      21. Объектінің аумағына кедергісіз кіру және шығу тәртібі, сондай-ақ автокөліктің кіру және өртке қарсы қызмет органның бөлімшелері және ішкі істер органдарының бөлімшелері жасақтардың Объектіден шығу тәртібі Объектідегі өткізу және объектішілік режимді ұйымдастыру ережесінде нақты белгіленуі тиіс.



6-тарау. Күзетілетін Объектілерді техникалық нығайту жөніндегі техникалық талаптар

      22. Күзетілетін Объектілерді техникалық нығайту:


      1) тәртіп бұзушылықты анықтау және тыю үшін қажет уақытқа қылмыскерлердің кіріп кетуінен үй-жайларды;
      2) сақтауда жатқан ақшаны, оқ-дәрімен атылатын қару-жарақ пен оқ-дәрілерді және басқа да құндылықтарды бұзып кірудің білікті әдістерін пайдалана отырып жасалатын талан-тараждан;
      3) Объектілердің қызметкерлерін және келушілерді қарулы шабуылдан қорғауды қамтамасыз ету үшін жеткілікті болуы тиіс.

      23. Күзетілетін Объектінің басшылары техникалық нығайту және арнайы техникалық күзет құралдарымен, өрт қауіпсіздігі жүйелерімен жабдықтау жөніндегі іс-шаралардың міндетті түрде орындалуын қамтамасыз етеді және мынадай негізгі ережелерді басшылыққа алуы тиіс:


      1) есіктердің, терезелердің және люктердің мықты және сенімді ілгектері, күршектері, ілмектері немесе ысырмалары болуы тиіс және рамалар мен есіктің қораптарына нығыздап орнатылуы тиіс. Беріктігі жағынан механикалық құлыптар мен ысырмалардан кем түспейтін және кіруді бақылау жүйесіне жататын электромеханикалық, электромагнитті құлыптар мен ысырмаларды пайдалануға болады;
      2) күзетілетін Объектінің бірінші қабатындағы терезе ойындылары металл торлармен нығайтылуы немесе брондалған әйнектеумен не болмаса балтамен кем дегенде 30-50 рет соғып, кісі сиятындай тесік жасауға төзімді арнайы қорғаныш пленкалармен жабдықталуы тиіс. Терезе рамасының конструкциясы брондалған болуы немесе қорғаныш пленкамен нығайтылған әйнектерді терезе ойындысының сырт жағынан бөлшектеу мүмкіндігіне жол бермеуі тиіс. Рамалардағы әйнектер кертпелерге тығыз бекітілуі тиіс. Аталған терезе ойындыларының рамалары жабылатын құрылғылармен жабдықталады. Іш жақтан рамаларды арнайы құрылғылармен (кілтпен, кіруді бақылау карточкаларымен және басқаларымен) ашуды оқшаулауға кеңес беріледі;
      3) үйдің басқа қабаттарының терезе ойындылары үйдің сәулет ерекшеліктеріне, үй-жайларда материалдық құндылықтардың болуына, олардың сақталу жағдайларына қарай және оларға рұқсатсыз кіру мүмкіндігін барынша болдырмауды ескере отырып, металл торлармен немесе қорғайтын пленкамен нығайтылады. Аталған үй-жайлардағы терезе ойындыларын нығайту қажеттігін Объектіні техникалық нығайтуды тексеру барысында, Ұлттық Банктің бөлімшелері, мемлекеттік күзет қызметінің аумақтық бөлімшелері, өрт қауіпсіздігі қызметі органы, Күзет субъектісі өкілдерінің қорытындысы негізінде Объектінің қызметкерлерінен тұратын комиссия анықтайды;
      4) негізгі (орталық) және қызметкерлерге арналған (аула жақтан), инкассацияға арналған кіретін жерлердің есіктері металдан жасалған торлы есіктермен қосымша жабдықталады. Аталған есіктер бейнебақылау құрылғыларымен, сөйлесетін құрылғылармен жабдықталады. Оқ өтпейтін материалдардан дайындалған, кіретін есіктерді, сондай-ақ оқ өтпейтін материалдардан дайындалған, ысырылып ашылатын есіктер жүйесімен тамбур құрайтын және электрондық басқарумен жасақталған автоматты шлюздік қауіпсіздік кабиналарын пайдалануға болады;
      5) жертөле мен шатырдағы үй-жайлардың есіктері (егер бар болса) тұтас металдан немесе беріктігі жағынан одан кем түспейтін және тиісті дәрежеде отқа төзімді басқа да материалдардан жасалған болуы тиіс. Есіктер міндетті түрде біреулер есікті бұзып немесе ашып кіру арқылы рұқсатсыз кірген кезде хабар беруді қамтамасыз ететін сигнализациямен жабдықталуы тиіс;
      6) бірінші қабаттың терезе ойындылары, сыртқы есіктер, шатыр мен жертөледегі үй-жайлардағы люктер күзет сигнализациясы құралдарымен, әйнек шағылғанын білдіретін датчиктермен (детекторлармен), қозғалыс детекторларымен және басқа датчиктермен оқшауланған болуы тиіс;
      7) үй-жайларда құрылыс, техникалық нығайту жұмыстарын жүргізу кезінде жасырын жұмыстарға жұмыстарды орындаушы, жұмыстарды орындаушының, күзетілетін Объектінің өкілдері қол қойған акт жасау қажет;
      8) үй-жайларда желдеткіш қораптар және диаметрі 200 миллиметрден (бұдан әрі - мм) асатын түтін шығатын мұржалар болған жағдайда, бұл үй-жайлардың қабырғалары желдеткіш қораптармен, диаметрі кем дегенде 10 мм және ұяшығының өлшемі көп дегенде 150x150 мм арматурадан жасалған металл торлармен шектелетін бүкіл ауданы бойынша ішкі жағынан нығайтылуы тиіс. Содан кейін қабырғалардағы нығайтылған орындар сылақпен сыланады. Торлар 80 мм тереңдікпен қабырғаға берік бекітілген диаметрі кем дегенде 12 мм. анкерлерге немесе қабырғаға жасалған 100x50x6 мм. болат конструкцияларға пісіріліп қосылады.

      24. Филиалдың кассалық операциялар жүргізуге байланысты емес қызмет көрсетуге арналған және филиал орналасқан жерден тыс орналасқан қосымша үй-жайын техникалық нығайту және арнайы техникалық құралдармен жарақтандыру Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі (бұдан әрі - ІІМ) белгілеген талаптарға сәйкес келуі тиіс.


      Филиалдың кассалық операциялар жүргізу үшін көзделген және филиал орналасқан жерден тыс орналасқан қосымша үй-жайлары осы нұсқаулықтың 26-тармағының 4) тармақшасында белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс.

      25. Объектінің периметрі бойынша қоршау орнатылған жағдайда, қоршау мынадай талаптарға сәйкес келуі тиіс:


      1) аумақтың қоршауы адамдардың бақылаусыз өтіп кетуіне және Объектіге әрі Объектіден автокөліктің бақылаусыз өтуіне кедергі келтіруі тиіс;
      2) аумақтың қоршауы қадағалауға және арнайы техникалық күзет құралдарын пайдалануға кедергі жасайтын артық иіндісіз және бұрылыссыз, түзу сызықты болуы тиіс;
      3) қоршауға оның периметрінің бір бөлігі болып табылатын үйлерден және күзет үй-жайларынан басқа қандай да бір жанама құрылыс және күзет үй-жайлары жақын орналаспауы тиіс, және де күзетілетін аумаққа шығатын бірінші қабаттың терезелері брондалған әйнектермен нығайтылуы немесе белгіленген үлгідегі металл торлармен жабдықталуы тиіс;
      4) сыртқы қоршаудың биіктігі кем дегенде 2 500 мм болуы тиіс;
      5) сыртқы қоршауда тесіктер, сынған жерлер, ақаулар, сондай-ақ жабылмайтын есіктер, қақпалар, шағын қақпалар және басқа да ашық жерлер болмауы тиіс;
      6) адамдардың және автокөліктің кіруін (шығуын) бақылау үшін бақылау-өткізу пункті орнатылады;
      7) бақылау-өткізу пункттерінің саны аз бола тұрып, қалыпты кіргізіп-шығару мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс;
      8) бақылау-өткізу пункті адам өтетін (көлік өткізілетін) жерді ашу және жарық беру механизмдерін басқару құрылғыларымен, өткізу режимін реттеу құрылғыларымен (автоматтандырылған немесе қолмен жұмыс істейтін механикалық құрылғылармен, турникеттермен, қақпалармен), сондай-ақ қажет болған жағдайда, стационарлық және қолмен жұмыс істейтін тексеру құралдарымен жабдықталуы тиіс;
      9) көлік құралдарына арналған бақылау-өткізу пункті электр жетегі бар ысырылып немесе айқара ашылатын қақпалармен жабдықталады және алыстан басқарылады, апатты жағдайда қолмен ашу мүмкіндігі бар. Қақпалар ырықсыз немесе бақылаусыз ашудың (қозғалыстың) алдын алуға арналған шектеуіштермен немесе тежегіштермен жабдықталады;
      10) қақпаларды басқару пульты бөтен адамдар пультқа жолай алмайтын орындарда орналасуы тиіс.

      26. Үй-жайларды жобалаған, құрылысын жүргізген, қайта жөндеген, өзгерткен кезде мына талаптарды басшылыққа алу қажет:


      1) екінші деңгейдегі банктерде және олардың филиалдарында кассалық операциялар жүргізу үшін міндетті түрде касса торабы болуы тиіс;
      2) касса торабының үй-жайы қатаң түрде оқшаулануы тиіс. Касса торабы әдетте үйдің бірінші қабатында орналасуы тиіс;
      3) екінші деңгейдегі банктер мен филиалдардың касса торабында
мынадай негізгі үй-жайлар болуы тиіс:
      қойма (не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалымен және мемлекеттік күзет қызметінің аумақтық бөлімшелерімен келісім бойынша осы Нұсқаулықтың 37-тармағына сәйкес жабдықталған сейф бөлмесі);
      қойманың алдыңғы бөлмесі;
      операциялық касса - кіріс және/немесе шығыс және/немесе кіріс-шығыс және/немесе айырбастау кассасы;
      банкноталар мен монеталар санау кассасы;
      кассалар қызметкерлеріне арналған шаруашылық-тұрмыстық бөлмелер;
      кешкі уақытта операциялар орындаған кезде кешкі касса - қойма, қойманың алдыңғы бөлмесі, операциялық касса (кабина);
      4) филиалдың кассалық операциялар жүргізуге арналған қосымша үй-жайына операциялық касса (кабина) және қойма (не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің филиалымен және мемлекеттік күзет қызметінің аумақтық бөлімшелерімен келісім бойынша сейф бөлмесі); Құндылықтарды жұмыстан тыс уақытта (түскі үзіліс, жұмыстың аяқталуы) сақтауға жол бермейтін, құндылықтарды күнделікті инкассациялау ұйымдастырылған жағдайда, филиалдың қосымша үй-жайына қойманың немесе сейф бөлмесінің болуы талап етілмейді;
      5) ұлттық почта операторының касса торабы екінші деңгейдегі банктерге (олардың филиалдарын, қосымша үй-жайларын, есеп айырысу-касса бөлімдерін қоса алғанда) ұсынылған талаптарға сәйкес жабдықталады;
      6) касса торабының үй-жайлары шоғырланып орналасуы тиіс, құндылықтарды тасымалдау бөтен адамдардың жұмыстарды және
құндылықтарды тасымалдауды қадағалауына мүмкіндік бермейтін ең қысқа
және қауіпсіз маршруттар бойынша жүзеге асырылуы тиіс;
      7) касса торабы үй-жайларындағы дәліздердің, тамбурлардың және есік ойындыларының көлемі құндылықтарды көлемі 700x1200 мм., 500 килограмм жүк көтеретін шағын жүк арбаларымен тасымалдауды қамтамасыз етуі тиіс. Касса тораптарындағы еден деңгейлерінің ойлы-қырлы болуына жол берілмейді;
      8) касса торабының барлық үй-жайларының терезе ойындылары металл торлармен қорғалуы тиіс. Металл торлардың орнына брондалған әйнектерді немесе қорғаныш пленкаларды қолдануға рұқсат етіледі. Торлар өлшемі 150x150 мм. ұяшық құрайтын, диаметрі кем дегенде 16 мм. болат сымдардан жасалады. Сымдарды қиылысатын жерлерінде пісіру керек. Торлар металл конструкцияларға пісіріліп қосылады немесе 75x75x6 мм. металл бұрышпен жиектеледі және периметрі бойынша қабырғаның ішіне 80 мм. тереңдікпен берік жасалған диаметрі кем дегенде 12 мм. және ұзындығы 120 мм. болат анкерлерге немесе 100x50x6 мм. болат тақтадан жасалып, қоса салынған бөлшектерге қосылып пісірілуі тиіс. Анкерлердің саны әрбір жағында кем дегенде екіден болуы тиіс.
      Беріктігі және олар арқылы өтіп кету мүмкіндігі жағынан жоғарыда көрсетілген торлардан еш кем түспейтін сәндік торларды, қорғаныш жалюзилерді (ролеттер) қолдануға рұқсат етіледі.

      27. Қоймалардың үй-жайларына қойылатын талаптар:


      1) қойманың көлемі қазіргі және болашақтағы кассалық операциялар көлемін ескере отырып, жобалау тапсырмасымен белгіленеді және кем дегенде 9 шаршы метр болуы тиіс (бұдан әрі - шаршы м.);
      2) қойманың биіктігі еденнен төбеге дейін кем дегенде 2 500 мм. болуы тиіс;
      3) қойманың ішіне қоршап тұратын қабырғаларға жапсырылып, қалыңдығы 200 мм темірбетон қабаты орнатылады;
      4) қоймалардың қабырғалары қалыңдығы кем дегенде 380 мм. кірпіштен немесе беріктігі кірпішпен бірдей немесе одан да жоғары темірбетон қабырғалардан жасалады. Негізгі ішкі қабырғалар, сондай-ақ жертөлелердегі сыртқы қабырғалар, үйдің үшінші, төртінші қабатындағы қабырғалар бір мезгілде қоймалардың қабырғалары бола алады;
      5) үйдің сыртқы қабырғасы мен қойма қабырғасының арасында
бақылауға арналған ені 900-1200 мм. дәліз көздеген жөн. Жаңадан құрылатын касса торабын жобалаған кезде қойманың периметрі бойынша ені 900-1200 мм. бақылауға арналған дәліздер көздеген дұрыс;
      6) қоймалардың қабырғалары тек қана Объектінің ішкі үй-жайларының қабырғаларымен жапсарлас болуына болады;
      7) қойманың фундаменті бетоннан дайындалады және қалыңдығы кем дегенде 600 мм. болуы тиіс. Фундамент пен темірбетон қабатының арасында мықты гидроизоляция көзделеді. Қойманың астында техникалық еден асты қабатын және жертөлелер салуға жол берілмейді;
      8) қойманың қорғаныш аражабын конструкциялары қойманың ішкі монолит темірбетон қабаты және үйдің сыртының аражабын (жабын) плитасы болып табылады. Алайда, темірбетон қабатқа аражабын (жабын) плитасынан ауыр салмақ түспеуі тиіс;
      9) қойма қабатының үстіңгі беті қойма мен аражабын плитасының арасындағы кеңістікті бақылау мүмкін болуы үшін (жабын) плитасынан 250 мм. қашық тұруы тиіс;
      10) қоймалардың темірбетон қабаты фиброарматурланған темірбетоннан дайындалады. Темірбетон қабаты үшін 400-500 кг/шаршы см. маркалы бетон (400-500 маркалы портландцемент, граниттік немесе диабазалық ірілігі 15-20 мм ұсақ тас, модулі кем дегенде 2 мм құм) қолданылады.
      Қалыпты конустың шөгуі бойынша бетон қоспаның жылжуын тік элементтер үшін 40-60 мм.-ге және көлденең элементтер үшін 20-40 мм. тең деп қабылдау қажет.
      Фиброарматурлау диаметрі 0,5-1 мм сымнан немесе талшығының ұзындығы 30 мм-ге дейін болатын майы аз бұрын қолданылған болат арқандардан жасалған кесіндімен жүргізіледі.
      Бетонды қойған кезде вибраторлармен нығыздау керек, осыдан кейін бетонды қатыру және ылғалдау үшін 10 күн бойы температураға жағдай жасау керек.
      Темірбетон қабатының арматурасы диаметрі 16 мм А-ІІІ класты болаттан жасалған, 100x100 мм. ұяшығы бар, бір-бірінен 100 мм. қашықтықта параллель орналасқан екі металл тордан тұруы тиіс. Бір тордағы арматураның қиылысу торабы басқа тордың ұяшығының ортасына жапсарлас болуы тиіс;
      11) қойманың қабырғаларына плитка төселеді, төбесі майлы бояумен немесе су қосып езілетін эмульсиямен боялады, едендері металдан немесе бетон плиталардан жасалады;
      12) қоймалардың есіктері брондалған және қойманың қабырғасы арқылы кіруге болмайтын тәрізді, кіруден қорғауды қамтамасыз етуі тиіс. Қоймадағы брондалған есіктен басқа дәл сол ойықта 150x150 мм-ден аспайтын ұяшық құрайтын, диаметрі кем дегенде 16 мм болат сымдардан дайындалатын және әрбір қиылысқан жерінде пісірілетін ішкі торлы металл есік орналастырылады. Торлы есік периметрі бойынша 75x75x6 мм болат бұрышпен жиектеледі. Торлы есіктер құлыппен жабылуы тиіс. Торлы есіктің қорабы 75x75x6 мм болат бұрыштан жасалады, есік ойындысына диаметрі кем дегенде 16-18 мм, ұзындығы кем дегенде 120 мм болат "таутан" (балдақ) көмегімен бекітіледі, немесе электр дәнекерлегішпен дәнекерленеді;
      13) қоймаларды желдету оларда температураның 18-25 С және ауаның ылғалдылығы 45-60 пайыз болуын, сондай-ақ үш есе ауа алмасуын қамтамасыз ету қажет. Қоймалардан коммуникациялық құрылыстар (кабельдік трассалар, жылу жүретін, су жүретін трассалар және басқа да коммуникациялық трассалар) өтпеуі тиіс;
      14) механизация құралдарын және күзет сигнализациясын электр қуатына қоспас бұрын қоймалардың қабырғаларына салынған иілген металл тұрбалар түріндегі енгізу жолдары көзделуі тиіс. Қуат және әлсіз тоққа арналған кабель әр түрлі тұрбалардан өтуі тиіс. Енгізу жолдары саны және оларды орналастыру биіктігі орналастырылатын механизация кешендерінің санына байланысты анықталады. Пайдаланылмайтын енгізу жолдары тығындармен жабылады;
      15) қоймалар күзет және өрт қауіпсіздігі сигнализациясының
құралдарымен, автоматты түрде газбен өрт сөндіру қондырғыларымен,
қауіпсіздік жүйелерімен жабдықталады;
      16) қоймаға кіретін жер - біреу, қойманың алдыңғы бөлмесі арқылы. Қоймаға терезелер қоюға рұқсат етілмейді.

      28. Қойма алдыңғы бөлмеге қойылатын талаптар:


      қойма алдындағы бөлме қоймаға тікелей жапсарласады және алаңы кем дегенде 10 шаршы м. болуы тиіс;
      қойма алдындағы бөлменің қабырғалары қалыңдығы кем дегенде 380 мм кірпіштен немесе беріктігі жағынан кірпішпен бірдей немесе одан да жоғары темірбетон қабырғалардан қаланады. Қойма алдыңғы бөлмеге терезелер қоюға рұқсат етілмейді;
      сорғышты қыздыру үшін қойма алдындағы бөлмеге соратын арнайы шкаф орнатылады.

      29. Кешкі касса үйіне қойылатын талаптар:


      1) кешкі касса үй-жайы санау кассаларына өте жақын орналасуы және бұл кассалармен, сондай-ақ инкассаторлық автомашиналарға құндылықтарды тиеп-түсіруге арналған бокспен ең қысқа және қолайлы қатынас болуы тиіс;
      2) кешкі кассаның қоймасы осы Нұсқаулықтың 27-тармағының талаптарына сәйкес жобаланады. Кешкі касса қоймасының алаңы кассалық операциялардың қазіргі және болашақтағы көлемін ескере отырып жобалау тапсырмасымен белгіленеді. Кешкі касса қоймасы бұрын негізгі қабырғалары болған үй-жайларда орналасқан жағдайда, қабырғаларды, еденді және төбені диаметрі кем дегенде 16 мм болат сымдардан жасалған ұяшығы 150x150 мм-ден аспайтын және әрбір қиылысқан жерінде пісірілетін металл тормен бекіту керек. Кіретін есік металдан жасалуы, екі құлпы болуы тиіс. Тура сол ойықта диаметрі 16 мм болат сымнан жасалған, ұяшығы 150x150 мм-ден аспайтын торлы металл есік орнатылады;
      3) кешкі касса кассирінің кабинасы кешкі касса қоймасына тікелей жақын жерде орналасуы және кем дегенде 9 шаршы м. алаңы болуы тиіс. Кабина операциялық кассаларға қойылатын талаптарға сәйкес жабдықталады.

      30. Санау кассасының үй-жайына қойылатын талаптар:


      1) санау кассалары екі бөлмеден:
      банкноталар санауға арналған;
      немесе монеталар санауға арналған бөлмеден тұруы тиіс;
      2) санау кассалары үй-жайларының көлемі қолма-қол ақшамен
операциялар ауқымының болашақта өсуін ескере отырып жобалау
тапсырмасымен белгіленеді. Бір қызметкерге арналған жұмыс алаңы кем
дегенде 4,5 шаршы м.;
      3) санау кассасы үй-жайларының қоймалардың алдыңғы бөлмелерінен және операциялық кассалардан құндылықтар тиелген шағын арбалар жүретін жолы аса қысқа және қолайлы болуы тиіс;
      4) санау кассаларының үй-жайларында табиғи жарық болуы тиіс, Жұмыс орындарындағы жарық кем дегенде 400 люкс болуы тиіс;
      5) монеталар санауға арналған санау кассалары үй-жайларының қабырғалары мен төбелері дыбыс жұтатын материалмен қапталуы тиіс.

      31. Операциялық касса (кабина) - шығыс, кіріс, кіріс-шығыс, айырбастау кассасының үй-жайына қойылатын талаптар:


      1) операциялық кассалардың (кабиналардың) құндылықтар тиеген арбаларды жылжытуға арналған жолы аса қысқа және қолайлы болуы тиіс;
      2) операциялық кассалардың (кабиналардың) саны қолма-қол ақшаны беру және қабылдау жөніндегі операцияларды жетілдіру ескеріле отырып, жобалау тапсырмасымен айқындалады;
      3) операциялық кассаның (кабинаның) ауданы кем дегенде 6 шаршы м. болуы тиіс. Операциялық кассалардың (кабиналардың) алдыңғы жағы операциялық залға қарауы тиіс, клиенттерге қызмет көрсететін кабиналардың қолайлы орналасуын көздеу қажет;
      4) операциялық кассаның (кабинаның) кіретін есіктерінің ені 900 мм болуы тиіс және жабылатын есігі бар оқшау дәлізге шығуы тиіс;
      5) операциялық кассалар (кабиналар) электр жабдығымен жабдықталады;
      6) операциялық кассалардың (кабиналардың) ұзына бойына еденнен 1000-1150 мм. биіктікте құжаттар толтыруына арналған ені 300 - 500 мм. көлденең панель орнатылады;
      7) операциялық кассаның (кабинаның) алдыңғы бөлігі оқ өтпейтін материалдармен жабдықталуы тиіс, әйнектеу биіктігі ішіне көлденең салынған панельден кем дегенде 1000 мм брондалған әйнектен орындалады. Қорғанышты әйнектегенде қорғаныш пленкамен нығайтылған әйнектерді пайдалануға болады.
      Операциялық кассаның (кабинаның) қоршау конструкцияларының, бірнеше операциялық кассалардың (кабиналардың) сыртқы жиегінің, қорғаныш әйнектеудің жалпы биіктігі кем дегенде 2 000 мм болуы тиіс. Ірі қолма-қол ақша сомаларымен операциялар жүргізілетін кассада төтенше жағдайларда жарақаттау құралдарын лақтыруға мүмкіндік бермес үшін қорғаныш мақсатында әйнектелген жерден жоғары төбеге дейін бос кеңістік (саңылау) қалдырмаған жөн;
      8) операциялық кассаның (кабинаның) қорғаныш мақсатында әйнектелген жері клиентке кассирдің алынған (беретін) ақшаларды санау кезіндегі қимылын қадағалау мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс. Сонымен қатар, клиент немесе бөтен адамдар тарапынан операциялық кассаны көру аумағы перде, жалюзи құру, түсін өзгерту, соққыға қарсы тұра алатын арнайы пленкалар пайдалану арқылы шектелуі тиіс;
      9) операциялық кассаларды (кабиналарды) бөліп тұрған қоршау кассирдің үстелінен бастап кем дегенде 1000 мм. биіктікте әйнектелген және анық көрінетін болуы тиіс;
      10) операциялық кассалар (кабиналар) ақшаны және құжаттарды беруге арналған тасымалдағыш арнайы құрылғылармен (бункерлермен) немесе науалармен жабдықталуы тиіс. Олардың конструкциялары сырттан оқ атқан жағдайда, оқты қорғалатын аймаққа өткізбеуі тиіс. Құрылғыны қозғалысқа келтіру механизмі және оны тоқтату кассир жақтан жүргізілуі тиіс;
      Үлкен көлемдегі ақшаны беру үшін операциялық кассаның (кабинаның) төменгі бөлігінде іш жағынан жабылатын және беріктігі жағынан кабинаны қоршаған арнайы конструкцияларға сай келетін ойық (шлюз) жасауға рұқсат етіледі;
      11) ақша беруге арналған тасымалдағыш құрылғыны немесе науаларды пайдаланған жағдайда, әрбір операциялық кассада (кабинада) кассирдің клиентпен сөйлесуіне арналған сөйлесетін құрылғы көзделуі тиіс;
      12) қолма-қол ақшаның шағын сомаларымен, мысалы, коммуналдық төлемдер қабылдау бойынша операциялар жүргізілетін операциялық кассаның (кабинаның) қорғаныш әйнектерін, түсі өзгертілген әйнектен орындауға болады, жеткізіп беретін құрылғы немесе лотоктың орнына соққыға төзімді қабыршағы бар әйнектелген қоршауда 250x100 мм. өлшемдегі терезені немесе көлденең панельдегі ені 250 мм. биіктігі көп дегенде 100 мм. металмен қапталған ойықты пайдалануға болады. Бұл ретте, кассада ашу уақыты сақталатын (темпокасса) сейфтер пайдаланған жөн;
      13) қолданылатын әйнектелген қоршаудың, операциялық касса (кабина) қоршауының материалдары мен оқтан қорғайтын конструкцияларының Ұлттық Сараптама орталығы берген сертификаттары  және Қазақстан Республикасының сертификаттауы болуы тиіс;
      14) операциялық кассалар дабыл сигнализациясының кнопкаларымен жабдықталуы тиіс.

      32. Клиенттердің ақша санауына арналған бөлмелерге қойылатын талаптар:


      1) клиенттердің ақша санауына арналған бөлмені бүйір жақта клиенттерге қолма-қол ақшаның ірі сомаларын беруге арналған терезесі бар операциялық кассалардың (кабиналардың) бірінің жанында орналастыру керек;
      2) клиенттердің ақша санауына арналған бөлменің жарығы жақсы  және бөтен адамдардың клиенттің қимылдарын қадағалауға мүмкіндік бермеуі тиіс.

      33. Касса торабының басқа да үй-жайлары:


      1) касса торабында, бірақ касса үй-жайларынан тыс, кассирдің жеке басының заттары мен киім-кешегін сақтауға арналған жеке шкафтармен жабдықталған үй-жай көзделген дұрыс;
      2) касса торабында санитарлық тораптар көзделуі тиіс;
      3) касса торабының кіретін жері екеу болуы тиіс; біреуі - банктің қызметтік үй-жайларынан шығып кіретін, екіншісі -  инкассаторлық машиналарды түсіруге және тиеуге арналған бокс үй-жайына ауланың ішкі жағынан кіретін есік;
      4) бокстың сыртқы өлшемі: ұзындығы - 7 500 мм, ені - 5 600 мм, биіктігі - 3 500 мм кем емес. Бокстың есігі құлыппен жабылуға тиіс.

      34. Банктердің банкоматтары орналасқан үй:


      1) банкомат банктің үй-жайында немесе банктен тыс орналасқан үй-жайда орнатылуы мүмкін, сыртқы және ішкі қабырғаларға (тас, кірпіш, блок, бетон және қалыңдығы 500 мм. артық кеуекті темірбетон конструкцияларға немесе төзімділігі жоғарыда аталғандарға бара-бар материалдардан жасалған), оның ішінде қоршауларға немесе ол орналасқан жерге бірге орнатылуы (ойып орнатылуы) мүмкін;
      2) банкомат орналасқан оқшауланған үй-жайдың сыртқы есігі өте мықты, әрі құлыппен және есікті өзі жабатын құрылғымен (нығыздап жабу құрылғысымен) жарақтандырылуы тиіс;
      3) банкомат орналасқан үй-жайдың ішкі есігі өте мықты болуға тиіс (металл есік болғаны жөн), ойып орнатылған екі құлыппен, металл ысырмамен (ішінен салынған), көру терезесі немесе көзшемен жабдықталуы тиіс;
      4) банкомат орналасқан үй-жайдың әйнектелген ойындылары диаметрі 16 мм. және 150 х 150 мм. ұяшықтар жасай отырып, болат шыбықтардан жасалған металл торшалармен қорғалады. Төзімділігі жағынан жоғарыда аталғаннан кем болмайтын декоративті торларды орнатуға жол беріледі. Бронирленген әйнектерді, қорғаныш пленкаларды қолдануға да рұқсат етіледі. Бұл ретте рамалардың конструкциясы және оны ойындыға орнату тәсілі пайдаланылатын әйнектің беріктігіне тең немесе одан жоғары соққыға төзімділікті қамтамасыз етуге тиіс;
      5) банкоматты банктің ішінде орнату кезінде мынадай нұсқалар болуы мүмкін:
      банкомат операциялық залдың оқшауланған қоршауына ойып орнатылады. Бұл ретте банкоматты артқы жағынан толтырылатын етіп орнатқан жөн;
      банкомат операциялық залда банкоматты шолуға және бақылауға қолайлы жерде орналастырылады. Бұл жағдайда банкомат алдыңғы жағынан салынатын етіп орналастырылады.

      35. Екінші деңгейдегі банктердің банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүргізуге арналған үй-жайға қойылатын талаптар:


      Банкноталарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау бойынша операцияларды жүзеге асыру үшін мынадай үй-жайлардың болуы қажет:
      1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің тиісті қаулысына сәйкес
жабдықталған қызметтік қару-жарақ және оларға арналған оқ-дәрі қоймасы;
      2) қару-жарақты оқтау/оқтан босату үй-жайы;
      3) инкассатор сөмкелерін (қапшықтарын) сақтауға және іріктеуге
арналған үй-жай;
      4) басшының кабинеті;
      5) кезекші инкассация бөлімшесінің, нұсқау беру және маршрутқа шығуға дайындық үй-жайы (орны). Үй-жайда құжаттаманы сақтауға арналған сейф немесе металл шкаф орнатылуы тиіс;
      6) кәсіби және қызметтік-әскери даярлық үй-жайы. Үй-жай табельдік қару-жарақтың, жеке және техникалық қорғаныш құралдарының, радио байланыс құрылысын, инкассация бойынша операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғаның қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді үйренуге арналған жұмыс үстелдерінің қажетті санымен жабдықталады. Үй-жайда табельдік қару-жарақты нысанға көздеу және ату қимылдарын жаттықтыруға арналған тренажер орнатылады. Оқ-дәрімен атылатын қару-жарақ жөніндегі оқыту құралдары, көрнекі құралдар, стендтер болуы тиіс. Үй-жай инкассаторлар мен жүргізушілердің демалыс орны, инкассаторлардың резервтік бригадасы орналасатын орны ретінде пайдаланылады;
      7) инкассатор автомашиналарының құндылықтарды алу (тапсыру) орнына кіреберісінде бөгде адамдардың инкассаторлардың құндылықтармен жұмысын бақылау мүмкіндігін болдырмауы, құндылықтар бар қоймаға жақын орналасқан тиеу-түсіру алаңы немесе инкассатор автомашинасын қоюға арналған арнайы бокс болуы тиіс;
      8) құндылықтарды тиеу-түсіру процесі механизациялануы тиіс (ленталы транспортер, арба, лифт және механизмдердің өзге түрлері).


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет