Екiншi деңгейдегi банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзету мен жайластыруды ұйымдастыру жөнiндегi талаптарды бекiту туралы



бет1/3
Дата17.07.2016
өлшемі243 Kb.
#206335
  1   2   3
Екiншi деңгейдегi банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзету мен жайластыруды ұйымдастыру жөнiндегi талаптарды бекiту туралы

Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасы төрағасының 2007 жылғы 28 мамырдағы N 56 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде 2007 жылғы 18 шiлдеде Нормативтiк құқытық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiне N 4817 болып енгiзiлдi.


(Соңғы редакциядағы күні: 13.01.2010)

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2009.07.24 N 65 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 наурыздағы Заңы 8-бабының л-4) тармақшасына сәйкес, екiншi деңгейдегi банктердiң, банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзету мен жайластыруды ұйымдастыру тәртiбiн реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Қоса берiлiп отырған Екiншi деңгейдегi банктердiң және банк


операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзету мен жайластыруды ұйымдастыру жөнiндегi талаптар (бұдан әрi - Талаптар) бекiтiлсiн.
       Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2009.07.24 N 65 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн қолданысқа енедi.

      3. Қолма-қол ақшамен жұмыс департаментi (Мәжитов Д.М.):
      1) Заң департаментiмен (Шәрiпов С.Б.) бiрлесiп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күннен бастап он күндiк мерзiмде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, филиалдарына, Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне, Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөнiндегi министрлiгiне, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттiгiне, екiншi деңгейдегi банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдарға жiберсiн.

      4. Қазақстан Республикасында шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүзеге асыратын ұйымдар осы қаулы қолданысқа енгiзiлген күннен бастап алты ай iшiнде айырбастау пункттерiнiң жұмыс iстеп тұрған үй-жайларын Нұсқаулықтың талаптарына сәйкес келтiрсiн.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары Б.А. Әлжановқа жүктелсiн.

      Ұлттық Банк Төрағасы

      "КЕЛIСIЛДI"

      Қазақстан Республикасы


      Қаржы нарығы мен қаржы
      ұйымдарын реттеу және
      қадағалау агенттiгi
      2007 жылғы 6 маусым

      "КЕЛIСIЛДI"

      Қазақстан Республикасының
      Iшкi iстер министрi
      2007 жылғы 21 маусым

      "КЕЛIСIЛДI"

      Қазақстан Республикасының
      Төтенше жағдайлар жөнiндегi министрi
      2007 жылғы 26 маусым

      Қазақстан Республикасының 


Ұлттық Банкi Басқармасының
2007 жылғы 28 мамырдағы  
N 56 қаулысымен бекiтiлген

Екiншi деңгейдегi банктердiң және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың үй-жайларын күзету мен жайластыруды ұйымдастыру жөнiндегi
Талаптар

     Ескерту. Тақырыбына өзгерту енгiзiлдi - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2009.07.24 N 65 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.  



1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Талаптар екiншi деңгейдегi банктердiң (филиалдарын және олардың қосымша үй-жайларын қоса алғанда), банк операцияларының


жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың және олардың
филиалдарының үй-жайларын (бұдан әрi - Объект) күзету мен жайластыруды ұйымдастыру тәртiбiн белгiлейдi.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2009.07.24 N 65 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

       2. Объектiлердi күзетудi "Күзет қызметi туралы" Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 19 қазандағы Заңында (бұдан әрi - Күзет қызметi туралы заң) айқындалған күзет қызметiн жүзеге асыратын субъект (бұдан әрi - Күзет субъектiсi) жүзеге асыруы тиiс.

      3. Объектiнi күзету жөнiндегi Күзет субъектiсiнiң қызметi Күзет қызметi туралы Заңмен , "Қазақстан Республикасының Iшкi iстер органдары туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы Заңымен , "Жекелеген қару түрлерiнiң айналымына мемлекеттiк бақылау жасау туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы Заңымен , "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңымен , Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң қаулыларымен, Қазақстан Республикасының бұйрықтарымен және басқа нормативтiк құқықтық актiлерiмен, күзет қызметiн көрсету шартымен, Объектiдегi өткiзу және объектiшiлiк режимдi ұйымдастыру ережесiмен және осы Талаптармен реттеледi.
      Ескерту. 3-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2009.07.24 N 65 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

       4. Күзет субъектiлерiнiң қызметiн бақылау функцияларын аумақтық iшкi iстер органдарының мемлекеттiк күзет қызметiнiң бөлiмшесi (бұдан әрi - мемлекеттiк күзет қызметiнiң аумақтық бөлiмшесi) жүзеге асырады.


      Күзет субъектiлерiнiң қызметкерлерi Объектiдегi қылмыстық қол сұғушылықтардың алдын алу барысында құқық қорғау органдарына мiндеттi түрде көмек көрсетуi тиiс.

2-тарау. Объектiнi күзетудi ұйымдастыру

      5. Екiншi деңгейдегi банктердiң (филиалдарын және олардың қосымша үй-жайларын қоса алғанда) қарулы күзетпен күзетiлуi және арнайы техникалық күзет құралдарымен жарақтандырылуы тиiс.

      6. Екiншi деңгейдегi банктердi (филиалдарын және олардың қосымша үй-жайларын қоса алғанда) күзетудi жүзеге асыратын Күзет субъектiлерiнiң функцияларын күзетiлетiн Объектiнiң басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасына және осы Талаптарға сәйкес айқындайды, аумақтық iшкi iстер органдарының басшыларымен келiсiледi.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2009.07.24 N 65 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

       7. Күзетiлетiн Объектiде қызметкерлердiң және келушiлердiң кiру тәртiбiн айқындайтын өткiзу және объектiшiлiк режим белгiленуi тиiс. Өткiзу және объектiшiлiк режимдi ұйымдастыру ережесiн Объектiнiң басшысы бекiтедi және Күзет субъектiсiнiң Объектiдегi өткiзу және объектiшiлiк режимнiң орындалуын қамтамасыз ететiн басшысымен келiсiледi.

      8. Екiншi деңгейдегi банктердi және олардың филиалдарын күзету және өткiзу және объектiшiлiк режимiн қамтамасыз ету үшiн арнайы жабдықталған және оқшауланған, қауiпсiздiк жүйелерiмен, арнайы күзет және байланыс техникалық құралдармен жарақтандырылған үй-жай көзделуi тиiс. Филиалдың қосымша үй-жайларда күзет үй-жайының болуы қажеттiлiгiн екiншi деңгейдегi банк айқындауы тиiс.

      9. Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың және олардың филиалдарының үй-жайларында осы Талаптардың 39-тармағында көзделген жағдайларды қоспағанда, қарулы күзет постылары орнатылуы тиiс. Қарулы күзет постыларының функцияларын күзетiлетiн Объектiнiң бiрiншi басшысы айқындайды.


      Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2009.07.24 N 65 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

       10. Объектiдегi күзет постыларының саны және олардың орналасқан жерiн Объектiнiң және Күзет субъектiсiнiң басшылары қызметкерлердiң, клиенттердiң және тауар-материалдық құндылықтардың қауiпсiздiк талаптарын қамтамасыз етудi ескере отырып айқындайды.     



3-тарау. Күзетiлетiн Объектiлердi орталықтандырылған
бақылау пунктiне қабылдау және тапсыру тәртiбi

      11. Объектiлердi орталықтандырылған бақылау пунктiне күзетке қабылдау және тапсыру күзет қызметiн көрсетуге арналған шарт негiзiнде жүргiзiледi.


      Арнайы техникалық құралдар iске қосылған кезде әсер ету тәртiбi Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрiнiң Нормативтiк құқықтық актiлердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2288 тiркелген "Күзетiлетiн объектiлерден, азаматтардың пәтерлерiнен және меншiктiң барлық нысандарындағы өзге де объектiлерден Жедел басқару орталықтарына, Астана, Алматы қалаларының және облыстар iшкi iстер департаменттерiнiң кезекшi бөлiмдерiне келiп түсетiн дабыл белгiлерiне қоғамдық тәртiптi сақтауға жұмылдырылған полиция кешендi күштерiнiң ден қоюын ұйымдастыру жөнiндегi нұсқаулықты бекiту туралы" 2003 жылғы 17 мамырдағы N 280 бұйрығымен реттеледi.

      12. Орталықтандырылған бақылау пунктi жоқ елдi мекендерде Объектiлерден күзет, дабыл сигнализациясының iске қосылуына әсер етудi iшкi iстер органдарының аумақтық бөлiмшелерi Күзет субъектiсiмен бiрлесiп жүзеге асырады.

      13. Күзетке қабылданатын Объектiнi комиссиялық тексеру мемлекеттiк күзет қызметiнiң аумақтық бөлiмшелерiнiң, күзет субъектiсiнiң, орталықтандырылған бақылау пунктiнiң және күзетке қабылданған Объектiнiң өкiлдерiнiң қатысуымен жүргiзiледi.

      14. Тексеру нәтижесi бойынша Объектiнiң күзетке қабылдау үшiн дайындық дәрежесi айқындалады және осы Талаптардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша тексеру актiсi және жария етiлмейтiн коммерциялық құпияны құрайтын мәлiметтер жасалады. Объектiнiң басшысы комиссияның қорытындысына сәйкес Объектiнi техникалық нығайту, оны арнайы техникалық күзет құралдарымен жарақтандыру жөнiндегi қажеттi iс-шараларды орындайды.


      Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2009.07.24 N 65 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      15. Объектiнi техникалық нығайту және арнайы техникалық күзет құралдарымен жарақтандыру жөнiндегi қажеттi iс-шараларды орындалғаннан кейiн осы Талаптардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша пайдалануға қабылдау актiсi бекiтiледi және күзет қызметiн көрсету шарты жасалады.


      Ескерту. 15-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2009.07.24 N 65 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

4-тарау. Үй-жайлардың банк операцияларын жүргiзу үшiн дайындық дәрежесi туралы қорытынды беру тәртiбi

      Ескерту. 4-тарау жаңа редакцияда - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2009.07.24 N 65 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.



      16. Объектiнiң үй-жайларының осы Талаптарға сәйкес келуi туралы қорытындыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң (бұдан әрi - Ұлттық Банк) филиалы осы Талаптардың 2-1-қосымшасында белгiленген нысан бойынша, Объектiнiң үй-жайларын тексеру нәтижесi негiзiнде бередi.
      Тексерудi Ұлттық Банктiң филиалы Объектiнiң өтiнiшi немесе Ұлттық Банктiң тапсырмасы бойынша жүргiзедi.
      Қорытынды алу үшiн үй-жайларға тексеру жүргiзу туралы өтiнiш берген кезде өтiнiш берушi үй-жайды жалдау туралы шарттың немесе меншiк құқығын растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмесiн беруi тиiс.
      Автоматтандырылған касса пайдаланылатын үй-жайларға тексеру жүргiзiлген кезде Тексеру актiсiнде автоматтандырылған касса бар үй-жайдың орналасуы туралы ақпарат көрсетiледi.
      Үй-жайларды тексеру нәтижесi бойынша осы Талаптардың 2-2-қосымшасында белгiленген нысан бойынша Тексеру актiсi жасалады.
      17. Қорытынды және тексеру актiсi екi данада жасалады. Ұлттық Банктiң тапсырмасы бойынша тексеру жүргiзiлген кезде қорытынды және тексеру актiсi үш данада жасалады және өтiнiш берушiден өтiнiш түскен немесе Ұлттық Банктен тапсырма түскен күннен бастап он жұмыс күнi iшiнде берiледi. Қорытынды мен тексеру актiсi бiр данадан өтiнiш берушiге берiледi, бiр данадан Ұлттық Банктiң филиалында қалады, тексеру Ұлттық Банктiң тапсырмасы бойынша жүргiзiлген кезде бiр данадан Ұлттық Банкке жiберiледi.
      Тексеру актiсiне үй-жайды тексерген тұлғалар қол қояды, Ұлттық Банк филиалының басшысы немесе оның орнындағы тұлға бекiтедi және мөрмен куәландырылады.
      Ұлттық Банктiң филиалының фирмалық бланкiсiндегi қорытындыға филиал басшысы немесе оның орнындағы тұлға қол қояды және мөрмен куәландырылады.
      17-1. Үй-жайлардың осы Талаптарға сәйкес келуi туралы қорытындысы берiлген үй-жайлардың орналасқан жерi өзгерген кезде Объектiнiң басшысы күнтiзбелiк отыз күн iшiнде Ұлттық Банкке хабарлайды және жаңа мекен-жайдағы үй-жайлардың осы Талаптарға сәйкес келуi туралы жаңа қорытынды алу үшiн үй-жайларды жалдау туралы шарттың немесе меншiк құқығын растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған көшiрмелерiн бередi.
      17-2. Осы Талаптарға сәйкес үй-жайларға қойылатын талаптардың ауытқуына әкеп соғатын үй-жайларды қайта құру, қайта жайғастыру немесе өзге де жұмыстарды жүргiзген кезде Объектiнiң басшысы көрсетiлген жұмыстар аяқталған күннен бастап отыз күнтiзбелiк күн iшiнде үй-жайлардың осы Талаптарға сәйкес келуi туралы жаңа қорытынды алу үшiн үй-жайларға тексеру жүргiзу туралы өтiнiш бередi.
      Үй-жайлардың Ұлттық Банктiң нормативтiк құқықтық актiлерiнiң талаптарына сәйкес келуi туралы осы Талаптар қолданысқа енгiзiлгенге дейiн берiлген қорытынды, егер Объектiнiң осы Талаптар қолданысқа енгiзiлгенге дейiн жобаланған, тұрғызылған үй-жайлары осы Талаптар қолданысқа енгiзiлгеннен кейiн қайта құрылмаса, қайта жайғастырылмаса жаңа қорытынды алуды талап етпейдi.

5-тарау. Өрт қауiпсiздiгi жүйесi iске қосылған кездегi iс-қимылдар тәртiбi

      18. Объектiде өрт қауiпсiздiгi жүйесi iске қосылған және төтенше сипаттағы басқа жағдайлар туындаған жағдайда жасақ жетекшiсi бұл туралы iшкi iстер органдарының аумақтық бөлiмшелерiнiң кезекшi бөлiмiне, өртке қарсы қызмет органның кезекшi бөлiмiне жедел хабарлайды.

      19. Қоймада өрт болған, өрт қауiпсiздiгi жүйесi iске қосылған және төтенше сипаттағы басқа жағдайлар туындаған жағдайда жасақ жетекшiсi және орталықтандырылған бақылау пунктiнiң кезекшiсi бұл туралы iшкi iстер органдарының аумақтық бөлiмшелерiнiң кезекшi бөлiмiне, өртке қарсы қызмет органның кезекшi бөлiмiне жедел хабарлайды және Объектiнiң құндылықтардың сақталуына жауапты тұлғаларға және басшыларына хабарлайды.
      Егер бар болса, қойманың есiктерiндегi мөрлердiң тұтастығын құндылықтардың сақталуына жауапты тұлғалар келгенге дейiн бұзуға қатаң тыйым салынады. Қоймада өрт болған жағдайдағы iс-қимылдар тәртiбiн Объектiнiң жетекшiсi, Күзет субъектiсi әзiрлейдi және өртке қарсы қызмет органымен келiсiледi.

      20. Құндылықтардың сақталуына жауапты тұлғаларға хабарлау


мақсатында және олар Объектiге келген кезде күзет постысында және
орталықтандырылған бақылау пунктiнде бiрiншi басшылардың және
құндылықтардың сақталуына жауапты лауазымды тұлғалардың тұратын мекен-жайлары, қызметтiк және үй телефондары көрсетiлген тiзiмдерi сақталуы тиiс.

      21. Объектiнiң аумағына кедергiсiз кiру және шығу тәртiбi, сондай-ақ автокөлiктiң кiру және өртке қарсы қызмет органның бөлiмшелерi және iшкi iстер органдарының бөлiмшелерi жасақтардың Объектiден шығу тәртiбi Объектiдегi өткiзу және объектiшiлiк режимдi ұйымдастыру ережесiнде нақты белгiленуi тиiс.



6-тарау. Күзетiлетiн Объектiлердi техникалық нығайту жөнiндегi техникалық талаптар

      22. Күзетiлетiн Объектiлердi техникалық нығайту:


      1) тәртiп бұзушылықты анықтау және тыю үшiн қажет уақытқа қылмыскерлердiң кiрiп кетуiнен үй-жайларды;
      2) сақтауда жатқан ақшаны, оқ-дәрiмен атылатын қару-жарақ пен оқ-дәрiлердi және басқа да құндылықтарды бұзып кiрудiң бiлiктi әдiстерiн пайдалана отырып жасалатын талан-тараждан;
      3) Объектiлердiң қызметкерлерiн және келушiлердi қарулы шабуылдан қорғауды қамтамасыз ету үшiн жеткiлiктi болуы тиiс.

      23. Күзетiлетiн Объектiнiң басшылары техникалық нығайту және арнайы техникалық күзет құралдарымен, өрт қауiпсiздiгi жүйелерiмен жабдықтау жөнiндегi iс-шаралардың мiндеттi түрде орындалуын қамтамасыз етедi және мынадай негiзгi ережелердi басшылыққа алуы тиiс:


      1) есiктердiң, терезелердiң және люктердiң мықты және сенiмдi iлгектерi, күршектерi, iлмектерi немесе ысырмалары болуы тиiс және рамалар мен есiктiң қораптарына нығыздап орнатылуы тиiс. Берiктiгi жағынан механикалық құлыптар мен ысырмалардан кем түспейтiн және кiрудi бақылау жүйесiне жататын электромеханикалық, электромагниттi құлыптар мен ысырмаларды пайдалануға болады;
      2) күзетiлетiн Объектiнiң бiрiншi қабатындағы терезе ойындылары металл торлармен нығайтылуы немесе брондалған әйнектеумен не болмаса балтамен кем дегенде 30-50 рет соғып, кiсi сиятындай тесiк жасауға төзiмдi арнайы қорғаныш пленкалармен жабдықталуы тиiс. Терезе рамасының конструкциясы брондалған болуы немесе қорғаныш пленкамен нығайтылған әйнектердi терезе ойындысының сырт жағынан бөлшектеу мүмкiндiгiне жол бермеуi тиiс. Рамалардағы әйнектер кертпелерге тығыз бекiтiлуi тиiс. Аталған терезе ойындыларының рамалары жабылатын құрылғылармен жабдықталады. Iш жақтан рамаларды арнайы құрылғылармен (кiлтпен, кiрудi бақылау карточкаларымен және басқаларымен) ашуды оқшаулауға кеңес берiледi;
      3) үйдiң басқа қабаттарының терезе ойындылары үйдiң сәулет ерекшелiктерiне, үй-жайларда материалдық құндылықтардың болуына, олардың сақталу жағдайларына қарай және оларға рұқсатсыз кiру мүмкiндiгiн барынша болдырмауды ескере отырып, металл торлармен немесе қорғайтын пленкамен нығайтылады. Аталған үй-жайлардағы терезе ойындыларын нығайту қажеттiгiн Объектiнi техникалық нығайтуды тексеру барысында, Ұлттық Банктiң бөлiмшелерi, мемлекеттiк күзет қызметiнiң аумақтық бөлiмшелерi, өрт қауiпсiздiгi қызметi органы, Күзет субъектiсi өкiлдерiнiң қорытындысы негiзiнде Объектiнiң қызметкерлерiнен тұратын комиссия анықтайды;
      4) негiзгi (орталық) және қызметкерлерге арналған (аула жақтан), инкассацияға арналған кiретiн жерлердiң есiктерi металдан жасалған торлы есiктермен қосымша жабдықталады. Аталған есiктер бейнебақылау құрылғыларымен, сөйлесетiн құрылғылармен жабдықталады. Оқ өтпейтiн материалдардан дайындалған, кiретiн есiктердi, сондай-ақ оқ өтпейтiн материалдардан дайындалған, ысырылып ашылатын есiктер жүйесiмен тамбур құрайтын және электрондық басқарумен жасақталған автоматты шлюздiк қауiпсiздiк кабиналарын пайдалануға болады;
      5) жертөле мен шатырдағы үй-жайлардың есiктерi (егер бар болса) тұтас металдан немесе берiктiгi жағынан одан кем түспейтiн және тиiстi дәрежеде отқа төзiмдi басқа да материалдардан жасалған болуы тиiс. Есiктер мiндеттi түрде бiреулер есiктi бұзып немесе ашып кiру арқылы рұқсатсыз кiрген кезде хабар берудi қамтамасыз ететiн сигнализациямен жабдықталуы тиiс;
      6) бiрiншi қабаттың терезе ойындылары, сыртқы есiктер, шатыр мен жертөледегi үй-жайлардағы люктер күзет сигнализациясы құралдарымен, әйнек шағылғанын бiлдiретiн датчиктермен (детекторлармен), қозғалыс детекторларымен және басқа датчиктермен оқшауланған болуы тиiс;
      7) үй-жайларда құрылыс, техникалық нығайту жұмыстарын жүргiзу кезiнде жасырын жұмыстарға жұмыстарды орындаушы, жұмыстарды орындаушының, күзетiлетiн Объектiнiң өкiлдерi қол қойған акт жасау қажет;
      8) үй-жайларда желдеткiш қораптар және диаметрi 200 миллиметрден (бұдан әрi - мм) асатын түтiн шығатын мұржалар болған жағдайда, бұл үй-жайлардың қабырғалары желдеткiш қораптармен, диаметрi кем дегенде 10 мм және ұяшығының өлшемi көп дегенде 150x150 мм арматурадан жасалған металл торлармен шектелетiн бүкiл ауданы бойынша iшкi жағынан нығайтылуы тиiс. Содан кейiн қабырғалардағы нығайтылған орындар сылақпен сыланады. Торлар 80 мм тереңдiкпен қабырғаға берiк бекiтiлген диаметрi кем дегенде 12 мм. анкерлерге немесе қабырғаға жасалған 100x50x6 мм. болат конструкцияларға пiсiрiлiп қосылады.

      24. Филиалдың кассалық операциялар жүргiзуге байланысты емес қызмет көрсетуге арналған және филиал орналасқан жерден тыс орналасқан қосымша үй-жайын техникалық нығайту және арнайы техникалық құралдармен жарақтандыру Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгi (бұдан әрi - IIМ) белгiлеген талаптарға сәйкес келуi тиiс.


      Филиалдың кассалық операциялар жүргiзу үшiн көзделген және филиал орналасқан жерден тыс орналасқан қосымша үй-жайлары осы Талаптардың 26-тармағының 4) тармақшасында белгiленген талаптарға сәйкес келуi тиiс.
      Ескерту. 24-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2009.07.24 N 65 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      25. Объектiнiң периметрi бойынша қоршау орнатылған жағдайда, қоршау мынадай талаптарға сәйкес келуi тиiс:


      1) аумақтың қоршауы адамдардың бақылаусыз өтiп кетуiне және Объектiге әрi Объектiден автокөлiктiң бақылаусыз өтуiне кедергi келтiруi тиiс;
      2) аумақтың қоршауы қадағалауға және арнайы техникалық күзет құралдарын пайдалануға кедергi жасайтын артық иiндiсiз және бұрылыссыз, түзу сызықты болуы тиiс;
      3) қоршауға оның периметрiнiң бiр бөлiгi болып табылатын үйлерден және күзет үй-жайларынан басқа қандай да бiр жанама құрылыс және күзет үй-жайлары жақын орналаспауы тиiс, және де күзетiлетiн аумаққа шығатын бiрiншi қабаттың терезелерi брондалған әйнектермен нығайтылуы немесе белгiленген үлгiдегi металл торлармен жабдықталуы тиiс;
      4) сыртқы қоршаудың биiктiгi кем дегенде 2 500 мм болуы тиiс;
      5) сыртқы қоршауда тесiктер, сынған жерлер, ақаулар, сондай-ақ жабылмайтын есiктер, қақпалар, шағын қақпалар және басқа да ашық жерлер болмауы тиiс;
      6) адамдардың және автокөлiктiң кiруiн (шығуын) бақылау үшiн бақылау-өткiзу пунктi орнатылады;
      7) бақылау-өткiзу пункттерiнiң саны аз бола тұрып, қалыпты кiргiзiп-шығару мүмкiндiгiн қамтамасыз етуi тиiс;
      8) бақылау-өткiзу пунктi адам өтетiн (көлiк өткiзiлетiн) жердi ашу және жарық беру механизмдерiн басқару құрылғыларымен, өткiзу режимiн реттеу құрылғыларымен (автоматтандырылған немесе қолмен жұмыс iстейтiн механикалық құрылғылармен, турникеттермен, қақпалармен), сондай-ақ қажет болған жағдайда, стационарлық және қолмен жұмыс iстейтiн тексеру құралдарымен жабдықталуы тиiс;
      9) көлiк құралдарына арналған бақылау-өткiзу пунктi электр жетегi бар ысырылып немесе айқара ашылатын қақпалармен жабдықталады және алыстан басқарылады, апатты жағдайда қолмен ашу мүмкiндiгi бар. Қақпалар ырықсыз немесе бақылаусыз ашудың (қозғалыстың) алдын алуға арналған шектеуiштермен немесе тежегiштермен жабдықталады;
      10) қақпаларды басқару пульты бөтен адамдар пультқа жолай алмайтын орындарда орналасуы тиiс.

      26. Үй-жайларды жобалаған, құрылысын жүргiзген, қайта жөндеген, өзгерткен кезде мына талаптарды басшылыққа алу қажет:


      1) екiншi деңгейдегi банктерде және олардың филиалдарында кассалық операциялар жүргiзу үшiн мiндеттi түрде касса торабы болуы тиiс;
      2) касса торабының үй-жайы қатаң түрде оқшаулануы тиiс. Касса торабы әдетте үйдiң бiрiншi қабатында орналасуы тиiс;
      3) екiншi деңгейдегi банктер мен филиалдардың касса торабында
мынадай негiзгi үй-жайлар болуы тиiс:
      қойма (не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң филиалымен және мемлекеттiк күзет қызметiнiң аумақтық бөлiмшелерiмен келiсiм бойынша осы Талаптардың 37-тармағына сәйкес жабдықталған сейф бөлмесi);
      қойманың алдыңғы бөлмесi;
      операциялық касса - кiрiс және/немесе шығыс және/немесе кiрiс-шығыс және/немесе айырбастау кассасы;
      банкноталар мен монеталарды санау бойынша операцияларды орындаған жағдайда банкноталар мен монеталарды санау кассасы;
      кассалар қызметкерлерiне арналған шаруашылық-тұрмыстық бөлмелер;
      кешкi уақытта операциялар орындаған кезде кешкi касса - қойма, қойманың алдыңғы бөлмесi, операциялық касса (кабина).
      Кассалық операциялар тек автоматтандырылған касса пайдаланылып жүзеге асырылатын филиалдың үй-жайында операциялық кассаның болуы талап етiлмейдi;
      4) филиалдың кассалық операциялар жүргiзуге арналған қосымша үй-жайына операциялық касса (кабина) және қойма (не Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң филиалымен және мемлекеттiк күзет қызметiнiң аумақтық бөлiмшелерiмен келiсiм бойынша сейф бөлмесi); Құндылықтарды жұмыстан тыс уақытта (түскi үзiлiс, жұмыстың аяқталуы) сақтауға жол бермейтiн, құндылықтарды күнделiктi инкассациялау ұйымдастырылған жағдайда, филиалдың қосымша үй-жайына қойманың немесе сейф бөлмесiнiң болуы талап етiлмейдi; Бұл ретте егер кассалық операциялар тек автоматтандырылған касса пайдаланылып жүзеге асырылатын болса, операциялық касса үй-жайының болуы да талап етiлмейдi      
      5) ұлттық почта операторының касса торабы екiншi деңгейдегi банктерге (олардың филиалдарын, қосымша үй-жайларын, есеп айырысу-касса бөлiмдерiн қоса алғанда) ұсынылған талаптарға сәйкес жабдықталады;
      6) касса торабының үй-жайлары шоғырланып орналасуы тиiс, құндылықтарды тасымалдау бөтен адамдардың жұмыстарды және
құндылықтарды тасымалдауды қадағалауына мүмкiндiк бермейтiн ең қысқа
және қауiпсiз маршруттар бойынша жүзеге асырылуы тиiс;
      7) касса торабы үй-жайларындағы дәлiздердiң, тамбурлардың және есiк ойындыларының көлемi құндылықтарды көлемi 700x1200 мм., 500 килограмм жүк көтеретiн шағын жүк арбаларымен тасымалдауды қамтамасыз етуi тиiс. Касса тораптарындағы еден деңгейлерiнiң ойлы-қырлы болуына жол берiлмейдi;
      8) касса торабының барлық үй-жайларының терезе ойындылары металл торлармен қорғалуы тиiс. Металл торлардың орнына брондалған әйнектердi немесе қорғаныш пленкаларды қолдануға рұқсат етiледi. Торлар өлшемi 150x150 мм. ұяшық құрайтын, диаметрi кем дегенде 16 мм. болат сымдардан жасалады. Сымдарды қиылысатын жерлерiнде пiсiру керек. Торлар металл конструкцияларға пiсiрiлiп қосылады немесе 75x75x6 мм. металл бұрышпен жиектеледi және периметрi бойынша қабырғаның iшiне 80 мм. тереңдiкпен берiк жасалған диаметрi кем дегенде 12 мм. және ұзындығы 120 мм. болат анкерлерге немесе 100x50x6 мм. болат тақтадан жасалып, қоса салынған бөлшектерге қосылып пiсiрiлуi тиiс. Анкерлердiң саны әрбiр жағында кем дегенде екiден болуы тиiс.
      Берiктiгi және олар арқылы өтiп кету мүмкiндiгi жағынан жоғарыда көрсетiлген торлардан еш кем түспейтiн сәндiк торларды, қорғаныш жалюзилердi (ролеттер) қолдануға рұқсат етiледi.
      Ескерту. 26-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2009.07.24 N 65 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      27. Қоймалардың үй-жайларына қойылатын талаптар:


      1) қойманың көлемi қазiргi және болашақтағы кассалық операциялар көлемiн ескере отырып, жобалау тапсырмасымен белгiленедi және кем дегенде 9 шаршы метр болуы тиiс (бұдан әрi - шаршы м.);
      2) қойманың биiктiгi еденнен төбеге дейiн кем дегенде 2 500 мм. болуы тиiс;
      3) қойманың iшiне қоршап тұратын қабырғаларға жапсырылып, қалыңдығы 200 мм темiрбетон қабаты орнатылады;
      4) қоймалардың қабырғалары қалыңдығы кем дегенде 380 мм. кiрпiштен немесе берiктiгi кiрпiшпен бiрдей немесе одан да жоғары темiрбетон қабырғалардан жасалады. Негiзгi iшкi қабырғалар, сондай-ақ жертөлелердегi сыртқы қабырғалар, үйдiң үшiншi, төртiншi қабатындағы қабырғалар бiр мезгiлде қоймалардың қабырғалары бола алады;
      5) үйдiң сыртқы қабырғасы мен қойма қабырғасының арасында
бақылауға арналған енi 900-1200 мм. дәлiз көздеген жөн. Жаңадан құрылатын касса торабын жобалаған кезде қойманың периметрi бойынша енi 900-1200 мм. бақылауға арналған дәлiздер көздеген дұрыс;
      6) қоймалардың қабырғалары тек қана Объектiнiң iшкi үй-жайларының қабырғаларымен жапсарлас болуына болады;
      7) қойманың фундаментi бетоннан дайындалады және қалыңдығы кем дегенде 600 мм. болуы тиiс. Фундамент пен темiрбетон қабатының арасында мықты гидроизоляция көзделедi. Қойманың астында техникалық еден асты қабатын және жертөлелер салуға жол берiлмейдi;
      8) қойманың қорғаныш аражабын конструкциялары қойманың iшкi монолит темiрбетон қабаты және үйдiң сыртының аражабын (жабын) плитасы болып табылады. Алайда, темiрбетон қабатқа аражабын (жабын) плитасынан ауыр салмақ түспеуi тиiс;
      9) қойма қабатының үстiңгi бетi қойма мен аражабын плитасының арасындағы кеңiстiктi бақылау мүмкiн болуы үшiн (жабын) плитасынан 250 мм. қашық тұруы тиiс;
      10) қоймалардың темiрбетон қабаты фиброарматурланған темiрбетоннан дайындалады. Темiрбетон қабаты үшiн 400-500 кг/шаршы см. маркалы бетон (400-500 маркалы портландцемент, граниттiк немесе диабазалық iрiлiгi 15-20 мм ұсақ тас, модулi кем дегенде 2 мм құм) қолданылады.
      Қалыпты конустың шөгуi бойынша бетон қоспаның жылжуын тiк элементтер үшiн 40-60 мм.-ге және көлденең элементтер үшiн 20-40 мм. тең деп қабылдау қажет.
      Фиброарматурлау диаметрi 0,5-1 мм сымнан немесе талшығының ұзындығы 30 мм-ге дейiн болатын майы аз бұрын қолданылған болат арқандардан жасалған кесiндiмен жүргiзiледi.
      Бетонды қойған кезде вибраторлармен нығыздау керек, осыдан кейiн бетонды қатыру және ылғалдау үшiн 10 күн бойы температураға жағдай жасау керек.
      Темiрбетон қабатының арматурасы диаметрi 16 мм А-III класты болаттан жасалған, 100x100 мм. ұяшығы бар, бiр-бiрiнен 100 мм. қашықтықта параллель орналасқан екi металл тордан тұруы тиiс. Бiр тордағы арматураның қиылысу торабы басқа тордың ұяшығының ортасына жапсарлас болуы тиiс;
      11) қойманың қабырғаларына плитка төселедi, төбесi майлы бояумен немесе су қосып езiлетiн эмульсиямен боялады, едендерi металдан немесе бетон плиталардан жасалады;
      12) қоймалардың есiктерi брондалған және қойманың қабырғасы арқылы кiруге болмайтын тәрiздi, кiруден қорғауды қамтамасыз етуi тиiс. Қоймадағы брондалған есiктен басқа дәл сол ойықта 150x150 мм-ден аспайтын ұяшық құрайтын, диаметрi кем дегенде 16 мм болат сымдардан дайындалатын және әрбiр қиылысқан жерiнде пiсiрiлетiн iшкi торлы металл есiк орналастырылады. Торлы есiк периметрi бойынша 75x75x6 мм болат бұрышпен жиектеледi. Торлы есiктер құлыппен жабылуы тиiс. Торлы есiктiң қорабы 75x75x6 мм болат бұрыштан жасалады, есiк ойындысына диаметрi кем дегенде 16-18 мм, ұзындығы кем дегенде 120 мм болат "таутан" (балдақ) көмегiмен бекiтiледi, немесе электр дәнекерлегiшпен дәнекерленедi;
      13) қоймаларды желдету оларда температураның 18-25 С және ауаның ылғалдылығы 45-60 пайыз болуын, сондай-ақ үш есе ауа алмасуын қамтамасыз ету қажет. Қоймалардан коммуникациялық құрылыстар (кабельдiк трассалар, жылу жүретiн, су жүретiн трассалар және басқа да коммуникациялық трассалар) өтпеуi тиiс;
      14) механизация құралдарын және күзет сигнализациясын электр қуатына қоспас бұрын қоймалардың қабырғаларына салынған иiлген металл тұрбалар түрiндегi енгiзу жолдары көзделуi тиiс. Қуат және әлсiз тоққа арналған кабель әр түрлi тұрбалардан өтуi тиiс. Енгiзу жолдары саны және оларды орналастыру биiктiгi орналастырылатын механизация кешендерiнiң санына байланысты анықталады. Пайдаланылмайтын енгiзу жолдары тығындармен жабылады;
      15) қоймалар күзет және өрт қауiпсiздiгi сигнализациясының
құралдарымен, автоматты түрде газбен өрт сөндiру қондырғыларымен,
қауiпсiздiк жүйелерiмен жабдықталады;
      16) қоймаға кiретiн жер - бiреу, қойманың алдыңғы бөлмесi арқылы. Қоймаға терезелер қоюға рұқсат етiлмейдi;
      17) модульдi түрдегi қойманы (сейфтiк конструкцияны) Қазақстан Республикасының сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен сәйкестiктi растау бойынша жұмыстарды орындау үшiн аккредиттелген заңды тұлғаның сәйкестiк сертификаты болған кезде пайдалануға рұқсат етiледi.
       Ескерту. 27-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2009.07.24 N 65 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      28. Қойма алдыңғы бөлмеге қойылатын талаптар:


      қойма алдындағы бөлме қоймаға тiкелей жапсарласады және алаңы кем дегенде 10 шаршы м. болуы тиiс;
      қойма алдындағы бөлменiң қабырғалары қалыңдығы кем дегенде 380 мм кiрпiштен немесе берiктiгi жағынан кiрпiшпен бiрдей немесе одан да жоғары темiрбетон қабырғалардан қаланады. Қойма алдыңғы бөлмеге терезелер қоюға рұқсат етiлмейдi;
      сорғышты қыздыру үшiн қойма алдындағы бөлмеге соратын арнайы шкаф орнатылады.

      29. Кешкi касса үйiне қойылатын талаптар:


      1) кешкi касса үй-жайы санау кассаларына өте жақын орналасуы және бұл кассалармен, сондай-ақ инкассаторлық автомашиналарға құндылықтарды тиеп-түсiруге арналған бокспен ең қысқа және қолайлы қатынас болуы тиiс;
      2) кешкi кассаның қоймасы осы Талаптардың 27-тармағына сәйкес жобаланады. Кешкi касса қоймасының алаңы кассалық операциялардың қазiргi және болашақтағы көлемiн ескере отырып жобалау тапсырмасымен белгiленедi. Кешкi касса қоймасы бұрын негiзгi қабырғалары болған үй-жайларда орналасқан жағдайда, қабырғаларды, едендi және төбенi диаметрi кем дегенде 16 мм болат сымдардан жасалған ұяшығы 150x150 мм-ден аспайтын және әрбiр қиылысқан жерiнде пiсiрiлетiн металл тормен бекiту керек. Кiретiн есiк металдан жасалуы, екi құлпы болуы тиiс. Тура сол ойықта диаметрi 16 мм болат сымнан жасалған, ұяшығы 150x150 мм-ден аспайтын торлы металл есiк орнатылады;
      3) кешкi касса кассирiнiң кабинасы кешкi касса қоймасына тiкелей жақын жерде орналасуы және кем дегенде 9 шаршы м. алаңы болуы тиiс. Кабина операциялық кассаларға қойылатын талаптарға сәйкес жабдықталады.
      Ескерту. 29-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2009.07.24 N 65 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

       30. Санау кассасының үй-жайына қойылатын талаптар:


      1) санау кассалары екi бөлмеден:
      банкноталар санауға арналған;
      немесе монеталар санауға арналған бөлмеден тұруы тиiс;
      2) санау кассалары үй-жайларының көлемi қолма-қол ақшамен
операциялар ауқымының болашақта өсуiн ескере отырып жобалау
тапсырмасымен белгiленедi. Бiр қызметкерге арналған жұмыс алаңы кем
дегенде 4,5 шаршы м.;
      3) санау кассасы үй-жайларының қоймалардың алдыңғы бөлмелерiнен және операциялық кассалардан құндылықтар тиелген шағын арбалар жүретiн жолы аса қысқа және қолайлы болуы тиiс;
      4) санау кассаларының үй-жайларында табиғи жарық болуы тиiс, Жұмыс орындарындағы жарық кем дегенде 400 люкс болуы тиiс;
      5) монеталар санауға арналған санау кассалары үй-жайларының қабырғалары мен төбелерi дыбыс жұтатын материалмен қапталуы тиiс.

      31. Операциялық касса (кабина) - шығыс, кiрiс, кiрiс-шығыс, айырбастау кассасының үй-жайына қойылатын талаптар:


      1) операциялық кассалардың (кабиналардың) құндылықтар тиеген арбаларды жылжытуға арналған жолы аса қысқа және қолайлы болуы тиiс;
      2) операциялық кассалардың (кабиналардың) саны қолма-қол ақшаны беру және қабылдау жөнiндегi операцияларды жетiлдiру ескерiле отырып, жобалау тапсырмасымен айқындалады;
      3) операциялық кассаның (кабинаның) ауданы кем дегенде 4 шаршы м. болуы тиiс. Операциялық кассалардың (кабиналардың) алдыңғы жағы операциялық залға қарауы тиiс, клиенттерге қызмет көрсететiн операциялық кассалардың (кабиналардың) қолайлы орналасуын көздеу қажет;
      4) операциялық кассаның (кабинаның) кiретiн есiктерiнiң енi 900 мм болуы тиiс;
      5) операциялық кассалар (кабиналар) электр жабдығымен жабдықталады;
      6) операциялық кассалардың (кабиналардың) ұзына бойына еденнен 1000-1150 мм. биiктiкте құжаттар толтыруына арналған енi 300 - 500 мм. көлденең панель орнатылады;
      7) операциялық кассаның (кабинаның) алдыңғы бөлiгi оқ өтпейтiн материалдармен жабдықталуы тиiс, әйнектеу биiктiгi iшiне көлденең салынған панельден кем дегенде 1000 мм брондалған әйнектен орындалады. Қорғанышты әйнектегенде қорғаныш пленкамен нығайтылған әйнектердi пайдалануға болады.
      Операциялық кассаның (кабинаның) қоршау конструкцияларының, бiрнеше операциялық кассалардың (кабиналардың) сыртқы жиегiнiң, қорғаныш әйнектеудiң жалпы биiктiгi кем дегенде 2 000 мм болуы тиiс. Iрi қолма-қол ақша сомаларымен операциялар жүргiзiлетiн кассада төтенше жағдайларда жарақаттау құралдарын лақтыруға мүмкiндiк бермес үшiн қорғаныш мақсатында әйнектелген жерден жоғары төбеге дейiн бос кеңiстiк (саңылау) қалдырмаған жөн;
      8) операциялық кассаның (кабинаның) қорғаныш мақсатында әйнектелген жерi клиентке кассирдiң алынған (беретiн) ақшаларды санау кезiндегi қимылын қадағалау мүмкiндiгiн қамтамасыз етуi тиiс. Сонымен қатар, клиент немесе бөтен адамдар тарапынан операциялық кассаны көру аумағы перде, жалюзи құру, түсiн өзгерту, соққыға қарсы тұра алатын арнайы пленкалар пайдалану арқылы шектелуi тиiс;
      9) операциялық кассаларды (кабиналарды) бөлiп тұрған қоршау кассирдiң үстелiнен бастап кем дегенде 1000 мм. биiктiкте әйнектелген және анық көрiнетiн болуы тиiс;
      10) операциялық кассалар (кабиналар) ақшаны және құжаттарды беруге арналған тасымалдағыш арнайы құрылғылармен (бункерлермен) немесе науалармен жабдықталуы тиiс. Олардың конструкциялары сырттан оқ атқан жағдайда, оқты қорғалатын аймаққа өткiзбеуi тиiс. Құрылғыны қозғалысқа келтiру механизмi және оны тоқтату кассир жақтан жүргiзiлуi тиiс;
      Үлкен көлемдегi ақшаны беру үшiн операциялық кассаның (кабинаның) төменгi бөлiгiнде iш жағынан жабылатын және берiктiгi жағынан кабинаны қоршаған арнайы конструкцияларға сай келетiн ойық (шлюз) жасауға рұқсат етiледi;
      11) ақша беруге арналған тасымалдағыш құрылғыны немесе науаларды пайдаланған жағдайда, әрбiр операциялық кассада (кабинада) кассирдiң клиентпен сөйлесуiне арналған сөйлесетiн құрылғы көзделуi тиiс;
      12) қолма-қол ақшаның шағын сомаларымен, мысалы, коммуналдық төлемдер қабылдау бойынша операциялар жүргiзiлетiн операциялық кассаның (кабинаның) қорғаныш әйнектерiн, түсi өзгертiлген әйнектен орындауға болады, жеткiзiп беретiн құрылғы немесе лотоктың орнына қорғаныш қабыршағы бар әйнектелген қоршауда 250x100 мм. өлшемдегi терезенi немесе көлденең панельдегi енi 250 мм. биiктiгi көп дегенде 100 мм. металмен қапталған ойықты пайдалануға болады. Бұл ретте, кассада ашу уақыты сақталатын (темпокасса) сейфтер пайдаланған жөн;
      13) операциялық кассаның (кабинаның) қолданылатын қорғанышты әйнектелуi, қоршау материалдары мен оқтан қорғайтын конструкцияларының немесе модульдiк блоктарының Қазақстан Республикасының сәйкестiктi бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасында белгiленген тәртiппен сәйкестiктi растау бойынша жұмыстарды орындау үшiн аккредиттелген заңды тұлғаның сәйкестiк сертификаттары болуы тиiс;
      14) операциялық кассалар дабыл сигнализациясының кнопкаларымен жабдықталуы тиiс.
      Ескерту. 31-тармаққа өзгерту енгiзiлдi - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2009.07.24 N 65 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      32. Клиенттердiң ақша санауына арналған бөлмелерге қойылатын талаптар:


      1) клиенттердiң ақша санауына арналған бөлменi бүйiр жақта клиенттерге қолма-қол ақшаның iрi сомаларын беруге арналған терезесi бар операциялық кассалардың (кабиналардың) бiрiнiң жанында орналастыру керек;
      2) клиенттердiң ақша санауына арналған бөлменiң жарығы жақсы  және бөтен адамдардың клиенттiң қимылдарын қадағалауға мүмкiндiк бермеуi тиiс.

      33. Касса торабының басқа да үй-жайлары:


      1) касса торабында, бiрақ касса үй-жайларынан тыс, кассирдiң жеке басының заттары мен киiм-кешегiн сақтауға арналған жеке шкафтармен жабдықталған үй-жай көзделген дұрыс;
      2) касса торабында санитарлық тораптар көзделуi тиiс;
      3) касса торабының кiретiн жерi екеу болуы тиiс; бiреуi - банктiң қызметтiк үй-жайларынан шығып кiретiн, екiншiсi -  инкассаторлық машиналарды түсiруге және тиеуге арналған бокс үй-жайына ауланың iшкi жағынан кiретiн есiк;
      4) бокстың сыртқы өлшемi: ұзындығы - 7 500 мм, енi - 5 600 мм, биiктiгi - 3 500 мм кем емес. Бокстың есiгi құлыппен жабылуға тиiс.
      33-1. Осы Талаптардың 26 - 30, 32, 33-тармақтарында белгiленген талаптар осы Талаптар қолданысқа енгiзiлгенге дейiн жобаланған, салынған және осы Талаптар қолданысқа енгiзiлгеннен кейiн қайта құрылмаған, қайта жайғастырылмаған үй-жайларға да қолданылады.
      Ескерту. 33-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2009.07.24 N 65 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.
      33-2. Осы Талаптар қолданысқа енгiзiлгенге дейiн жобаланған, салынған және осы Талаптар қолданысқа енгiзiлгеннен кейiн қайта құрылмаған, қайта жайғастырылмаған операциялық кассалардың (кабиналардың) үй-жайлары мынадай талаптарға сәйкес келуi тиiс:
      1) операциялық кассалар (кабиналар) қайта санау кассаларына тiкелей жақын орналастырылады және құндылықтар салынған арбамен қауiпсiз тасымалдауға арналған жолдар болуы тиiс;
      2) операциялық кассалардың (кабиналардың) саны объектiнi жобалауға арналған тапсырмамен анықталады;
      3) операциялық кассалардың (кабиналардың) алаңы 6 шаршы метрден кем болмауы тиiс;
      4) операциялық кассалардың (кабиналардың) шетi касса торабына шығып тұруы және клиенттердiң кассаларға келуi үшiн ыңғайлылығы қамтамасыз етiлетiндей болып орналастырылуы тиiс;
      5) операциялық кассаларға (кабиналарға) кiретiн есiктердiң енi 900 мм болып, бекiтiлетiн есiкпен дербес дәлiзге шығуы тиiс;
      6) әрбiр операциялық касса (кабина) екi электр розеткасымен жабдықталады: бiреуi үй-жайды жерге қосудың жалпы контурымен бiрiктiрiлген, жерге қосумен байланыстырылған, екiншiсi - әдеттегiдей;
      7) операциялық кассаларды (кабиналарды) жағалай бөгеулер орнатылады, еденнен 1000 мм биiктiкте клиенттердiң құжаттар толтыруы үшiн енi 450 мм көлденең ағаш панель орнатылады;
      8) операциялық кассалар (кабиналар) биiктiгi көлденең тұрғызылған панельден 1000 мм кем емес күңгiрт шынымен әйнектелуi тиiс;
      9) әйнектелген қоршаудағы терезе клиентке ақша қабылдауды бақылау мүмкiндiгiн қамтамасыз етуi тиiс;
      10) операциялық кассалар (кабиналар) арасындағы қалқалар кассир үстелiнiң үстiнен әйнектелуi және жақсы көрiнетiн болуы тиiс;
      11) құжаттарды және берiлген сомаларды санау үшiн бөгеу арнайы тасымалдағыш құрылғымен (бастапқы жағдайда кассир жақтан қол жеткiзуге, клиенттер жақтан құжаттар мен ақша берген кезде ашық болатын механикалық қабылдағыш бункер) немесе iшкi жағынан жабылатын әйнектелген қоршаудағы тереземен жабдықталады.
      Ескерту. 33-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2009.07.24 N 65 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.

      34. Банктердiң банкоматтары орналасқан үй:


      1) банкомат банктiң үй-жайында немесе банктен тыс орналасқан үй-жайда орнатылуы мүмкiн, сыртқы және iшкi қабырғаларға (тас, кiрпiш, блок, бетон және қалыңдығы 500 мм. артық кеуектi темiрбетон конструкцияларға немесе төзiмдiлiгi жоғарыда аталғандарға бара-бар материалдардан жасалған), оның iшiнде қоршауларға немесе ол орналасқан жерге бiрге орнатылуы (ойып орнатылуы) мүмкiн;
      2) банкомат орналасқан оқшауланған үй-жайдың сыртқы есiгi өте мықты, әрi құлыппен және есiктi өзi жабатын құрылғымен (нығыздап жабу құрылғысымен) жарақтандырылуы тиiс;
      3) банкомат орналасқан үй-жайдың iшкi есiгi өте мықты болуға тиiс (металл есiк болғаны жөн), ойып орнатылған екi құлыппен, металл ысырмамен (iшiнен салынған), көру терезесi немесе көзшемен жабдықталуы тиiс;
      4) банкомат орналасқан үй-жайдың әйнектелген ойындылары диаметрi 16 мм. және 150 х 150 мм. ұяшықтар жасай отырып, болат шыбықтардан жасалған металл торшалармен қорғалады. Төзiмдiлiгi жағынан жоғарыда аталғаннан кем болмайтын декоративтi торларды орнатуға жол берiледi. Бронирленген әйнектердi, қорғаныш пленкаларды қолдануға да рұқсат етiледi. Бұл ретте рамалардың конструкциясы және оны ойындыға орнату тәсiлi пайдаланылатын әйнектiң берiктiгiне тең немесе одан жоғары соққыға төзiмдiлiктi қамтамасыз етуге тиiс;
      5) банкоматты банктiң iшiнде орнату кезiнде мынадай нұсқалар болуы мүмкiн:
      банкомат операциялық залдың оқшауланған қоршауына ойып орнатылады. Бұл ретте банкоматты артқы жағынан толтырылатын етiп орнатқан жөн;
      банкомат операциялық залда банкоматты шолуға және бақылауға қолайлы жерде орналастырылады. Бұл жағдайда банкомат алдыңғы жағынан салынатын етiп орналастырылады.

      35. <*>


      Ескерту. 35-тармақ алынып тасталды - ҚР Ұлттық Банкi Басқармасының 2009.07.24 N 65 (қолданысқа енгiзiлу тәртiбiн 2-т. қараңыз) Қаулысымен.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет