Екінші деңгейлі банктердің Қазақстанның нарықтық экономикасындағы ролі Жахметова Айнура Каиржановна



Дата05.07.2016
өлшемі82.45 Kb.
#180709
УДК 336.71 (574)
Екінші деңгейлі банктердің Қазақстанның нарықтық экономикасындағы ролі
Жахметова Айнура Каиржановна

Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті

Қарағанды қ., Қазақстан
Қазіргі банк жүйесі – бұл кез келген дамыған мемлекеттің ұлттық шаруашылығының аса маңызды саласы. Оның тәжірибелік рөлі, оның мемлекеттегі төлемдер мен есептерді басқаруымен, өзінің коммерциялық келісімдерінің көп бөлігін салымдар, инвестициялар және несиелік операциялар арқылы жүзеге асырумен, басқа да қаржылық делдалдармен қатар, банктер халықтың сақталымдарын фирмалар мен өндірістік құрылымдарға бағытталуымен анықталады.

Екінші деңгейлі банктер – кәсiпорындар мен мекемелерге, халыққа әр түрлi банктiк қызмет көрсететiн мемлекеттiк емес iрi несие беру мекемесi. Олар үкiметтiң, iскерлер мен миллиондаған жеке тұлғалардың салымдарын шоғырландыра отырып, қаржы жүйесiнiң орталығы болып қала бередi. Коммерциялық банктер қарыздық және инвестициялық операциялар арқылы өздерiнiң әр түрлi қорларына қарыз алушылардың қол жеткiзуге мүмкiндiк бередi.

Екінші деңгейлі банктер мемлекеттің қаржылық-несиелік саясаты бойынша әрекет ете отырып, айналымдағы эмиссияның, қолдағы бар ақша көлемін қосып жалпы массаның айналым жылдамдығына әсер етіп, ақша ағынының қозғалысын реттейді. Ақша массасы өсуінің тұрақтануы – бұл инфляция қарқынының төмендеуінің кепілі, баға деңгейі тұрақтылығының қамтамасыз етілуі және оған қол жеткізілген жағдайда нарықтық қатынастар халық шаруашылығының экономикасына ең тиімді түрде әсер етеді.

Отандық банктерге қолдау жасай отырып, мемлекет олардың ішкі экономика мен нақты секторды кредиттеу көлемін сақтайтындықтарына, атап айтқанда, шағын және орта бизнес субъектілерін қаржыландыруларына және ипотекалық несиелеу бойынша қолайлы жағдайды белгілейтіндіктеріне сенім артуда.

Мемлекеттің мақсаты - жалпы жүйе тұрақтылығын қолдау және сақтау. Бұл мақсаттар үшін Қазақстанда тиісті реттеу мен қадағалау, сондай-ақ депозиттерге кепілдік беру жүйесі бар. Жүйе тұрақтылығына қауіп төнген жағдайларда мемлекет банк секторына жағдайды тұрақтандыруға қажетті тәртіпте және көлемде қаржылық қолдау көрсетеді.

Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ осы екі қызмет төңірегінде банктік өнімдердің көптеген нысандары жасалынып шығуы мүмкін.

Қазіргі кезде әмбебап банктер банк қызметтерінің және қаржылық қызметтердің барлық аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің кең қатарын ұсынады. Осы кезде басқа банктер бәсекелестік артықшылықты жаулап алу және оны мықты түрде сақтандырып қалу мақсатымен қатаң түрде белгілі бір қызметтер түрлерін көрсетуге мамандануға тырысады.

Қазақстанның алдыңғы қатарлы екінші деңгейлі банктері өзінің табыс базасын кеңейту үшін, табыстылықты және бәсекелік қабілеттілігін жоғарлату үшін өзінің клиенттеріне кең ауқымды операциялар мен қызметтер көрсетуге ұмтылатыны белгілі. Бұл жерде есте ұстайтын жағдай, банк қызметінің дамуы клиенттер және банктің өзі үшін минималды шығындармен банк қызметтерін көрсетуді, клиенттерге қажетті қызметтерге қолайлы бағаларды пайдалануды білдіреді.

Қазақстандық екінші деңгейлі банктер меншікті операцияларының негізінде жеткілікті тәжірибе жинақтап, оның ішінде клиенттеді несиелей отырып, экономиканың нақты қажеттеліктерін қанағатандырушылар болып отыр. Және де жоғары өтімділікті сақтай отырып, экономикалық өсуге септігін тигізуде.

Қазіргі дамып жатқан ақпараттық технологиялар заманында өз шаруашылығын жалғастыру үшін, қызмет ауқымын кеңейтіп, жоғары пайдаға қол жеткізу үшін көптеген кәсіпорындар тауардың жаңа түрін шығаруға, жаңа қызметтерді ұсынуға ұмтылуда. Осыған орай банктер де жаңа қызметтерді ендіруге және бұрынғы қызметтерді жетілдіруге үлкен назарын аударып отыр. Жаңа қызметтерге пластикалық карточкалар, банкаралық электрондық есеп-айырысулар, әлемдік Интернет байланыс жүйесіндегі қаржы нарығының құрылуы жатады.

Біздің еліміздегі қазіргі банктік институттар аталған жаңа қызметтерді атқара бастады. Клиенттің заказы бойынша маркеингтік зерттеуді, валюталық операцияларды, басқа да қызметтерді, соның ішінде, трасталық, ақпараттық-анықтамалық консультациялық, қор және т.б. жүргізеді.

Екінші деңгейлі банктер өз клиенттерінің ақшаларын сақтауға қолайлы әртүрлі депозиттерді ұсынады, бұл бір жағынан өтімділікке деген клиенттерінің қажеттілігін қанағаттандырады. Көптеген клиенттер үшін облигациялар немесе акциялар жұмсағанға қарағанда, мұндай ақшаны сақтау формасы тиімді болып табылады.

Банк операцияларының тиімді, икемді жүйесі кең ауқымды клиенттерімен ішкі жинақтарды шоғырландыруға жағдай жасау керек. Осыған байланысты өзгермелі экономиканың қалыптасып келе жатқан қажеттілігіне жауап бере алатын икемді банктік қызмет көрсету мәселесі ерекше мәнге ие болып отыр.

Қаржы жүйесінің тұрақтылығын сақтау үшін банктерге қосымша өтімділік берілді. Бұл шағын және орта бизнестің, ірі кәсіпорындардың экономикалық белсенділігін қамтамасыз ету үшін жасалды. Жеке тұлғалардың салымдары бойынша кепілді өтеудің сомасы ұлғайтылды.

Қазіргі банктік жүйе – бұл өз клиенттеріне ұсынылатын банк ісінің негізін анықтайтын дәстүрлі депозиттік-қарыздық және есептік-кассалық операциялардан бастап, банктік құрылымдармен (лизинг, факторинг, траст және т.б) қолданылатын ақша-несие және қаржылық құралдардың жаңа түрлеріне дейінгі әртүрлі қызметтер саласы болып табылады.

Банктер қызметінің мәні оларды басқа органдардан ажырататын функцияларды орындаудан көрініс табады.

Банк қызметін – банктің клиент мүддесі үшін белгілі бір іс-әрекеттерді орындауын сипаттауға болады. Кез-келген банк өнімінің негізінде қандай да бір қажеттіліктерді қанағаттандыру қажеттілігі жатады.

Қазіргі кезде негізгі дәстүрлі қызметтерге бұрынғыша салымдар тарту мен қарыздар беру жатады. Банктер өз пайдаларының көп бөлігін осы операциялар бойынша пайыздық айырмадан алады. Бірақ, осы екі қызмет төңірегінде банктік өнімдердің көптеген нысандары жасалынып шығуы мүмкін.

Қазіргі кезде әмбебап банктер банк қызметтерінің және қаржылық қызметтердің барлық аспектілерін түгелдей қамтитын өнімдердің кең қатарын ұсынады. Осы кезде басқа банктер бәсекелестік артықшылықты жаулап алу және оны мықты түрде сақтандырып алу мақсатымен қатаң түрде белгілі бір қызметтер түрлерін көрсетуге мамандануға тырысады.

Коммерциялық банктердің желісі ақша нарығының қалыптасуына ықпал етеді, ал заңды және жеке тұлғалардың мемлекетте уақытша бос ақша қаражаттарының болуы және оны экономика мен халықтың қысқа мерзімдік қажеттіліктерін қанағаттандыруға пайдалану ақша нарығының негізі болып табылады.

Коммерциялық банктер негізінен өз клиенттерінің шаруашылық қызметтеріне қызмет көрсетумен байланысты несиелік есеп айырысу және қаржылық операциялардың барлық түрлерімен айналысады.

Банктердің Қазақстанның нарықтық экономикасындағы ролі қаржылық нарықтың белсенді сегменті ретінде ең бірініші несие сөзімен байланыстырған дұрыс болады. Нарықтық қатынастардың қалыптасуында және дамуында екінші деңгейлі банктер маңызды роль атқарады. Банктер қазіргі экономиканың орталық буыны болып табылады. Олардың қызметінің дамуы – нарықтық механизмдерді құрудың қажетті шарты. Банк қызметі жан-жақты. Қазіргі қоғамда олар әртүрлі операцияларды орындайды. Өз қызметтерін орындай отырып, банк ақша қаражаттарын тартумен байланысты әртүрлі операцияларды орындайды, кәсіпорындар арасындағы төлемдерді жүргізеді, құнды қағаздарды сақтайды.

Қазақстанның банктік жүйесіндегі екінші деңгейлі банктер тәуелсіз нарықтың ұйымдастырылған құрылымы болып табылады және экономикалық даралықтың жоғарғы деңгейімен ерекшеленеді. Банктер өздерінің қызметтерінің нәтижелері үшін толық экономикалық жауаптылық артады. Қазіргі екінші деңгейлі банктер туралы сөз қозғағанда, несиелік жүйенің басқа да буындары сияқты олардың үнемі дамып отырғандығын айта кету керек. Яғни, операциялар формасы, бәсеке әдістері, бақылау және басқару жүйелері өзгеруде.

Нарықты және нарықтық инфрақұрылымдарды, шаруашылық байланыстарын орнықтырудың жаңа тетіктерін қалыптастыру және кәсіпкерлік пен бәсекелестікті дамыту, шаруашылық жүргізудің: бүкіл еларалық, республикалық, аймақтық, жергілікті сатыларында, сондай-ақ меншік түрлеріне қарамастан әрбір шаруашылық бірлігі деңгейінде экономикалық тәуекелдер теориясын, оларды бағалау мен реттеудің әдістерін әзірлеп жасауды талап етеді.

Аталмыш проблемаларды шешуде банк жүйелері басты рөл атқарады. Бұл – ел экономикасының тұрақсыздығы жағдайындағы банктер мен несие қатынастары рөлінің өсе түсуімен және нарықтық қатынастардың дамуымен айқындалады. Банктер ссудалық капитал, бағалы қағаздар нарығын, валюта нарығын ғана қалыптастырмайды, сонымен бірге тауар биржаларын және жаңа шаруашылық құрылымдарын құру мен олардың қызметін жүргізуге де қатысады, негізі бойынша ұйымдар мен кәсіпорындардың қаржылық жағдайы, тауар, сауда және валюта нарықтарының конъюнктурасы, аймақтың экономикалық хал–ахуалы туралы қажетті ақпараттардың бірден-бір иеленушісі болып саналады. Соңғы айтылғандар банктердің өз клиенттерінің сыртқы және ішкі коммерциялық және саяси тәуекелдерін зерттеудің маңыздылығын растайды.

Қазақстандық коммерциялық банктер меншікті операцияларының негізінде жеткілікті тәжірибе жинақтап, оның ішінде клиенттеді несиелей отырып, экономиканың нақты қажеттеліктерін қанағатандырушылар болып отыр. Және де жоғары өтімділікті сақтай отырып, экономикалық өсуге септігін тигізуде.

Өзінің ерекшелігіне қарай банктік несие – несиелік қатынастар жүйесіндегі елдің қаржылық ресурстарға қажеттілігін қанағатандыратын және ең көп тараған көзі болып табылады. Банктік несие – бұл банктердің, арнайы несие-қаржылық мекемелерінің қарыз алушыларға ақшалай қарыз түрінде беретін несиесі. Банктік несие коммерциялық несиенің шектеулерін жояды. Бос ақшалай капиталдар кез келген өндіріс саласына беріледі және банктік несие арқылы кез келген бағытта қозғала алады.

Банктік несиені қайтымды инвестициялау негізінде қарастыруға болады. Ол Қазақстандағы капиталдың құрылуына әсерін тигізіп, экономикалық өсімнің факторы ретінде саналады. Сонымен қатар, құралдарды тартудың балама көздерінің дамымағандығынан Қазақстанның коммерциялық банктерінің несиелік операциялары жалпылай алғанда экономиканы ішкі ақшалық ресурстармен қамтамасыз ететін көзді құрайды. Сондықтан да, отандық банктердің өзінің негізгі қыметі – экономиканы несиелендірудің сапалы нәтижесінен нақты экономика салысының қаржылық қамтамасыз етілуі мен оның құрылымдық даумы тәуелді болады.

Қазақстанның коммерциялық банктері несиелік қызметтердің барысында несиелік ресурстардың қайтпауы мәслесімен жиі соқтығысады және осыдан қорғана отырып, олар көптеген клиенттерге қатысты консервативті саясат жүргізеді. Коммерциялық банктердегі активті операцияларының ішіндегі ең тәуекелді бабы болса да, қазіргі қоғамда банктік жүйе елдің өндірістік саласымен тығыз байланысты екені дәлелденген. Кәсіпорындар банктік саланың көмегінсіз өз өнімінің бәсекеқабілаттілігін арттыра алмайды және де қазіргі банктермен меңгерілген несиелік үрдістер мен ақша ресурстарын қолданбай олар қайта құрылым жасай алмайды.

Мемлекет банктің борыштары бойынша ешқандай міндеттемелер алмайтыны сияқты банктердің операциялық қызметіне араласпайды. Ағымды жағдайда банктер банк депозиторларының мүдделерін барынша қорғалатындай етіп активтер мен пассивтерді тиімді басқаруды қамтамасыз етулері тиіс. Бұған қарамастан мемлекет қызметі ел экономикасының одан әрі дамуына ықпал ететін жүйе құраушы банктерге қатысты тұрақтандырушылық бастамаларымен шығады.



Сондықтан қазіргі таңда еліміздің банк саласында мемлекеттік қадағалаудың болғаны абзал, сонымен қатар қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудің бір ерекшелігі – мемлекеттік әсер ету тетігінің өз деңгейінде болуы. Мұндай жағдайда мемлекет қаншалықты билікті қажет етсе, соншалықты билікті өз қолына алуы керек. Мемлекет тиесілі заңнамалық актілерді қабылдау арқылы ғана банктерге белгілі бір деңгейде әсер ете алады. Сондықтан мемлекет бұл саладағы барлық мәселелерді қамтитын Қаржы кодексін қабылдаса жөн болар еді. Бұдан басқа мемлекеттің ықпал ету тетігі жоқ, өйткені мемлекеттегі екінші деңгейдегі банктердің барлығы дерлік жеке меншік негізде қызмет етіп келеді.
Әдебиеттер


  1. Көшенова Б. А: «Ақша, несие, банктер. Валюта қатынастар» Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2000

  2. Сатыбалдин Б., Өмірбаева О. «Ақша, несие ,банктер» Алматы 1997 жыл

  3. Сейтқасымов Ғ. С. «Ақша, несие, банктер» Оқу құралы.- Алматы: «Экономика», 2005 жыл

  4. Мақыш С. Б «Коммерциялық банктердің операциялары» :Оқу құралы Алматы: Издатмаркет.2004

  5. Искакова З.Д. Банк ісі. Оқу құралы. Қарағанды, 2003. - 255 б.


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет