Қолдану ережесі:
- бояуды жайпақ табаққа, суды кішкентай құмыраларға құю, ал алақанмен сурет салғанда бояуды табаққа құйған жөн;
- әр саусақты бір түсті бояуға батыру,қағазға түсіріп болған соң құмырадағы суға жуып, қағаз сүлгімен немесе ылғал шүберекпен сүрту керек.
Ағаштың суретін салғанда саусақпен діңі мен бұтақтарын бейнелейді, содан кейін алақанға сары, жасыл және қызыл сары бояуды жағып, жапырақтардың суретін салады. Үлкен ақ қағазда (ұжымдық жұмысқа ыңғайлы) күннің суретін үлкен етіп салып, ал шуақтарды шеңбер бойымен балалар өз алақандарын бастыру арқылы түсірсе өте әдемі сурет шығады.
«Далаппен сурет салу»: Дәстүрден тыс әдістер жинағына ескі далаппен, лакпен, көз бояйтын теньмен сурет салуды жатқызуға болады.Бірақ педагог өте мұқият, сақ болып, бұл заттарды бала қолы жетпейтін орынға қою керек. Бала анасының косметика қолданғанын бақылағанды ұнатады. Әдетте косметика қолдануға тыйым салынатындқтан, баланың өз анасының далабымен ойнауға деген құмары арта түседі. Сондықтан косметикалық құралдармен сурет салуды ұйымдастыру бала тілегінің орындалуына мүмкіндік тудырады және ол пайдалы іс болып саналады.
«Нүктелер арқылы сурет салу»: Нүктелер арқылы сурет салу (нүктелі сурет) дәстүрден тыс әдіске жатады. Сурет көптеген жекеленген нүктелер арқылы бейнеленсе, онда бұл сурет салу техникасы пуантилизм деп аталады. Нүктелер саусақ немесе қылқалам ұшымен тықылдату әдісі арқылы түсіріледі, нүктелердің көлемдері ір түрлі болуы мүмкін. Нүктелер арқылы салынған сурет мозаика сияқты болады. Педагог контур нүктелерді қойып суреттің сызбасын даярлайды. Балаға нүктелерді сызықтармен қосу ұсынылады. Пайда болған бейнені аяқтауға, бояуға, сюжет ойластыруға және ат қоюға болады. Жұмысты аяқтаған соң балалар ашық түстерді немесе суық және жылы түстерді көп қолданған суреттерді топтастырады.
«Құммен сурет салу әдісі»: Балаларға құммен сурет салу өте қызықты болмақ, өйткені олар құммен ойнағанды қатты ұнататыны сөзсіз.
Қолдану ережесі: - ақ қағаз бетіне суреттің пішіні сызылып алынады;
- Пва желімін сызылған сызық бойымен қылқаламмен жағып шығамыз;
- Жағылған желімнің үстіне ыдыстағы құмды себелеп шығамыз.
Тәрбиешілерге бейнелеу сабақтарын ұйымдастыруға қойылатын талаптар:
-балаларға айнала қоршаған ортадан алған әсерлерін, қабылдағандарын бейнелеу іс-әрекетінде бере білу дағдыларын меңгерту;
- бейнелеу өнері түрлері жайында жалпы түсініктері мен көркем өнер туындыларын ажырата білу;
- өнер туындыларынан әсер алу, сипаттап әңгімелей білу дағдысын меңгерту;
- бейнелеу өнерінің мәнерлеу құралдары жайында (түс, сызықтар, көлем, кеңістік, композиция) қарапайым түсініктерді меңгерту;
-сурет салуға қажетті құрал-жабдықтармен жұмыс істеудің іскерліктерін игерту; - ұлттық нақыштағы бейнелеу өнері түрлерін басқа халықтар өнерімен салыстыра, ажырата білу;
- көркем өнер туындылары арқылы көркемдік талғамын, өнердің бұл түріне деген қызығушылығын арттыру;
Балабақшада тұрақты түрде диагностикалық зерттеу жүргізу балалардың жеке ерекшеліктерінің бар екенін көрсетеді. Балалардың сабақ барысында тақырыпты қабылдау оны жүзеге асыра білу қабілеті әртүрлі болып келеді. көбінесе үлгерімі жақсы балалар тақырыпты түсініп, іс жүзінде қолданса, кейбір балалар тәрбиеші көмегін аса қажет етеді. Міне осындай деңгейді анықтау үшін әр топта балалар білімін зерттеу үшін бірінші жарты жылдықта және жылдық қорытынды бойынша мониторинг жүргізіледі. Осыған байланысты мынандай қорытындыға келдік:
Оқу жылының жыл басында жүргізілген бақылау кесіндісіндегі балалар көрсеткіштері:
Жоғары- 40 %; Жақсы- 28 %; Орташа-12 %.
Оқу жылының 1-ші жарты жылдығында жүргізілген бақылау кесіндісіндегі балалар көрсеткіштері:
Жоғары- 55 %; Жақсы- 36 %; Орташа - 24 %
Қорытынды: Мектепке дейінгі түрлі жастағы топтарда бейнелеу өнерінің өткізілуі сабақтарда балалар шығармашылығын дамыту үшін оқып үйретудің сан- алуан әдістері және ең алдымен балалар дербестігін, белсенділігін, өмір құбылысын көркемдік тұрғысынан қабылдау әрқашанда дара, әрі таңдамалы. Оның негізіне әсемдікке эмоция білдіружатады. Бала әрқашанда табиғаттағы, заттық дүниедегі,өнердегі әсемдікке,адамдардың мейірбан сезіміне үн қосады. Мұның өзіне сәбидің басынан кешкен қуанышының, талпынысының, толғанысының маңызы зор деп білеміз.
Нәтижесінде:
Балада көркем өнер туралы білім қалыптасады.
Шығармашылығы дамиды.
Авторлық бағытта бейнелей біледі.
Отбасы және балабақша ынтымақтастығы орнайды.
Балалардың іскерлік қабілеті дамып, эстетикалық талғамы артады. Сурет іс-әрекеттері арқылы бейнелеу өнеріне деген сүйіспеншілік оянады.
Достарыңызбен бөлісу: |