1995 жылдан бастап мемлекеттік меншіктік объектісі:
республиканың жер коры болып табылады, жеке (бөлек немесе ортақ) меншіктегі жер учаскелерін қоспатанда.
Қазақстан Республикасы азаматтары мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың жеке меншік объектісі болып саяжай батбандығы үшін шаруашылык үй салу үшін, тұрғын үй салу үшін берілген жер учаскелері табылады.
Қазіргі кезде тұрақты жер пайдалану субъектісі болып тек кана мемлекеттік заңды тұлғалар болып табылады.
2001 жылға дейін тұрақты жер пайдалануға жер учаскелерін Қазақстан Республикасы азаматтарына және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға орман және ауыл шаруашылығы үшін ғана беретін.
2001 жылғы заң бойынша жер пайдалану субъектісі мен объектісі аясы кеңейе түседі.
Барлық заңды тұлғалар мен Қазақстан Республикасының азаматтары және жер құқықтық катыныстарының шетел субъектілері уақытша жер пайдалану субъектілері болды.
Жер иелену - жер учаскесіне немесе Қазақстан жер қорыньң белгілі бір бөлігіне заңды түрде билік ету мүмкіндігі.
Басқа тұлға заңға сүйене отырып ғана сол жерге иелік ете алады. Олай болмаған жағдайда жерге иелік өз бетінше жер беру немесе сол жерді өз бетінше жаулап алған болып саналады және ол заң бұзушылык деп есептелінеді.