Екіншіден, жер табиғаттың өнімі, өзге өндіріс құралдары сияқты адам қолымен жасалмаған


Жерді нысаналы пайдалану қағидасы



бет59/94
Дата02.01.2022
өлшемі147.21 Kb.
#454359
түріКодекс
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   94
узр все

Жерді нысаналы пайдалану қағидасы

Бұл қағида жер құқығының барлық институттарының мазмұнын қамтиды. Егер мүлік (үйлер, ғимараттар, көлшік құралдарын және т.б.) өз мақсатында емес басқа мақсатта қолдануға мүмкін болса, жерді оның пайдалану режимін куәландыратын құжатта көрсетілмеген пайдалануға болмайды. Мәселен осы мақсат көрсетілмесе егістікке бөлінген жерге орман ағаштарын отырғызуға болмайды немесе керісінше орман ағаштарын отырғызуға арналған жерді егістікке пайдалануға болмайды.

Жердің нысаналы мақсаты бұл жердің категориясына сәйкес заңмен белгіленген тәртіп пен жағдайды нақты мақсатта пайдалану шегі.

Сонымен бірге, жердің құқықтық режимі оларды пайдаланудың ережелерімен және жер, орман, су, қоршаған ортаны қорғау заңдарымен және жер қойнауын қорғау заңдарына сәйкес азаматтық айналымға енгізу, қорғау, мониторинг және есептеу арқылы жердің анықталған категориясын қамтуы негізінде анықталады.

Жердің негізгі санаттарының құқықтық режимі және нысаналы мақсаты – Қазақстан Республикасының жер заңдарымен және жер орналастыру құжаттарымен анықталады.

Жер кодексінің 65-бабы 1-тармағы 1-тармақшасына сәйкес, жер учаскелерінің меншік иесі жерді оның нысаналы мақсатына сәйкес, ал уақытша жер пайдалану негізінде – жер учаскесін беру актісіне немесе жалдау шартына (өтеусіз уақытша жер пайдалану шартына) сәйкес пайдалануға міндетті.

Жер учаскесінің нысаналы мақсатын анықтамай меншік құқығы немесе жер пайдалану құқығы пайда болуы мүмкін емес. Жердің нысаналы мақсатын өздігінше өзгерту құқық бұзушылық болып табылады және меншік құқығының немесе жер пайдалану құқығының тоқтатылуына негіз болуы мүмкін. Жерді нысаналы пайдалану барлық жер заңдарының спецификасын көрсететін қағида болып табылады. Жерді нысаналы пайдалану жерді санаттар мен алқаптарға бөлу негізін құрайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   94




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет