Экожүйе табиғи және климаттық


қалада Ахмет Йасауи кесенесінің тұрғызылуы



бет7/74
Дата18.01.2024
өлшемі349.64 Kb.
#489349
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   74
11-CЫНЫП 1-50 тақырып

қалада Ахмет Йасауи кесенесінің тұрғызылуы


  1. Қазақ хандарының саяси астанасы болған қала: Түркістан

  2. «Түркістан Орта Азия мен Қытай аралығында атақты сауда бекетіне айналған» - деп дерек берген ортағасырлық тарихшы: Рузбехан

  3. «Йасы қаласына тауарлар мен қымбат бағалы заттар жеткізіледі де, сол жерде сату басталады. Қала көпестердің теңделген жүктерін шешіп, саяхатшылар тобын әр елге аттандыратын орын есептелінді» - деп жазған: Рузбехан

  4. Түркістаннан солтүстік-шығысқа қарай орналасқан ортағасырлық ірі сауда қалаларының бірі: Сауран

  5. Сауран қаласы туралы алғашқы мәліметтер берілетін уақыт: Х ғ.

  6. «Сауран – бірінен кейін бірі жеті қабырғамен қоршалған үлкен қала, оның рабады бар, үлкен мешіт ішкі қалада орналасқан» - деп сипаттаған: әл- Макдиси

  7. «Бұл қала керемет көркем, ауасы өте таза, адам жанын көркейтіп, сергітеді. Маңайы құлпырған бау-бақшалар мен әртүрлі ағаштарға толы, қаланы айналдыра биік дуалдар қоршап тұр, ал оның етегіне терең ор қазылғандықтан жау ала алмайды» - деп 16 ғасырда Сауран туралы жазған: Рузбехан

  8. Ұлы Жібек жолы бойындағы керуендерге қауіп төндірді: қарақшылар

  9. Ежелгі және орта ғасырлардағы аса ауыр қылмыстың бірі: керуен тонау

  10. Оғыздарға жатжерліктердің келу тәртібі туралы «Оның достарының ішінен белгілі бір адамды сенімді серік етіп тағайындамайынша, ол елді аралап шыға алмайды. Оған қажетті киім-кешек, ал әйеліне көрпе, бұрыш, тары, мейіз, жаңғақ т.б. азық- түлік әкеліп береді. Сенімді серігі қонағы үшін арнайы киіз үй тігеді және оған қажетінше мал жеткізіп береді» - деп жазған араб тарихшысы: ибн Фадлан

  11. Мәдениет пен өнердің дамуына септігін тигізді: Жібек жолының Қазақстан қалалары арқылы өтуі

  12. Жібек жолы арқылы дипломатиялық байланыстар орнатқан елдер: Қытай, Алдыңғы Азия, Еділ Бұлғариясы

  13. Жібек жолы бойында табылған сақтардың бұйымдарындары жасалған стиль: аңдық

  14. 1987 жылы Ұлы Жібек жолын қайта жаңғырту жобасын қабылдау қандай ұйым шешімі арқылы жүзеге асты: ЮНЕСКО

  15. 1996 жылы Ташкентте түркі мемлекеттері президенттерінің бірлескен декларациясында басты нысан болды: Ұлы Жібек жолы

  16. 1996 жылы түркі мемлекеттері президенттерінің кездесуі өткен қала: Ташкент

  17. 1997 жылы «Қазақстан Республикасында Ұлы Жібек жолы бойында туризм инфрақұрылымын дамыту туралы түркі тілдес мемлекеттер басшыларының Ташкент декларациясын, ЮНЕСКО мен ДСҰ жобасын іске асыру» туралы Жарлыққа қол қойды: Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Н.Ә. Назарбаев

  18. 1998 жылы Жібек Жолына байланысты бекітілген мемлекеттік бағдарлама: «Жібек жолы тарихи орталықтарын қайта өркендету, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұрасын сақтау және дамыту, туризм инфрақұрылымын жасау»

  19. Қазіргі таңда Қытай мен Орталық Азия елдері бойынша жүргізіліп жатқан стратегиялық бағдарлама: «Бір белдеу, бір жол»

  20. Қазіргі таңда Қытай мен Орталық Азия елдері бойынша жүзеге асырылып жатқан бастама: «Жібек жолының экономикалық белдеуі»

  21. Қазақстаннан өтетін автокөлік дәлізі: «Батыс Еуропа Батыс Қытай»

  22. Қазақстан транзит болу арқылы мол қаржы түсіретін жоба: «Батыс Еуропа Батыс Қытай»





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   74




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет