67
аралық шараларды да қолдануды талап етіп отыр. 1992 жылы маусымда Рио-де-
Жанейро қаласында өткен қоршаған орта және оны дамыту жөніндегі БҰҰ-ның
конференциясында осы мәселе бойынша Декларация қабылданды. Аталған
декларацияға біздің елімізде қосылды.
Қазіріг кезде халықтың 20 пайызы аллергия ауруына шалдығуда, күн
сайын Жер шарында 25 мың адам лас суды пайдалану нәтижесінде қайта
болуда, өндірістік қалалардағы халықтың 35-ы қоршаған ортаның ластану
нәтижесінде жүйелі түрде әр түрлі аурулармен ауырады. Күн сайын адамның
тиімсіз жұмысының салдарынан 45 гектар жер шөлге айналады, күн
сайын
жануарлар мен өсімдіктердің бір түрі жойылып отырады; күн сайын 44мыңнан
астам бала аштықтан өлуде .Оттек қоры 10 млрд.т азайған, 200 млн гектарға
жуық суармалы жер пайдаға аспай қалды. Пайдалы қазбалардың –мұнайдың,
табиғи газдың, көмір және тағы басқалардың жоғалуы байқалып отыр, Жер
ғаламының әрбір тұрғыны таза су ішпейді.
Белгілі америкалықэколог- ғалым Б. Коммонер экологияның негізгі
заңдарын былай түсіндіреді:
барлығы барлығымен байланысты;
барлығы әйтеуір бір жаққа кету керек;
табиғат ненің жақсы екенін біледі;
еш нәрсе тегін берілмейді;
Бұл дегеніміз, біздің әрбір қызметіміз қоршаған ортаға қалай да болса
әсер етеді дегенді білдіреді. Қоршаған ортаны қорғаудың негізгі шарттары
мемлекет өз органдарына қоршаған ортаны қорғау бойынша экономикалық,
техникалық ұйымдық және құқықтық шараларды жүзеге асыруды міндеттейді.
Бұл шаралардың барлығы заңдар мен басқа да құқықтық актілердің ережелеріне
негізделуі қажет. Өз кезегінде барлық заңдар құқықтық қағидаларға негізделуі
керек.
Құқықтық қағидалары – Қазақстан Республикасы Конституциясында
көрсетілген
негізгі бастамалар,басшы идеялар мен құқық ережелері. Қоршаған
ортаны қорғаудың негізгі қағидаттарын қарастырайық:
қолайлы қоршаған ортаға және тұрақты дамуға адам
құқығының басымдылығы қағидаты. Адамдардың табиғатпен
үйлесімділікте, салауатты және жемісті өмір сүруге құқығы бар;
мемлекеттің табиғи ресурстарды пайдалануға егемендік қағидаты;
Мемлекет қоршаған ортаны қорғау саласында тиімді заңдық актілер
қабылдайды;
әрбір адамның қоршаған ортаны қорғау ісіне қағидаты.
Табиғаттың жағдайы әрбір адамға байланысты болады, біз табиғат үшін
жауаптымыз және болашақ ұрпақ үшін табиғат байлығын сақтауға бар
күшімізді жұмсауға тиістіміз;
қоршаған ортаны қорғаудағы жауаптылық қағидаты. Ол жер бетінің
барлық бөліктеріне: құрлыққа не теңізге қатысты қолданылады. Табиғаттың
сұлу өңірлері ерекше бақылауға алынған түрлі қорықтар мен қорықшалар бар.
68
Табиғи ортаны пайдаланудағы басымдылық қағидаты.
Табиғат байлықтарын ысырап қылмай, ұқыпты пайдалану керек.
Қазақстанда мемлекеттің ерекше қорғауға алынған
өсімдіктер мен жануарлар
жазылатын Қызыл Кітап бар. Мысалы, сексеуіл- шөлде өсетін өсімдік, ол
жойылып кету үстінде тұр, сондықтан да оны кесуге және пайдалануға тыйым
салынған;
Кедейлік пен қайыршылықты жою қағидаты. Демократиялық
мемлекеттер өзінің алдына кедейшіліктің деңгейін төмендете отырып, ақыр
аяғында кедейшілікті жоюды мақсат етіп отыр. Ол үшін мемлекет әр түрлі
шаралар қолданады- жұмыссыздықпен күресу, әлеуметтік зейнетақы мен
жәрдемақылар тағайындау, арзан тұрғын үйлер салу, әр түрлі әлеуметтік
бағдарламаларды жүзеге асыру арқылы халықтың әлеуметтік жағынан
қорғаусыз қалған топтарына қолдау жасау және т.б;
Қоршаған ортаны ластаудың және табиғатқа өзге де зиянды әсер
етудің алдын алу қағидаты;
Қоршаған ортаны қорғау саласындағы
тығыз халықаралық
ынтымақтастық қағидаты;
Қоршаған ортаға қатысты мәселелер бойынша халықтың хабардар
болу қағидаты. Әрбір адамның экологиялық сауатсыздықтық тек оның жеке
басына ғаан емес, сондай-ақ барлық тұрғындарға да зардабын тигізеді. Мысалы,
орманда от жағуға, тұрғын жайларға жақын жерлерде полиэтилен
материалдарын өртеуге болмайды, улы заттарға ұқыпты болу керек және т.б.
Адамның салауатты және қолайлы қоршаған табиғи ортаға құқығы
Қазақстан Республикасы Конституциясының 31 бабында былай делінген:
«Мемлекет адамның өмір сүру мен денсаулығына қолайлы айналадағы ортаны
қорғауды мақсат етіп отыр. Адамдардың өмірі мен денсаулығына қатер
төндіретін деректер мен жағдаяттарды лауазымды адамдардың жасыруы заңға
сәйкес жауапкершілікке әкеп соғады.» .
Осының нәтижесінде республика азаматтарының өмірі мен денсаулығы
үшін қолайлы қоршаған табиғи ортаны қорғау
мемлекеттің міндеті ретінде
бекітілген. Сонымен бірге республиканың әрбір азаматына табиғатты сақтау
мен оның байлықтарына ұқыптылықпен қарау міндет болып табылады.
Адамның қолайлы қоршаған ортаға құқығы әр түрлі заңдарда бекітілген.
Бүгінгі күні адамның қолайлы қоршаған табиғи ортаға құқығы мынадай
мәселелерді қамтиды:
Халықаралық және ұлттық стандарттарға сай келетін
салауатты қоршаған табиғи ортада өмір сүрудің шынайы мүмкіндіктері.
экологиялық
қауіпсіздікте
байланысты
шешімді
дайындауға,
талқылауға және қабылауға қатысу, қошаған табиғи ортаның жай-күйі туралы
тиісті ақпараттар алу;
Қоршаған ортаның ластануы нәтижесін адам денсаулығына
келтірілген зиянды мемлекеттің өтеуі құқығы.
Осы орайда құқықтарының оның міндеттемелерінен бөлінбейтіндігін атап
кеткен жөн.Бұл дегеніміз : адам қолайлы қоршаған табиғи ортаға деген құқыққа
69
ие бола отырып, оның сақталуы үшін қажетті, тиісті нәрсенің бәрін жасауға
міндетті дегенді білідреді.
Экологилық құқықтың негізгі қайнар көздері.
Біріккен Ұлттар Ұйымының ( БҰҰ ) атынан Әлемдік қауымдастық
қоршаған ортаға және болашақ ұрпаққа зиян келтірмейтіндей
қазіргі адамның
өсіп келе жатқан қажеттіліктерін қанағаттандыруды қамтамасыз ететін Тұрақты
( орнықты ) даму тұжырымдамасын әзірледі. Бұл тұжырымдама – қоғам мен
табиғаттың өзара әрекетін көрсететін қазіргі заманға сай, неғұрлым кең тараған
және қолдау тапқан тұжырымдамалардың бірі.БҰҰ бас хатшысының
бастамасымен 1984 жылы қоршаған ортаны қорғау және дамыту жөніндегі
халықаралық комиссия құрылды.
1966 жылы Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздігі
тұжырымдамасы
Қабылданды . Бұл құжатта экологиялық қауіпсіздік « қоршаған ортаға
шамадан тыс антропогендік әсер ету салдарынан, сондай-ақ дүлей апаттардың,
өнеркәсіптік кездейсоқ оқиғалар мен күйреулердің зардаптарын жеке
адамдардың, қоғам мен мемлекеттің қорғалу дәрежесі» ретінде қарастырылады.
1997 жылы 15 шілдеде қабылданған:
«Қоршаған ортаны Қорғау
Достарыңызбен бөлісу: