Экологиялық қауіпсіздік саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаты табиғи жүйелердің, қоғамның өмірлік маңызды мүдделері мен жеке тұлға құқығының қоршаған ортаға антропогендік және табиғи әсерлердің нәтижесінде туындайтын қатерлерден қорғалуын қамтамасыз ету болып табылады.
- өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтардың жинақталу көлемдерін қысқарту;
- табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу.
Қойылған міндеттерді шешу үшін:
Қойылған міндеттерді шешу үшін:
-Қазақстан Республикасының заңдарын, табиғат пайдаланудың, мемлекеттік экологиялық бақылаудың және экологиялық мониторингтің экономикалық тетіктерін жетілдіру және жүйеге келтіру;
-табиғат пайдаланудың және экологиялық сараптаманың рұқсат ету жүйесін оңтайландыру;
-қоршаған ортаны қорғау, экологиялық статистика, экологиялық білім беру, экологиялық үгіт-насихат және жұртшылықтың қатысуы саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын дамыту;
-халықаралық ынтымақтастықты кеңейту жолымен қол жеткізіледі.
Экологиялық қауіпсіздік - қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың оң нәтижесі. Бұл нәтижеге қол жеткізуде экологиялық жауапкершілік институтының алар орны ерекше.
Экологиялық қауіпсіздік - қоршаған ортаны қорғау туралы заңдардың оң нәтижесі. Бұл нәтижеге қол жеткізуде экологиялық жауапкершілік институтының алар орны ерекше.
Біздің құқықтық жүйеде экологиялық жауапкершіліктің көптеген жетілмеген теориялық және практикалық мәселелері көп. Тиісті жауапкершілік көрсетілген нормативтік актілердің өзі бағытталған құқық бұзушылардың мазмұнымен мүлдем сәйкессіз. Әкімшілік жауапкершілік санкциялары өте жұмсақ тұрғыда қарастырылған. Материалдық жауапкершіліктің тетіктері жетілдірілмеген. Мұндай құқықтық база елдің экологиялық қауіпсіздігі мәселелерін шеше алмайды