«экологиялық ҚҰҚЫҚ, менеджмент және маркетинг негіздері»


Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар



бет2/2
Дата24.02.2016
өлшемі0.56 Mb.
#16927
1   2

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1.Экологияның зерттеу әдістері қандай?

2.Аутэкология дегеніміз не?

3. Синэкология нені оқытады?

 

Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 5,  23, 10



 

4– тақырып. Экология – кәсіби мамандық

Мақсаты: Студенттерді Экология мамандығының құрылымы, эколог маманның міндеттерімен, қызмет турлерімен таныстыру .

Жоспар:

1.Экологияның кәсіби мамандық ретінде анықтамасы.

2.Экологиялық мамандықтың құрылымы, міндеті, мақсаты.

3.Экология мамандығының қазіргі қоғамдағы ролі. 

4.Эколог маманның  жұмыс қызметінің түрлері.

Лекцияның қысқаша мазмұны .

Экологияның кәсіби мамандық ретінде анықтамасы. Экологиялық мамандықтың құрылымы, міндеті, мақсаты. Экология мамандығының қазіргі қоғамдағы ролі.  Эколог маманның  жұмыс қызметінің түрлері. Қоршаған ортаны қорғау және табиғатты қорғаудың байланысы. Табиғатты қорғау ісі. Табиғат қорғау органдары. Қоршаған ортаны қорғаудың халықаралық объектілері 



Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1.Эколог маманы қандай қызмет түрлерін атқарады?

2.Эколог маманның қазіргі қоғамдағы ролі қандй ?

3. Эколог маманы қай жерлерде жұмыс атқара алады?

Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 5, 7, 23

5- тақырып. Теориялық экология негіздері

Мақсаты: Студенттерге теориялық экология негіздерін түсіндіру .

Жоспар:

1.Ағзаның және қоршаған ортаның байланысы, экологиялық факторлар.

2.Популяциялық экология.

3.Биосфералық экология.

4.Экологиялық факторлардың   адам ағзасына әсері.

5.Экологиялық факторлардың  биотикалық ортаға әсері.

Әрбір жеке түрдің өзіне тән таралу аймағы болады. Олардың сол аймақтағы тобы, сан мөлшері әр түрлі болуы мүмкін. Популяцияның сан мөлшерінің аз немесе көп болуы түрдің шығу тегіне, тарихына, ареалдың көлеміне т.б. көптеген себептерге байланысты.

Популяция – түрдің тіршілік ету формасы, бір түрдің ортақ тектік қоры бар және мекендеу жағдайлары бірыңғай белгілі бір кеңістікке қоныстанатын дарақтарының жиынтығы.

Популяция дегеніміз - белгілі бір географиялық аумақта тіршілік етуге бейімделген, генетикалық шығу тегі бір, бір түрге жататын особьтар жиынтығы. Популяция латынның "попилус" - "халық, топ" деген мағынаны білдіреді.

Әрбір жеке түрдің өзіне тән таралу аймағы болады. Олардың сол аймақтағы тобы, сан мөлшері әр түрлі болуы мүмкін. Популяцияның сан мөлшерінің аз немесе көп болуы түрдің шығу тегіне, тарихына, ареалдың көлеміне т.б. көптеген себептерге байланысты.

Организмдердің популяцияларын жан-жақты зерттеуші экологтар С. С. Шварц, А. М.Гиляров, А. В. Яблоков, т.б. өздерінің еңбектерінде популяцияға қазіргі түрғыдан анықтама береді. Мәселен, С. С. Шварц (1969) популяция дегеніміз "Орта жағдайларының өзгерісіне үзақ уақыт бойы езінің түрақты санын үстап түратын бір түрге жататын организм-дердің элементар топтар" деп анықтама береді. Ал, А. В. Яблоков өзінің еңбегінде "белгілі бір аумақты мекендейтін бір түрге жататын организм-дердің эволюциялык даму жолы үқсас топтары" дейді. А. М. Гиляров өзінің әріптестерінің идеяларын дамыта келіп, популяцияға біршама жаңа қезқарасты анықтама беруге тырысты.

Популяция - белгілі бір аумақты мекендейтін шығу тегі бір, үзақ жылдар бойы табиғаттағы санын түрақты үстап келе жатқан бір түрге жататын организмдер жиынтығы. Популяция ішінде үнемі тіршілік үшін күрес, басқа туыстық топтармен мүмкіндігінше шектелген формалар тіршілік етеді. Олар бір-бірінен - жергілікті, экологиялык, гсографиялық популяциялар деп бөлінеді. Популяцияларды (хылайша жіктеу Н. П. Наумов жүйесіне негізделеді. Популяция - биологиялық бірлік ретінде өзінің белгілі құрылымы, касиеті және атқаратын функциялары аркылы ерекшеленеді. Попу-ляция қүрылымы ондағы особьтар санымен және кеңістікте таралуымен сипатталады. Ал, понуляцияның функциясы басқа биологиялық жүйелермен үқсас келеді. Популяцияға тән қасиеттерге өсу, даму, көбею, орта жағдайларының өзгсрісіне бейімділігі, генстикалық шығу тегі, экологиялық жағдайлары жатады..



Элементар (жергілікті) популиция- табиғаты бірдей кішігірім аумақтарды мекендейтін бір түрге жататын особьтар жиынтығы. Элементар популяциялардың табигағатағы саны,даму эволюциясымен үзақтығы биоценоздың күрделі немесе қарапайымдылығына, бірегейлігіне байланысты болады.

Табиғатта жергілікті популяциялардың араласып кетуі бір-бірінің арасындағы шекараны жойып, түрлердің үсақтап кетуіне әкеліп соғады.



Экологиялық популяция - жергілікті популяциялардың жиынтығы негізінде қалыптасады. Олар негізінде түр ішіндегі топтар болғандықтан белгілі бір биоценозда тіршілік етуге бейімделген. Мәселен, кәдімгі ақ тиін көптеген ормандарда кең таралған. Сондықтан олардың "қарағайлық", "шыршалық" немесе т.б. экологиялық популяциялары көптеп кездеседі. Олар бір-бірімен жиі араласатындықтан генетикалық алмасулар элементар популяцияларға қарағанда баяу жүреді.

Географиялық популяция - географиялык жағдайлары бірдей аумақты қамтитын, особьтар топтарын қүрайтын экологиялық популяциялардан түрады. Географиялық популяциялар салыстырмалы түрде бір-бірімен нақты шектелген әрі өсімталдығы, особьтар формасы, экологиялық қатарлары, физиологиялық мінез-қүлқы және басқа да қасиеттері арқылы ерекшеленеді. Популяциялардың осылайша үзақ жылдар бойы жекеленуі бірте-бірте географиялық раса немесе жаңа түр формаларын дүниеге алып келуі мүмкін. Ондай түрлерді географиялық түр тармағы, раса немесе сол түрдің синонимі ретінде қарастырады. Мәселен, кәдімгі ақ тиіннің 20-дан астам географиялық популяциясы бар. Табиғатта популяцияның шекарасы мен дене түрқы оның қандай аумақты мекендейтіндігінде емес популяцияның өзінің жеке қасиеттерімен сипатталады. Н. П. Наумовтың зерттеулері бойынша популяциялардың үсақ аумаққа таралуы олардың көптүрлілігін және генефонын байытады деп түжырымдайды. Осыған байланысты табиғатта абсолютті популяция болмайды. Өйткені, әрбір түр өзінің даму эволюциясы барысында уақыт пен кеңістікке қатысты миграция (орын ауыстыру) кезінде бір-бірімен араласып отырады. Ал, өсімдіктер болса тозаңдары жел арқылы немесе өсімдіктер арқылы кең таралып жатады. Нәтижесінде, түр шегіндегі популяциялардың әр түрлі формалары қалыптасып отырады.

Организмдердің популяцияларын жан-жақты зерттеуші экологтар С. С. Шварц, А. М.Гиляров, А. В. Яблоков, т.б. өздерінің еңбектерінде популяцияға қазіргі түрғыдан анықтама береді. Мәселен, С. С. Шварц (1969) популяция дегеніміз "Орта жағдайларының өзгерісіне үзақ уақыт бойы езінің тұрақты санын ұстап түратын бір түрге жататын организм-дердің элементар топтар" деп анықтама береді. Ал, А. В. Яблоков өзінің еңбегінде "белгілі бір аумақты мекендейтін бір түрге жататын организм-дердің эволюциялык даму жолы ұқсас топтары" дейді. А. М. Гиляров өзінің әріптестерінің идеяларын дамыта келіп, популяцияға біршама жаңа қезқарасты анықтама беруге тырысты.

19 ғ. Бас кезінде «биосфера» түсінігі ғылымға ұлы француз табиғат зерттеушісі Ж.Б.Ламарк (1744 - 1892) енгізген. Жүз жылдан астам уақыт бұрын,1875 ж австралиялық геолог Эдуард Зюсс өзінің «Альпі тауларының шығу тарихы туралы» кітабының соңғы тарауында жер шарының әртүрлі қабаттары жайында баяндаған кезде осы терминді алғаш рет қолданған болатын.Бірақ бұл үстіртін айтылған сөз ғылыми ойдың дамуында айтарлықтай роль атқарға алған жоқ..

     Биосфера туралы ілімнің қазіргі авторы В.И.Вернадский (1863 -1945) «биосфера» терминін 1911 жылы қолдана бастағанымен оған алғаш рет 1923 жылы «Биосфера – планетадағы тірі заттардың таралған аймағы – жердің ерекше тіршілік қабығы» - деп анықтама берді.Биосфера ретінде Вернадский жер қыртысының бүкіл геологиялық тарихы бойында тірі организмдердің әсеріне ұшыраған барлық қабаттарын түсінді.

   Негізгі сапслары массасының жиынтығы химиялық құрамы мен энергиясын қарастыра отырып, планетадағы организмдердің бүкіл жиынтығын В.И.Вернадский «тірі заттар» д.а.Вернадскийдің Констант заңы былай айтылады.Биосфераның тірі затының мөлшері тұрақты шама.Динамикалық жүйе ретінде биосфераның ерекшелігі күн энергиясының ағыны және тірі заттардың жұмысы салдарынан оның біркелкі еместігі.

         Биосфераның ерекшеліктерінің бірі оның космоспен үздіксіз байланысы.Оны алғаш рет өткен ғасырда байқалған. Мысалы;1825 жылы швейцар астрономы Рудольф Вольф жердің магнетизмінің күн бетінде дақ түзілу ырғағымен байқалғанын есептеген.Бірақ гелиобиологияның туған биосферасы күннің периодты әсері деген баяндама оқылған уақыттан бастап,яғни 1915 жыл болып саналады.          

       Биосфера - өзін құрайтын 3 құрамдас бөлігімен сиптталады. Олар – атмосфера гидросфера  және литосфера.

Биосфераның гидросфера қабаты  - жер шарының 3/2 бөлігін алып жатыр. Су әлемінде алғашқы тіршілік нышаны байқалғаннан бері – гидросфера қабығы планетаның бүкіл тыныс-тіршілігін реттеуде негізгі роль атқарып келеді. Барлық заттар суда еріген күйінде болып, оның үлкен және кіші айналымы арқылы зат алмасу процесі тұрақты жүреді де, одан әрі биосфера шегіндегі биогеохимиялық айналымға ұласуда. Нәтижесінде, жер шарындағы барлық судың 94% мұхиттар мен теңіздердің, ал қалған 6% өзен, көлдер, жер асты сулары, мұздықтардың үлесіне тиіп, оның сарқылмайтын табиғат қор екені адамзаттың болашағына деген сенімін мәңгілік етуде.

Соңғы жылдары жүниежүзілік мұхиттар мен барлық сулардың ластануы, оның сапасын нашарлата түсуде. Олар – мұхиттарда соғыс корабльдерінің көбеюі, мұнайды тасымалдау, атом қаруларын сынау, өндіріс пен ауыл шаруашылығы өнімдерінің тасталуы, радиактивті қалдықтардың лақтырылуы, тағы басқа зиянды заттардың қоймасына айналуы экологиялық жағдайын тіршілік ырғағына зиянды деңгейде көтеруде. Оның үстіне дүниежүзілік ауыз су проблемасы планета тұрғындарының Африка, Орта және Кіші Азия, Австралия, Орталық Азия бөлігін қамтып, әлемдік экологиялық проблемалар шеңберін ұлғайта түсуде.

Жер қабығы (литосфера) – бүкіл тіршіліктің қолайлы ортасы және тірегі ретінде биосфера шегінде үлкен роль атқарады. Оның түп негізін әр түрлі минералдар жиынтығы, тау жыныстары, органикалық қалдықтар мен метаморфтық тау жыныстары құрайды.

Литосфера терминін алғаш ғылымға енгізген Э.Зюсс. Оның денін мантия қабатының жоғарғы бетінен бастап жер қабығы құрайды. Яғни, жер қабатының Махорович (Мохо) шекарасынан бастап құрлық бетіне дейінгі 70 км, ал мұхит бетіне дейінгі 10 км қалыңдықты қамтиды.

Жер қабатының континентальды және мұхиттық қабатын ажыратуға болады. Олар бір-бірінен құрамындағы тау жыныстарының сипатына қарай жіктеледі. Мәселен, мұхиттық қабат – базальт, ал континентальды қабат – гранит жыныстарынан тұрады.

Литосфераның химиялық құрылымы негізінен оттегі, кремний, алюминий, темір, кальций, магний, натрий және калий элементтерінен тұрады. Оның ішінде оттегінің үлес салмағы 47,3% және 92% көлем алуы ерекше жағдай. Оттегі басқа химиялық элементтерден тығыз қосылыс күйінде минералды жыныстардың негізін құрайды. Жалпы алғанда жер қабығының 9,2% - тау жыныстары, 20% - метаморфтық, ал 70,8% - магматикалық жыныстар алып жатыр.

Академик В.И.Вернандский биосферадағы тіршілік процестерін зерттей келе химиялық элементтердің бір тобын «тірі заттар» - деп атады. Олар биофильді заттар деп аталатын сутегі, көміртегі, оттегі, азот, фосфор және күкірт элементтері еді. Биофильді элементтердің атомы тірі организмдердің денесінде күрделі органикалық қосылыстар түзе отырып, көмірсулары, липидтер, белоктар және нуклеин қышқылдарын құрайды. Ал, бұл органикалық заттар тіршілік тірегі екені мәлім.

В.И.Вернандский биосфералық қалыптасу және даму эволюциясындағы «тірі заттардың» ролін өте жоғары бағалады. Әсіресе, тірі организмдер оған қоса адам баласының іс-әрекеттерінің биосфера шегіндегі биогеохимиялық фактор ретіндегі рөлін бағалай келіп билсфера өзін-өзі реттеп отыратын табиғи жүйе екндігін дәлелдеді. Яғни, планетадағы ең жоғарғы сатыдағы дамыған тіршіліктің ұйытқысы түрлі организммен байланысты екенін баса айтты. Шын мәнінде тірі организмдер ғарыштық энергияны жердегі химиялық энергияға айналдыра отырып планетадағы тіршіліктің көп түрлілігіне әкеледі. Осының бәрі биосферадағы химиялық элементтердің миграциясы болып табылады. Бұл процестер табиғаттағы зат және энергия айналымдарымен шектеліп, биосфера шегіндегі ғаламдық зат алмасулардың үздіксіз қорғаушы күшіне айналады.

Ең басты мәселе биосферадағы айналымдардың қалдықсыз жүруі. Нәтижесінде, биосфера деп аталатын үйімізде ешбір басы артық зиянды қосылыстар түзілмейді, бәрі де қайтадан айналымға түсіп табиғаттың өзін-өзі тазартуы жүріп жатады. Ол процестердің ең басты қозғаушы күші – Күн екенін есте шығармауымыз керек.

В.Н.Вернандский табиғаттагы зат айналымдарының тұрақты даму процесіндегі адамның роліне ерекше мән берді. Тіптен, оның дәлелдеуінше адам баласы теңдесі жоқ биосферадағы ең қуатты геологиялық ретінде бағалады. Яғни, болашақтағы биосфераның тағдыры адамзаттың ақыл-ойының сапасында немесе деңгейінде екенін болжай келе өзінің өте маңызды теорияларының бірін тұжырымдады. Ол – биосфераның жаңа тұрғыдағы ұғымы мен сипаты – ноосфера туралы болжамдар жасады. Ал «ноосфера» деген терминді ғылымға енгізген француз математигі Леруа еді.

Академик В.Н.Вернандский өзінің 1944 жылы жазған еңбегінде: “..Болашақ планетаның ұсқыны мен тыныс тіршілігі адам баласының ақыл-ойы мен парасатына байланысты дамиды және тәуелді болады. Ең бастысы адамзаттың санасыз ақыл-ойының нәтижесіне байланысты биосфера тағдыры шешіледі”, - деген тамаша болжамын айтқан болатын. Шын мәнінде, қазіргі биосфераның тұрақтылығы тек адам баласының қолында екенін әрбір көзі ашық, көңілі сергек мүшесі түсініп отыр.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1.Биосфера дгеніміз не?

2.Популяция дегеніміз не?

3. Биосфера құрымы қандай нені оқытады?

Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 23, 19

 

2 модуль. Экология ғылымының салалары

 

6– тақырып    Қолданбалы экология негіздері (2 с)

Мақсаты: Студенттерді қоршаған ортаға антропогенідік әсер ету түрлерімен таныстыру .

Жоспар:

1.Биосфераға антропогендік әсер ету.

2.Биосфера компоненттеріне адам қоғамының әсер ету ерекшелігі.

2.Адамның биосфераға әсер етуінің түрлері.

3.Жер биосферасына әсер етудің экстремалдық түрлері.

Лекцияның қысқаша мазмұны . Биосфераға антропогендік әсер ету. Биосфера компоненттеріне адам қоғамының әсер ету ерекшелігі. Адамның биосфераға әсер етуінің ерекше түрлері. Жер биосферасына әсер етудің экстремалдық түрлері. Гидросфераға антропогендік әсер ету. Литосфераға антропогендік әсер ету.. Техногендік апаттар

Адамның табиғатқа әсерінің түрлері

Қоғам мен табиғат арасында қарым- қатынас басталғаннан бері күні бүгінге дейін  адамның табиғатқа жасайтын ықпалы біркелкі емес. Адам баласы тіршілігін сақтау үшін өмір бойы табиғи құбылыстармен күресуде. Қақаған аяз бен аптап ыстық кездерде өлмеу үшін ішер тамақ, киер киім табуы қажет болды.  Адам баласының санасының ең бір жетілген кезеңі отты пайдалануды үйренген кезі. Алайда сол от арқылы адам баласы айналаны  түтінмен ластап, орманды өртеп, биосфераға  зиянын тигізе бастағанын білген жоқ. Дегенмен сол көне заманда адамның табиғатқа ықпалы өте аз мөлшерде болды. Адам табиғатқа  түгелдей тәуелді болғандықтан қоршаған орта жағдайына бейімделуге мәжбүр еді. Адамның ол кездегі табиғатқа ықпалы көлемінің аздығы сондай, оны қазіргі кездегі табиғатқа  жасалып жатқан өзгерістермен салыстыру мүлдем мүмкін емес.

Адамның табиғатқа әсерін тікелей әсер, жанама әсер және құрама әсер деп үш топқа бөлуге болады. Бұл әсер түрлері шамамен алынып отыр, олардың арасында шекара жоқ десе де болады. Дегенмен бұлай бөлудің адамның табиғатқа  ықпалы күрделі құбылысты түсінуге көмегі тиеді. Адамның табиғаттың қорына бірден барып жасаған әсерін тікелей әсер дейді. Мысалы адамның жер жыртуы, ағашты кесуі, аңдарды, құстарды, балықтарды аулауы, көмірді, мұнайды, газды қазып алуы тікелей әсерге жатады. Мұндай әсер ақырында сол табиғи қорлардың   азаюына немесе құрып кетуіне әкеледі.

Табиғатқа жасалатын жанама әсер тікелей әсердің салдарынан туады. Олай дейтініміз ағаштарды кесу табиғатқа қосымша жанама әсерді туғызады. Мысалы, ағашы кесілген жер енді ашық қалғандықтан топырақ, желдің әсерінен үгітіледі де, ұсақ өзендердің көзін басып қалады, өзен тартылады. Бұл әлгі өзен құятын көлдің кеуіп қалуына әкеледі. Су қоймаларының жағасындағы ағаш кесілсе жарқабақтар құлайды, судың булануы артады, су жануарлары мен өсімдіктерінің тіршілігіне қолайсыз жағдай туады. Кесілген орманның орны  ондағы кейбір хайуандардың, құстардың, өсімдік тіршілігіне қызмет етуден қалады. Сөйтіп хайуанаттар мен құстар қоныс ауыстыруға мәжбүр болып, ол жерлердегі кейбір өсімдік түрлері жойылады. Жер астындағы қазба-байлықты алу кезінде алдын ала сақтық жасалмастан, жүйесіз жүргізілетін болса, жердің құнарлы қабатының бүлінуіне, өсімдіктер мен жануарлардың жойылуына әкеледі.

Табиғатқа жасалатын жанама әсердің салдары тікелей әсерден әлдеқайда қауіпті. Олай дейтініміз жанама әсердің жақын арадағы немесе көп уақыттан кейін білінетін зиянды салдарының көлемін анықтау қиын. Адамның табиғатқа жасайтын жанама әсерінен болатын зиянның экономикалық көлемі тікелей әсердің зиянынан әлдеқайда артып кетуі мүмкін.

Табиғатқа жасалатын тікелей әсер мен жанама әсердің басы қосылып құрама әсерді туғызады. Адамның табиғатқа әсері арнайы түрде және арнайы емес жүруі мүмкін. Табиғатқа адамның әсері алдын ала шешіліп, белгілі мақсатты орындау үшін жүретін болса, арнайы әсер болып шығады. Бұл табиғат байлығын белгілі бір мақсатқа пайдалану кезінде жүреді және бұл әсерді жұмыс деңгейіне және табиғи байлықтың мөлшеріне байланысты жоспарлы жүргізуге болады. Табиғатқа адамның арнайы емес әсері сенбі- жексенбі күндері адамдар көп жиналатын демалыс орындарында болады. Адамдар орманды ластап, шөптерді таптап, гүлдерді жұлып, бұтақтарды сындырып, аңдар мен құстарды қорқытып орманның табиғи ырғағын бұзады.  Мұның салдарынан бұталарда тұратын топ- тоғайлар жойылып, ағаштардың жоғарғы жағы кеуіп, ақырында өледі, шөптесін, гүлді өсімдіктер жойылады.

Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1.Қолданбалы экология нені оқытады? .

       2.Табиғаитқа тікелей әсер ету дегенімз не?

        3Қоршаған ортаға  антрпогендік әсер етудің нәтижелері қандай

Негізгі әдебиеттер: 3,4, 23, ,19,11,9

7- тақырып. Экологиялық жобалау және инженерлік экология

Мақсаты: Студенттерді Экологиялық жобалау және инженерлік экология негіздерімен таныстыру .

Жоспар:

1.Экологиялық жобалау туралы түсінік.

2.Табиғи  орта жүйелерін жобалау.

3.Қоршаған ортаны инженерлік қорғау.

4.Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және  қоршаған орта.

Экологиялық жобалау және инженерлік экология

Экологиялық жобалау туралы түсінік. Табиғи  орта жүйелерін жобалау. Қоршаған ортаны инженерлік қорғау. Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және  қоршаған орта.Ерекше қорғалатын табиғи территориялар.



Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1.Экологиянықжобалаудың маңызы қандай? .

       2.Инженерлік экология нені оқытады?

        3. Жобалау алғышарттары қандай ?

Негізгі  әдебиеттер: 2,3,4,23, 18, 19, 17

8– тақырып. Экологиялық бақылау және экологиялық процесстерді басқару

Мақсаты: Студенттерге экологиялық бақылау және экологиялық басқару негіздерін түсіндіру .

Жоспар:

1.«Экологиялық бақылау» және «Экологиялық басқару» ұғымы.

2.Экологиялық бақылаудың түрлерінің ерекшелігі.

3.Қоршаған орта  процесстерін экологиялық басқару.



Экологиялық бақылау және экологиялық процесстерді басқару

«Экологиялық бақылау» және «Экологиялық басқару» ұғымы. Экологиялық бақылаудың түрлерінің ерекшелігі. Қоршаған орта  процесстерін экологиялық басқару. Экологиялық қор. Экологиялық  стандарттау. Экологиялық  сараптама

Экологиялық сақтандыру.

Экологиялық процестерді басқару.БҰҰ 1972 жылы қоршаған ортаны қорғау жөніндегі Стокгольм Конференциясынан көптеген кейін елдерде келісілген экологиялық саясат, оның ішінде басқару саласында да жүргізіле бастады. Табиғат қорғау жөнінде арнайы мемлекет басқару органдары құрылды. Соған сәйкес табиғатты қорғау міндеттері жекелеген министрліктер мен ведомстволарға жүктелді. Атмосфераны қорғау мен бақылау Мемлекеттік гидрометеорология комитетіне су ресурстарын қорғау мен пайдалануды бақылау- Милиорация және су шаруашылығы министрлігіне жер ресурстарын қорғау мен пайдалануын бақылау-Ауыл шарушылық министрлігіне, балық қорын қорғау мен пайдалану-Балық шаруашылығы министрлігіне тапсырылды.

Табиғатты қорғау заңдарын жүзеге асыруды басқарушы, қадағалаушы органдар маңызды роль атқарады. Табиғатты қорғауды басқарушы құрылымдарды екі қатарға бөлуге болады: арнайы және жалпы міндетті.

Табиғатты қорғау жөніндегі құзыреттер өкілетті және атқарушы органдар арасында да бөлінеді. Табиғатты қорғау заңдарына сәйкес жоғары өкілетті органның құзыретіне, негізінен, бес мәселе жатады;

-          экологиялық саясаттың басты бағыттарын анықтау;

-          мемлекеттік экологиялық бағдарламаны бекіту;

-          табиғатты қорғау қатынастарының құқықтық негіздерін анықтау;

-          табиғатты қорғау саласындағы құзыретті және осы саладағы басқару органдарының әрекеті мен ұйымдастыру тәртбін анықтау;

-          экологиялық апат және экологиялық төтенше жағдайлар аймақтарындағы тәртіпті белгілеу.

Табиғатты қорғау жөніндегі құзыреттер ауылдық өкілетті органдарға да беріледі:

-          өз территорияларында муниципалдық меншікке жатпайтын кәсіпорындарды орналастыру жағдайы мен тәртібін белгілеу;

-          экологиялық және санитарлық нормалар бұзылғаны анықталған жағдайда құрылысты немесе нысандарды пайдалануды тоқтату;

-          өз қарауындағы территорияларда қолайсыз экологиялық салдарға соқтыратын шараларға тыйым салу. Бұл санэпидемстанцияның немесе табиғат қорғау комитетін қорытындысына сәйкес жүзеге асырылады.

Өкіметке экологиялық саясатты жүзеге асыру, бағдарламаларды орындау, табиғат қорғауды басқарушы барлық органдардың жұмыстарын үйлестіру, бюджеттен тыс экологиялық қорларды құру және жұмсау, табиғатты пайдалану төлемдерінің тәртібін белгілеу, халықты экологиялық ақпаратпен қамтамасыз ету және т.с.с. міндеттер жүктелген:

1.       Экологиялық  саясаттың негізгі бағыттарын анықтау, экологиялық бағдарламаларды бекіту, табиғат қорғауды басқарудың құқықтық және экономикалық негіздерін белгілеу және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. 

2.       Экологиялық бағдарламаларды жоспарлау, қаржыландыру және материалдық – техникалық жабдықтау, табиғатты қорғау әрекеттерін үйлестіру.

3.       Табиғат ресурстарын бағалау және есептеу, табиғи ортаның жағдайын болжау, табиғат ресурстары кадастрларын жүргізу және табиғи ортаның сапасын бақылау.

4.       Зиянды әсерлердің табиғат ресурстарын пайдалану төлемдерінің, зиянды заттардың шығарғаны және қатты қалдықтарды орналастырғаны үшін өлшемдердің нормативтерін бекту.

5.       Мемлекетік экологиялық бақылау, мемлекеттік эколгиялық сараптама, экологиялық зиянды өндірістерді, қызметтерді тоқтату, шектеу шешім қабылдау. Экологиялық қылмыстар үшін қылмыстық және әкімшілік жаза қолдану. Экологиялық құқық бұзушылардың үстінен сотта, арбитраждық сотта қозғау.

6.       Қорықтар жұмысын ұйымдастыру, табиғат ескерткіштерін қорғау, қызыл кітапты жүргізу, экологиялық тәрбие мен білім беру.

7.       Халықаралық бірлестік қарым-қатынас.

Аталған мәселелер мен міндеттерді барлық басқарушы құрылымдар орындайды. Олардың әрекеттері бөлектеу: кеңістік және ресурстық бағытта жүреді.

Қазақстан Республикасының табиғат қорғау және пайдалану жөніндегі экологиялық саясаты БҰҰ 1992 жылы Рио де-Жанейро Конференциясында қабылданған құжаттарға «Қазақстан-2030» Бағдарламасына сәйкес дамиды және оның негізгі бағыттары:

-          Қазақстан халқының игілігі үшін экологиялық дамудың нақты территориялардың экологиялық табиғи - географиялық жағдайы мен үйлесімділігін қамтамасыз ету;

-          Нақты территорияларда санитарлық-гигиеналық нормаларға сәйкес өмір сүруге қолайлы жағдаймен қатар халықтың ұрпағының денсаулығын жақсартуға жету;

-          Биосфералық тепе-теңдікті жануарлар мен өсімдіктерді генетикалық тұқым қорларын сақтау және қалпына келтіру;

-          Қазақстанның барлық табиғи ресурстар потенциалын тиімді пайдалану.



Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1.Экологиянық бақылау дегініміз не? .

       2.Экологиялық басқару дегеніміз не?

        3. Экологиялық басқару түрлері ?

 

Негізгі әдебиеттер: 1, 2, 23, 1 1 .


9 –тақырып.  Экологиялық білім беру, тәрбиелеу және  экологиялық көзқарас .

Мақсаты: Студенттерде экологиялық білім  тәрбие, экологиялық көзқарас қалыптастыру .

Жоспар:

1.«Экологиялық білім», «Экологиялық тәрбие», «Экологиялық көзқарас» ұғымдары.

2.Қазақстан Республикасындаға  экологиялық білім беру және тәрбиелеу  принціптерінің ерекшеліктері.

3.Экологиялық ағарту мен экологиялық  мәдениеттің байланысы.

4. Экологиялық  қызметтің психологиясы.

Лекцияның қысқаша мазмұны.Экологиялық  білім беруге деген қажеттілік адасмның өміріне қжет қолайлы ортаны қамтамасыз ету мен баиланысты.Қоршаған ортаның санасы адамның негізгі құқықтарының бірі –денсаулықты  және дамуының негізгі мақсатын анықтайды. Экалогиялық білім  беру табиғатқа адамгершілік  қатынасты қалыптастыру, табиғатты өзгертудің шекті мөлшерін  анықтау  үшін ,адамның  одан әрі өмір сүрруін мен дамуына  мүмкіндік беретін мінез-құлықтың арнаиы -әлументтік табиғи заңдылықтарын меңгеру үшін қажет.

Экологиялық білім берудің негізгі мақсаты- табиғаттқа деген жауапкершілік қатынасты қамтамасыз ету. Экологиялық білім беру дегенде әрбір адамның жалпы  экалогиялық мәдениеттілігін қалыптастыруға  бағытталған үздіксіз білім, тәрбие беру даму процестерін түсінеміз.

Экологиялық жауапкершілік  адамның мына қасиеттерімен баилатнысмты. өз іс-әрекетін бақылау,табиғи ортадағы өзінің іс-әрекетініңжақын кездегі және болашақты нәтижелерін болжай білу, өзіне және басқаларға сын көзбен  қарай білу және т.б.

Жоғарғы айтылғандарға байланысты педагогтардың халықаралық экологиялық қозғалысы қоршаған орта саласындағы білім беруді  жалпы білім беру жүиесін жетілдірудің маңызды бағыты деп есептеледі.

Экологиялық білім беру дегеніміз- әр түрлі  днңгеидегі экологиялық білімдерді меңгеру. Экологиялық білім берудің екі негізгі бағыты бар  қоршаған ортаны қорғау дың жалпы ілімі негізінде тәрбиелеу және табиғатпен антропагенді экожүйелердің өзара қатынасының жалпы заңдылықтары тұралы арнайы білім беру .Ал білім беру жүйесін экологизатциялау- экологиялық ойлардың ,принциптер мен көзқарастың  басқа пәндерге енгізу және экологиялық білімді әр түрлі салалардың мамандарын даиындау.                     

Экологиялық білім берудің негізгі мақсаты- табиғаттқа деген жауапкершілік қатынасты қамтамасыз ету. Экологиялық білім беру дегенде әрбір адамның жалпы  экологиялық мәдениеттілігін қалыптастыруға  бағытталған үздіксіз білім, тәрбие беру даму процестерін түсінеміз.

Экологиялық жауапкершілік  адамның мына қасиеттерімен байланысты:  өз іс-әрекетін бақылау,табиғи ортадағы өзінің іс-әрекетінің жақын кездегі және болашақты нәтижелерін болжай білу, өзіне және басқаларға сын көзбен  қарай білу және т.б.

Жоғарғы айтылғандарға байланысты педагогтардың халықаралық экологиялық қозғалысы қоршаған орта саласындағы білім беруді  жалпы білім беру жүиесін жетілдірудің маңызды бағыты деп есептеледі.

Экологиялық білім беру дегеніміз- әр түрлі  деңгейдегі экологиялық білімдерді меңгеру. Экологиялық білім берудің екі негізгі бағыты бар  қоршаған ортаны қорғау дың жалпы ілімі негізінде тәрбиелеу және табиғатпен антропагенді экожүйелердің өзара қатынасының жалпы заңдылықтары тұралы арнайы білім беру .Ал білім беру жүйесін экологизатциялау- экологиялық ойлардың ,принциптер мен көзқарастың  басқа пәндерге енгізу және экологиялық білімді әр түрлі салалардың мамандарын даиындау.                     

Экологиялық қызметтің психологиясы

Қызығу психологиялық жағынан алып қарағанда- үш ерекшелікпен сипатталатыны байқалады.

1. Әрекетке қатысы  бойынша жағымды жоғарғы деңгейдегі эмоция

2.  Эмоцияның қуанышқа ұласуы

3 . Өзін тудыратын тікелей мотивінің болуы.

Психологияға және педогогикаға қызығудың төрт құрамдас бөлігі болатыны туралы тұжырым жасадық. Оларды алып  айтсақ мына төмендегілер  болып шыңғады – ынтықтылық ,алғырлық ,білуге құмарлық және тұрақтылық.

Қызығу дегеніміз- ынтықтылық ,алғырлық ,тұрақтылық  және білуге құмарлық  тәрізді бірнеше мәні зор бөліктерден тұратыны сөзсіз. Белгілі бір бмосфераны көрінісіне зейін қою арқылы эмоция тудырып, іс әрекеттерді жүзеге асатын  жеке тұлғаға тән ерекшелік.

 Қызығуды топтастыру әр түрлі ғылыми негіздерге сүйеніп жүзеге асыруға болады. Олардат  қызығудың биохимиялылық мазмұны, тұрақтылығы ,күші, ұзақтылығы, зеріттелетін объектісі ескеріледі.

Психологтардың пікірінше қызығу дегеніміз-адамзат баласының  белгілі бір объектіні ұнатып, білуге ұмытылған іс әрекетің  қуаттандыратын психологиялық ерекшелігі , адамды білім алу мен дербес шығармашылық –ұмытылдыратын ынтасы бір нәрсеге жеке бас ниетінің шоғырлануы немесе жеке тұлғаның  күрделі қасиеті, бейімділігі, білуге ұмытылуы.

Танымдық қызығу дегеніміз- жалпы  қызығудың бір түрі деген ойдамыз

Оларды мынадай бағыттарға жіктеуге болады.

Қызығу-танымдық қөызығу- биосфераның бір құбылысын білуге қызығу.

Осыған сәикес  кейбір биолог, химик, эколог ғылымдар қызығуды студентті өзіндік дербес іс-әрекетке  жұмылдыратын мотиві ретінде санайды

 Экологиялық білім берудің негізгі мақсаты- табиғаттқа деген жауапкершілік қатынасты қамтамасыз ету. Экологиялық білім беру дегенде әрбір адамның жалпы  экологиялық мәдениеттілігін қалыптастыруға  бағытталған үздіксіз білім, тәрбие беру даму процестерін түсінеміз.

Экологиялық жауапкершілік  адамның мына қасиеттерімен байланысты:  өз іс-әрекетін бақылау,табиғи ортадағы өзінің іс-әрекетінің жақын кездегі және болашақты нәтижелерін болжай білу, өзіне және басқаларға сын көзбен  қарай білу және т.б.

Жоғарғы айтылғандарға байланысты педагогтардың халықаралық экологиялық қозғалысы қоршаған орта саласындағы білім беруді  жалпы білім беру жүиесін жетілдірудің маңызды бағыты деп есептеледі.

Экологиялық білім беру дегеніміз- әр түрлі  деңгейдегі экологиялық білімдерді меңгеру. Экологиялық білім берудің екі негізгі бағыты бар  қоршаған ортаны қорғау дың жалпы ілімі негізінде тәрбиелеу және табиғатпен антропагенді экожүйелердің өзара қатынасының жалпы заңдылықтары тұралы арнайы білім беру. Ал білім беру жүйесін экологизатциялау- экологиялық ойлардың ,принциптер мен көзқарастың  басқа пәндерге енгізу және экологиялық білімді әр түрлі салалардың мамандарын дайындау.                     



Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1.Экологиянық білім беру маңыздылығы?

2.Экологиялық тәрбиелеу ролі ?

3. Экологиялық көзқарас дегеніміз не?

 

Негізгі әдебиеттер :1,2,23, 18.19



 

10-тақырып. Экологиялық құқық, менеджмент және маркетинг (1с)

Мақсаты: Студенттерді Экологиялық менджмен, маркетинг, құқық негіздерімен таныстыру .

Жоспар:

1.Экологиядағы құқықтық басқару механизмдері.

2.Табиғатты пайдалану менеджменті. 

3.Табиғаттың экологиялық, эстетикалық және мәдени  құндылығы.

4.Табиғи ортаның маркетингтік құндылығы.

 

«Экологиялық құқық», «Экологиялық менеджмент», және «Экологиялық маркетинг» ұғымдары.   Экологиядағы құқықтық басқару механизмдері. Экологиялық  заң.  Табиғатты пайдалану менеджменті.  Табиғаттың экологиялық, эстетикалық және мәдени құндылығы.



Экологиялық құқықтың басқару механизмдері

Табиғатты  қорғау  - табиғаттың  өзіндік болмысын  сақтау немесе оны  қалпына  келтіру  арқылы  табиғи  ресустарды  ысырапсыз   пайдалану  үшін  құрылған  мемлекеттік  жүйедегі қоғамдық шара.  Ол әр  түрлі   тәсілдермен   жүзеге  асырылады.  Соның  бірі  -  айналадағы табиғи  ортаны  құқықтық    қорғау.

“Қазақстан  Республикасының  экология  құқығы” - айналадағы   табиғи  ортаны  қорғауға байланысты  қоғамдық  қатынастарды  реттейтін  құқықтық  ережелердің   жиынтығын  зерттейтін  оқу  пәні  немесе ғылым  саласы. 

      Қазақстан  Республикасының айналадағы табиғи  ортаны  қорғау   туралы  заңы  адамның  өмірі мен денсаулығы үшін айналадағы  табиғи  ортаның қолайлы  болуына  тиісті  құқығын  қамтамасыз  етуге, қазіргі  және  болашақ  ұрпақтың мүдделерін көздеп, айналадағы табиғи ортаны қорғаудың құқықтық,  экономикалық  және  әлеуметтік негіздерін  белгілеуге  және  адам  қызметінің осы  табиғи   ортаға  зиянды  ықпал  жасауына  жол  бермеуге,   табиғи тепе-теңдікті   сақтау  мен  табиғатты  ұтымды  пайдалану  ісін  ұйымдастыруға   бағытталған. 

      Республикада   айналадағы  табиғи  ортаны  қорғау  жөніндегі   қатынастар   еліміздегі  табиғи  ортаны    жер,  жер қойнауы, су, орман,  атмосфералық ауаны,  жануарлар мен өсімдіктер дүниесін   қорғау  туралы  заңдары  мен  ол  заңдарды  қолдану  жөніндегі  өзге  де  Қазақстан  Республикасының  құқықты  актілерімен   реттеледі. 

Экологиялық құқықтың басқару механизмдері

Табиғатты  қорғау  - табиғаттың  өзіндік болмысын  сақтау немесе оны  қалпына  келтіру  арқылы  табиғи  ресустарды  ысырапсыз   пайдалану  үшін  құрылған  мемлекеттік  жүйедегі қоғамдық шара.  Ол әр  түрлі   тәсілдермен   жүзеге  асырылады.  Соның  бірі  -  айналадағы табиғи  ортаны  құқықтық    қорғау.

“Қазақстан  Республикасының  экология  құқығы” - айналадағы   табиғи  ортаны  қорғауға байланысты  қоғамдық  қатынастарды  реттейтін  құқықтық  ережелердің   жиынтығын  зерттейтін  оқу  пәні  немесе ғылым  саласы. 

      Қазақстан  Республикасының айналадағы табиғи  ортаны  қорғау   туралы  заңы  адамның  өмірі мен денсаулығы үшін айналадағы  табиғи  ортаның қолайлы  болуына  тиісті  құқығын  қамтамасыз  етуге, қазіргі  және  болашақ  ұрпақтың мүдделерін көздеп, айналадағы табиғи ортаны қорғаудың құқықтық,  экономикалық  және  әлеуметтік негіздерін  белгілеуге  және  адам  қызметінің осы  табиғи   ортаға  зиянды  ықпал  жасауына  жол  бермеуге,   табиғи тепе-теңдікті   сақтау  мен  табиғатты  ұтымды  пайдалану  ісін  ұйымдастыруға   бағытталған. 

      Республикада   айналадағы  табиғи  ортаны  қорғау  жөніндегі   қатынастар   еліміздегі  табиғи  ортаны    жер,  жер қойнауы, су, орман,  атмосфералық ауаны,  жануарлар мен өсімдіктер дүниесін   қорғау  туралы  заңдары  мен  ол  заңдарды  қолдану  жөніндегі  өзге  де  Қазақстан  Республикасының  құқықты  актілерімен   реттеледі. 

Ол  заңдардың  міндеттері:

- адамның тұруы  үшін  қолайлы  ортаны  қамтамасыз  ету, табиғи  қорларды  ұтымды  пайдалану, жаңғырту  және  неғұрлым  ұзақ  мерзімге  сақтау, айналадағы   табиғи  ортаны   сауықтыру мен жақсарту, оған  шаруашылық  және  өзге  қызметтің  зиянды  ықпал  жасауына  жол  бермеу мақсатында  айналадағы   табиғи  ортаны  қорғау  жөніндегі   қоғамдық  қатынастарды  реттеу;

- осы  қоғамдық  қатынастар   саласында  азаматтардың,   кәсіпорындардың,  мекемелер  мен   ұйымдардың  құқықтарын  қорғау;

-   табиғат  қорғау  заңдарын  бұзғаны  үшін   жауаптылық  шараларын  белгілеу;

-   әр  алуан  экологиялық  жүйелер   мен  ландшафтарды  (өңірлерді), бірегей  табиғи  объектілерді  және   соларға  байланысты   мәдени мүраны   сақтау;

-   қоғамдық  қатынастардың   осы  саладағы  заңдылық  және  құқықтық   тәртібін  нығайту.

Осы  аталған  экологиялық  құқықтың  қатынастар Қазақстан   Республикасының   мемлекеттік, қоғамдық  ұжымдары  мен  азаматтардың  табиғатты  қорғау  жөніндегі  қызметімен  жүзеге  асырылады.

Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік  экология   қызметі  оның  табиғатты  қорғау  шаралары  жүйесінде  қаралады.  Олардың  ішінде  табиғат  қорларын  есепке алу,  бағалау,  айналадағы  табиғи  ортаны   қорғау  мен пайдалануды  басқарудың  экономикалық тетіктерін    белгілеу  (жоспарлау, қаржыландыру, ақы  төлеу т.б.),  экологиялық  заң  актілерін   қабылдау  және  оларды  қолдану, осы табиғи  ортаны  қорғау  саласында  басқару  мен  бақылау, сараптама жүргізу, ғылыми  зерттеу қызметтерін  ұйымдастыру, экологиялық  кадрлар даярлау, білім, тәрбие беру және бұл  салада  халықаралық  ынтымақтастықты ұйымдастыру    ерекше  орын  алады.

Айналадағы  табиғи  ортаның  қолайлы  жағын  анықтап, оны  сауықтыруды  қамтамасыз  ету  жөніндегі  нысаналы да тиімді  қызметін  ұйымдастыру  үшін  республикалық  мемлекеттік  экологиялық  бағдарламасы,  облыстардың,  қалалар  мен  аудандардың  экологиялық   бағдарламалары әзірленіп  жүзеге  асырылады.  Бұл  бағдарламаларды  әзірлеу тәртібі  белгіленеді.

   Экология  құқығының  негізгі  тақырыбы    табиғат   ресустарын   тиімді   пайдалану,  ұдайы  молайту  және қорғау  салаларындағы  қатынастар   болып  табылады.   Ол  қатынастар  белгілі  бір  принциптерде  жүзеге  асырылады, Бұл  ретте  табиғат  қорларын  пайдалануды   оны  қорғаудан, табиғатты  қорғауды   оны  пайдаланудан   бөліп алып  қарауға  болмайды.   Бірақ, кейде  табиғат  қорларының  объектілерін  пайдаланудың, жаңғыртудың  немесе  қорғаудың  басымдылығы  да  болуы  мүмкін.

        Экология  құқығының  жүйесі  экологиялық   қатынастарды   ғылыми  түрде  салаларға  бөліп  қараудан   туындайды.   Оның  әр  саласы   зерттеу   тақырыбы  институтын  құрайды. 

 

 



Өзін-өзі бақылауға арналған сұрақтар:

1.Экологиялық құқық дегеніміз не?

2.Экологиялық менеджмент анықтамасы?

3.Экологиялық маркетинг анықтамасы

 
3 ПРАКТИКАЛЫҚ/лабораториялық САБАҚТАРЫНЫҢ ТАҚЫРЫПТАРЫ :


1 – тақырып. Кіріспе. Экология ғылымының даму кезеңдері .

Мақсаты: Экология ғылымының тарихы, мақсаты мен міндеттерін түсіндіру. 

Жоспар:

1.Экологиялық ғылымының даму кезеңдері , экологиялық көзқарастың қалыптасуы.

2.Пәннің мақсаты,   міндеттері.зерттеу объектісі



2-тақырып. Табиғатты қорғау ісінің  және экологиялық көзқарастың  қалыптасу тарихы.

 Мақсаты: Студенттерді табиғатты қорғау ісінің  және экологиялық көзқарастың  қалыптасу тарихымен таныстыру .



Жоспар:

1. Экологиялық көзқарас

3. Экологиялық гуманизм және оның принціптері 

4. Табиғат қорғау ұстанымдары



3- тақырып. Экология –ғылыми сала

Мақсаты: Экология ғылымының құрылымымен және зерттеу әдістерімен танысу

1.Экология ғылымының  құрылымы.  

2.Экологиялық  зерттеу әдістері


4– тақырып. Экология – кәсіби мамандық

Мақсаты: Студенттерді Экология мамандығының құрылымы, эколог маманның міндеттерімен, қызмет турлерімен таныстыру .

Жоспар:

1.Экологияның кәсіби мамандық ретінде анықтамасы.

2.Экологиялық мамандықтың құрылымы, міндеті, мақсаты.

3.Экология мамандығының қазіргі қоғамдағы ролі. 

4.Эколог маманның  жұмыс қызметінің түрлері.


5- тақырып. Теориялық экология негіздері

Мақсаты: Студенттерге теориялық экология негіздерін түсіндіру .

Жоспар:

1.Ағзаның және қоршаған ортаның байланысы, экологиялық факторлар.

2.Популяциялық экология.

3.Биосфералық экология.

4.Экологиялық факторлардың   адам ағзасына әсері.

5.Экологиялық факторлардың  биотикалық ортаға әсері.



6– тақырып    Қолданбалы экология негіздері (2 с)

Мақсаты: Студенттерді қоршаған ортаға антропогенідік әсер ету түрлерімен таныстыру .

Жоспар:

1.Биосфераға антропогендік әсер ету.

2.Биосфера компоненттеріне адам қоғамының әсер ету ерекшелігі.

2.Адамның биосфераға әсер етуінің түрлері.

3.Жер биосферасына әсер етудің экстремалдық түрлері.


7- тақырып. Экологиялық жобалау және инженерлік экология

Мақсаты: Студенттерді Экологиялық жобалау және инженерлік экология негіздерімен таныстыру .

Жоспар:

1.Экологиялық жобалау туралы түсінік.

2.Табиғи  орта жүйелерін жобалау.

3.Қоршаған ортаны инженерлік қорғау.

4.Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және  қоршаған орта.


8– тақырып. Экологиялық бақылау және экологиялық процесстерді басқару

Мақсаты: Студенттерге экологиялық бақылау және экологиялық басқару негіздерін түсіндіру .

Жоспар:

1.«Экологиялық бақылау» және «Экологиялық басқару» ұғымы.

2.Экологиялық бақылаудың түрлерінің ерекшелігі.

3.Қоршаған орта  процесстерін экологиялық басқару.



9 –тақырып .  Экологиялық білім беру, тәрбиелеу және  экологиялық көзқарас .

Мақсаты: Студенттерде экологиялық білім  тәрбие, экологиялық көзқарас қалыптастыру .

Жоспар:

1.«Экологиялық білім», «Экологиялық тәрбие», «Экологиялық көзқарас» ұғымдары.

2.Қазақстан Республикасындаға  экологиялық білім беру және тәрбиелеу  принціптерінің ерекшеліктері.

3.Экологиялық ағарту мен экологиялық  мәдениеттің байланысы.

4. Экологиялық  қызметтің психологиясы.


10-тақырып. Экологиялық құқық, менеджмент және маркетинг (1с)

Мақсаты: Студенттерді Экологиялық менджмен, маркетинг, құқық негіздерімен таныстыру .

Жоспар:

1.Экологиядағы құқықтық басқару механизмдері.

2.Табиғатты пайдалану менеджменті. 

3.Табиғаттың экологиялық, эстетикалық және мәдени  құндылығы.

4.Табиғи ортаның маркетингтік құндылығы.



Семинар сабақтарына дайындалудың әдістемелік нұсқауы.

Семинар сабағында тақырыптың негізгі сұрақтары қарастырылады. Семинар сабағының тақырыптық жоспары, негізгі және қосымша әдебиеттердің тізімі, семинар сабағының тақырыптарына әдістемелік кеңестері «не?» және «қалай істеу керек?» деген сұрақтарға жауап береді. Семинар сабақтардың тақырыптары бойынша әдістемелік кеңестерді мұқият оқып, семинар сабағының тақырыптық жоспарының сұрақтарына өзіндік жауап дайындаңыз. Әр сұрақты дайындау барысында схема түрінде, қысқаша жауаптың тезисін және негізгі ережелерін белгілеңіздер. Дайындықты аяқтағаннан кейін өз біліміңізді өзін-өзі тескеру сұрақтарының көмегімен тексеріңіз. Өзіндік жұмыс барысында қиындық туғызған сұрастарды жазып алып оқытушымен талқылаңыз.



4 КУРСТЫҚ ЖҰМЫС/ЖОБА оқу жоспары бойынша қарастырылмаған.
5 БІЛІМАЛУШЫЛАРДЫҢ ӨЗДІК ЖҰМЫСТАРЫ

Емтихан сұрақтары

        1. Экологиялық ғылымының даму кезеңдері , экологиялық көзқарастың қалыптасуы.

        2. Пәннің мақсаты,   міндеттері.зерттеу объектісі

        3. Экологияның даму этаптары? .

        4. Экологияның қазіргі мәселелерді шешудегі ролі қандай?

        5. Экология ғылымының  құрылымы.  

        6. Экологиялық  зерттеу әдістері

        7. Экологияның зерттеу әдістері қандай? .

        8. .Аутэкология дегеніміз не?

        9. Синэкология нені оқытады?

        10. Экологияның кәсіби мамандық ретінде анықтамасы.

        11. Экологиялық мамандықтың құрылымы, міндеті, мақсаты.

        12. Экология мамандығының қазіргі қоғамдағы ролі. 

        13. Эколог маманның  жұмыс қызметінің түрлері.

        14. Ағзаның және қоршаған ортаның байланысы, экологиялық факторлар.

        15. Популяциялық экология.

        16. Биосфералық экология.

        17. .Экологиялық факторлардың   адам ағзасына әсері.

        18. Экологиялық факторлардың  биотикалық ортаға әсері.

        19. .Биосфераға антропогендік әсер ету.

        20. Биосфера компоненттеріне адам қоғамының әсер ету ерекшелігі.

        21. .Адамның биосфераға әсер етуінің түрлері.

        22. .Жер биосферасына әсер етудің экстремалдық түрлері.

        23. .Экологиялық жобалау туралы түсінік.

        24. .Табиғи  орта жүйелерін жобалау.

        25. Қоршаған ортаны инженерлік қорғау.

        26. Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі және  қоршаған орта.

        27. .«Экологиялық бақылау» және «Экологиялық басқару» ұғымы.

        28. .Экологиялық бақылаудың түрлерінің ерекшелігі.

        29. .Қоршаған орта  процесстерін экологиялық басқару.

        30. «Экологиялық білім», «Экологиялық тәрбие», «Экологиялық көзқарас» ұғымдары.

        31. Қазақстан Республикасындаға  экологиялық білім беру және тәрбиелеу  принціптерінің ерекшеліктері.

        32. Экологиялық ағарту мен экологиялық  мәдениеттің байланысы.

        33. Экологиялық  қызметтің психологиясы.

        34. Экологиядағы құқықтық басқару механизмдері.

        35. Табиғатты пайдалану менеджменті. 

        36. Табиғаттың экологиялық, эстетикалық және мәдени  құндылығы.

        37. .Табиғи ортаның маркетингтік құндылығы.



Білімалушыладың оқытушымен орындайтын өздік жұмыстарын (жеке дара өздік жұмыстарын) тиімді ұйымдастыру үшін нұсқамалар

Өткен материалды пысықтау. Өткен дәріс материалдарын пысықтау өзіндік жұмыстың маңызды түрі болып табылады. Материалдың толық және тереңірек пысықталуы, өзіндік жұмыстың басқа түрлерін орындаған кезде жеңілдік туғызады. Алғашқы сабақтан бастап, өткен дәріс материалдарымен жүйелі түрде жұмыс жасау, келесі дәрістердің материалдарын түсіну үшін және практикалық және лабораториялық сабақтардың материалдарын игеруге қажетті талаптар болып табылады.

Материалды пысықтауға кірісу кезінде қажет:



  • дәрістердің конспектісі болуы;

  • курс бағдарламасының болуы;

  • ұсынылған әдебиеттердің болуы (оқулық, оқу құралы, есептер жинағы), қажетті жағдайда керекті құралдардың, материалдардың және құрылғылардың болуы;

Жұмыс әдісі:

  • дәріс материалдарын мақсатты түрде пысықтау;

  • конспектпен жұмыс жасау барысында әдебиеттерге сілтеме жасау тиімді болады (бұл емтиханға дайындалған кезде қажет болады) және қеректі толықтырулар, ал қажет жағдайда өзгерістер енгізу тиімді болады;

  • тақырыппен жұмыс жасау, материалды толық түсінгенге және есте сақтағанға дейін жалғасуы тиіс;

  • тақырыппен жұмыс жасау, оқулықтарда және оқу құралдарында келтірілген мысалдар мен есептерді талықлаумен және оларды шешудің әдістерін толық игергеннен кейін аяқталады;

  • егер тақырыппен жұмыс жасағаннан кейін түсініксіз сұрақтар туындаса, оларды оқытушымен келесі дәрісте талқылау қажет.

Коллоквиумға дайындалу. Курстың теоретикалық бөлімін игеру

дәрежесін бағалау үшін кейбір пәндер бойынша колоквиум (әңгімелесу) өткізіледі. Соған байланысты колоквиумға ұсынылатын сұрақтар бойынша теоретикалық материал тағы да қайталануы тиіс.



Бақылау жұмыстарына дайындық. Бақылау жұмыстарын өткізудің мақсаты болып табылады:

  • студенттердің ағымдағы білімдерін тексеру;

  • студенттің дайындығын анықтау;

  • үлгерімі төмен студенттермен жұмыс жасау әдістемесін ұйымдастыру.

Бақылау жұмысына дайындалу барысында студенттер мына жағдайларды білуі қажет:

  • бақылау жұмысының тақырыбын білу;

  • естегі теориялық материалды және берілген тақырып бойынша есептер шешімінің негізгі әдісін жаңарту;

  • оқулықтардағы қарастырылған мысалдар мен есептерді және тәжірибелік сабақтарда қарастырылған есептерді қайта қарау.

Егер студент, бірінші дәрістен бастап өткен материалдар бойынша жүйелі түрде жұмыс жасайтын болса, онда бақылау жұмысына дайындық еш қиындық туғызбайды және көп уақытты қажет етпейді.

Жобаларды орындау. Жобалар мен жұмыстарды орындау кезінде тапсырмамен бірге кафедрада берілген әдістемелік нұсқауларды басшылыққа алу керек. Тапсырманың орындалу тәртібі:

  • тапсырманы орындауды өзіндік жұмыстардың орнатылған кестесінен кеш мерзімнен бастамау;

  • егер тапсырманы орындау кезінде қиындықтар туындайтын болса, онда курстың тиісті тақырыбына қайтып келіп, оны қайта жасап және содан кейін тапсырманы орындауға қайта кірісу керек;

  • егер бұдан кейін қиындықтар туындаса, онда оқытушыға консультацияға келу керек;

  • қабылданған шешімді талдау;

  • тапсырманы қорғауға дайындалу барысында теорияның тиісті жағдайларын тексеру және кейбір мәліметтердің өзгеруіне байланысты шешім ойластыру;

  • тапсырманы орындау барысында пайдаланылған әдістерді түсінгендігіне көз жеткізу;

  • тапсырма кестеде орнатылған мерзімнен кешіктірілмей қорғалуы керек, басқа жағдайда ол академиялық қарыз болып есептеледі.

Өзіндік жұмысқа берілетін уақыт шектеулі, сондықтан өзіндік жұмысты дұрыс жоспарлай білуді үйрену, өзіндік жұмыстың дағдыларын игеруге ұмтылу, оң тәжірибені қабылдау, жұмыс қабілеттігін сақтау үшін өнімді жұмыс жасай білуді және дұрыс демалуды үйрену қажет.

Ескерту: Ұсынылған әдебиеттер мен нормативтік-құқықтық актілер тізімі әрекеттегі заңдылықтар есебімен өзгеруі мүмкін (силлабусты қараңыз).


Тақырыптардың атауы

Біоімалушылар өздік жұмыстар жүргізу нысандары

Табиғат объектілеріне меншік құқығы.

Өзіндік орындалатын дәріс конспектілерін және қосымша конспектілерді оқу, глоссарий құрастыру, семинар сабақтарының мазмұны бойынша схемалар мен кестелер құрастыру

Табиғатты пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауды мемлекеттік басқарудың ұйымдық-құкыктық нысандары.

Қарастырылған тақырып бойынша кесте жасау, сипаттама беру

Қазақстан Республикасының экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету шаралары.

Өзіндік орындалатын дәріс конспектілерін және қосымша конспектілерді оқу, глоссарий құрастыру, семинар сабақтарының мазмұны бойынша схемалар мен кестелер құрастыру

Қоршаған ортаны қорғау саласындағы дауларды шешудегі қоғамдық бірлестіктердің құқықтары мен міндеттері.

Қарастырылған тақырып бойынша кесте жасау, сипаттама беру

Қоршаған ортаны қорғау туралы зандарды бұзғаны үшін жауаптылық

Қоршаған ортаны қорғау туралы зандарды бұзғаны үшін жауаптылықтың түрлеріне сипаттама беру. Конспектілеу№


Білімалушылардың өздік жұмыстарының тақырыптары
1 рубежді бақылау – эссе

2 рубежді бақылау – жоба.
Өздік жұмыстарын орындау талаптары:
Өздік жұмысын жұмысын жазу бойынша әдістемелік нұсқау.

         Берілген жұмыс түрі студенттің білімін аралық немесе қорытынды бағалау, үшін оқытушының жеке сұрағына немесе тапсырмасына жазбаша жауап.

         Студент дербес тақырып мәнін ашуға тиісті. Бақылау жұмысын орындау кезінде оқу құралдарынан басқа өзге де қайнар көздерді пайдаланып, оларға сілтеме жасалса, жауаптың сапасы мен оның бағасын жоғарлатады.


Эссе жазудың әдістемелік нұсқауы.
Эссе дегеніміз (фр. тіл. essai -тәжірбие, лат.т. exagium – құрау ) – философиялық, әдеби, тарихи, публицистикалық, әлеуметтанулық, саяси және тағы басқа саладағы ғылыми емес, автордың жеке көзқарасын білдіретін прозалық мәтін. Жанр ретінде енгізген 1580 ж. Мишель Монтень болатын, ал «эссе» сөзін бірінші рет қолданып, осы жанрда 1597 жылы Френсис Бэкон кітаптарын жазып шығарды.

Эссе екіге бөлінеді: 1) субъективті; негізгі мақсаты – авторды жан жақты ашу, таныту. 2) объективті; негізгі мақсаты – белгілі бір ғылыми тақырып бойынша автордың көзқарасын ашу, таныту.

Жазылу көлемі: 500 сөз, 1-2 беттен 20 бетке дейін.

Эссе жазу кезеңдері: Проблеманы анықтау - ойлану–жоспарлау–жазу–тексеру



ЭССЕ жазу барысында қатаң сақталынуы тиіс ТАЛАПТАР:

• Жеке көзқарастың көрінісі;

• Фактілі дәлелдер (аргументтер);

• Теоретикалық негіздеме;

• Терминдерді қолдану;

• Цитаталарды келтіру;

• Әртүрлі көзқарастарды мысалға алу;

• Логикалық заңдылықтың сақталынуы;

• Салыстыру және қорытындылау әдістерін қолдану;

• Сауаттылық (пункт., орфогр.);

• Юмор, сарказм;

• Қолданылатын ғылыми еңбектерге сілтеме жасау.



Эссенің жазылу құрылымы:

1. Кіріспе. Тақырыптың негізгі мәні мен негіздемесі тезис түрінде көрсетіледі;


2. Тақырыпты дамыту: тақырыпқа сәйкес бар біліміңізбен: теория, фактілер, идея, ақпараттар, паралелдеу, аналогия, ассоцация, теңеу, сұрақтар қою, т.б. қолданып, дәлелдейсіз (аргументация).

Мыс. 1. Аргумент түсіндіру мысал (факт) байланыстырушы сөйлемдер.

2. Аргумент түсіндіру мысал (факт) байланыстырушы сөйлемдер;
3. Қорытынды. Жалпылау мен аргументтеріңіздің логикалық қорытындысы. «Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні”.

Жиі кездесетін қателіктер:

1. Проблема ашылмайды;

2. Автордың жеке позициясы көрінбейді;

3. Теоретикалық негіздемесі жоқ;

4. Терминдерді орынсыз, сауатсыз қолдану;

5. Тым қарапайым өмірдің мысалдары көп;

6. Ауызекі сөздер, диалект, сленг, жаргон сөздер;

7. Келтірілген мысалдар автор позициясына қайшы;

8. Қорытындылау, түйін шығару деген жоқ;

9. Логиканың болмауы.


Жоба жазудың әдістемелік нұсқауы.
Жоба оқытылатын пәннің қандай да бір ірі мәселелерін студенттермен дербес анықтауға, белгілі бір мәселеге қатысты түрлі концепциялар мен ғылыми көзқарастармен танысуға арналған.

Жоба таңдап алынған тақырыпқа бойынша өзекті ақпараттар, бірнеше әдеби қайнар көздердің негізінде дайындалады. Онда мәселенің негізгі концепциясы, мамандардың пікірлері, қолданылған ғылыми әдебиет тізімі көрсетіледі.

Жоба тақырыбын тандау студенттермен дербес жүзеге асырылады. Тақырып тандағаннан кейін және пән оқытушысымен кенескеннен кейін, студент тақырып бойынша кітаптардың, ғылыми мақалардың және анықтамалық құралдардың тізімін жасайды. Міндетті түрде тақырыпқа қатысты нормативті құқықтық актілердің, құқыққолданушылық және өзге құжаттардың бары анықталады.

     Жобада мәселе жағдайы, оның тенденциялары, ғылыми концепциялары мен көзқарастар, құжатта қайнар көздер мен практика материалдары анализденеді, негізгі ұғымдар мен жағдайлар көрсетіледі.

Зерттеу жұмысына деген жетекші пікірінде, маманның зерттеуді бағалауында, зерттеушінің таңдаған тақырыбына қосқан жаңалықтары, жетістіктері мен кемшіліктеріне шолу болуы керек.

Жұмыстың жабдықталуына қойылған талаптар:

жұмыс мәтіні толық комьютерде басылып шығуы тиіс (WORD, 14 шрифт, 1,5 интервал, сол жақтан 2 см жол қалдыру) сондай-ақ:

алғашқы бет;

мазмұны;

резюме (аннотация) – жұмыстың барысы туралы қысқаша мазмұндамасы;

кіріспе – жұмыстың тиянақты сипаттамасы, тақырыптың таңдалуы, мақсаты, жұмыстың жүзеге асырылған жері;

негізгі бөлім: зерттеудің жабдықталуы мен әдістері, экспериментті бөлімі, шыққан қорытындылар және талқылау;

әдеби ізденістер мен нақтылықтардың (отандық және шетелдік) зерттеу кезіндегі әсері;

қорытынды (нәтижелер мен ұсыныстар);

пайдаланылған әдебиеттер тізімі;

алғашқы бетте көрсетіледі:

жұмыс жүзеге асырылған ұйымның аты;

жұмыстың тақырыбы;

бағыты;

орындаушы (тегі, аты, тобы);



жұмыстың жетекшісі (аты-жөні, оқу дәрежесі, қызметі, жұмыс орны);

жұмыстың орындалған уақыты.


ТАҚЫРЫПТАР:

  1. Қазақстан Республикасының кәзіргі кұкық жүйесіндегі эколоғиялық кұкыктың орны.

  2. Эколоғиялык кұкыктың баска кұкық салаларымен ара қатынасы.

  3. Эколоғиялык катынастарды реттеудеғі соттык тэжірибенің маңызы.

  4. Экология және табиғатты пайдалану жөніндегі халықаралык конвенциялар, мемлекет аралық келісімдер мен шарттар.

  5. Табиғи ресурстарға жеке меншік кұкығының мазмүны.

  6. Табиғи ресурстарға жеке меншік қүкығының объектілері мен субъектілері.

  7. Табиғи ресурстарға жеке меншік күкығының пайда болу, өзғертілу және токтатылу негіздері.

  8. Табиғатты пайдалану кұқығын қорғау.

  9. Табиғатты пайдалану мен коршаған ортаны қорғау туралы дауларды қарау және шешу тәртібі.

  10. Қоршаған ортаны қорғау саласындағы соттардың кызметі. Қоршаған ортаны корғау саласындағы прокуратура мен ішкі істер орғандарының кызметі.
  11. Қоршаған ортаны корғау жөніндегі шараларды жүргізуғе арналған қаражаттық кұралдарды жұмсау.
  12. Экологиялық аудиттің қүқықтық жағдайы.

  13. Экологиялык заңдарды бұзганы үшін баска экологиялық жауапкершіліктің түрлері.

  14. Табиғи ресурстарға келтірілген зиянды өтеудегі тәртібі.

  15. Экологиялык заңдарды бұзганы үшін баска экологиялық жауапкершіліктің түрлері.

  16. Жерді коргаудың мақсаттары мен міндеттері.

  17. Жерді пайдалану мен корғауды мемлекеттік бакылау.

  18. Меншік иелеріне немесе жер пайдаланушыларға келтірілген шығындарды өтеудің негіздері мен тэртібі.

  19. Жер койнауына, жер қойнауын пайдаланушыларға келтірілген зиянды өтеу.

  20. Трансшекаралық суларды пайдалану және қорғау саласындағы халыкаралык ынтымактастык.

  21. Орман қорының мемлекеттік есебі, мемлекеттік орман кадастры және мемлекеттік орман мониторингі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет