«Экологиялық мәдениет пен сананы қалыптастыру»



Pdf көрінісі
бет144/181
Дата30.05.2023
өлшемі5.99 Mb.
#474519
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   181
24.05-sbornik-respublikanskoy-konferentsii-ekologiya (3)

 
 


286 
ЛИТЕРАТУРА 
 
1. Матюшкин А.М. Развитие творческой активности школьников.- М.: 
«Педагогика», 2001. – 106 с. 
2. Литранович Ж.Т., Землянова В.Д. Развитие познавательной активности и 
творческих способностей учащихся в контексте современных образовательных 
технологий//Педагогический альманах, 2002, № 1. – С. 28-31. 
3. Усова А.В., Вологодская З.А. Самостоятельная работа учащихся по физике в 
средней школе. - М.: «Просвещение», 2006. – 176 с.
ӘОЖ 372.853 
 
ФИЗИКАНЫ ОҚЫТУДА КОМПЬЮТЕРЛІК МОДЕЛЬДЕРДІ 
ПАЙДАЛАНУ 
 
Ізбасханова А.Ғ. , студент, Есенов атындағы КМТИУ, Ақтау қаласы 
Ғылыми жетекші: Туркменбаев А.Б.
Ш. Есенов атындағы КМТИУ, Ақтау қаласы 
Аңдатпа. Мақалада физикалық құбылыстарды компьютерлік модельдеу 
мүмкіндіктері туралы сөз қозғалады. Компьютер көмегімен физикалық процесті 
модельдеуге, эксперименттік зерттеулер жүргізуге, эксперименттерді құралдармен жасау 
қиын немесе мүмкін емес жағдайларда зертханалық практикумдарды өткізуге 
болатындығы қарастырылған. 
Түйінді сөздер: білім беру, компьютерлік модельдеу, ядролық реакция, тізбекті 
реакция, нейтрон. 
Қоғам дамуының қазіргі кезеңі – адам қызметінің барлық жақтарынан дер кезінде 
және толық мәлімет алып отыруға, ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуге, білім беру 
мазмұнын ізгілендіруге мүмкіндік беретін ақпараттандырудың маңыздылығымен 
ерекшеленеді. 
Білім беруді жетілдірудің ең негізгі бағыттарының бірі – оқыту үдерісін жан-
жақты және жүйелі түрде компьютерлендіру. Оқыту үдерісін компьютерлендірудің, 
соның ішінде физика курсына қатынасын атап көрсетуге болады. Физиканы оқыту 
үдерісін компьютерлендіруді түрлі жолдармен жүзеге асыруға болады. Соның бірі қазіргі 
буынғы компьютерлік техника мүмкіндіктерін физикалық құбылыстар мен процестерді 
компьютерлік модельдеуде кеңінен пайдалану. 
Физикалық құбылыстар мен процестерді модельдеуде компьютерді пайдаланудың 
маңыздылығы туралы пікір педагогика ғылымында берік орнықты.
Н.Б. Розова «оқу үдерісіне компьютерді енгізуге байланысты көптеген ғылыми 
дүниетаным әдістерінің, әсіресе модельдеу әдісінің мүмкіншіліктері бірден артады, 
модельдеу кезінде құбылыстың мәні ерекше айрықшаланып, олардың бірлігі нақтылана 
түсетіндіктен, бұл оқыту тиімділігін арттыруға мүмкіндік туғызады деп көрсетеді [1]. 
Физикалық құбылыстардың компьютерлік модельдерін пайдаланып оқыту 
оқытушыға сабақта физикалық ұғымдардың мағынасын тереңірек ашуға, білім 
алушыларды физиканың қазіргі эксперименттік базасымен таныстыруға, физикалық 
құбылыстар мен процестерді зерттеу әдістерін толық түсіндіруге, білім алушыларға білім 
беру жүйесі мен ғылыми, зерттеу әдістері арасындағы тығыз байланыстардан хабардар 
етуге мүмкіндік береді [2].
Яғни, компьютердің физика пәнін оқытуға берер көмегі көп. Осы ойымызды 
дәлелдеу үшін жаңа теориялық материалды (физикалық құбылыстарды) түсіндіру 
барысында компьютерік модельдерді қолдану арқылы өткізілген кезекті сабақ барысынан 


287 
мысал келтірейік. Сабақтың тақырыбы: Ядролық реакциялар. Ядролық реакция 
тақырыбындағы атом ядроларының элементар бөлшектермен өзара әсерлесу кезінде 
болатын реакцияның компьютерлік моделін қарастырайық. Бұл реакцияның механизмін 
тек қана мультипликация арқылы көрсетуге болады. Оқытушының құбылысты ауызша 
баяндауын компьютерлік модельмен байланыстыру өте ыңғайлы болады. 
Ядролық реакцияны алғаш рет 1919 жылы Э. Резерфорд жүзеге асырған. Ол азот 
атомының ядросын альфа-бөлшектермен атқылау нәтижесінде оттегі изотопы мен 
протонды алды. Осы ядролық реакцияны алу үшін пайдаланылған қондырғының моделі 
компьютер мониторында көрсетілген (Сурет 1). 
Камерада (А) альфа-бөлшектер шығаратын радиоактивті зат бар. Бұл бөлшектер 
экранға (F) тиіп, микроскоп (М) арқылы бақыланатын сцинтилляция туғызады. Экранның 
алдына альфа-бөлшектер өтіп кетпейтіндей, экранда сцинтилляция туғызбайтындай, 
қалың метал пластинка (S) қойылған.
Егер камераны1-ші батырманы шерту арқылы оттегіне толтырып, 3-ші 
батырманы шерту арқылы іске қосатын болсақ, онда экранда сцинтилляция болмайтыны 
байқалады.
Егер оттегінің орнына 2-ші батырманы шерту арқылы азот алынып, 3-ші 
батырманы шерту арқылы іске қосатын болсақ, онда сцинтилляция байқалады. 
Сурет 1. Ядролық реакция 
Тәжірибедегі бөлшектердің магнит өрісінде бұрылуы олардың оң заряды бар 
екенін көрсетеді. Камерада протондардың пайда болуын былай түсіндіруге болады: азот 
атомдарын альфа-бөлшектермен атқылағанда альфа бөлшектердің кейбіреулері азот 
ядросына өтіп кетеді де, одан протондарды ысырып шығарады, протондар жылдамдығы 
үлкен болғандықтан олар пластинкадан өтіп, экранда сцинтилляция туғызады.
Бұл кұбылыста ядроның түрлену процесі бар, ол екі кезеңнен кұралады:1) Альфа-
бөлшектің азот ядросына кіріп, орнықсыз ядро жасалуы;2) Ядроның екі бөлшекке 
ыдырауы, оның біреуі протон болады, ал екіншісі оттегі изотопы деуге болады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   140   141   142   143   144   145   146   147   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет