«Экологиялық мәдениет пен сананы қалыптастыру»



Pdf көрінісі
бет50/181
Дата30.05.2023
өлшемі5.99 Mb.
#474519
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   181
24.05-sbornik-respublikanskoy-konferentsii-ekologiya (3)

Маңғыстау облысында туризмді дамытуға кедергі келтіретін мәселелерге 
тоқталсақ:
 
инфляцияның өсуі, әлемдік қаржы нарығының тұрақсыздығы;
 
мамандардың дұрыс тіл таба алмауы немесе сервис қызметінің дамымауы;
 
елшіліктердің қателіктері;
 
шетелдік азаматтардың виза алуы және мемлекетте тіркелуі:
 
бағдарламаның толыққанды орындалмауы, стратегиялық құжаттардың 
сапасыз іске асырылуы;
 
білікті мамандардың аздығы;
 
инфрақұрылымның жеткілікті дамымауы;
 
жергілікті атқарушы биліктің жеткілікті дәрежеде көңіл бөлмеуі;
 
сыбайлас жемқорлықтын әсері;
 
халықаралық деңгейдегі әлемге әйгілі ескерткіштердің болмауы;
 
маркетингтік шаралардың жеткіліксіздігі;
 
ғаламторда Қазақстан туралы ақпараттын аздығы;
 
көңілі толмаған туристердің ғаламторға жазған пікірлері;
Осы кемшіліктерді жою мақсатында бірнеше бағдарламалар қабылданды. Туризм 
индустриясы комитетінің төрағасы Е.С.Никитинскийдің сөзіне сүйенсек, Кендірлі 
демалыс орыны Маңғыстауды Қазақстанның батыстағы туристік орталығына айналдырып 
қана қоймайды. Оның айтуынша, 2015 жылы Маңғыстау – әлемдік нарықтағы туристік 
сектордың маңызды бөлігін жаулап алуы тиіс. Сонымен қатар, Каспийде Қазақстан, Ресей, 
Иран, Түркменстан, Әзірбайжанның қатысуымен халықаралық теңіз круизын 
ұйымдастыру да қолға алынбақ. 
Аталған шаралардың жүзеге асырылуы - Маңғыстау облысының туризм 
орталығына айналуына шын жағдай жасайды және мүмкіндік береді.
Ландшафттық және биологиялық әртүрлілікті сақтау бағыттарының бірі статусы 
бойынша әртүрлі болатын «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар» жүйесін жасау болып 
табылады. 
Бірінші кезектегі экологиялық мәселелерді шешумен қатар, туризм облысында 
мәселені шешудің маңызды мағынасы бар. Неғұрлым тұрақты дамуға ауысу кезінде 
бірінші кезекте қоршаған ортаны жақсарту мәселесін шешу қажет, онда туристтік сферада 
туризмнің табиғатты сақтайтын түрлерінің дамуына назар аудару керек. Ұзақ мерзімдік 
2030 - стратегиясының «Экология және табиғи қорлар» басымдықтарына экотуризмді 
дамытудың кіргені кездейсоқтық емес. 
Бүгінгі таңдағы өңірімізде туризмді дамытудың басым бағыттары: 
1. 
Туризм инфрақұрылымын дамыту. Орналастыру объектілері, қонақ үйлерді, 
демалыс базалары, санаторлық-курорттық мекемелер қосқанда, жаңартуды талап етеді.
2. 
Туризм инфрақұрылымын дамыту мәселелерін шешу және инвестициялық 
климатты жақсарту үшін мына шараларды жүзеге асыру қажет: туристік индустрия 
нысандарының жұмыс жасауы үшін коммуникациялық жүйелерді салу, электр қуатын 
жеткізуді тарту, сумен қамту және суды бұру жүйелерін салу, телефон желісін оранту 
немесе тарту және спутниктік байланыспен қамтамасыз ету, жолдарды қайта құру және 
салу. 
Облыста мәдени-тарихи және рекреациялық зоналарды дамыту және сақтау болып 


101 
табылады. Туристік әлеуетті зерттеу қорытындысы бойынша Маңғыстау облысы 
экологиялық туризмді дамыту үшін зор мүмкіндікке ие. Оның негізін, керемет табиғи 
ландшафтар,көптеген тарихи ескерткіштер, мәдени және этникалық мұралар құрайды. 
Аталған бағытта туризм инфрақұрылымын кеңінен дамытуды қажет етпесе де, дамытуға 
шын көңіл бөлуді талап етеді. 
Кешенді шараларды шешу облыс ішінде, сонымен қатар шетелден туристер ағынан 
арттыруға мүмкіндік береді, нәтижесінде өңірдің туристік өніміне қызығушылықты 
біршама арттыруға әкеледі.
Сонымен бірге, өңірде Маңғыстау облысы Батыс Қазақстанда туризм орталығы 
болуына мүмкіндіктер мен нақты жағдайлар жасалатын болады 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет