«Экологиялық мәдениет пен сананы қалыптастыру»


Ғылыми жетекшісі: Сатанбаева А.Ө



Pdf көрінісі
бет77/181
Дата30.05.2023
өлшемі5.99 Mb.
#474519
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   181
24.05-sbornik-respublikanskoy-konferentsii-ekologiya (3)

Ғылыми жетекшісі: Сатанбаева А.Ө. 
Ш. Есенов атындағы КМТИУ, Ақтау қ. 
Аңдатпа. әлеуметтік инфрақұрылымның салалары ең ірі әрі еңбекті көп қажет 
ететін кешен болып табылады. Елдің әлеуметтік жағдайы мен даму болашағы онымен 
тығыз байланысты. Бұл кешеннің географиясын тұтыну факторы - халықтың орналасуы 
басқаларға қарағанда көбірек анықтайды. 
Түйінді сөздер: Инфрақұрылым, әлеуметтік сала, тұрғындар, логистика, байланыс, 
маңғыстау. 
Инфрақұрылым - экономиканың және адамдардың қызмет етуінің жалпы 
жағдайларын жасауды қамтамасыз ететін халық шаруашылығы салаларының жиынтығы 
(мысалы өндірістік инфрақұрылым - жолдар, көлік, байланыс, электрмен қамту желісі
қоймалар және т.б.; әлеуметтік - тұрмыстық инфрақұрылым – тұрмыстық -
коммуналдық шаруашылық, сауда, 
жолаушылар 
көлігі 
және байланыс, 
білім 
беру, ғылым, мәдениет, денсаулық сақтау және т.б.; экологиялық инфрақұрылым - 
тазалаушы құрылымдар, бөгеттер, дренажды жүйелер, саябақтар және т.б.). 
Материалдық өндіріс пен қоғамның өмір сүру жағдайын қамтамасыз ету үшін 
қажетті ғимараттар, жүйелер мен қызметтердің жиынтығы.
Маңғыстау облысы – Қазақстан Республикасының қиыр оңтүстік-батысында 
орналасқан әкімшілік бірлік. Жер аумағы: 165 642 км², тұрғын саны 674 963 адамды 
құрайды. Каспий теңізі жағалауында орналасқан бұл облыс арқылы, 6 050 тонна 
шамасында тауар экспорттап, 18 314 тонна тауар импортталады. Республикамызға 
осыншама маңызы бар облысымыздың ішкі жағдайы, яғни инфрақұрылымын 
қарастырайық. 
Маңғыстау облысы еліміздің тарихында мыңжылдықтар датасын атап өткен Тараз 
бен Шымкент, Түркістан мен Алматыдан кейінгі бесінші өлке ретінде Маңғыстау 
атауының мың жылдығы анықталды.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен жүзеге асып жатқан «Рухани 
жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалары аясында жеті жұрт келіп, жеті жұрт 
кеткен Маңғыстаудың тарихын насихаттау. Шетелдік ғалымдардың қатысыумен кешенді 
ғылыми зерттеулер, халықаралық деңгейде экспедициялар мен конференциялар жоспарлы 
түрде іске асырылуда. 
Қазақ шығанағында казірдің өзінде демалыс зонасы бар. Оның қасындағы «320 
әулие жерінде» (кейде Маңғыстау түбегін солай атайды) жер асты мешіттері (Бекет ата 
және т.б.) мен елкенің орта ғасырдағы астанасының қалдықтары сақталған. 
Бұл - біздің еліміздегі рекреациялық байлықтын, тек бір кішкене бөлігі ғана. Олар - 
қазақстандықтар ғана емес, сонымен бірге саны 2007 ж. 6 млн-нан асқан туристердің де 
тамашалайтын ғажайып жерлері. 
Әлеуметтік инфрақұрылым салалары Әлеуметтікинфрақұрылымның негізгі 
мақсаты - халыққа қызмет керсету. Бұл 30-дай саланы құрайтын күрделі кешен. Олар 
халықтың қалыпты тұрмыс-жағдайын қамтамасыз етіп, мамандар даярлаумен, адамдарды 
әр түрлі аурулардан қорғап, олардың дұрыс дем алуын ұйымдастырумен айналысады. 
Нақты айтқанда кешен еңбек өнімділігі мен елдің еркендеуі үшін «жұмыс істейді». 
Қызмет керсету түрлері өте көп. Олардың кейбірі күнделікті (біз күнде дүкенге барамыз), 
кейбірі андасанда (мысалы, ауырған кезде), ал қайсыбірі сирек уақытта (үй, машина 
жөндеу) қажетті болып табылады. Кейбір қызмет түрлері халыққа жаппай қажет болса 


152 
(сауда, денсаулық сактау, дем алу), олардың кейбіреулері тек жекелеген топтарға 
көрсетіледі. Сендерге, жастар үшін маңызды қызмет - білім беру, ал қарт адамдарға - 
кәрілікті әлеуметтік жағынан қамтамасыз ету. Бұл қызмет түрлері арналып көрсетілетінін 
білдіреді. Бірақ кез келген жағдайда олар адамдардың тұрып жатқан жерлерінде 
керсетіледі. Сондықтан әлеуметтік инфрақұрылымды орналастырудың негізгі факторы - 
халықтық (халықтың орналасуы) фактор. «Табиғат аясындағы» демалыс су 
айдындарымен, орман, таумен байланысты. Оған табиғиқор факторларының маңызы зор. 
Жоғары білім (университеттік, институттық) ғылыми орталықтарға жақын орналасады. 
(
≪ғылымды көп қажет ету≫ факторы). Инфрақұрылым нысандарын халыққа көлікпен 
бара алатындай етіп орналастырады (көліктік фактор). Халыққа күнделікті қызмет 
көрсететін салалар барлық халық орналасқан зонада біркелкі таралып орналасады. Қалған 
инфрақұрылым мекемелерінің желісі сиректеу болып келеді. Тұрмыстық қызмет көрсету 
1. Тұрмыстық қызмет көрсету. Сауда халықыа тұтыну тауарларын ұсынды. Олар үлкен 
партиямен (көтерме сауда) немесе бірбірлеп сатылады (бөлшек сауда). Сауда жұмысының 
негізгі көрсеткіші - оның көлемі (тауар айналымы) мен құрылымында. Халықтың әл-
ауқатының өсуіне байланысты, сауда құрылымында азықтық емес тауарлар үлесі кебеюде. 
Білім беру саласы бойынша облыста 117 күндізгі жалпы білім беретін мектеп 
(олардағы қатысушылар саны 88,1 мың), 13 колледж (10,3 мың қатысушы) 4 жоғары оқу 
орны (17,8 мың студент) жұмыс жасайды. Ең үлкен оқу орны Ш.Есенов атындағы Каспий 
технологиялар және инжиниринг университеті. 
Соңғы жыл ішінде, «Бейнеу ауданы Бейнеу селосында 900 орындық мектеп 
құрылысы», «Қарақия ауданы Жетібай поселкесінде 280 орынға арналған бала бақша 
құрылыс», «Жаңаөзен қаласының «Арай» ықшамауданында 320 орындық бала бақша 
салу» байламалау» сияқты жобалар жүзеге асырылды.
Қазіргі таңда, мемлекет облыс бойынша балабақша салу жобаларын қаржыландыру 
үстінде. Себебі, облысымыздың мектепке дейінгі мекемелерде орындар тапшылығын 
басты мәселелердің бірі. Бұдан басқа, балабақшалардың көбеюі облыстың демографиялық 
ахуалын арттыруға көмектеседі. Сондықтан біз өңірімізде балабақшалар салу мәселесіне 
аса назар аударып келеміз. 
2018 жылы 2895 орындық 24 балабақша пайдалануға беріледі деген жоспар 
болған. Балабақша ашуда облыс кәсіпкерлері белсенділік танытуда. Қазірдің өзінде 714 
орындық 10 жекеменшік балабақша ашылды. 
Денсаулық сақтау саласы бойынша облыста барлық мамандық бойынша 1,2 мың 
дәрігер қызмет ететін және 3,1 мың орта медицина қызметкерлері бар 36 аурухана 
мекемелері бар. 
Денсаулық сақтау нысандары бойынша «Ақтау қаласындағы 150 төсектік ана мен 
баланы қорғау орталығы құрылысы» нысанының құрылысы ағымдағы жылдың аяғында 
тапсырылады. Сонымен қатар Ақтау қаласында онкологиялық диспансер құрылысына 
ЖСҚ жасақтау. Түзету» жобасы бойынша ЖСҚ жасақталды [2]. 
Жалпы пайдаланымдағы автомобиль жолдарының желісіне Маңғыстау облысы 2 
586,2 км, оның ішінде: 
- 1033 шм – республикалық маңызы бар; 
- 1553 км – жергілікті желі, 932 шақырымы облыстық маңызы бар жолдар және 
621 шақырымы аудандық. 
01.01.2017 жылғы жағдай бойынша автомобиль көлігімен 84 801,4 мың жолаушы 
тасымалданды, автомобиль көлігімен жүк тасымалдау көлемі 216 351,5 мың тонна. 
Маңғыстау облысы бойынша жолаушылар тасымалымен 28 көлік мекемелері 
айналысады. Оның ішінде: 19 мекеме – аудандық және қалалық маршруттарға, 9 – облыс 
ішілік және облысаралық маршруттарға қызмет көрсетеді. Облысаралық және 
халықаралық маршруттар жоқ. Аталған маршруттық желіге 46 маршрут кіреді. Оның 
ішінде: 13 аудандық, 17 қалалық және 16 облысішілік маршрут. 


153 
Облыс көлеміндегі маршруттарда 440 автобус қызмет етеді, олардың тозу 
көрсеткіші 9,8 %. Жаңаөзен қаласында және Шетпе, Бейнеу ауылдарында 3 автобекет 
қызмет етеді. 
Барлық облысішілік және қалалық маршруттар GPS спутниктік навигаторларымен 
диспетчерлендіру мақсатында орнатылған. Автобустардың тұрған орны, қозғалыс 
интервалы мен жылдамдығы бойынша ақпараттар интернет арқылы бақыланады. 
Ауыл шаруашылығы.
Маңғыстау өңірінде ауыл шаруашылығының негізі - дәстүрлі 
мал шаруашылығы, оның ішінде тұрбалы және шахталы құдықтардың тұздылығы төмен 
тереңдегі жерасты суын пайдаланып, жыл бойы табиғи жайылымда бағылатын қой, 
жылқы және түйе шаруашылықтары дамыған. 
Мал шаруашылығы өнімінің негізгі көлемі шаруа қожалықтары және тұрғындар 
ауласында өндіріледі. 
2016 жылы қаңтар-желтоқсан айларында ауыл шаруашылығының жалпы өнім 
көлемі 11 574,2 млн теңге, оның ішінде егін шаруашылығында 2 118,5 млн теңге, мал 
шаруашылығында 9 434,2 млн теңге болды. 
Тұрақты бағамен ЖӨ-нің нақты көлем индексі (НКИ) –101,5% оның ішінде егін 
шаруашылығында 127%, мал шаруашылығында 96,1% құрады [1]. 
Осы тұрғыда энергетиканы, көлік пен телекоммуникацияны, облыстық және 
аудандық инфрақұрылымды, ауыл шаруашылығын дамытуды, сумен жабдықтауды және 
кәрізді, қоршаған ортаны қорғауды, қала құрылысын және логистика секілді 
инфрақұрылымдық секторларына, сондай-ақ басқа да өндірістік секторларға 
инвестициялау Банктің басым бағыттары болады.
Маңғыстау облысы бойынша Қазақстан Ұлттық Банкінің ресми филиалы мен 19 
дан астам екінші деңгейлі банктер бар [3]. 
Бұл облыстың инфрақұрылымдық жағдайының толық көрінісі емес жәнеде оны 
дамыту біздің басты мүддеміз болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   73   74   75   76   77   78   79   80   ...   181




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет