Тоғысқан-секционды зерттеулер.
Тоғысқан-секционды зерттеулер белгілі бір жағдайдың таралу жиілігін және белгілі бір уақыт аралығында сыналатын агенттің әсерін зерттейді.
Сипаттаушы немесе жүйелеп баяндайтын зерттеулер.
Сипаттаушы немесе жүйелеп баяндайтын зерттеулер белгілі бір ауруды сипаттайды. Егерде мұндай зерттеулер салдарынан гипотезаны құрастыру мүмкін болса, себептік заңдылықтарды анықтау үшін қатаң зерттеулер жүргізу қажет.
Дәлелді ақпарат көздерінің негізгі ерекшеліктері:
- жаңа мәліметтермен жаңартылып және толықтырылып отырады;
- барлық қол жетерлік баспалар және мәліметтердің электронды базасы көмегімен жаңа ақпараттарды тегіс қамтыған ізденіске негізделген;
- ол үшін тек шынайы фактілер алынады;
- дәрілік препараттарды (жабдықтарды) шығаратын өндірушілер ақпарат көзінің мазмұнына әсерін тигізе алмайды.
Дәлелді медицина шегінде қолданылатын шешімдердің сапасын бағалаудың жаңа әдістемелік жолдары өңделіп, тәжірибеге табысты енгізілуде. Медициналық ақпараттарды әдеттегідей сипаттамалық талдау, нәтижелерді қате бағалауға әкеліп соғады. Мұндай қателіктерді азайту үшін ғылыми-жүйеленген жол – мета–анализ қолданылады.
Мета-анализ – бұл бір медициналық әрекетті бірнеше клиникалық зерттеулерден өткізіп, оның қорытындыларын біріктіріп, сандық талдау жүргізу. Талдаудың бұл түрі іріктеу көлемінің ұлғаюына байланысты әр жекеленген зерттеулерге қарағанда, статистикалық мүмкіндігі зор. Дәлелді медицина бойынша қажетті ақпараттарға қол жеткізу үшін және мета-анализді жүргізу үшін мәліметтер базасына жол табу керек (Medline, Cochrane, Adonis және тағы басқалары). «Кохрейн Коллаборейшн» ассоциациясы мета-анализды белсенді жүргізетін және тек компьютер торы арқылы қол жеткізуге болатын жүйелі шолуларды құрастыратын 3000-нан астам мүшелерді біріктіреді.
Мета-анализ қаншама зерттеулердің нәтижелерін жалпылау және де зерттеулер нәтижелерінің дәлелділігін жоғарлату үшін қолданылады.
Мета-анализ 6 кезеңнен тұрады:
анализдің негізгі мақсатын анықтау;
нәтижелерді бағалау әдістерін таңдау;
ақпараттарды жүйелі түрде іздеу;
сандық ақпараттарды жалпылау;
оны статистикалық әдістердің көмегімен талдау;
нәтижелерді интерпретациялау.
Кумулятивті мета-анализ жаңа мәліметтер пайда болған кезде, жинақталған мәліметтердің кумулятивті қисығының пайда болуын қамтамасыз етеді.
Перспективті-ретроспективті мета-анализ жаңа нәтижелермен ескі нәтижелерді біріктіреді.
Жекеленген мәліметтердің мета-анализы – жекеленген науқастарды емдеу нәтижелерін зерттеуге негізделген талдау.
Мета-анализдың артықшылығы – бұл әдіс әр түрлі білім көздерінен алынған ақпараттарды ғылыми-негіздеп, ұдайы өндіру жолдарымен жалпылап отырады. Зерттеулердің статистикалық шынайы емес мәліметтерін біріктіргенде, шынайы мәлімет алынуы мүмкін. Мета-анализ жекеленген топтағы науқастар терапиясының нәтижелерін болжауға және болашақтағы зерттеулердің гипотезасын тексеруге мүмкіндік береді.
Мета-анализдың кемшіліктері – авторлар оң нәтижелерді баспаға жариялап, теріс нәтижелерді жасыруы мета-анализ нәтижелерінің бұрмалануына әкеліп соқтырады.
Ақпараттық ізденуді соңына дейін жүргізбеу, білім көздерін дұрыс таңдамау да нәтижелердің бұрмалану себептері болып табылады.
Сонымен, дәлелді медицина мәліметтерді нақты және саналы түрде жинақтап, оларды талдап, алынған ақпараттарды жалпылап, интерпретациялайды, жекелеп айтқанда белгілі бір науқасты емдеуде адал ниетті ұсыныстар жасап, өз принциптерін медицинаның кез–келген саласында қолданылуына жол ашады.
5-ші кестеде Шотландия университетаралық торы ұсынған дәлел деңгейлері келтірілген (Scottish Intercollegiate Guidelines Network - SIGN)
Кесте 5 Шотландия университетаралық торы ұсынған дәлел деңгейлері (Scottish Intercollegiate Guidelines Network - SIGN)
Деңгей
|
Дәлелдердің түрі
|
Ұсыныс дәрежесі
|
Ia
|
Рандомизацияланған бақылаулы зерттеулердің мета-анализы
|
А
|
Ib
|
Кем дегенде бір рандомизацияланған бақылаулы зерттеу
|
А
|
II a
|
Кем дегенде бір дұрыс жоспарланған рандомизациясыз бақылаулы зерттеу
|
А
|
II b
|
Кем дегенде басқа типті дұрыс жоспарланған бір квази-эксперименталды зерттеу
|
А
|
III
|
Жақсылап жоспарланған эксперименталды емес сипаттамалы зерттеулер: салыстырмалы зерттеулер, корреляциялы зерттеулер, кездейсоқ-бақылау зерттеулер
|
В
|
IV
|
Экспертті комитеттің баяндамасы, беделділердің клиникалық тәжірибесі (I-III деңгейдегі дәлелдер болмаған жағдайда)
|
С
|
Дәлелдердің сенімділігі ішкі және сыртқы шынайылыққа негізделген.
Ішкі шынайылық – ғылыми зерттеудің мақсаты болып табылатын – зерттелетін әсердің гипотезалық әсерге жақындық дәрежесі. Әдетте рандомизацияланған бақылаулы зерттеулер сенімділігінің жоғарғы дәрежесі, зерттеу тәртібінің ғылыми қатаңдығы төмендеген кезде азаяды.
Сыртқы шынайылық – нақты клиникалық тәжірибеде зерттеу нәтижелерінің әділеттілігін көрсететін сенімділік дәрежесі.
Клиникалық тәжірибеде қолданылатын сенімділік немесе дәлелділіктің деңгейлері (категориялары) (Дәрілік заттарды қолдану жайлы федералды ұсыныс, М., 2006):
Достарыңызбен бөлісу: |