«Экономика басқару және құқық» факультеті



бет2/2
Дата15.07.2023
өлшемі60.97 Kb.
#475681
1   2
4 апта

Альтруистік суицид - «әлеуметтік интеграция тым күшті» болған жағдайда туындайды. Индивид суицидке баруға мәжбүр болады. Олар бұл әрекетті өздерінің міндеті деп сезінеді. Альтруистік суицидтің ықтималдығы «үмітті ақтауға, бұл өмірден тыс керемет болашаққа деген сенімдерге» қатысты. Альтруистік суицидтің бір мысалы – 978 жылы Джонстоундағы Гайана қаласында Джим Джонс ізбасарларының жаппай өздерін өлтіруі. Олар уланған сусынды әдейілеп алып, кейбіреулері балаларына да осы сусынды ішкізген. Джонстың фанат ізбасарлары бұл қауымдастыққа тәуелді болғаны соншалық – осындай әрекетке баруға бел буған.

Аномиялық суицид – қоғамның реттеуші күштері бұзылған жағдайда пайда болады. Мұндай жағдайда адамдарда қанағаттанбаушылық сезімі тууы мүмкін. Себебі олардың толық бостандықта шексіз өрістей беретін құмарлықтары бақылаусыз болады. Экономикалық өрлеу кезінде тосыннан табысқа жеткен адамдар дәстүрлі құрылымдардан алыстайды деп санайды. Осындай жағдайда адамдардың әрекеті басқаруға келмей қалады, тіпті олардың армандары да шектелмейді. Экономикалық өсу кезеңінде адамдар өздерін жарқын болашақ күтіп тұрғандай сезініп, кейін «күткен армандармен салыстырғанда шындық түкке тұрғысыз, мәнсіз нәрсе болып көрінеді». Осылайша, реттеуден босатылған адамдар өз құмарлығының құлы болып, нәтижесінде, Дюркгеймнің пікірі бойынша, көптеген жойқын әрекеттерге, тіпті өздерін өлтіруге дейін барады.

Фаталистік суицидке баратындарды «қатал қысым жасау арқылы құмарлықтары мен әрекеттері толық басқарылатындар» деп сипаттайды Дюркгейм. Үмітсіздіктен және әрбір әрекеті бақыланатындықтан, суицидке баратын құлдардың жағдайы бұған классикалық мысал бола алады. Тым қатал реттеу мен қысымшылық меланхолия ағымын дамытады, бұл, өз кезегінде, фаталистік суицидтің өсуіне әкеледі.

Тағы да бір айта кететін жайт ол Дюркгеймнің статистикасы бойынша тұрмыс құрмаған, яғни отбасына интеграцияланбаған адамдардың арасында суицидке баратындар саны көбейетіні, ал әлеуметтік себептермен, революциялық немесе ұлтшылдықтың өркендеуі кезінде соғыс пен революция сияқты ұлттық саяси дағдарыстарға ұшыраған адамдардың арасында өмірдің мәні қоғамға қажеттілікпен ұштасып, суицидке жақын адамдардың саны азаятыны көрсетілген.

Суицидтерді болдырмаудың жолы – бұл әлеуметтік бағыттарды теңестіру тәсілі. Біздің қоғамымызда, Дюркгеймнің пайымдауынша, бұл бағыттар теңгерілмеген. Атап айтқанда, әлеуметтік реттеу мен интеграция тым төмен, бұл аномиялық және эгоистік суицидтердің қалыптан тыс мөлшерде өсуіне әкеп соғады. Қазіргі мемлекет жеке адамның өміріне жеткілікті дәрежеде әсер ете алмайды, өйткені, ол қоғамнан тым алшақ. Шіркеу бір уақытта ойлау бостандығына шектеу жасамай, өзінің интеграциялық әсерін іске асыра алмайды. Тіпті отбасы қазіргі заманғы қоғамдағы ең интеграцияланған институт ретінде бұл міндетті орындауда сәтсіздікке ұшырайды, себебі, отбасы институтының өзі суицидтің шығу көздерінің бірі болып табылады. Керісінше, Дюркгеймнің пікірінше, кәсіптік топтарға негізделген басқа мекеме қажет. Дюркгейм суицидті зерттеуін аяқтамас бұрын оны болдырмау үшін реформалар жүргізілуі қажет екенін және Дюркгейм үшін адамдарды өзін-өзі өлтіруге бармауға тікелей сендіру жарамсыз, өйткені бұл мәселенің нақты себептері қоғамда екенін айтады.

Дюркгейм діни топтарға қатысты мынадай амал ұсынған: «Дін адамды өзін-өзі жоюға деген ұмтылысынан қорғайды... Дін – бұл адал, дәстүрлі және міндетті түрде жалпыға ортақ белгілі бір сенімдер мен тәжірибенің болуы. Бұл ұжымдық ұғымдардың саны неғұрлым көп әрі қуатты болған сайын, діни қауымдастықтың интеграциясы соғұрлым жоғары және оның қорғаныс құндылығы да арта түседі». Алайда Дюркгейм барлық діндердің қоғамды суицидтен бірдей дәрежеде қорғай алмайтынын дәлелдеді. Шіркеу қауымдастығына қарағанда жеке сиыну бағыты және ортақ рәсімдерінің болмауына байланысты протестанттық діндердің қоғамды қорғау қабілеті әлсіз. Дюркгеймнің негізгі ұстанымы діннің жеке сенімдерінің маңыздылығы емес, интеграцияның орындалу дәрежесі болды.

Қорытындылай келе, біз суицидтің түрлері мен оның қалай пайда болатынын білдік. Бірақ та оны жеңетін нақты бір жол жоқ, соған қарамастанда әр адам оның алдын алуға көмектесе алады. Мысалы, тұлға өзін өлтіруді қалайтыны туралы немесе өмірді жалғастырғысы келмейтіні туралы жанама айтады. Адам бұл туралы айтса, ол мұны істемейді деген миф бар. Дегенмен, олай емес! Бұл жағдайды ешқандай елеусіз қалдыруға болмайды. Сонымен қатар, мінез-құлықтың күрт өзгеруі, жақын адамдарымен сөйлескісі келмейді, өзіне қымбат нәрселерді бере бастады, бұрын жақсы көретін ісіне қызығушылығын жоғалтады, достарынан алыстайды, ұзақ уақыт бойы депрессиялық көңіл-күйі, эмоционалдық фонының төмендеуі, ашушаңдық. Осы себептерді байқағанда адаммен ашық сөйлесіп, оның мұңын тыңдауымыз қажет немесе психологтың көмегіне жүгіну арқылы жақындарымыздың өмірін сақтап қалуымыз әбден мүмкін.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет