«Экономика басқару және құқық» факультеті


Осылайша, біз, сыбайлас жемқорлықтың қылмыстық-құқықтық көрініс нысандарына



бет2/3
Дата15.07.2023
өлшемі62.46 Kb.
#475682
1   2   3
1 апта

Осылайша, біз, сыбайлас жемқорлықтың қылмыстық-құқықтық көрініс нысандарына:
а) мемлекеттік билікке қарсы, мемлекеттік қызмет жəне жергілікті өзін-өзі басқару органдары қызметінің мүдделеріне қарсы қылмыс;
б) лауазым иелерінің басқа да кез келген қылмыстары, сонымен қатар лауазым иесі болып табылмайтын мемлекеттік қызметкерлердің қылмысын;
в) қызмет бабын пайдакүнемдік немесе басқа да жеке мүддесі үшін пайдаланып жасаған қылмыстарды жатқызамыз.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте қылмыстық заңдылықты дамытудың маңызы ерекше. Жоғарыда көрсетілгендей, сыбайлас жемқорлықпен күресте қылмыстық жаза маңызды рөл атқарады.
Бұл шаралар панацея емес, олар белгілі бір жағдайда ең бір тиімді мүмкіндік беретін күрестің қажетті бір бөлігінің бөлінбейтін факторы. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі сыбайлас жемқорлықпен күреске қарсы қазіргі заман талаптарына толығырақ жауап береді, бірақ сонда да болса Қылмыстық кодексте бұл тұрғыдан алғанда кейбір кемшіліктер бар. Сыбайлас жемқорлық көрінісі құбылмалы, міндетті түрде жəне тез жаңа түрге өзгеріп тұрады. Жеткілікті қылмыстық құқықтық нормасыз онымен күресу мүмкін емес. Сондықтан да үнемі қылмыстық заңдылықты жетілдірудің белгілі қажеттілігі туындайды.
Мемлекеттік қызметтер атқаруға өкілетті адамның не оған теңестірілген адамның жəне лауазым адамының өз қызмет бабы бойынша берілген мүмкіндіктерін пайдалана отырып жасаған кез келген қылмысы оны жасауды жеңілдетеді жəне оның қоғамдық қауіптілігін арттыратынын есепке ала отырып, “лауазым иесінің, сонымен қатар лауазым иесі болып табылмайтын мемлекеттік қызметкерлердің өздерінің қызмет өкілеттілігін пайдалана отырып, қылмыс жасауын” жазаны ауырлататын мəн-жай ретінде қарастырған дұрыс болар еді (ҚРҚК-54 бабы).
Заң шығарушы əділ түрде көптеген қылмыстарды өз қызмет бабын пайдалану арқылы жасалатынын көрсетеді. Осы жағдай бұл қылмыстың қоғамдық қауіптілігін арттырады, себебі мұндай қылмыстар субъектісінің қызмет өкілеттілігін пайдалану арқылы жасалады жəне сондықтан да бұл қылмысты жасау жеңіл болады.
Бірақтабіздіңпікірімізше, заңшығарушының бұл мəселеде белгілі бір дəйектілік ұстанымы жоқ. Кейбір қылмыс құрамын белгілеген кезде қызмет бабын пайдалану іс-əрекеттің қоғамға қауіптілігін арттыратын белгі ретінде көрсетілмеген. Қылмысты адамның қызмет бабын пайдаланып жасауы белгілі бір іс-əрекеттің қоғамға қауіптілігі дəрежесін арттырады, сондықтан бұл белгі тиісті заңда көрініс табуы қажет. Мысалы, мұндай құрамдарға Қылмыстық кодекстің 181-бабының 3-бөлігі, 180-бабының 2-бөлігі, 196 бабының 3-бөлігі, 206-бабының 3-бөлігі, 207-бабының 3-бөлігі, 251-бабының 4-бөлігі, 259-бабының 4-бөлігі жəне т.б. жатады. Осындай құрамдардың ауырлататын түрі ретінде қызмет өкілеттілігін теріс пайдалануды көрсету өте орынды болар еді.
Сыбайлас жемқорлық көлемінің өсуі билік органдарын бұл құбылысқа қарсы күреске бағытталған көптеген нормативтік-құқықтық актілерді қабылдауға мəжбүр етеді. Бірақ мұндай шаралардың тиімділігі, оны бірінші болып міндеттітүрдеорындауғатиістілауазымиелерінің оны елемеуіне байланысты өте төмен. Бұны соңғы кездері жүргізілген көптеген зерттеулер дəлелдеп отыр. “Мемлекеттік қызмет туралы” заңның негізгі ережелері де қағаз жүзінде қалды, ал онда мемлекеттік қызметшілерді табыстары жəне мүліктік жағдайы жайлы декларация толтыруға міндеттейді. Декларация толтырудан бас тарту жұмыстан шығаруға негіз болады. Осыған қарамастан бұл талап орындалмайды. Шенеуніктердің сыбайлас жемқорлық туралы заңды мүлде елемеуінің мұнан басқа да мысалдарын келтіруге болады. Оны бұзғаны үшін қолданылатын əкімшілік шаралардың тиімділігінің төмендігі күмəн тудырмаса керек. Осыған орай сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған заңдылыққа əдейі орындалмағаны үшін қылмыстық жауаптылықты белгілейтін арнаулы қылмыстық-құқықтық норманы белгілеу қажет.
Коррупциямен ұйымдасқан қылмыс бөлінбейтін, бөлшектенбейтін криминалды одақты құрады. Ұйымдасқан қылмыстың қанатының кең жайылуына коррупцияланған ұйымдар себепші. Н.Л. Павленконың дұрыс пікірі бойынша “Коррупция дегеніміз – ұйымдасқан қылмыс пен мемлекеттік органдарының бірігіп кетуінің басты тəсілі”. Егер басқа елдерде ұйымдасқан қылмыс мемлекеттік шеңберге кіруге енді ғана талпынып жатса, отандық ұйымдасқан қылмыстың əуел бастан өз құрылымдары бар. Сондықтан да Қазақстандағы коррупция дегеніміз – тамыр-таныстық қана емес, сонымен қатар көп пайда табуға жетудің тəсілі. Осы тұрғыдан қарағанда Қазақстандағы сыбайлас жемқорлық дегеніміз ұйымдасқан қылмыстың негізі деген ғалымдардың пікірлері логикалық тұрғыдан дұрыс. Шын мəнінде, “ұйымдасқан қылмыстың ерекшеліктеріне коррупциямен байланыс жасау жатады, ал бұл экономика саласында маңызды операция жасауға қажетті ақпарат алуға, дер кезінде құқықтық жазадан құтылуға мүмкіндік береді”.
Осылайша, мемлекеттік билік органдарына сенімді жəне кең сыбайлас жемқорлық байланысы болмаса ұйымдасқан қылмыс өмір сүре алмайды. Міне, сондықтан да біз жоғарыда атап өткеніміздей ұйымдасқан қылмыс табысының заңсыз пайдасының 50%-ға дейіні пара алуға кетеді. Мемлекеттік аппаратпен коррупциялық қарым-қатынасы бар ұйымдасқан қылмыстық топтардың көбеюі қауіп тудырып отыр. Егер 2002 жылы 8 коррупциялық байланысы бар 78 ұйымдасқан қылмыстық топ (4,8%) анықталса, ал 2003 жылы 37 (12,9%) анықталды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет