Экономика және бизнес факультеті


ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАҒЫ КОНФЛИКТ ПЕН АГРЕССИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУ



бет2/2
Дата30.03.2024
өлшемі54.1 Kb.
#497071
1   2
Сөж психология

6.ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТАҒЫ КОНФЛИКТ ПЕН АГРЕССИЯНЫҢ АЛДЫН АЛУ

Жоғарыда айтып кеткенімдей,қарым-қатынастағы агрессия мен конфликт адамдар арасына кері әсерін тигізеді.Оның алдын алу біз үшін өте маңызды. Ең алдымен балалар агрессиясының себептеріне талдау жасап көрелік. Мұның үш негізгі көзі болуы мүмкін.


Біріншіден, бала өсіп келе жатқан отбасының өзі агрессивті мінез-құлыққа бейім болуы және осындай көріністі бала санасында берік орнықтыруы мүмкін.Екіншіден,балалар агрессияшыл мінез-құлыққа құрдастарымен қарым-қатынасы барысында үйренуі мүмкін.Үшіншіден,агрессиялылыққа үйрететін үлгі шынайы адамдар емес, шығармашылық туындылары да болуы мүмкін.


Ата-ана агрессиялық мінез-құлқы бар балаларға қалай қарауы керек?

Профессор Н.Е. Щуркова және оның әріптестері мінез-құлқы күрделі балаларға арнарлған педагогикалық әрекет алгоритмін ұсынады.


• Мінез-құлқын түсіну. «Иә, осылай болады...», «Сенің жасында менде де осындай жағдай болған...».
• Мінез-құлқын ақтау. Балаға жартылай қолдау білдіру: «Сенің орнында басқа біреу болуы да мүмкін еді…», «Мүмкін мен де сөйтер ме едім…».
• Баланың жасағанына өзі ой жіберуі үшін оның заттық және әлеуметтік нәтижесіне талдау жасау: «Сен, сірә,…жасағың келген шығар, ал ол … болып шықты», «Сен оны … болып шығады деп ойламаған да шығарсың…»
• Өзін-өзі анықтауы үшін балама мінез-құлық тәсілін көрсету: «Былай жасағанда … болар еді», «Мұндай жағдайда кейбіреулер … жасайды».
• Бала болған оқиғаның уәждемесі мен себептерін анықтай алуы үшін, оны ойлануға шақыру: «Сен өзің қалай ойлайсың…», «Бұл енді қалай аяқталады деп ойлайсың…», «Сен туралы басқалар не ойлайды…».
• Басқа мәдениет деңгейінде өзін-өзі жүзеге асыра алуына жағдай жасау үшін, сыртқы қорлаудан «қорғаныс»: «Бұл есейе келе қалатын әдет…».
• Тиісті әсер түріне қарама-қарсы күтпеген дербес шешім: «Мен сені … жазалауым керек еді, бірақ мен… жасайын деп тұрмын», «Мен сені түсінеді деп сенемін…»
Агрессия деңгейін қалай азайтуға немесе жоюға болады?
• Спорт секциялары.
• Қызығушылықтары бойынша үйірмелер.
• Балаға деген махаббатты үнемі білдіріп отыру
• Орындалмайтын уәде бермеуге тырысу.
• Релаксация және тыныс алу жаттығуларын орындау.
Балаға уақытты аямау, үнемі ақыл-кеңес беріп отыру.
Уақытылы тыңдау, түсіне білу.
Әр жұмысына көмектесіп, сенім білдіру.
• Үнемі мейірімді болу.

Пайдаланылған әдебиеттер,дереккөздер тізімі:

1) Аймауытов Ж. Бес томдық шығармалар жинағы. 4-т. Алматы, «Ғылым», 1998.


2) Алдамұратов Ә. Жалпы психология. Алматы, 1996.
3)Қ.Жарықбаев, О.Саңғылбаев «Психология энциклопедиясы».Алматы,2011.
4) https://bilim-all.kz/article/6198-Agressivti-minez-qulyqtyn-aldyn-alu
5) https://stud.kz/referat/show/113873

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет