Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының



Дата24.02.2016
өлшемі101.22 Kb.
#12602

Экономика және бюджеттік

жоспарлау басқармасының

бастығы – Н.Т.Сатыбалдинаның

2011 ж. қарашаның 4-гі

әкімдік отырысына баяндамасы



Облысты әлеуметтік-экономикалық дамыуның

2011 жылғы 9 айдағы қорытындылары

және IV тоқсанға арналған міндеттер туралы

Құрметті Амандық Ғаббасұлы!

Құрметті әріптестер!

Тоғыз айда барлық негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша өсім қамтамасыз етілді.



Ауыл шаруашылығында 202,0 млрд. теңгенің өнімі өндірілді (2010 жылы – 160,8 млрд. теңге).


Масақты дәндік, бақша, жеміс дақылдарын күріш, картоп, көкөніс, жүзім және темекі жинау аяқталды. Дәндік жүгері, қант қызылшасын және майлық дақылдарды жинау жалғасуда.

Өткен жылдың деңгейіне қарағанда дәндік дақылдар өндіру 33,9 мың тоннаға, күріш - 0,3, картоп - 8,7, көкөніс – 38,5, жеміс дақылдары - 5,8 мың тоннаға артты.

197,2 мың тонна ет өткізіліп, 537,0 мың тонна сүт сауылды (100,4%), 683,9 млн. дана жұмыртқа (98,2%), 7,9 мың тонна жүн өндірілді (100,9%).

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 838 млн. теңгеге 76 жоба қаржыландырылды.

Алматы қаласының маңында азық-түлік белдеуін құру аясында Талғар ауданында сүт өңдеу зауыты, Жамбыл және Панфилов аудандарында жалпы алаңы 3,3 гектар жылыжай кешендері іске қосылды.

Еңбек өнімділігі (ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдығында) 1,5 мың АҚШ долларын құрап, өткен жылға қарағанда 7,1%-ке артты.

Көп жұмыстар атқарылды, сонымен қатар кемшіліктерде жоқ емес.

Өткен жылдың деңгейіне қарағанда бақша дақылдары 2,0 мың тоннаға, жүзім – 1,5 мың тоннаға аз өндірілді.

Ауыл шаруашылығы дақылдарын өсірудің интенсивті технологиясын қолдану алаңдары өткен жылмен салыстырғанда Алакөл, Жамбыл, Қарасай, Ұйғыр аудандарында және Қапшағай қаласында, ылғал сақтайтын технологияны пайдалану - Ақсу, Ескелді, Қаратал және Кербұлақ аудандарында азайды.



Қант қызылшасын өсіретін негізгі аудандарда жиналатын егістік алқабы себілген егістікке қарағанда Ақсу ауданында 2,2 мың гектарға қысқарды, немесе 63%-ін құрайды, Сарқан ауданында – 1,2 мың гектарға немесе 48%.



Мүйізді ірі қараны идентификациялау жоспары 95,2%-ке орындалды (жоспар - 818,6 мың бас, нақты - 779,7 мың бас). Ірі қараны идентификациялаумен қамту деңгейі Алакөл (88,0%), Кербұлақ (84,6%), Панфилов (80,1%), Ұйғыр (74,8%) және Райымбек (63,2%) аудандарында орташа облыстық көрсеткіштен төмен (95,2%).





Өнеркәсіпте 10,2%-ке өсім қамтамасыз етілді. 308,3 млрд. теңгенің өнімі өндірілді.
Есепті кезеңде 43 жаңа объекті іске қосылып, қосымша 970 жұмыс орындары құрылды.

Үдемелі индустриалдық-инновациялық даму жөніндегі мемлекеттік бағдарлама аясында жалпы құны 9,6 млрд. теңге болатын он жоба жүзеге асырылуда.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу көлемі 20,1%-ке артты.

Жыл басынан облыстың 38 кәсіпорындары мен ұйымдары ИСО сериялы сапа менеджменті жүйесінің халықаралық стандарттарын енгізді, оның ішінде 4-і - өнеркәсіп кәсіпорындары.

Сонымен қатар, аудан және қала әкімдіктерімен индустрияландыру Картасының іске қосылған өндіріс объектілерінің қуаттылықтарын игеру жұмыстары жеткіліксіз жүргізілуде.

2010 жылы жүзеге асырылған 10 жобаның – бесеуі 50-ден 100 процентке дейін, төртеуі – 1-ден 50 процентке дейін жобалық қуаттылыққа жетті. Осы уақытта Еңбекшіқазақ ауданының «Алтомед» серіктестігінде жұмыс тоқтатылып тур.



Төрт ауданда өнеркәсіп өндірісі төмендеді, оның ішінде ең көбі Ескелді ауданында - 10,3%.

Облыста кәсіпорындар мен ұйымдардың инновациялық белсенділік деңгейі 2010 жылы 0,9%-ті құрады (рейтингте 13 орын) және 2009 жылға қарағанда 0,5 проценттік тармаққа азайды.


Шағын және орта кәсіпкерлік саласында 266,7 мың адам жұмыс істейді, белсенді субъектілер саны 15,0 мың бірлікке қысқарды. 430,8 млрд. теңгенің өнімі өндірілді.

Облыста бағаларға бақылау жүргізу басты мәселенің бірі болып отырғанына қарамастан, азық-түлікке баға көтеріліп, есепті кезеңге 7,1%-ке өсті (ҚР бойынша – 7,9%).



Жыл басынан бері ет 8,9%-ке, сүт өнімдері – 6,9, жұмыртқа – 5,5, май – 15,5, қант – 11,8%-ке қымбаттады (Облыстар арасында 5 орын).



Облыс экономикасын дамытуға 249,1 млрд. теңге инвестиция тартылды немесе өткен жылдың сәйкес мерзіміне 104,5%.



Инвестициялардың негізгі көлемі – 149,6 млрд. теңге немесе 60,2% бюджеттік емес қаражат есебінен игерілді. Алайда, бюджеттік инвестициялар үлесі Кербұлақ ауданында 74,4%-ті, Сарқан және Ұйғырда – 60,1, Ақсуда – 54,8, Қараталда – 51,3%-ті құрайды.



Жыл басынан бері 578,4 мың шаршы метр тұрғын үй салынып, пайдалануға берілді, құрылыс жұмыстарының көлемі 125,4 млрд. теңгені құрады немесе былтырғы жылға 121,5%.



Құрылыс жұмыстарының көлемі Ақсу (89,3%-ке), Балқаш (55,8-ге), Еңбекшіқазақ (29,7-ге), Ескелді (78,1-ге), Қарасай (33,3-ке), Қаратал (14,3-ке), Талғар (78,4-ке) аудандарында, Қапшағай (34,7-ге), Талдықорған (19,7-ге) және Текелі (17,8%-ке) қалаларында төмендеді.

Құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасына тексерілген 650 объектінің 64-не нормативтік талаптар бұзылғаны үшін ескертулер берілді.

«Ақ бұлақ» бағдарламасы аясында 49 объектіде ауыз сумен қамту жүйелерін құрылыс және жаңарту жұмыстары жүргізілуде.



Облыс бойынша 41 су құбыры иесіз қалған, оның ішінде Ақсу ауданында - 17, Алакөлде - 4, Еңбекшіқазақта - 12, Қараталда - 3, Ұйғырда - 4, Қапшағай қаласында - 1.

Сонымен қатар судың сапасы төмен. Иесіз скважиналарда зарарсыздандыру жұмыстары жүргізілмейді, олардың көбі жұмыс істемейді.

Сондықтан, иесіз су құбырларын коммуналдық меншікке беру жұмыстарын жүргізу қажет.



Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңарту бағдарламасы аясында ағымдағы жылы 323,0 млн. теңгеге 23 үйді жөндеу жоспарланды («Жетісу» ӘКК арқылы 48,0 млн.теңгеге 4 үй, әкімдіктер арқылы 275,0 млн.теңгеге 19 үй).

Бүгінгі күнге «Жетісу» ӘКК ҰК жөндеу жұмыстары тек бір үйде жүргізілуде (Жастар ш/а, 21а үй), қалған үш үйде жұмыс басталмаған, барлығы 9,8 млн. теңге игерілді немесе жалпы жұмыс көлемінен 20,4%.

Жылыту маусымы мәселесі ерекше бақылауда тұр.

Жылу уақытында және кедергісіз берілуде.





Мемлекеттік бюджетке 110,4 млрд. теңге түсті немесе жоспарға 113,6%.

Алайда, жыл басынан бюджетке берешек сомасы 1,3 млрд. теңгеге көбейді. Берешектің едәуір өсуіне жол берген Іле ауданы – 833,3 млн. теңге («Алматыэлектросетьстрой» АҚ, «Меркур дом ЛТД-16, «Алтын тас» ЖШС) және Қапшағай қаласы – 402,9 млн.теңге («Фараон и К» ЖШС, «АСК групп» ЖШС, «Агрон М» ЖШС).

Облыс бюджеті шығыстар бойынша 159,5 млрд. теңгені құрап, 97,4%-ке орындалды.

Экономиканың өсімі әлеуметтік саланы дамытуға әсер етті.

Ағымдағы жылдың 1-ші қазанына облыста 14401 тұрақты, 6465 уақытша және маусымдық жұмыс орындары құрылды.

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда тіркелген жұмыссыздық деңгейі төмендеп, 0,4%-ті құрады.



Орташа айлық номиналды еңбекақы 12,1%-ке өсіп, 65,7 мың теңгеге жетті.

Сонымен қатар, тоқтап тұрған кәсіпорындар бойынша шаралар жеткіліксіз қабылдануда. Облыстың алты кәсіпорынында 817 адам толық емес жұмыс тәртібімен жұмыс жасауда немесе еңбекақысы сақталмайтын демалыстарда.

Екі кәсіпорынның еңбекақы бойынша 55,9 млн. теңге сомада мерзімі өткен қарызы бар, оның ішінде ең көбі Қапшағай қаласындағы «Транстроймост» АҚ-да - 45,0 млн. теңге.





«Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасын жүзеге асыру үшін ағымдағы жылы 1,4 млрд. теңге қарастырылды.

Бүгінгі күні 4512 адам оқып жатыр, 1494 адам жұмысқа орналастырылды.



100 ауылдық тұрғынға шағын несие беру жоспарланған, қазіргі кезде «Жетісу» ӘКК ҰК бірде-бір несие берілген жоқ.

Осы жылы 22 денсаулық сақтау объектісінде құрылыс, жаңарту және сейсмикалық күшейту, 30 объектіде күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді.



Жылдың аяғына дейін 10 дәрігерлік амбулаторияның, 3 фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункттердің құрылысын аяқтау қажет.

Материалдық-техникалық базаны жақсарту, алдын-ала тексерулер және заман талабына сай медициналық құрал-жабдықтарды қолдану жұмыстары жақсы нәтиже беруде.

Бала туу 14,0%-ке өсіп, жалпы өлім 5,7%-ке, сәби өлімі - 3,8%-ке, туберкулезбен ауыру – 18,9%-ке, бруцеллезбен ауыру – 17,7%-ке азайды.

Сонымен қатар, кейбір аудандарда сәби және ана өлімінің, әлеуметтік маңызы бар аурулардың өсімі орын алып отыр.

Туберкулезден 59 адам қайтыс болды, өлім деңгейі Алакөл, Ескелді, Жамбыл, Сарқан аудандарында және Талдықорған қаласында артты.

Ана өлімінің 6 жағдайы тіркелді, оның ішінде Қарасай, Көксу, Сарқан аудандары және Талдықорған қаласында – бірден, Еңбекшіқазақ ауданында – екі жағдай.

100 мың адамға туберкулезбен ауыру деңгейі Райымбек (30,5%-ке) және Панфилов (3,4%-ке) аудандарында өсті.



Білім беру саласында құрылыс, жаңарту және сейсмикалық күшейту 8 объектіде, күрделі жөндеу жұмыстары 81 объектіде жүргізілді.



Жылдың аяғына дейін 7 объектінің құрылысын және 22 объектінің күрделі жөндеуін аяқтау қажет.


«Балапан» бағдарламасы аясында 2011 жылға 10540 орынды іске қосу жоспарланған болатын, нақты - 6251 орын, 1 қазанға 1726 орын ашылды немесе жоспарға 27,6%, қамтылу 39,3%-ке жетті.


Облыста 8390 қылмыс жасалған, бұл 2010 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда 22,0%-ке өскен. Олардың ішінде кісі өлтіру - Қарасай (5 жағдайға), Іле (5-ке), Қаратал (3-ке), Райымбек (2-ге), тонау – Еңбекшіқазақ (47 жағдайға), Талғар (43-ке), Қарасай (18-ге) аудандарында, ұрлау – Талдықорған қаласы және (242 жағдайға), Еңбекшіқазақ (208-ге), Іле (173-ке), Жамбыл (113-ке) аудандарында тіркелді.
Құрметті мәжіліске қатысушылар!

Үстіміздегі жылды сәтті аяқтау үшін бар күшімізді келесі міндеттерді орындауға жұмсауымыз керек:

1. Мемлекет басшысы Жолдауының Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарын, 2020 жылға дейінгі Стратегиялық жоспарды және басқа да бағдарламалық құжаттарды жүзеге асыруды жалғастыру;

2. Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығын тойлау жөніндегі алдағы шараларды ұйымдық, қаржылық және матариалды-техникалық қамтамасыз ету мәселелерін кешенді талқылап, әзірлеу;

3. Инвестициялар тарту, арнайы экономикалық аймақтарды дамыту және 2010-2014 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында экспортты ынталандыру бойынша Жалпыұлттық жоспарды жүзеге асыру бойынша жұмысты жалғастыру;

4. Сегіз проценттен кем емес экономиканың өсімін қамтамасыз ете отырып, 2011-2015 жылдарға арналған облысты дамыту бағдарламасында қарастырылған мақсатты индикаторлар мен көрсеткіштерге қол жеткізу жөнінде шаралар қабылдау;

5. Мемлекеттік органдар қызметінің тиімділігін көтеру жөніндегі жұмыстарды күшейту;

6. Жылыту маусымын сапалы жүргізуді қамтамасыз ету;

7. Ағымдағы жылы іске қосылуы жоспарланған объектілердің құрылысы және күрделі жөндеуін ақтау;
8. Индустрияландыру картасының жобаларын қарастырылған жобалық қуаттылыққа жеткізуді ерекше бақылауға алу;

9. «Бизнестің жол картасы – 2020», «Жұмыспен қамту – 2020» бағдарламаларын жүзеге асыру жөніндегі жұмыстарды күшейту және жылдың аяғына дейін қаражаттың тиімді және мақсатты игерілуі бойынша нақты шаралар қабылдау қажет.


Назарларыңызға рахмет.



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет