«Экономика және құқық» факультеті



Дата05.12.2023
өлшемі22.06 Kb.
#485560
Эссе. Серикова А. ГМК2 (копия)


Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университеті
«Экономика және құқық» факультеті


Эссе


Тақырыбы: Міндеттемелер есебі және аудиті

Орындаған: Серикова А.Б, 2 курс студенті


Тексерген: Токтарова М.А

Ақтөбе 2023


Қаржылық есеп берудің негізгі элементтерінің бірі – шаруашылық субьектіде қолданылатын міндеттемелер ретінде арнайы бақылау мен аудитте жиі кездесетін жағдайларды қарастырады. Бақылау - талдау қызметінің басқа аймақтары мен аспектілерінде қолданылатын арнайы бақылау мен аудитке келсек, кейінгі бөлімдерінде қарастырылатын жекелеген нәтижелер мен жаңа іздестіру зерттеулерін талпап етеді.
Негізінде, міндеттемелер деген не деген сұраққа жауап берсек, міндеттемелер – бұл ұйымның осы есепті уақытында бар нақты берешегі оны өтеу үшін қарсы жақтың наразылығын қанағаттандыруда ресурстың жылыстауы түріндегі экономикалық пайданың кемуіне алып келеді.
Міндеттемелер – ол өткен мәмілелердің немесе өткен оқиғалардың нәтижелерін болып табылады және қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Міндеттемелер, егер ұйымның қалыпты операциялардың циклы кезінде төлеу балансынан кейін 12 ай ішінде жүргізіледі деп болжанса, ағымдағы мерзімді деп жіктелуі тиіс. Барлық басқа міндеттемелер ұзақ мерзімді деп жіктеледі.Шаруашылық субьекті есептеушінің қабылданған есеп саясаты қолданылатын нысанына сәйкес әр түрлі талдамалық есеп – карточкалар, ведомостар журнал және т.б. регистрін қолдана алады. Жан – жақты ойластырылған және жақсы қойылған талдамалық есеп тексерушіге кәсіпорын міндеттемелер үшін ішкі бақылау жүйесі жағдайына дұрыс баға беруге көмектеседі.
Бақылауды тиімді ұйымдастыру кредиторлар мен айырысу жағдайына және есеп айырысу тәртібіне, тапсырылған сұрыпталым мен сапада өнім жеткізу бойынша міндеттемелерді орындауға төлем тәртібін сақтау жауапкершілігін көтеруге және соңында шаруашылық субьектінің қаржылық жағдайын жақсартуға қабілеттілікті бекітуге көмектеседі. Аудитордың субьектінің кредиторлық берешегін тексерген кездегі басты мақсаты – оның баланста бейнеленген көлемінің нақтылығы мен дәлдігін белгілеу болып табылады. Ол үшін оған баланстық мәліметтерде жазылғандарды Бас кітаппен, журнал - ордермен, ведомостылармен және басқа да есептік регистрлармен салыстыру қажает. Бухгалтерлік баланстың « Қысқы мерзімді міндеттер» бөлімінде «Ұзақ мерзімді зайымдардың ағымдағы бөлімі» бабы келтірілген. Аудитор оны тексерген кезде ұзақ мерзімді кредит талдамалық есебінің мәліметтері бойынша зайымдарды төлеу уақыты мен осы бап бойынша негізділігін белгілеу қажет. 
Ағымдағы міндеттемелерге банктің қысқы мерзімді қарыздары, шаруашылық субьектінің кредиторлық берешегі жатады. Банктің қысқы мерзімді қарыздары бір жылдан аса уақытқа қолданылатын нормативті құжаттарға сәйкес беріледі, мысалы, жөнелтілген тауарлардың нақтылы құжат айналымы уақытына тең, бірақ 30 күннен аспайды. Қысқы мерзімді кредиттерді алу және өтеумен байланысты есепшоттық – кредиттік операциялар 3010 – 3020 «Қысқа мерзімді қарыздар» және 4010 – 4020 «Ұзақ мерзімді қарыздар» шоттарында есепке алынады.Қысқа мерзімді қарыздардың талдамалық есебі оны ұсынңан банк кредиті және жекелеген критерийлер бойынша жүргізіледі. Қысқа мерзімді кредит түрінде ұсынатын овердрафт, сенімді клиентке оның шотында қалған ақшалай қаржы қалдығынан жоғары, сондай – ақ уақытында төленбегендері жеке есептеліп беріледі.
3010 – 3020 «Қысқы мерзімді займдар» мен 4010 – 4020 «Ұзақ мерзімді займдар» шотының аналитикалық есебі займ берушілермен кредитті өтеу уақыты бойынша жүргізіледі.
Қысқа мерзімді займдар коммерциялық кредит векселі мен қарыздық міндеттемелердің «серіктестік» кредиті сипатында жиі көрінеді. Баланста алынған қысқы мерзімді займдардың дұрыс бейнеленуін тексере келе, аудитор мынаны белгілеуі тиіс:

  • займ қандай мақсатқа пайдаланылған, бұл мақсаттар кредит алу келісім шарттарындағы шарттарға сәйкес пе?

  • шаруашылық субьекті басшылығы қамтамасызландыру құрамына немесе займ кепілдігіне енгенін;

  • займды төлеу толықтығымен өз уақыттылығы;

  • кредитке төленген пайыздың бекітілген келісімшартпен дұрыстығы;

  • қарыз субьектілерінің алыну заңдылығы мен негізділігі, сондай – ақ оларды өтеудің толықтығы мен өз уақыттылығы;

  • жинақтамалы мен талдамалы есептің 3010 «Қысқы мерзімді банк зайымдары» жазбасының №4 журнал – ордер мен бухгалтерләк баланстағы жазбаларына сәйкестігі.

Ұзақ мерзімді міндеттемелерге мыналар жатады:

  • Ұзақ мерзімді банк заемдары.

  • Банк мекемелерінен тыс ұзақ мерзімді заемдар.

  • Басқа да ұзақ мерзімді заемдар.

  • Мерзімі ұзартылған корпоративтік табыс салығы.

Қорытындылай келе, Нарықтық қатынастар жағдайында бухгалтерлік есеп ұйымдарда ерекше
маңызды орынға ие. Шаруашылықтың мәліметтерін есепке алу және олардың құрылымдық қызметін дұрыс басқару үшін, экономикалық болжамдар мен ағымдық жоспарлар жасау үшін, ел экономикасын дамыту заңдылықтарын зерттеу үшін қолданылады. Шаруашылықтармен ұйымдардың күрделі экономикалық тетігін және жақсы жолға қойылған есеп жүйесін,экономикалық ақпаратсыз басқару, іс жүзінде мүмкін емес. Сондықтанда кез-келген шаруашылықтар үшін есеп ақпараттық жүйелері маңызды орын алады.
Экономикамыздың нарықтық жолмен дамуы барысында ұйымдар қызметінің қаржылық мәселелері күшейе түсуде. Осыған сәйкес ұйым басшылығының ерекше көңілі бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуына мән беріліп отыр. Әсіресе, елімізде халықаралық стандартқа сәйкес жаңа бухгалтерлік есеп стандартының енгізілуі ел экономикасының дамуына оң әсерін тигізуде. Бұл еліміздің қазіргі даму кезеңінде оның шет ел инвесторларымен қарым-қатынасының нығаюы кезеңінде маңызды болып саналады. Шаруашылықтың қызметі барысында басқа ұйымдардан алған материалдық құндылықтары, тауарлары, негізгі құралдары және тағы басқа да активтері үшін, сондай-ақ алынған несиелері үшін қарыз болуы мүмкін, тіпті өздерінің сатып алған активтерінің құнын сол уақытында төлегеннің өзінде немесе банк және банктен тыс мекемелерден несие және қарыз алмағанның өзінде де жұмыс істейтін қызметкерлеріне еңбекақы есептеп оны төлеуге, өндірген өнімдері мен көрсеткен қызметтерін сату барысында бюджетке түрлі салықтар төлеуге міндетті болады.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет