Еңбек өнімділігі қандай қатынаспен өлшенеді?
A) Өнімнің нақты көлемінің жұмыс уақытына қатынасымен
B) Капитал шығынының еңбек шығынына қатынасымен
C) Өнімнің нақты көлемінің халық санына қатынасымен
D) Жұмыс уақытының нақты өнім көлеміне қатынасымен
E) Капитал шығынының өнімнің нақты көлеміне қатынасымен
Ұлғаймалы ұдайы өндіріс:
A) Бұл өндіріс процесінің ұлғайып үзіліссіз қайталанып жаңғыруы
B) Айналымдағы ақша санының көбеюі
C) Материалды игіліктердің болуымен байланысты жаңарту
D) Өндіріс пен тұтыну арасындағы өзара байланыс
E) Баға деңгейінің өсуі
Қоғамның қарапайым өндіргіш күштеріне не жатады?
А) Жұмыс күші және өндіріс құрал-жабдықтары
В) Жер, су, қазба байлықтары
С) Инфрақұрылым және оның элементтері
D) Жоспарлау
Е) Өндірісті қоғамдастыру формасы
Адамның өмір сүруінің негізі болып не табылады?
А) Қоғамдық өндіріс
B) Оның мәдениеті
C) Оның ақыл-ойы мен білімі
D) Қажеттіліктер
E) Оның тәжірибесі
Шектеулі ресурстар жағдайында:
А) Таңдау мәселесі туындайды
B) Қажеттіліктер дұрыс қанағаттандырылмайды
C) Өндірісте сарқылмайтын ресурстар басым болады
D) Пайда мәселесі қиындайды
E) Ресурстар сапасына қарай ғана пайдаланылады
Өндірістік қатынастар дегеніміз не?
A) Материалдық игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау және тұтыну үдерісіндегі адамдар арасындағы қатынастар
B) Адамның адамға деген қатынасы
C) Табиғи және материалдық ресурстарды пайдаланудағы қатынастар
D) Адамды адаммен қанаудағы қатынастар
E) Технологияны пайдаланудағы қатынастар
Қажеттіліктер дегеніміз – бұл:
А) Бір нәрсені керек ету немесе белгілі бір затқа деген мұқтаждық
В) Тұтынушылар мен сатып алушылардың қарым-қатынастары
С) Сатып алушылық қабілет
D) Белгілі бір затты немесе игілікті сатуға деген мұқтаждық
Е) Адам мен заттың арасындағы қатынастар
Достарыңызбен бөлісу: |