«экономика және менеджмент» кафедрасы vk me 3208 «халықаралық экономика»


Модульдік бірлік 4.2. Дәріс №2. Халықаралық валюта-қаржылық жүйе



бет24/31
Дата02.10.2023
өлшемі209.86 Kb.
#479486
түріСабақ
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   31
Межд.экономика лекция

Модульдік бірлік 4.2. Дәріс №2. Халықаралық валюта-қаржылық жүйе


Дәріс мақсаты - Валюталық қатынастарының мәнін және еуропалық валюта жүйесінің маңыздылығын түсіндіру.
Дәріс жоспары:

  1. Валюта түсінігі және оның түрлері.

  2. Халықаралық валюталық-қаржылық жүйе.

  3. Әлемдік валюта жүйесінің эволюциясы.

  4. Еуропалық валюталық жүйе.



1. Елдер арасындағы экономикалық қатынастарда ұлттық ақша бірліктері әлемдік ақша ролін атқарады. Халықаралық есеп айырысуда қолданылатын ақшалар – валюта деп аталады.
Валюта тауарлар мен қызметтердің сыртқы саудада, халықаралық капитал қозғалысында, пайданы 1 елден 2-ші елге аударғанда, сыртқы займдар меен субсидиялауда, халықаралық туризмде, мемлекеттік және жеке ақша аударымдарын жасауда қызмет етеді.
Валюта – халықаралық мәмілелерде іске асырумен байланысты олардың қызмет етуінің ерекше әдісі. Халықаралық мәмілелер әртүрлі ұлттық валюталардың сатып алу қабілеттілігінің салыстыру, үйлестірілуін көрсетеді. Мұндай үйлестіру валюталық курстар көмегімен жүзеге асырылады.
Валюта айналымға түсуіне байланысты 3-ке бөлінеді:

  1. Еркін айналымдағы валюталар - валюталық операцияларды жасау бойынша шектеулер жоқ валюта.

  2. Бөлшекті (частично) айналымдағы валюталар – сандық шектеу немесе валюталық мәмілелердің кейбір қатысушылары үшін жеке операция түрлері бойнша арнайы рұқсаттық процедуралары бар елдердің валюталары;

  3. Айналымсыз нмесе жабық ұлттық ақша бірліктері – валюталық операциялардың көптеген түрін жүргізуге заңдық шектеумен байланысты ақша бірлігі.



2. ХХ ғ. ортасынан бастап халықаралық – экономикалық қаржы валюта қатынастары дами бастады. Валюталық қатынастар дегеніміз – дәстүрлі ақша қызметінің дүниежүзілік ақша қызметіне ауысуымен байланысты жүзеге асатын экономикалық қатынастың жиынтығы. Валюталық қатынастар орта ғасырда Антверпенде, Батыс Европаның сауда орталығында вексельдік жәрмеңкелер түрінде жүзеге асты. Бұл жерде барлық есеп айырысулар аудармалы вексельдер бойынша жүргізілген. Феодалдық және капиталистік өндірістің дамуында халық есеп айырысулар банктер арқылы жүзеге асырған. Халықаралық валюталық қаржының даму процесінде валюталық жүйе дегеніміз – валюталық қатынастарды ұйымдастыру және реттеуші формасы. Ол ұлттық заңдылықтармен немесе мемлекеттік келісімдермен бекітілген.
Валюталық қатынастарда ең алдымен ұлттық- валюталық жүйе қалыптасты (ҰВЖ). ҰВЖ дегеніміз – мемлекеттік заңдармен бекітілген елдің валюталық қатынастырын ұйымдастыру формасы. ҰВЖ - сі валюта курсымен паритетінен тұрады. Валюта курсы дегеніміз – жекелеген елдердің валюталық арақатынасы немесе басқа елдің валютасы арақатынасы көрсетілетін жеке бір елдің валюталық бағасы. Паритет – валютаның алтын мөлшеріне сәйкес арақатынасы.
Халықаралық валюта жүйесі дегеніміз – дүниежүзілік шаруашылық шеңберіндегі валюталық қатынастарды ұйымдастыру формасы. Бұл дүниежүзілік капиталистік шаруашылықтың дамуы нәтижесінде ХІХ ғасырдың ортасына қарай пайда болып немесе ғаламдық деңгейде валюталық қаржылық қатынастарды реттеуші механизм. Сонымен бірге ҰВЖ - мен тығыз байланысты.


3. Әлемдік ақша жүйесі эволюциясының процесінде тұрақты курстан жылжымалы курсқа көшті. Қазіргі кезде әрбір ел айырбас курстарын бекіту режимін еркін таңдайлы.
Алтын паритеті – ұлттық ақша бірлігінде заңмен тіркелген алтынның салмақтық мазмұнына қатынасы.
Халықаралық валюта жүйесінің 4 кезеңі бар:

  1. Алтын стандарт жүйесі 1867 жылы Париж конференциясында бекітклді. Алтын - әлемдік ақшаның жалғыз формасы.

  2. Бреттон-Вудс валюталық жүйесі. 1944 жылы Бреттон-Вудстағы (АҚШ) халықаралық конференцияда бекітілді. АҚШ доллары резервтік валюта болды.

  3. Ямайка валюталық жүйесі. 1976 ХВҚ-дың Кингстонда өткен кезекті мәжілісінде қабылданды. Арнайы ақша резерві (СДР) стандартын құрды. СДР –негізгі резервтік валюта.

  4. 90 жылдардың басында ХВЖ – валюталардың өзгермелі курсы қалыптасты. СДР курсы валюталық кәрзеңке ненгізінде анықталды. Валюталық кәрзеңке – 16 ел валюталарының орташа өлшенген курстары, бұл елдердің сыртқы саудасы дүниежүзілік сауданың 1 пайызынан кем болмауы тиіс.

Халықаралық валюта қорының деректері бойынша жасаған шешімдеріне байланысты елдерді 3 категорияға топтастырады:
А) валюталары бір немесе бірнеше валюталарға байланысты елдер;
ә) валюталары бір немесе біреше валюталар қатынастарына шекті икемді елдер (Бахрейн, Катар, Сауд Аравиясы, Араб Эмираттарының бірлестігі);
б) валюталары жоғарғы икемділікпен мінезделетін елдер.
4. Еуропалық одақ шеңберінде өткен келіссөздер нәтижесінде 1979 жылы Еуропалық валюта жүйесі құрылды. Еуропалық валюта жүйесі – ұлттық валютаның экономикалық интеграция шеңберінде қызмет етуімен байланысты экономикалық қатынастар жиынтығын көрсететін халықаралық валюта жүйесі.
Еуропалық валюта жүйесі 3 элементтен тұрады.
1.ЭКЮ - еуропалық валюта жүйесінің негізі.
2.Валюта курстарымен интервенциясының механизмі.
3.Валюта курсын тұрақтандыру үшін қолданылатын кредиттеу.
Еуропалық валюта жүйесінің дамуы мен қызмет етуі «Делор жоспары» дегенмен тығыз байланысты. Еуропалық одақтың көрнекті қайраткері Ж. Делор Еуропаның валюталарын біріктіру жөнінде 3 сатылы жоспар ұсынды:
1. Еуропалық одақтың жекелеген елдері арасында үйлестірілген экономикалық және валюталық саясатты жүзеге асыру.
2. Еуропалық одақтың орталық банкін құру.
3. Ұлттық валюталарды Еуропалық одақтың ортақ валютасына ауыстыру.
1990 жылы Еуропалық валюталық жүйесіне қатысушы елдер қатарына Англия, Испания, Португалия қосылды. 1991 жылы біртұтас еуропалық экономикалық кеңістік құру жөніндегі Маастрихт келісіміне қол қойылды. Осы келісімге сәйкес Еуропалық Одаққа мүше елдердің үкімет басшылары валюталық Одақ құруды құптады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет