«экономика және менеджмент» кафедрасы vk me 3208 «халықаралық экономика»


Модульдік бірлік 2.2. Дәріс №2. Өндіріс факторлары арақатынасы теориясы



бет5/31
Дата02.10.2023
өлшемі209.86 Kb.
#479486
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31
Межд.экономика лекция

Модульдік бірлік 2.2. Дәріс №2. Өндіріс факторлары арақатынасы теориясы.
Дәріс мақсаты - Хекшер – Олин моделінің мәнін түсіну және Леонтьев еңбегіне сипаттама беру


Дәріс жоспары:
1. Өндірістік ресурстар мен халықаралық сауда: Хекшер-Олин теориясы.
2. Леонтьев парадоксы.



    1. Өндірістік ресурстар мен халықаралық сауда: Хекшер-Олин теориясы.

20 ғасырдың 20 жылдарының ортасында швед экономистері Эли Хекшер мен Бертли Олин халықаралық сауда теориясын дәлелдеді. Халықаралық сауда қалыптасуы елдердің өндіріс факторларымен қамтамасыз етілуінің әркелкілігіне байланысты. Хекшер-Олин теориясы елдердің өндіріс факторларымен салыстырмалы бірдей қамтамасыз етілуі, тауарларының салыстырмалы бағаларының айырмашылығын қалыптастырады. Бұл халықаралық сауданың дамуы мен қалыптасуы үшін алғышарттарын жасайды.
Бұл теория бір-біріне байланысты 2 теоремадан тұрады:
Хекшер-Олин теоремасы, халықаралық тауарайналымы құрылымын анықтайды;
Хекшер-Олин-Самуэльсон теоремасы, яғни өндіріс факторларының бағасын теңестіру теоремасы: халықарлық сауда факторлық бағаларға тигізетін әсерінің эффектісін қозғайды.
Хекшер-Олин теориясы дегеніміз тауарларының салыстырмалы құнының айырмашылығын тудыратын өндіріс ресурстары мен елдердің салыстырмалы қамтамасыз етіледі.
Хекшкр-Олин теориясы келесі алғышырттарға негізделген:
1. екі ел (А және В), екі тауар (х және у) және өндірістік 2 фактор (капитал мен еңбек) (N жәнеK) бар;
2. екі ел бірдей технология қолданылады;
3. әрбір елде х тауары еңбексыйымды, у тауары капиталсыйымды;
4. 2 елдегі тауар өндірісі көлеміне қарай тұрақты берілімдікпен түсіндіріледі;
5. 2 елдегі тұтынушылар талғамы мен талабы бірдей;
6. 2 елдегі факторлар мен тауар нарығындағы жетілген бәсекенің саны;
ресурстардың халықаралық деңгейге қарағанда елдің ішінде өте икемді болуы;
7. көліктік тарифтің болмауы.
Х тауарын өндіруге у тауарына қарағанда салыстырмалы түрде көп еңбек жұмсалады. У тауарын өндіруде х тауарына қарағанда салыстырмалы түрде көп капитал қолданылады.
Факторлық бағалар бірдей болған кезде N/K қатынасы у тауарымен салыстырғанда х тауары үшін жоғары,K/N қатынасы х тауары үшін төмен у тауарына қарағанда. Формулалық түрде оны былай көрсетуге болады:
NХ/KХ > NУ/KУ немесе KХ/NХ < KХ/NХ.
Тауар өндіруге капиталсыйымдылық және еңбексыйымдылық түсініктерін келесі график арқылы көрсетуге болады:

Әртүрлі тауарларды өндіру салыстырмалы түрде әртүрлі еңбек пен капитал шығынын қажет етеді, оны факторинтенсивтілігі көрсеткіштерінде көруге болады. Осыған орай өндірілген тауарларды капиталсыйымды және еңбексыйымды деп бөлуге болады.
Хекшер – Олин теориясында елдердің өндірістік ресурстармен салыстырмалы қамтамасыз етілу факторына көп көңіл бөлінеді.
Елдердің өндіріс факторларымен қамтамасыз етілуін анықтайтын 2 бағыт бар:
1. жеке елдердің қарамағындағы еңбек пен капитал көлемінің абсолютті деңгейі көмегімен;
2. өндірістік ресурстардың салыстырмалы бағасы арқылы.
В елі капиталсыйымды ел болғандықтан, у тауары капиталсыйымды болып табылады.
Хекшер-Олин теориясы бойынша елдер өндіру кезінде салыстырмалы дефицитті ресурс қажет ететін тауарды импортттайды.
В елі А еліне қарағанда у тауарын салыстырмалы көп өндіреді. Сол уақытта А елінің х тауарын салыстырмалы түрде көп өндіру мүмкінділігі бар. Х тауары еңбексыйымды, ал А елі еңбекпен қамтамасыз етілген болып есептеледі.




2.Өндіріс факторларының қатынасы теоиясы халықаралық экономикада қолданылытын маңызды теорияларының бірі болғандықтан, ол көптеген тексерістерден өтті.
Өндіріс факторларының қатынасы теориясын алғашқы тексерген Василий Леонтьев болды. Ол АҚШ-ның 1947 жылғы статистикалық деректеріне сүйеніп жасалды. АҚШ соғыстан кейінгі бай елдердің бірі болып есептелген. В.Леонтьев есеп жүргізе келе, АҚШ экспортқа капиталсыйымды, ал импортқа еңбексыйымды тауар шығаратын Хекшер-Олин теориясына сай келеді деп күтті. “Шығын-шығару” әдісін қолданып, ол экспортта еңбек пен капиталға кеткен шығындардың көлемі 1 млн. долларға тең екенін есептеді. Импортқа келетін тауарлар экспорттық тауарларға сай келеді. Алнған нақты деректер арқылы Леонтьев американың импорты мен экспортының бірлігіне келетін еңбек пен капитал қатынасын есептеп шығарды.
Хекшер-Олиннің теориямына сәйкес негізгі көрсеткіш – K/N қатынасы американдық экспортта, K/N қатынасының американдық қарағанда 1-ден жоғары болуы керек болатын, Леоньтевтің дерегіне қарай ол көрсеткіш тек 0,77-ні көрсетті.
Алынған қортындыға қарағанда, АҚШ импорты 30 пайызға капиталсыйымды, экспортқа қарағанда. Онда, АҚШ еңбексыйымды өнім түрлерін экспорттап, капиталсыйымды тауарларды импорттайды.
Бұл Хекшер-Олин үлгісіне қайшы болды. Бұл жасалған қортынды Леонтьев парадоксы деп аталады.
Зерттеу 27 елде жүргізілді және 12 өндірістік ресурстың аттары қолданылды.
Жасалған зерттеу Леонтьев парадоксын құптап, халықаралық сауда Хекшер-Олин теориясына сәйукес дамымағанын көрсетті.
Хекшер-Олин теориясында екі фактор алынады: еңбек пен капитал. Жалпы түсініктерге жүгіну халықаралық сауда талдауын қиындатады және теріс шешімдер жасауға алып келеді.
Өндіріс факторлары: негізгі және дамыған болып бөлінеді.
Негізгі факторларды өндіруге шығындар кетпейді және инвестиция салынбайды. Дамыған факторларға жаңа технологиялар, квалификациялы кадрлар, жаңа инфрақұрылымдар жатады.
Мамандану жағынан өндіріс факторлары жалпы және ерекшеленген болып бөлінеді. Жалпы факторлар көптеген салада қолданылады (автомобиль жолдары, дебиттік капитал, жоғарғы деңгейлі персонал). Ерекшеленген факторлар бірнеше, тек бір салада қолданылады (венчурлы капитал, кішігірім маманданған кадрлар).
Теория мен практика арасындағы қарсылықты шешу барысында экономистер 2 бағытта зерттеу жүргізді:
Өндіріс факторлары қатынасы теориясын дамыта келе, жеке факторлар ерекшелігін нақты есепке алып, олардың барлық түрлеріне тоқталу керек делінген.
Хекшер-Олин теориясы толығымен жаңартылу керек делінген қортындыға келді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет