Модульдік бірлік 2.4. Дәріс №4. Халықаралық сауданың табыстарды бөлуге ықпал етуі.
Дәріс мақсаты - Самуэльсон теоремасын меңгеру және өндірістік факторлар теорияларының кезеңдерін анықтау.
Дәріс жоспары:
Халықаралық саудадан ұтыс және оны бөлу.
2. Хекшер-Олин-Самуэльсон теоремасы.
1. Халықаралық саудадан өзара пайдалылығын анықтағаннан кейінгі келесі қадам оған қатысушы жақтардың одан алған пайдалылықтың бөліну мәселелерін зерттеу болып табылады. Бұл мәселені 2 жақты қарастыруға болады:
1-ден, алынған ұтыс елдің ішінде экономикалық агенттердің жеке категорияларының арасында қалай бөлініп отырғанын анықтау қажет;
2-ден, алынған ұтыс әртүрлі елдердегі сауда серіктестерінің арасында қалай бөлініп отыр.
Ол үшін у тауары нарығын мысалға ала отырып, сыртқы саудадан түсетін ұтысты 2 ел арасында қалай бөлінгенін көрсететін қисықтарды саламыз.
Экономикалық агенттерінің біреуінің жоғалымы мен екіншісінің ұтысын Хекшер-Олин теоиясы бойынша өндіріс факторларының 1 түрін баcқа түріне ауыстыру есебінен берілу өзгерістерімен түсіндіреді. Мұны келесідей түрде көрсетуге болады: тауардың салыстырмалы бағасының өзгеруі - өндіріс құрылымын өзгертеді – ресурстарға деген сұранысты өзгертеді – алынатын табыстар деңгейіндегі өзгеріске алып келеді.
Экономикалық агенттердің ұтысы мен жоғалымын анықтау кезінде бағаның тең құндылығының принципі қолданылады, яғни 1 теңге ұтыс = 1 теңге жоғалымға.
Ұлттың таза ұтысын табу үшін тұтынушылар ұтысынан өндірушілер жоғалымын алып тастаймыз. Яғни, b+e+f –b = e+f.
Халықаралық саудада А елі үшін ғана тиімді емес, сонымен қатар В елі үшін де тиімді. В елінің ұтысы ∆q –на сәйкес келеді. Сауда серіктестерінің арасында халықаралық саудадан ұтысты бөлу сауда қатынастарына дейінгі ішкі нарықтағы тауар бағасының өзгеру дәрежесіне байланысты. Біздің мысалымызда А елінде у тауарының бағасы В еліне қарағанда көп өзгерген. Сондықтанда e+f > q, яғни А елі В еліне қарағанда ұтысты көбірек алады. Яғни халықаралық сауда процесінде баға үлкен өзгеріске ие болған ел жоғары ұтысқа ие болады.
2. HOS теоремасы бойынша халықаралық сауда сауда серіктестерінің бірдей өндіріс факторларының абсолютті және салыстырмалы бағаларын теңестіреді.
Бұл теорияға сәйкес квалификация мен өнімділіктегі еңбектің еңбек ақы ставкасы соныменен қатар өнімділігі мен қауіптілік дәрежесі бірдей капиталдың пайыздық ставкасы барлық сауда жасайтын елдерде бірдей болу керек.
Халықаралық сауда процесі кезінде тауарлардың салыстырмалы ішкі бағасы ортақ әлемдік бағаға теңеседі. Тауар бағасының теңесуі, факторлық бағаларға әсерін тигізеді. Себебі: тауарлардың салыстырмалы бағасы елдің факторларымен қамтамасыз етілу деңгейімен анықталады.
А елі х тауарын (еңбексыйымды) өндіру көлемін ұлғайтады, у тауарын шығаруды қысқартады. Сондықтан еңбекке деген сұраныс көбейеді яғни, еңбек ақы ставкасы өседі, сол уақытта капиталға деген салыстырмалы сұраныс төмендейді, ол пайыздық ставканы төмендетеді.
В елінде пайыздық ставка өседі және еңбек ақы ставкасы төмендейді.
Халықаралық сауда кезінде өндіріс факторының бағасына деген айырмашылық жойылады.
Достарыңызбен бөлісу: |