Экономика негіздері пәні бойынша дәрістер



Pdf көрінісі
бет10/38
Дата12.10.2022
өлшемі0.93 Mb.
#462466
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   38
Экон негіздері. Дәрістер

Айқын емес шығындар шамасы берілген ресурстарды балама 
нұсқада тиімдірек қолданғанда олардың әкелетін түсімімен анықталады. 
Бұған жататындар: кәсіпкердің меншігіндегі капиталға түсетін пайыз, 
жалгерлік төлемдер, кәсіпкердің өзінің менеджерлік жұмысының 
төлемақысы. Сонымен:
С
эк.
=C
бухг.

айқын емес*. 
Қысқа уақыт мерзімінде шығындардың әртүрлі элементтері, мысалы, 
капитал (К) және еңбек (L) өнім шығару көлемінің өзгеруіне әртүрлі 
ықпалын тигізген. Сондықтан тәжірибеде және теорияда тұрақты 
шығындар (ҒС) мен өзгермелі шығындарды (VС) бөліп көрсетеді. 
Тұрақты шығындар (ҒС – fixed costs) - шығарылатын өнімдер 
көлеміне тәуелсіз шығындар және олардың шамасы өндіріс көлемінің 
өзгеруіне байланысты өзгермейді. Тұрақты шығындарға жататындар: жал 
төлемі, 
әкімшілік-басқарушылық 
шығындар, 
негізгі 
қорлар 
амортизациясы, сақтандыру жарнамалары, іс сапар шығындары, несиеге 
төленетін пайыздық төлемдер, жер салығы және т.б.: 
ҒС = ТС-VС. 
Өзгермелі шығындар (VС – variable costs) - өндіріс көлемінің 
өзгеруіне байланысты өзгеретін шығындар. Өзгермелі шығындарға 
жататындар: сатып алынған негізгі және көмекші материалдардың құны; 
энергияға, отынға, жұмысшылардың еңбекақысына, көлік қызметтеріне 
кеткен шығындар: 
VС = ТС ҒС. 
Жалпы шығындар (ТС – total costs) - өндірістің әрбір нақты 
деңгейіндегі тұрақты және өзгермелі шығындардың қосындысы. 
Математикалық түрде көрсетейік: 
ТС = ҒС + VС. 
Жоғарыда көрсетілген анықтамаларға негізделіп, шығындардың 
графиктерін тұрғыза аламыз. Суретте жалпы өзгермелі және жалпы 
тұрақты шығындардың графигі көрсетілген. 


TC 
VC 
FC 


19 
1-сурет - Жалпы шығындар 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет