Экономика негіздері пәні бойынша дәрістер


 Тиімділік түсінігі. Фирманың табысы және пайдасы



Pdf көрінісі
бет11/38
Дата12.10.2022
өлшемі0.93 Mb.
#462466
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   38
Экон негіздері. Дәрістер

3. Тиімділік түсінігі. Фирманың табысы және пайдасы.
Бухгалтерлік және экономикалық пайда 
Тиімділік - белгілі бір нәтижеге кеткен шығындармен сол нәтиженің 
арасындағы қатынас. Қоғамдық өндіріс нәтижесін сипаттау үшін – 
экономикалық тиімділік түсінігі пайдаланылады. Экономикалық тиімділік 
деп бір адамның қажеттілігін қанағаттандыруды азайтпай, басқа адамның 
қажеттілігін қанағаттандыруды ұлғайта алмау жағдайын айтамыз. Бұл 
жағдай Парето тиімділік деп аталынады.
Қоғамдық өндіріс тиімділігің маңызды сипаты - экономикалық өсу. 
Экономикалық өсу - белгілі бір уақыт аралығында қоғамдық өнімнің 
сандық және сапалық жетілдірілуі.
Экономикалық өсудің интенсивті және экстенсивті түрлері бар.
Экстенсивті экономикалық өсу кезінде қоғамдық өнім көлемі өндіріс 
факторларының санын көбейту арқылы жүзеге асады.
Интенсивті экономикалық өсу өндіріс технологиясын жетілдіру
өндіріс факторларының сапасын жақсарту арқылы жүзеге асады.
Фирма өзінің өнімін сатқанда түсім алады. Түсімдерді орташа, 
жалпы және шекті деп бөледі. Жалпы түсім (ТR – total revenue) өнімнің Q 
бірлігін Р бағамен сату нәтижесінде фирмаға түсетін түсім және ол 
келесідей болып өрнектеледі: 
TR=P*Q. 
Орташа түсім (average revenue) өнімнің бір бірлігін сатудан түсетін 
ақшалай түсім, ол АТR. деп белгіленіп, келесі формуламен анықталады 
және нарықтық бағаға тең болады: 
ATR =
= P *
 = P. 
Шекті түсім (marginal revenue) - бұл фирманың қосымша түсімі, 
яғни өнімнің қосымша бір бірлігін сатудан түсетін қосымша түсім. 
Математикалық түрде: 
MR = 

немесе MR = 

Жалпы, орташа және шекті түсімдердің арақатынасы әртүрлі нарық 
модельдерінде әртүрлі болады. Жетілген бәсеке үшін: МR=АТR=Р. 
Нарықтың басқа модельдерінде бұндай тепе-теңдік орындалмайды, олар 
үшін МR<АR = Р. Егер жалпы түсімнен өндірістің жалпы шығындарын 
алып тастаса, онда фирманың меншігінде пайда қалады. 
Бухгалтерлік пайда - жалпы түсім мен бухгалтерлік шығын 
арасындағы айырма. 


20 
Экономикалық пайда (economis profit) дегеніміз жалпы түсім мен 
экономикалық шығындар, яғни айқын және айқынсыз шығындардың 
жиынтығы арасындағы айырма: 
мұндағы - экономикалық пайда, TR - жалпы түсім, ТС - жалпы 
экономикалық шығындар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет