Экономика негіздері пәні бойынша дәрістер


 Атаулы және нақты макроэкономикалық көрсеткіштері



Pdf көрінісі
бет19/38
Дата12.10.2022
өлшемі0.93 Mb.
#462466
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   38
Экон негіздері. Дәрістер

 
3. Атаулы және нақты макроэкономикалық көрсеткіштері 
Экономикалық теорияда жалпы ұлттық өнім Ж.Ұ.Ө. номиналды 
және нақты түрге бөлінеді. Жалпы ұлттық өнімді ағымдағы нарықтық 
бағамен есептегенде, бұл оның номинальды түрін сипаттайды. Бұл 
көрсеткіштің нақты түрін анықтау үшін номиналды жалпы ұлттық өнімді 
Ж.Ұ.Ө.-ді инфляция ықпалынан арылту арқылы, яғни баға индексін 
қолдану арқылы есептеумен анықталады.
Нақты ЖҰӨ = номинальды ЖҰӨ 
баға индексі 


27 
Номинальды жалпы ұлттық өнімнің нақты жалпы ұлттық өнімге 
қатынасын жалпы ұлттық өкілінің дефляторы деп атайды.
ЖҰӨ дефляторы =номинальды ЖҰӨ 
нақты ЖҰӨ 
 
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 
1. Макроэкономикалық талдаудың ерекшеліктері қандай? 
2. Макроэкономиканың зерттейтін негізгі мәселелері қандай? 
3. Макроэкономикалық саясаттың негізгі құралдары қандай? 
4. Ұлттық экономикада табыстар мен шығындар айналымы қалай 
жүреді? 
5. Ұлттық есеп жүйесі дегеніміз не? 
 
9 Тақырып. Экономикалық өсу және нарықтық экономиканың 
тұрақсыздығы. Инфляция және жұмыссыздық – экономикалық 
тұрақсыздық көрінісі 
Талқылайтын сұрақтар: 
1. Экономикалық өсу түсінігі. Экономикалық өсу факторлары.
2. Инфляция түрлері және салдары. 
3. Жұмысбастылық және жұмыссыздық түсінігі. Жұмыссыздық түрлері 
және деңгейі. А.Оукен заңы. 
4. Экономикалық цикл және оның кезеңдері. 
1. Экономикалық өсу түсінігі. Экономикалық өсу факторлары 
Экономикалық өсу деп өндіргіш күштердің ұзақ мерзімді дамуымен 
байланысты өндірістің нақты көлемінің табиғи дәрежесінің ұзақ мерзімдегі 
өзгерістерін атайды.
Экономикалық өсудің негізгі мақсаттары – халықтың әл-ауқатын 
көтеру және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету. Экономикалық өсудің 
негізгі мақсаты материалдық әл-ауқаттың жоғарылауы болып табылады
осының құрамына кіретіндер: 
1. Орта есеппен бір адамға келетін ұлттық табыстың өсуі. Бұл 
мақсатқа жетуді ұлттық табыстың жан басына шаққанда келетін өсу 
шапшаңдығы көрсетеді. 
2. Бос уақыттың көбеюі. Бұл елдің нақты жалпы ұлттық өнім немесе 
ұлттық табыс көрсеткіштерінде орын алмаған. Сондықтан, осы мақсатқа 
жету дәрежесін бағалағанда, байқалып отырған мерзімде жұмыс аптасы 
мен жұмыс жылы қысқарғанына, жұмысшылар мен қызметкерлердің еңбек 
әрекеттерінің жалпы ұзақтығына назар аудары керек.


28 
3. Ұлттық табыстың халықтың әр топтарының арасында бөлінуін 
жақсарту.
1. Шығарылған тауарлар мен қызметтердің сапасын жақсартып, 
түрлерін көбейту. 
Экономикалық өсудің өлшеу тәсілдерін екі топқа бөлуге болады: 
1. Нақты жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) өсуі. Бұл әдіс экономикалық 
мүмкіншілігінің молаю шапшаңдығын бағалау үшін қолданылады. 
2. Жалпы ұлттық өнімнің (ЖҰӨ) бір адамға шаққандағы өсуі. 
Халықтың әл-ауқатының дамуын талдағанда немесе елдер мен 
аймақтардағы тұрмыс дәрежесін салыстырғанда қолданылады. 
Қоғамдық өндірістің типіне байланысты, өнімнің өсу шапшаңдығы 
мен өндіріс факторлары көлемі өзгерістерінің арасындағы сәйкестік әр- 
түрлі болуы мүмкін, сондықтан экономикалық өсу де бірнеше типке
бөлінеді. 
1. Интенсивті типі - техника мен технологияның жетілдірілуі арқылы 
ұлттық өнімнің өсуі. Тиімді экономика экономикалық өсудің интенсивті 
типін қолдануға 
тырысады. Экономикалық өсудің интенсивтік 
факторлары: 

қолданылатын ресурстар сапасының өсуі (жұмыс күшінің сапасын 
өсіру және заттық капиталдың сапасын жақсарту); 

ресурстарды пайдалану әдістерін жақсарту (технологияны 
жетілдіру, өндірісті және өткізуді ұйымдастыру мен басқаруды жетілдіру). 
2. Экстенсивті типі – қосымша өндіріс факторларын тарту арқылы
ұлттық өнімінің өсуі. Экономикалық өсудің экстенсивтік факторлары: 

жұмыс күшінің санының өсуі; 

капиталдың көлемі өсуі. 
3. Аралас типі - факторлардың өсуімен қатар, техникамен 
технологияның жетілдірілуі арқылы ұлттық өнімнің өсуі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет