Ағымдық операциялар шоты – тауар мен қызметтер экспорты мен
импорты, таза инвестициядан таза табыстар
және таза трансферттік
аударымдар (мемлекеттік және жеке тұлғалардың).
Капитал қозғалысы мен қаржы операцияларының шоты – ұзақ
мерзімдік инвестициялар (тікелей және қоржындық); қысқа мерзімдік
капиталдар қозғалысы шотына активтермен
жасалған халықаралық
мәмілелер кіреді: акция, облигация, жылжымайтын мүліктен түскен табыс
және шетелден сатып алынған активтерге шығындар.
Ресми резервтер өзгерісі – мемлекеттің алтын қоры,
әлемдік баға
мен валюта бағамының өзгерісіне байланысты алтын валюта резервін
қайта бағалау, елдегі алтынның бір бөлігін алтын қорына ауыстыру, ХВҚ-
ның кейбір елдерге СДР беруі, шетел валютасының резервін пайдалану.
Төлем балансы шоттарының өзара байланысы. Ағымдық шот пен
қаржы
шотының
байланысын
былай
көрсетуге
болады.
Макроэкономикалық
тепе-теңдік
Y = C + I + G + Xn,
↓
Y –C – G = C – I – G – Xn – (C + G)
↓
Sn = Sn = I + Xn, Sn – ұлттық қор жинағы
↓
(I – S) + Xn = 0 (ҰБ-тың араласуынсыз икемді валюта бағамы
режиміндегі төлем балансы),
мұндағы: (I – S) – капитал қозғалысы мен қаржы операцияларының
сальдосы, Xn – ағымдық операциялар сальдосын көрсетеді.
Макроэкономикалық тепе-теңдіктен
қаржы шоты мен ағымдық
шоттардың бір-біріне теңесіп отыратындығын көреміз.
X – M = Xn = – (I – S) = S – I
Төлем балансының ағымдық операциялар бойынша тапшылығы
көбінесе капиталдың таза келуімен қаржыландырылады.
Xn < 0 => X – M<0 => X < M
I – S > 0 => I > S шетелден валюта келеді.
(қарыздар)
54
Егер инвестиция ұлттық жинақ қорынан жоғары болса (I > S), онда
инвестиция шетелдерден қаржыландырылады. Мемлекет әлемдік рынокта
қарыздар болады.
Керісінше, егер ұлттық жинақ қоры инвестициядан жоғары болса (S
> I) болса, онда артық жинақтаулар шетелдіктерді несиелеуге жұмсалады.
X > M => Xn > 0, бұл жағдайда мемлекет әлемдік рынокта кредитор
болады.
Сонымен ағымдық операциялардың
активті сальдосы капиталдың
кетуіне әсер етеді, өйткені ағымдық шоттағы артық қаржы шетелде
қозғалмайтын мүлік алуға, қарызға беруге жұмсалады.
Xn > 0 => X – M > 0 => X > M
I – S < 0 => I < S валюта шетелге кетеді.
(кредитор)
Мұндай төлем балансының реттелуі
тек ұлттық банктің ешқандай
араласуынсыз, ресми валюталық резервті өзгертпеген жағдайда жүзеге
асырылады. Валюта бағамының икемді болуы (еркін болуы) ағымдық және
қаржылық шоттарды автоматты түрде теңестіріп отырады.
Өзін-өзі тексеру сұрақтары:
1. Айырбас бағамы тұрақты ашық экономикадағы тепе - теңдік
2. Айырбас бағамының динамикасы
3. Қазақстанның валюта
бағамын реттеудегі саясаты
4. Ұзақ мерзімге қарағанда, қысқа мерзімде валюталық бағамның
шапшаң өзгеруі.
5. Бір валютаға аудару кезінде көлемі
тең депозиттер бірдей кіріс
беретін ел ішіндегі және шетелдегі пайыздық мөлшерлеменің деңгейі.
0>