3. Сұраныс және ұсыныс икемділігі. Есептеу әдістері.
Икемділік факторлары
Сұраныс пен ұсыныс көптеген факторлардан тәуелді және осы
факторлардың өзгеруіне қарай олар да өзгереді. Икемділіктің мағынасы
осындай өзара өзгерістерден туындайды.
Икемділік - бұл белгілі бір фактордың 1% өзгеруіне жауап ретінде
сұраныс пен ұсыныстың қанша процентке өзгергенін анықтайтын
көрсеткіш. Ол көрсеткіш проценттік өзгеру қатынастарымен анықталады.
Икемділік экономикалық теорияда маңызды түсініктерінің бірі. Өз
өніміне сұраныстың икемділігін дұрыс анықтай отырып, фирма мүмкін
болатын шығындар мен пайдасын анықтай алады.
Икемділіктің сандық мәнін есептеу үшін икемділіктің коэффициенті
қолданылады. Икемділік мәні нөлден шексіздікке дейін өзгеріп отырады.
Сұраныс икемділігінің үш түрі бар:
1.
Сұраныстың бағалық икемділігі – тауар бағасының 1%
өзгеруі сол тауарға деген сұраныстың қанша процентке өзгеретінін
көрсетеді, яғни бұл көрсеткіш сұраныс көлемінің осы тауар бағасының
өзгеруіне сезімталдығын анықтау үшін қолданылады:
E
D
P
=ΔQ/ΔP,
мұндағы, E
D
P
- сұраныстың бағалық икемділігінің мәнін көрсететін
коэффициент; ΔQ - сұраныс көлемінің салыстырмалы өзгеруі; ΔP-
бағаның салыстырмалы өзгеруі.
Сұраныстың бағалық икемділігін анықтаған кезде тауарға деген
сұраныс төмендегідей бес түрге бөлінеді:
1. Егер E
d
(p) >1, онда сұраныс икемді, демек бағаның бір процентке
өзгеруі сұраныстың одан артық процентке өзгеруіне әкеледі;
2. Егер E
d
(p) < 1, онда сұраныс икемсіз, демек, бағаның бір процентке
өзгеруі оған деген сұраныстың қажет көлемге өзгеруіне әкелмейтіндігін,
немесе бұл өзгеріс бағаның өзгерісінен аз болатындығын көрсетеді.
3. Егер E
d
(p)=1, онда бірлік икемділікті сұраныс, демек, бағаның бір
процентке өзгеруінен тауардың көлемі сол мәнге өзгеретіндігін көрсетеді.
4. Егер E
d
(p)=0, сұраныстың нольдік икемділігі, демек, бағаның
өзгеруінен сұраныстың өзгеруі болмайды.
5. Егер E
d
(p)=∞, шексіз икемділікті сұраныс, демек, бағаның кез -
келген шексіз өзгеруі сұраныстың шексіз өзгеруін тудырады.
Достарыңызбен бөлісу: |