Экономика негіздері пәні бойынша дәрістер


  Сұраныстың табыс бойынша икемділігі



Pdf көрінісі
бет7/38
Дата12.10.2022
өлшемі0.93 Mb.
#462466
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38
Экон негіздері. Дәрістер

2. 
Сұраныстың табыс бойынша икемділігі – бұл көрсеткіш 
тұтынушы табысының 1% өзгеруі осы тауарға деген сұраныстың қанша 
процентке өзгеретінен көрсетеді. Бұл коэффициент тауардың 
сапалылығын анықтайды: 
E
P
I
= ΔQ/ΔI, 


15 
мұндағы, E
P
I
- сұраныстың табыс бойынша икемділігінің мәнін 
көрсететін коэффициент; ΔQ – тауарға деген сұраныс көлемінің 
салыстырмалы өзгеруі; ΔI – тұтынушы табысының салыстырмалы өзгеруі.
3. 
Сұраныстың қиылысқан икемділігі - бір тауардың 
бағасының (Х) пайыздық өзгеруіне байланысты сол тауарды алмастыратын 
немесе толықтыратын екінші бір тауарға (У) деген сұраныс көлемінің 
пайыздық өзгеру дәрежесін көрсететін коэффициент. Бұл икемділіктің 
коэффициенті мына формуламен беріледі: 
E
D
xy
= ΔQу/ΔPх, 
мұндағы, E
D
xy 
– сұраныстың қиылысқан икемділігінің мәнін 
көрсететін коэффициент; ΔQу – У тауарына деген сұраныс көлемінің 
салыстырмалы өзгеруі; ΔPх - Х тауары бағасының салыстырмалы 
өзгерісі. 
Ұсынысқа әсер ететін басты фактор баға болғандықтан, бұл жерде 
ұсыныстың бағалық икемділігі деген түрі қарастырылады. 
Ұсыныстың баға бойынша икемділігі – тауар бағасының бір 
пайызға өзгеруіне байланысты ұсыныс көлемінің салыстырмалы түрде 
қанша пайызға өзгеретінін және соған орай сезімталдық реакциясын 
көрсететін сандық коэффициент. Ұсыныстың бағаға икемділігінің 
көрсеткіштік мәні мына формуламен беріледі: 
E
S
P
= ΔQ/ΔP, 
мұндағы, E
S
P
- ұсыныстың бағалық икемділігінің мәнін көрсететін 
коэффициент; ΔQ - ұсыныс көлемінің салыстырмалы өзгеруі; ΔP - тауар 
бағасының салыстырмалы өзгеруі.
Ұсыныстың баға бойынша икемділігінің де сұраныстікіндей бес түрі 
бар:
1. Егер E
s
(p) >1, онда ұсыныс икемді, демек, бағаның өзгеруіне 
қарағанда ұсыныс көлемінің көбірек өзгеруін көрсететін жағдай; 
2. Егер E
s
(p) < 1, онда ұсыныс икемсіз, демек, бағаның өзгеруіне 
қарағанда ұсыныс көлемінің азырақ өзгеруін көрсететін жағдай. 
3. Егер E
s
(p)=1, онда бірлік икемділікті ұсыныс, демек, бағаның бір 
процентке өзгеруінен тауардың көлемі сол мәнге өзгеретіндігін көрсетеді. 
4. Егер E
s
(p)=0, бағаның өзгеруі ұсыныс көлемін мүлдем 
өзгертпейтінін немесе салыстырмалы өте аз өзгеретінін көрсететін жағдай. 
5. Егер E
s
(p)=∞, шексіз икемділікті ұсыныс, бағаның өте аз немесе 
мүлдем өзгермеуіне байланысты ұсыныс көлемінің шексіз өзгеруін 
көрсететін жағдай. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет