35
қоғамдық өндірістегі жұмысбастылықты көтеруге мүмкіндік туғызады.
Әлеуметтік саясаттың негізгі мақсаты - қоғам мүшелерінің материалдық,
мәдени және рухани қажеттіліктерін қамтамасыз ету.
2. Қоғамдағы табыстарды бөлудің теңсіздігі
Лоренц қисығы және Джини коэффициенті
Қазіргі есеп жүйелерінде жалдамалы еңбек тұлғаларына еңбекпен
қамтылғандардың өте кең шеңбері жатады, ал марксистік теорияда еңбек
үлесі деп пролетариат еңбекақысы түсініледі. Қазіргі теория жиынтық
табыстардағы еңбек үлесінің өсімін дәлелдейді.
Еңбек табысына барлық жалдамалы еңбек
тұлғаларының табысы
жатады, оның ішіне корпорациялардың жоғарғы басқарушы аппараты да
енеді. Еңбек табысының үлесі жиынтық табыстың 80% - ын құрайды.
Халықтың жиынтық табыстары әртүрлі көздерден қалыптастырылады
және отбасылар арасында олардың үлкендігі мен құрамына қарай қайта
бөлінеді.
Табысты персоналды бөлубасым теңсіздікпен ерекшеленеді, оны
Парето-Лоренц-Джинни әдістемесі негізінде өлшеуге болады.
ХХ ғ. басында В.Парето табыстар бөлінуінің нақты мәліметтері
негізінде «Парето Заңы» деп аталған заңды қалыптастырды, осы заңға
сәйкес табыстар деңгейі мен оларды
алушылар саны арасында кері
тәуелділік бар, басқаша айтқанда, табыстарды персоналды бөлу тұрақты
тепе-теңсіз және де бөлуде тепе-теңдіксіз деңгейі бірдей. Табыс деңгейі
бойынша барлық отбасыларды белгілі табыс топтарына біріктіруге болады.
Әр топтың табыс үлесін жиынтық табысында салыстырып, табыстар
дифференциациясын бейнелейтін график құруға болады.
А
100
80
60 III
40 III
20
0 В
20 40 60 80 100
1 – сурет - Табыс шоғырлануының қисығы
(Лоренцтің)
Егер
табыстар тепе-тең бөлінсе, онда әр отбасы тобы өзінің үлес
салмағына сәйкес табыс алуы керек, ал табыстарды бөлу графигі ОА
биссектрисасымен ұсынылады, табыстардың нақты бөлінуі І, ІІ, ІІІ
қисықтарымен бейнеленеді. Нақты бөлу қисықтары ОА биссектрисасына
36
неғұрлым жақын болса, соғұрлым шындығында
табыстардың тепе-тең
бөлінуі орын алады.
Жалпы қоғамның және оның әр мүшесінің жиынтық табысы
экономикалық әл-ауқаттың көрсеткіші болып табылады, ал халық алатын
табыс өмір сүру деңгейінің негізін құрайды.
Өмір сүру деңгейі - бұл:
- халықтың өмірлік игіліктермен қамтамасыз етілуі,
- адамдардың
белгілі
игіліктерге
деген
қажеттіліктерін
қанағаттандыру дәрежесі.
Өмір сүру деңгейі бағаланады:
- халық табыстарымен,
- өмір сүру жағдайымен,
- өмір сүру қалпы мен жүйесі және т.с.с.
Өмір сүру деңгейі ұғымымен қатар өмір сүрудің сапасы деген түсінік
кеңінен қолданылады. Өмір сүру сапасы – бұл өмір сүру деңгейінің
көрсеткіштерімен қатар рухани қажеттіліктердің қанағаттандырылу
дәрежесін,
адамды
қоршаған
ортаның
жағдайларын,
моральді-
психологиялық
климат жағдайларын, рухани ыңғайлылықты есепке
алатын жалпылама әлеуметтік-экономикалық категория.
Халықтың табысы төмен тобының шығындары шамасы мен
құрылымын талдау негізінде материалдық қамтамасыз етудің минимум
бюджеті және кедейлік шегі есептелінеді. Минимум тұтынушылық бюджет
кедейлікті сәйкестендіру негізі ретінде денсаулықты және мұнтаздылықты
сақтаудың физиологиялық минимум бюджеті ретінде, минимум әл-
ауқаттылық бюджеті ретінде есептелінеді. Минимум әл-ауқаттылық – бұл
өмір сүрудің қоғаммен қабылданатын жағдайлардың ұдайы өндірілуі
қамтамасыз етілмейтін
отбасы табысының шектері, оның негізінде
кедейлік табалдырығы анықталады және күнкөрістің ең төменгі деңгейі
есептелінеді.
Қазіргі жағдайда мемлекет табыстарды қайта бөлуге тартылған:
- салық жүйесі арқылы;
- мемлекеттік трансферттер (ақшалай және табиғи);
- әлеуметтік қамсыздандыру, сақтандыру жүйесі және т.с.с.
Табыстардың
бөлуіндегі
теңсіздіктерді
өлшеудің
бірнеше
теориялары бар. Соның ішінде, Лоренц қисығы мен Джини коэффициенті
маңызды орынға ие.
Лоренц қисығы – бұл қоғамда табыстар ерекшелігінің маңызды
индикаторы ретінде табыстарды бөлудегі теңсіздерді сипаттайтын
графикалық көрініс.
Джини коэффициенті – бұл табыстарды бөлудегі теңсіздерді
анықтайтын көрсеткіш. Ол табыстардың нақты бөліну деңгейінің олардың
тепе-тең бөліну сызығынан ауытқу шамасын көрсетеді. Бұл көрсеткіш
37
Лоренц қисығы салынған фигура алаңының
абсолютті теңдік сызығы
салынған үшбұрыш алаңына қатынасы ретінде анықталады:
К
Дж
=М ауданы / N ауданы.
Егер коэффициент О-ға жақын болса, онда қоғам теңгермешілік
жағдайында болады. Егер К = 1 болса, онда қоғамда «Қайыршы көпшілік»
және аса бай азшылық жағдайы қалыптасады. Джинни коэффициенті
неғұрлым үлкен болса, соғұрлым табыстағы теңсіздік үлкен болады.
Нарықтық экономикада мұндай шектер мемлекеттің табысты қайта бөлу
саясаты арқылы орын алмайды.
Табыстарды мемлекеттік индекстеу ең бірінші кезекте бекітілген
табыс алатын тұлғаларға бағытталған.
Табысты индекстеу нысандары:
- инфляция
мөлшеріне
зейнетақы,
жәрдемақы,
еңбекақыны
индекстеу:
- азық-түлік талондары;
- балаларды мемлекеттік тәрбиелеу және оқыту жүйесі;
- кадрларды қайта дайындау;
- мемлекеттік медициналық және
әлеуметтік қызмет көрсету, т.с.с.
Достарыңызбен бөлісу: