Экономика негіздері пәні бойынша дәрістер



Pdf көрінісі
бет5/38
Дата12.10.2022
өлшемі0.93 Mb.
#462466
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Экон негіздері. Дәрістер

Тауарлы шаруашылық табиғимен салыстырғанда дамыған, әрі 
күрделі болып саналады, бұнда еңбек өнімдері тек өздері тұтыну үшін ғана 
емес, сонымен қатар, нарықта айырбастау үшін де өндіріледі. 
Тауарлы өндіріс екі себептің күшімен туындайды: 
1. Қоғамдық еңбек бөлінісінен; 
2. Өндірушілердің жекеменшікке иелік жасауына байланысты белгілі 
бір тауарды шығару барысында шаруашылығының оқшаулануынан. 
Тарихта алғашқыда тауарлы шаруашылық қарапайым түрде дамыды. 
Ол өнімді шығаруда өзінің еңбегі мен салыстырмалы қарапайым еңбек 
құралдарын пайдаланған шаруалар мен қолөнершілердің еңбегімен 
сипатталады. 
Өзін-өзі тексеру сұрақтары: 
1. Нарықтық шаруашылық. 
2. Нарықтық құрылымдар және оларды анықтайтын факторлар 
қандай? 
3. Натуральды шаруашылық. 
4. Тауарлы шаруашылық. 
5. Нарық механизмінің өте маңызды элементтері. 
5 тақырып. Сұраныс және ұсыныс теорияларының негіздері 
 
Талқылайтын сұрақтар:


12 
1. Нарықтың қызмет етуі. Сұраныс және оның факторлары. Жеке 
және нарықтық сұраныс. 
2. Ұсыныс. Ұсынысқа әсер ететін факторлар. Жеке және нарықтық 
ұсыныс. 
3. Нарықтық тепе-теңдікті қалыптастыру. 
4. Сұраныс және ұсыныс икемділігі. Есептеу әдістері. Икемділік 
факторлары. 
 
1. Нарықтың қызмет етуі. Сұраныс және оның факторлары.
Жеке және нарықтық сұраныс 
Сұраныс (demand) - белгілі бір уақытта, қалыпты баға жағдайында 
сатып алынатын тауарлар саны.
Ақша қаражатымен қамтамасыз етілген сұраныс төлемқабілетті 
сұраныс деп аталынады. 
Сұранысқа көптеген факторлар әсер етеді, солардың ең маңыздысы -
баға. Бағамен сұраныс арасында кері байланыс, баға өскен сайын сұраныс 
төмендейді және керісінше. Осы байланыс сұраныс заңы деп аталынады.
Графиктегі D қисығы сұраныс қисығы, Р – баға, Q - сұраныс көлемі. 
D қисығы солға төмен орналасқан, себебі бағамен сұраныс арасындағы 
байланыс кері. Сұраныс қисығының бойымен жылжуы, баға өзгеруінің 
салдарынын тауарды сатып алу көлемі азайғанда байқалады.


13 
3. Нарықтық тепе-теңдікті қалыптастыру 
Нарықта сұраныс пен ұсыныс әрдайым бір-бірімен өзара қарым-
қатынаста болады, 
Сұраныс және ұсыныс қисықтарын бір графикке орналастыру 
арқылы нарық тепе-теңдігін көрсетуге болады. Бұл сызбаны кейде 
Маршалл кресі деп те атайды. Егер сұраныс көлемі мен ұсыныс көлемі 
теңессе, онда мұндай жағдайды нарық тепе - теңдігі деп атайды және бұл 
теңдестікке сәйкес келетін баға - тепе-теңдік баға (Р
0
(equilibrium price), ал 
тауар көлемі - тепе-теңдік көлем (Q
0
(equilibrium quantity) деп аталады.
Баға Р
0
-ге тең болғанда ғана сұраныс көлемі ұсыныс көлеміне тең 
болады (Q
D
Q
s

 5 -суреттегі S және D қисықтарының қиылысу нүктесі тепе-теңдік 
жағдайы деп аталып, Р
0
 - теңдестік бағасын, ал Q
0
сұраныс пен ұсыныс бір-
біріне тең болатын теңдестік көлемін көрсетеді. 
Егер баға тепе - тең бағадан жоғары болса, ұсыныс сұраныстан артық 
болады. Ұсыныстың сұраныстан артық болуы - тауар артықшылығына 
әкеледі. Ал тепе-тең бағаның төмендеуінен сұраныстың ұсыныстан артық 
болуы - дефицитке әкеледі. 
Егер сұраныс пен ұсыныс бір мезгілде өзгеретін болса, онда сұраныс 
пен ұсыныстың өзгеру катынастарына байланысты теңдестік нүктесі де 
әртүрлі болады. 
Бұндай өзгерістерді былай жіктейді: 
1. Ұсыныс өседі, сұраныс қысқарады. Бұл жағдайда тепе - теңдік баға 
төмендейді, ал тепе-теңдік көлемінің өзгерісі әртүрлі болуы мүмкін. 
2. Ұсыныс қысқарады, сұраныс өседі. Бұл жағдайда тепе-теңдік баға 
өседі, ал тепе-теңдік көлемінің өзгерісі әртүрлі болуы мүмкін. 
3. Ұсыныс өседі, сұраныс өседі. Бұл жағдайда тепе-теңдік бағаның 
өзгерісі әртүрлі болуы мүмкін, ал тепе-теңдік көлем артады. 
4. Ұсыныс қысқарады, сұраныс қысқарады. Бұл жағдайда тепе-теңдік 
бағаның өзгерісі әртүрлі болуы мүмкін, ал тепе - теңдік көлем азаяды. 
5-сурет - Нарықтағы тепе-теңдік 
e
D
0 Q
1


P

S


14 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет