Кепілдеме чек - клиентке банк берген кепілді чек.
Кепілдеме - клиентке немесе қандай да бір адамдарға ақшалай немесе
басқа да міндеттемелерді орындауға берілген тапсырыс.
Қайталама нарық - алғашқы кредиторлар мен қарыз болып
табылмайтын адамдардың арасында бағалы қағаздардың айналым жасауы.
Қаржыландыру - қандай да бір шығындарға белгілі мөлшерде қаржы
бөлу.
Концерн - қатысу жүйесі арқылы мүлде ортақтағы жеке жөніндегі
шарттары, патенттік-лицензиялық келісімдері қаржылану тығыз өндірістік
ынтымақтастығы бойынша бір-бірімен байланысты жеке кәсіпорындардың
бірлестігі.
Коньюнктура – 1) нарықтық механизм жағдайында мемлекеттік
реттеу мен бәсекелестік балансымен, тұтынушы корпорациялар және
мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар қабылдайтын шешімдердің
тәуелсіздігімен айқындалатын процестердің факторлардың нақты
экономикалық өмір шарттарының жиынтығы дамудың заңды формасы; 2)
белгілі бір кезеңдегі экономиканың ағымдағы жағдайын сипаттайтын
белгілер жиынтығы.
Нарық коньюктурасы - белгілі бір кезеңде нақты орында (аймақта)
қалыптасқан тауарларды өткізудің әлеуметтік-экономикалық, сауда-
ұйымдық және басқа жағдайлары.
Корпорация - кәсіби немесе мақсат мүдделері ортақтығымен біріккен
қоғам, одақ адамдар тобы.
Котировка - 1) баға-бағыт; 2) биржалық бағана, бағытты белгілеу
(бағаны котировка жасау); 3) биржадағы бағалы қағаздың немесе тауардың
құны; 4) бағалы қағаздардың валютаның биржалық құны туралы ресми
жарнама.
Купон - келісіп алынатын, содан кейін пайыз немесе дивидент алу
кезінде қолхаттың орнына берілетін бағалы қағаздың облигацияның
немесе акцияның бөлшегі.
Күрделі өсімдер - өсімді табысқа салынатын өсім.
Лизинг - мамандандырылған қаржы (лизингті) компаниясының
қатысуымен машиналар, жабдықтар, қозғалатын мүліктер негізгі
капиталдың басқа да алуды қаржыландырудың ерекше формалары.
Достарыңызбен бөлісу: |