33
болып табылады. Натуралды шаруашылықтың материалдық негізі
әлсіз, қоғамдық еңбекті бөлуінің дамуы төмен болады.
Табиғи өндірістің ерекшеліктері:
жинақы жұмыс күшінің жоқтығы;
жергілікті
бірлік
шегіндегі
экономикалық
үдерістердің
тығырыққа тірелуі;
өндірістің шектелген мақсаты
- жеке тұтынушылықты
қанағаттандыру.
Тарихта шаруашылықтың натуралды нысанының көптүрлігі
белгілі: алғашқы қауымдық қоғам, азиялық қауымдастық,
германдық
қауымдастық (марка), славяндық отбасылық қауымдастық жэне т.б.
Тауарлық өндіріс - бұл нарықта сату, сатып алу әр түрлі қоғамдық
тұтынушылықты қанағаттандыруға мүмкіндік бергендегі, белгілі бір
өнім түріне лайықтанған арнайы ерекшеленген
жеке өндірушімен
өндірілетін өнім өндіретін шаруашылық жүйесі.
Жоспарлық өндіріс үшін сол сияқты тауарлық-ақшалық
қатынастар тән. Бірақ бұл қатынастар өзгерісті сипатта болады,
өйткені,
өндіріс пен тауарларды өткізу, қоғамдық шаруашылықты
ұйымдастыру қатаң директивтік жоспарлау негізінде өтеді.
Достарыңызбен бөлісу: