55
мәмілеге тікелей қатыспайтын, бірақ, ақылы қызмет ұсынатын
адамның немесе бейтарап ұйымның қызметіне төлем және оны алу;
мәмілені қаржыландыру үшін несиеге ақша қорын тарту және
келесіде несиені пайызымен қайтару;
тауарды сатып алушыға өткізу және түсімді алу;
мәмілені тіркеу, салықтарды төлеу.
Қаржылық кәсіпкерліктегі сатып алу және
сату объектісі арнаулы
тауарлар-ақша,
валюта,
бағалы
қағаздар
болып
табылады.
Коммерциялық қызметтің басқа түрлері тәрізді қаржылық-несиелік
мәміледе іздеумен, анықтаумен және әлеуетті сатып алушыларды
тартумен байланысты бағалы қағаздар мен маркетингтік қызметтің
талдауы алдын-ала болуы қажет.
Қаржылық кәсіпкерлікте қызметтің арнаулы түрлері бөлінеді,
онда кәсіпкер өзі сататын бағалы қағаздарды шығарушы ретінде
көрінеді, оны белгілі бір жағдай мен міндеттемелерде кәсіпкерлік
қызметтің мәнді нәтижесі іспетті
қаржылық тауар ретінде
орналастырады.
Қаржылық мәміленің негізгі бөлігі (ақшаны, валютаны, бағалы
қағаздарды сатып алушыға сату) мұқият ресімдеу мен жоғары назар
аударуды қажет етеді. Сатып алушының қаржылық халін анықтау,
кепілдік мүмкіндігін белгілеу, сатып алушыға беруге келіскен
кепілдемесін анықтау қажет. Шетел тәжірибесінде,
басқару
мәселелері, экономика және басқару (ФЕАКО) бойынша кеңесшілер
ассоциациясының Еуропалық федерациясының белгілеуіне орай,
коммерциялық, төлемді кеңес «консалтинг» деген ат алды.
Менеджмент - консалтинг мүмкіндіктер мен проблемаларды бағалау
және анықтауды, соған сәйкес шаралар туралы ұсынысты және оны
жүзеге асырудағы көмекті өзіне қосып алатын басқару мәселелері
бойынша тәуелсіз көмек пен кеңесті беретінімен қорытындыланады.
Өнеркәсіптік дамыған елдерде интеллектуалды капиталға кеңестік
қызмет нысанындағы қаржы салу жаңа
құрал-жабдық пен алдыңғы
технологияға салғаннан гөрі тиімдірек саналады.
Капитал
айналымының
көлемі
және
іске
қосылған
қызметкерлердің саны бойынша ірі және шағын бизнес деп бөлінеді.
Ірі кәсіпкерліктің, басымдылығы:
ғылыми-техникалық үдерісті (НТП) тездетеді;
жаппай стандартты өнімдерді ірі көлемде өндіру арқасында
шығынды үнемдеуге мүмкіндік береді;
мамандандыру мүмкіндігін көбейтеді;
қуатты құрал-жабдықты пайдалану тиімділігін арттырады
(көтеру крандарының, өте үлкен престердің, комбайндардың және
т.б.);
шаруашылық тәуекелін азайтады.
Бірақ, кәсіпорынды ірілендіру белгілі бір шекке дейін ғана тиімді
болады, кейде өндіріс шектен тыс үлкен, ыңғайсыз, қиын
56
басқарылатын және экономикалық оңтайлы болмайды, өйткені
фирманың орташа шығындары көбейе бастайды. Шағын бизнестің
басымдылығы:
өндірістің жоғары деңгейде мамандануы және фирма
арасында тиімді кооперациялану;
икемділігі үлкен және нарық жағдайындағы
өзгерістерге тез
ыңғайлануы;
өнімдердің әртүрлілігінің көптігі және жеке тапсырыс
бойынша жұмыстардың мүмкіндігі;
жаңа ғылыми-техникалық идеяларға үлкен алғырлығы;
алдын ала ұйымдастырудың болмауы, жұмыстың шектен тыс
реттелуі;
жеке ұсыныстың іске асуына үлкен мүмкіндіктер мен саналы
тәуекелдер;
қолайлы психологиялық климат және еңбек ұжымындағы
үлкен демократия.
Ірі және шағын бизнестің өзінің шаруашылық жағдайы болады.
Өндіріске жаңа технология мен өнімдерді еңгізудегі, өнімді жаппай
шығару кезіндегі алғашқысы көбірек әсерлі болады.
Екіншісі - ұсақ
сериялы өндірісте, қызмет аясында, жаңа технологияны әзірлеуде.
Жеке ірі компания шағын кәсіпорындарға оның атынан өз өнімдерін
өткізуге көмектескенде және мәселелерін шешкенде, жеке ірі және
шағын фирмалар франчайз жүйесінде жиі бірге қызмет істейді.
Достарыңызбен бөлісу: