«Экономика негіздері»



Pdf көрінісі
бет43/124
Дата18.01.2024
өлшемі1.48 Mb.
#489299
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   124
экономика негиздері кітап

Сабақтың құрылымы
І. Ұйымдастыру сәті. 
ІІ. Алдыңғы сабақтың материалы бойынша сұрау. 
ІІІ. «Бизнес-жобаны көрсету» тақырыбы бойынша іскерлік ойын. 
ІV. Қорытынды жасау және нәтижелерді бағалау. 
 
Әдістемелік нұсқаулар: 
Бақылау сұрақтары: 
1. Бизнес және кәсіпкерлік түсінік нені білдіреді? 
2. Сіз кәсіпкерлік қызметтің қандай түрлерін білесіздер? 
3. Кәсіпкерлікпен 
айналысу үшін мінез-құлықтың қандай 
түрлеріне ие болу қажет? 
4. Сіз кәсіпкерліктің қандай ұйымдық – құқықтық формаларын 
білесіздер? 


60 
5. Жеке кәсіпкерліктің артықшылықтары мен кемшіліктері 
қандай? 
6. Акционерлік қоғамның артықшылықтары мен кемшіліктері 
қандай? 
7. Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің дамуы жөнінде 
айтыңыз? 
8. Кәсіпкерліктің әлеуметтік-экономикалық мағынасы қандай? 
Әдістемелік нұсқау 
Кіріспе сөзде әрбір оқушы үшін бұл тақырыптың маңыздылығына 
назар аударыңыз, себебі біздің елде кәсіпкерлікпен әрбір 
айналысқысы келетін адам айналысу мүмкін – бұл әрбір 
қазақстандықтың конституциялық құқығы. Сондықтан әрбір сауатты 
адам кәсіпкерліктің мәнін, оның негізгі мақсаттарын, түрлерін, 
формаларын білу қажет.
«Бизнес-жобаны көрсету» іскерлік ойыны. 
Іскерлік ойынды жүргізу үшін оқытушы оқушыларды топтарға 
бөледі: кәсіпкерлер (3 оқушы бойынша 4 топ), сарапшылар (4 оқушы), 
бақылаушылар (барлық қалғандары) және оқытушы – арбитр. 
Ойынға қатысушыларға тапсырма алдын ала үйден дайындалуы 
үшін беріледі. Кәсіпкерлер үшін тапсырма келесідей сұрақтарды 
кірістіреді: 
- бизнестің қандай түрімен айналысқын келеді; 
- бұл бизнестің мәні неде – сіз қандай тауарлар мен қызметтерді 
өндіргіңіз келеді және неліктен; 
- өзіңіздің бизнесізді ұйымдастырудың қандай типін таңдар 
едіңіз және неліктен; 
- өзіңіздің кәсіпорыныңыз үшін қандай орынды таңдар едіңіз; 
- сіздің бизнес-жобаңыздың табыстылығы неде. 
Бақылаушылар алдын ала дайындалған сұрақтарды қоюы қажет. 
Арбитр жобаны және кәсіпкерлердің сөз сөйлеулерін бағалау қажет. 
Сабақтың 
соңында 
оқытушы 
кәсікерлердің 
қызметін, 
бақылаушыларды бағалап, қорытынды жасаңыз. Қызықты жобаларды 
ерекше белгілеу қажет. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет