«Экономика негіздері»



Pdf көрінісі
бет45/124
Дата18.01.2024
өлшемі1.48 Mb.
#489299
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   124
экономика негиздері кітап

Дәріс. 
1 сұрақ 
Өндіріс тоқтай алмайды. Өндірілген материалдық және рухани 
құндылықтар тұтынылады. Өмір сүру және жұмыс істеу үшін адамдар 
тамақ өнімдерін, киімдерді, тұрғын үйі және т.б болуы қажет. Өндірістің 
маңызды белгісі оның үздіксіздігінен, оның тұрақты қайта құрудан тұрады. 
Өндіріс процесінің қоғамдағы формасы қандай болмаса да ол үздіксіз 
болуы қажет, яғни кезекпен кезек барлығы сол бір кезеңде қайтадан өтеді. 


62 
Үздіксіз қайталау және жаңартуда қарастырылатын өндіріс процесс 
ұдайы өндіріс деп аталады. 
Ұдайы өндіріс атауы франсуз экономисті Франсуа Кэнеге тән, ол ең 
алғаш рет өзінің еңбегінде қоғамдық ұдайы өндіріске талдауды жүзеге 
асырды. Бұл тақырып көптеген танымал экономистердің яғни Карл Маркс, 
Джон Мейтнрад Кейс, Джоак Робинсонның еңбегінде бейнеленді. 
Ұдайы өндіріс қарапайым және кеңейтілген болуы мүмкін. Қарапайым 
ұдайы өндіріс бұрынғы, өзгермейтін масштабтарда өндіріс процесін 
қайталауды, жаңартуды білдіреді. Бұл кезде барлық қосымша өнім 
тұтынушыға барады.  
Кеңейтілген өндіріс көбейтілген мөлшерде өндіріс процесін 
қайталауды, жаңартуды білдіреді. Бұл кезде қосымша өнімнің бір бөлігі 
өндірісті кеңейтілген өндіріске, ал екінші бөлігі- тұтынуға барады. 
2 сұрақ. 
Кеңейтілген ұдайы өндіріс көбейтілген масштабтарда оның есебінен 
өндіріс масштабтары жоғарлайды. Ненің есебінен өндіріс масштабтары 
жоғарлайды. 
Мысалды қарастырайық: Жылдың басында кәсіпкер өндіріс 
құралдарын сатып алуға 800 мың д (тұрақты капитал С ). Ал жұмыс күшін 
сатып алуға 200 мың д өндіріске салды деп есептейік. Өндіріс процесінде 
жұмысшылар 200 мың д тең қосымша құнды (100% норма кезінде) 
жүргізеді. Жылдың соңында өндірілген өнімнің құны мынаған тең:
800 с+200 v+200m=1200 мың д. 
Келесі жылы кәсіпкер қосымша құнның 100 мың д. өндірісті 
кеңейтуге бағыттап, өндіріс масштабтарын жоғарлату қажет деп шешті, ал 
қалған 100 мың д. тұтынуға қалдырды.
Тұрақты және өзгермелі капитал арасында 100 мың д. тарату олардың 
қатынасына пропорционалды түрде жүзеге асырылады. Бұл жағдайда осы 
қатынас 1с: 1v тең, соған сәйкес тұрақты капиталды толықтыруға 80 т., ал 
өзгермелі капиталды толықтыруға 20 т. тең болады. Егер қосымша құнның 
нормасы 100% деңгейінде, болса онда жылдың соңында өндірілген өнімнің 
құны өседі және мынаған тең:
880 с+220v+220m=1320 мың д. 
Егер келесі жылдың басында қосымша құнның мұндай тарту процесі 
қайталанса, онда өндіріс көлемі өседі. Қосымша құнның капиталға 
айналуы капиталдың жинағын білдіреді. 
Капиталдың жинақталу факторлары;
- қосымша құнның нормасы
- қызмет ететін капиталдың мөлшері; 
- еңбек өнімділігінің өсімі; 
- қосымша құнның жинақтық және тұтынушының бөлімдері 
арасындағы пропорция. 
Капиталдың жинақталу процесі екі формаларда жүзеге асырылады: 
капиталдың шоғырлануы мен орталықтандыру. Капиталдың шоғырлануы 


63 
капиталуазациясы есебімен жеке капиталдарының мөлшерін жоғарлатуды 
білдіреді. Бұл жалпы макроэкономикада өндіріс масштабтарын 
жоғарлануды білдіреді. Өнеркәсіп капиталды шоғырландыру келесідей 
көрсеткіштермен сипатталады: бір кәсіпорынға жұмыс істейтін 
жұмысшылар санымен, оның қуаттылығымен, қайта өндірілетін 
шикізаттың санымен, тауар айналымының көлемімен, пайда мөлшерімен 
және т.с.с. 
Капиталды орталықтандыру капиталдың бір түрге бірігуі нәтижесінде 
жоғарлауды білдіреді.
Жинақтау тәжірбиесінде капитал салымдарының (инвестиция) арқылы 
жүзеге асырылады. Капитал салымдары - бұл жаңа құрылысқа қайта 
құруға, кеңейтуге және техникалық қайта жабдықтауға, тұрғын үйге 
кеткен шығындарға, коммуналдық және мәдени-тұрмыстық құрылысқа 
шығындар. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет