75
қажетті және қосымша еңбекке. Қажетті жұмыс уақытының ішінде
жұмысшы өзінің жұмыс күшінің құнын қайта құрады, ол
қосымша
еңбек уақытының ішінде қосымша құнды құрады. Біздің мысалда
жұмыс күні 8 сағатқа тең. Бұл кезде қажетті жұмыс уақыты 4 сағатты,
ал қосымша-4 сағатты құрайды.
Сонымен, ақшалардың өзіндік өсу құпиясы, қосымша құнның
пайда болуының процесі жұмыс күшінң құнын қайта құру шегінде
жалғастыратындығын көрсетті.
Тауарларды өндіру үшін машиналар, шикізаттар мен материалдар,
яғни өндіріс құралдары мен жұмыс күші қажет. Өндіріс құралдарын
сатып алуға және өнімді дайындау процесінде шығындалған
капиталдың бөлігі К.Марксты тұрақты капитал деп аталады және «с»
латын әрпімен (constants сөзімен- тұрақты) белгіленеді. Жұмыс күшін
сатып алуға шығындалған капиталдың басқа бөлігі өндіріс процесінде
өзінің құнын өзгертеді. Маркс «v» әрпімен (variable
сөзімен-
айнымалы) белгілеп, өзгермелі капитал деп атады. Өзгермелі
капиталдың мөлшерінен қосымша құнның формуласы (w) келесідей
түрде иемденеді:
W=C+V+m
Қосымша құнның абсолюттік мөлшері «m»- бұл қосымша құнның
массасы. Қосымша құнның салыстырмалы мөлшері - бұл қосымша
құнның абсолюттік мөлшеріне қатынасы бойынша өзгермелі
капиталдың өсу дәрежесі:
m= m/v*100%
Пайыздармен бейнеленген осы қатынас қосымша құнның нормасы
болып табылады. Қосымша құнның массасы келесідей формула
боынша анықталады.
M=m/v*V
Мұнда М-қосымша құнның массасы.
V-өзгермелі капиталдың сомасы.
Жұмыс күнін ұзарту есебінен
құрылатын қосымша құн деп
аталады. Жұмыс уақытын қысқарту және қосымша жұмыс уақытын
жоғарлату жолымен жүргізілген қосымша құн салыстырмалы қосымша
құн деп аталады. Қосымша құнның осы әр түрлілігі қоғамдық еңбек
есебінен қалыптасады.
Экономистердің есебі бойынша қосымша құнның нормасы өсуге
тендециясын иемденеді. Соның ішінде индустриалдық дамыған
елдерде: АҚШ, ГФР, Жапония 20 ғасырдың басында қосымша құнның
нормасы 96% -дан 100%-ға дейін тербелді, ал осы ғасырдың аяғында
ол өсті және 250%-дан 400%-ға дейін тербелді
76
Маркс бойынша пайда - бұл жалдамалы жұмыс күшімен
өндіріс
сферасында құрылған және тауар айналымының сферасында
өткізілген қосымша құн.
Пайданың абсолюттік мөлшері немесе оның массасы капиталды
пайдалану табыстылығының дәрежесін көрсетеді Табыстылық
дәрежесі пайда нормасында бейнеленеді Себебі пайда барлық
авансталған капиталды тудыру ретінде алға шықса, онда оның
нормасы
барлық
авансталған
капиталға
қосымша
құнның
қатынасымен анықталады
Пайда нормасы келесідей формула бойынша анықталады
P=m/c+v*100 н/е P=m/k*100
Мұнда Р- пайда;
с+v-өндіріс шығындары;
m-қосымша құн.
Пайда нормасы өндіріс табыстылығымен
пайдалылығы дәрежесін
көрсетеді. Пайда нормасының өсімі - бұл тауар өндірісінің және
экономикалық қалыпты дамуының қозғаушысы.
Пайда нормасына қандай факторлар әсер етеді?
- қосымша құн нормасы. Неғұрлым қосымша құн нормасы жоғары
болса, соғұрлым оның абсолюттік мөлшері және соған сәйкес пайда
нормасы жоғары;
- капиталдың
органикалық құрылысы. Неғұрлым өзгермелі
капиталдың мөлшері төмен болса, соғұрлым қосымша құн төлем
- капиталдың
айналымы.
Пайда
нормасына
капитал
айналымдарының саны әсер етеді. Егер 80с+20v тең капитал бір
капитал айналымын жасаса, онда қосымша құнның жүз пайыздың
нормасы кезінде пайда нормасы 20% тең болады. Егер сол капитал екі
айналым жасаса, онда пайда нормасы екі есе өседі және 40% құрайды
- тұрақты капиталды пайдалануға үнемдеу.
Пайданың түрлері:
бухгалтерлік, экономикалық және қалыпты
пайда.
Бухгалтерлік - бұл жалпы жиынтық түсім және нақты (сыртқы)
шығындары арасындағы айырмашылық.
Экономикалық пайда- бұл жиынтық түсім алынған сыртқы және
айқын
емес
шығындар,
яғни
пайданың
орташа
пайдадан
артықшылығы.
Қалыпты пайда- бұл орташа пайда немесе кәсіпкерлік табыс.
Достарыңызбен бөлісу: