2 сұрақ.
Банктің мәнін ашпас бұрын, алдымен оның осы заманғы ұғымын
қарастырып көрелік. Банк істерінен хабары жоқ адам оны тек ақшаны
сақтаудың орны деп жаңсақ әрі үстірт ойлап қалуы мүмкін. Банк
қызметтері әр түрлі. Сондықтан да адамдардың банк туралы түсініктері де
әр қилы.
Кейбіреулер оны мекеме, енді біреулері оны ұйым, үшінші біреулер
оны экономикалық басқарудың органы деп санаса, ал тағы біреулері оған
делдалдық ұйым ретінде қарайды және т.б. Банктің мұндай анықтамаларын
оқулықтар мен ғылыми әдебиеттерден, кезеңдік баспасөзден, тіпті заң,
ереже, нұсқау секілді ресми құжаттардан да кездестіруге болады. Алайда,
банктің мәнін терең зерделеген И.О.Лаврушин айтып кеткендей, осы
87
заманғы банк ұғымына қатысты жоғарыда аталғандардың барлығы дерлік
шындыққа толық сәйкеспейді, әрі банктің мәнін ашып көрсетпейді.
Ол банк мәнін зерделеудің мынадай әдістемелік негіздерін ұсынады:
- банк мәнін макродеңгейде оның қызметімен байланыстыра отырып
талдау;
- оның мәнін әр түрлі тұрпаттарына қарамастан банктің біртұтас
жүйесі ретінде қарастыру;
- банктің
мәнін ашып көрсету оның басқа экономикалық
институттардан айрықшаланатын өзіндік ерекшеліктерін ашуды қажет
етеді;
- банк мәнін ашып көрсету оның құрылымын ашып көрсетуді қажет
етеді.
Әрине, банктің мәнін оның қандай да бір клиентке қатынасы бойынша
қызметін қарастыру арқылы түсінуге болмайды. Банк нақты клиентке
қатынасы бойынша бірқатар өз қызметін орындауы мүмкін, бірақ бұған
қарап оны банк деп ұғуға болмайды. Нақты клиентке банк көрсететін 100-
120 қызмет түрлерінің бәрі бірдей қажет бола бермейді. Сол себепті де
банктің мәнін талдағанда жеке бір банктің операцияларымен шектеліп
қалмау керек. Бұл мағынада оның мәні дерексіз ұғымға айналып шыға
келеді, ол нақты банк қызметінің бүкіл сипаттамасын біртұтас ретінде
қарастыруы мүмкін. Оның мәнін тұтас экономикаға байланыстырып,
макродеңгейде қарастырғанда ғана мақсатқа лайықты болды. Бұл жағдайда
банк нақты қызмет жиынтығы болатын мекемені емес, керісінше, белгілі
бір қызметі бар институтты білдіреді.
Банктің мәні банктердің тұрпаттары мен түрлеріне қарамастан
біріңғай болады әрі оның мәні коммерциялық банкке де, инвестициялық
банкке де эмиссиялық банкке де және т.б. барлық банктерге бірдей тән
болып табылады. Бұл аталған банктердегі операциялар да, қызмет ету аясы
да және т.б. бір-бірінен өзгеше болады, бірақ бұл арадағы оның (банктің)
мәні өзгеріссіз қалады және олардың барлығына бірдей тән. Бұл
ерекшеліктер біртұтас ретінде банктердің әр түрлілігін көрсетеді.
Әдістемелік тұрғыдан алғанда банктің мәні туралы мәселе оны басқа
экономикалық институттардан айрықшалайтын өзіндік ерекшеліктерін
анықтауды қажет етеді. Мәселе мынада. Осы заманғы банктер орындайтын
көптеген қаржылық, кеңес беру және т.б. қызмет түрлерін (200-ден астам)
басқа экономикалық институттар, оның ішінде, банк институты өз
клиенттеріне көрсете алады. Оның үстіне, банк атқаратын жұмыстардың
көбісін басқа институттар да орындайды. Мұндай ахуалдан шығу үшін
операциялардың ішінен тек банктің өзіне ғана тән операциялар мен
қызметтерді бөліп көрсету керек.
Банк өзіндік ерекшелігі бар кәсіпорын ретінде материалдық өндіріс
саласындағы өнімдерден көп өзгешелігі бар өнімді өндіреді. Ол тек жай
ғана тауарды емес, ақша және төлем құралдары түріндегі айрықша тауарды
өндіреді. Қолма-қол ақшаны шығару – бұл банк монополиясы, оны тек
банк шығара алады.
88
Банктің қызмет көрсету саласындағы негізгі өніміне заттай өндіріс,
тұтыну заттары емес, несие ұсыну жатады. Әрі-беріден соң несие қандай
да бір соманы білдіріп қоймайды, ол ссудалық пайыз түрінде пайда
әкелетін капитал ретінде анықталады.
Банктің уақытша пайдаланылмайтын, шоғырланған бос (еркін)
ресурстары ұдайы өндіріс пайызында өнімді пайдаланады.
Банк өнеркәсіп және сауда кәсіпорындарынан өз өнімінің өзіндік
ерекшелігімен айрықшаланса да ол мекеме мен ұйымға қарағанда
кәсіпорынға ұқсайды, өйткені оның қызметі үлкен деңгейде өндірушілік
сипатымен алға шығады.
Несие ісі – банк негізі, бұл оның негізгі ісі болып табылады. әрі
беріден соң, ол шаруашылық жүргізуші субъектілердің және жеке
тұлғалардың төлем айналымын қолма-қол ақша формасында және қолма-
қол ақшасыз формада реттейтін аса ірі несие институты болып табылады.
Банктің мәні оның құрылымымен тығыз байланысты. Банкке өзіндік
ерекшелігі бар кәсіпорын (институт) ретінде жұмыс істеріне мүмкіндік
беретін құрылғыны оның құрылымы ретінде ұғуға болады. Бұл мағынада
банк құрылғысы төрт міндетті блокты қамтиды. Банк бұл блоктарсыз банк
ретінде болмайды әрі дамымайды:
- банк капиталы сауда және өнеркәсіп капиталынан босаған өзіндік
ерекшелігі бар капитал ретінде, сондай-ақ қарыз формасында
артықшылыққа ие капитал ретінде болады әрі ұдайы қозғалыста болады;
- өз өнімінің сипатымен басқа кәсіпорындар мен институттардың
қызметінен айрықшаланатын банк қызметі;
- банк ісі мен банкті басқару саласында өзіндік ерекшелігі бар
жұмыспен айналысатын адамдардың айрықша тобы;
- банк техникасын, үй ғимаратын, байланыс және коммуникация
құралын, құрылғыларын, ішкі және сыртқы ақпаратын, өндірістік
материалдардың белгілі бір түрлерін қамтитын өндірістік блогы.
Банктің өзіндік ерекшелігіне, оның негіздеріне және банк
құрылымына жүргізілген талдаудың негізінде оны қолма-қол ақша
формасындағы жеке қолма-қол ақша формасындағы және қолма-қол
ақшасыз формадағы төлем айналымын реттеуді жүзеге асыратын
кәсіпорын немесе ақша-несие институты ретінде анықтауға болады.
Банк оның (банк) жүйесінің негізгі элементі болып табылады. Бұл
оның мынадай болуы керектігін ұйғарады:
- оған біртұтастың органикалық бөлігі болуға, жалпы ойын ережесі
бойынша әрекет етуіне мүмкіндік беретін өзіне ғана тән өзгешелікке ие
болуы керек;
- бірыңғай заң аясында, қоғамның заң нормалары шегінде жұмыс
істеуі қажет;
- өзін-өзі реттеуге, банк жүйесінің басқа элементтеріне (банктік емес
институттармен) өзара әрекеттесуге икемді болуы керек.
Банк теориясының маңызды мәселесіне оның қызмет ету аясы туралы
мәселе кіреді. Оны банк мәнін талдау барысында пайдаланылатын
89
әдістемелік тәсілдемелердің көмегімен анықтау керек. Банктің қызмет ету
аясы – бұл басқа экономикалық институттарға қарағанда тек банктің өзіне
ғана тән қызметі.
О.И.Лаврушин банктің 3 қызмет ету аясын былайша анықтап берді.
Оның біріншісі – ақшалай қаражатты шоғырландыратын қызметі.
Уақытша сақтауға құндылықтарды қабылдау, сақтаулы операция ежелгі
банк операцияларының бірі болып табылады. Мәселенің мәні мынада.
Кейін пайдаланылуы үшін қаражатты жинау процесі тек банктерге
ғана тән емес. Алайда уақытша бос ақшаны шоғырландырудағы банктің
бірқатар ерекшеліктері болады:
- шоғырландырылған уақытша бос бөтен қаражат банктің өз
қажеттілігіне емес, басқалардың қажеттілігіне қайта бөлу тәртібімен
пайдаланылады;
- шоғырландырылатын және қайта бөлінетін қаражаттың меншік иесі
– бастапқы несие беруші (банк клиенті);
- қаражатты шоғырландыру тек арнайы ұлғайтумен (лицензия) жүзеге
асырылады әрі банктің негізгі қызмет түріне айналады.
Екінші қызмет – ақша айналымын реттейтін қызмет. Банк несие
беруші мен қарыз алушының арасындағы, сатушы мен сатып алушының
арасындағы делдал болып табылады. Банк арқылы үлкен мөлшерде
контрагенттердің арасындағы есеп айырысулар, айырбас, ақшалай қаражат
айналымы, капитал жүзеге асырылады. Ақшалай қаражат айналымы
экономиканы және халықты несиелеу, төлем құралдарын шығару арқылы
реттеледі.
Үшінші қызметі – делдалдық қызмет. Бұл арада банктің делдалдық
қызметін тек төлемдегі делдалдық ретінде ұқпау керек. Оған тереңірек
үңілуі қажет. Банктер арқылы ақшалай қаражат пен капитал бір
субъектіден екіншісіне, экономиканың бір саласынан екіншісінен
құйылады (ағылады). Банк шоты бойынша жүзеге асырылатын
операциялармен капиталдың қозғалысы қамтамасыз етіледі, яғни оларды
экономиканың бір секторына шоғырландыра отырып, басқа салалар мен
аймақтарға қайта бөледі. Қайта бөлінетін банк ресурстары жұмыс істеу
саласы бойынша да, мерзімі бойынша да, мөлшері бойынша да бір-бірімен
сәйкес келмейді. Бүкіл экономикалық өмірдің ортасында болатын банк
капиталдың мөлшерін, мерзімін және бағытын шаруашылықтың
қажеттіліктеріне қарай түрлендіру (өзгерту) мүмкіндігіне ие. Сонымен,
делдалдық қызмет – бұл тәуекелдікті (қатерді) азайтатын әрі ұдайы өндіріс
субъектілерінің
арасындағы
қатынасты
кеңейтетін,
ресурстарды
түрлендіретін қызмет.
Банк жүйесі несие жүйесінің негізгі буыны, нарықтық экономиканың
маңызды құрамдық бөлігі болып табылады. Ол несие және қаржы
операцияларының негізгі массасын шоғырландырады.
Кез келген жүйе барлық қажетті пропорцияларды қамтуы керек, онда
олар өзара әрекеттесіп, бір-бірін толықтыруы қажет, әдеттегіше, бір жүйе
өзінен де ауқымды басқа жүйеге енеді.
90
Банк жүйесіне бұл принциптердің де тікелей қатысы бар. Мәселен, кез
келген елдің банк жүйесінде оның негізгі элементтері кездеседі: әр түрлі
тұрпаттағы банктер, банктік емес мекемелер, банктік инфрақұрылым,
банктердің бірлестігі және т.б.
Бұл элементтер бір-бірімен өзара әрекеттеседі, бір-бірін органикалық
тұрғыдан толықтырады және белгілі бір тұтастықты құрайды.
Банк жүйесі құрамдық бөлік ретінде үлкен жүйе – елдің несие
жүйесіне кіреді. Ал, несие жүйесі елдің экономикалық жүйесіне кіреді. Сол
себепті де банктің қызметі мен дамуын қоғамның ұдайы өндірістік
процесімен тығыз байланыстырып қарау қажет. Банктер мен банк жүйесі
өзінің нақты қызметінде бюджеттік-салықтық және басқа да жүйелермен
өзара тығыз әрекеттесіп, экономикалық өмірді басқару мен реттеудің
жалпы тетігімен шектеліп, сабақтасады.
Әлемдік іс-тәжірибе тарихында банк жүйесінің бірнеше тұрпаты
болған:
- банктің орталықтандырылған бөлу жүйесі;
- нарықтық банк жүйесі;
- өтпелі кезең жүйесі.
Банк орталықтандырылған бөлу жүйесі бұрынңы КСРО-да және
социалистік жүйедегі елдерде жұмыс істеді. КСРО-да ол КСРО
Мемлекеттік банкпен бір деңгейде болды, ал банктік емес мекемелер
болған емес. Ол елдің бірден-бір эмиссиялық және несие институты болды.
Онда барлық несие ресурстары орталықтандырылып, бөлінеді.
Осы жүйеге қарама-қарсы нарықтық банк жүйесі банктерге
мемлекеттік монополияның болмауымен сипатталады. Нарықтық
шаруашылықта орталықсыздандырылған басқару жүйесімен көптеген банк
түрлері жұмыс істейді. Олар эмиссиялық және несиелік қызметтерді өзара
бөлісіп алған. Коммерциялық банктер мемлекеттің міндеттемелері
бойынша жауап бермейді, сол сияқты мемлекет коммерциялық банктердің
міндеттемелері бойынша жауап бермейді.
Өтпелі кезең банк жүйесіне Шығыс Еуропаның және посткеңестік
мемлекеттердің, оның ішінде Қазақстанның осы заманғы банк жүйелерін
жатқызуға болады. Оны нарықтық жүйеге де жатқызуға болады, алайда, ол
алдындағы банк жүйесінің әлі арылып біткен жоқ, әлі де өтпелі кезең, даму
жағдайында тұр. Бұл жүйені дамушы банк жүйесіне, дамыған тұрақты
жүйедегі өнеркәсібі өркендеген елдердің банк жүйесіне же жатқызуға
болады. Оның біріншісінде банк қызметінің нормативтік және заңдық
базасы әрдайым өзгеріп отырады, банктердің саны, банк жүйесінің
құрылымы ұдайы өзгереді. Мәселен, Қазақстанның да, Ресейдің де банк
заңдары соңғы 10-15 жылда кем дегенде 2 мәрте түбегейлі өзгерді, оларға
ұдайы толықтырулар мен өзгерістер енгізілді.
Банктердің саны он және одан да көп есеге кемісе, кейде жаңа
банктер, банктік емес мекемелер пайда болады, енді бірде олар банкротқа
ұшырайды немесе бір-бірімен қосылады. Немесе банктен банктік емес
91
мекемеге айналады. Бір сөзбен тұжырымдап айтқанда, өтпелі кезеңнің әлі
тұрақтанбаған банк жүйесі даму сатысында тұр.
Банк жүйелерінің дамуы елдегі саяси жағдай мен экономикалық
қатынастың және т.б. даму деңгейіне тәуелді. Банк қызметі қандай шамада
реттелетініне қарай банк ісін ұйымдастырудың екі тұрпаты бөліп
көрсетіледі:
- мамандандырылған банк ісі, онда банктер мен банктік емес
мекемелер операцияларының арасында қатаң шекара қойылады, соңғысы
үшін заңға тыйымдар мен шектеулер енгізеді;
- барлық немесе институттарына әр түрлі қаржылық-несиелік қызмет
көрсетуін жүзеге асыруына мүмкіндік беретін әмбебап банк ісі.
Батыс және Орталық Еуропа елдерінде, АҚШ-та, Жапонияда және
басқа да өнеркәсібі дамыған елдерде несие институттарының арасындағы
дәстүрлі шекараның жойылуынан байқалып отырған банктерді
әмбебаптандыру тенденциясына артықшылық береді. Функцоиналдық
тұрғыдан мамандандыруды басқару осы заманғы банктерді өз клиенттеріне
200-ге дейін қызмет түрлерін ұсынуға қабілеті бар көп қызметті несие
мекемесіне айналдыруға мүмкіндік береді. Бұл жағынан клиенттерге
қызмет көрсетудің жоғары деңгейіне жетуге мүмкіндік беретін осы
заманғы банк технологияларын қолдану, өз қызметін әртараптандыру
(жан-жақты дамыту) арқылы сенімділік пен инвестиция үшін үлкен
қаржылық мүмкіндіктерге ие болу мақсатында банктер өздерін
ірілендіруге әрі капиталдандыруға ұмтылыс жасап отыр. Мұндай
тенденция көптеген мемлекеттерге тән. Мәселен, XX ғасырдың 90-шы
жылдары АҚШ-та коммерциялық банктер 15,5 млрд доллар пайда алып,
2,5 трлн доллар сомасындағы активтерді бақылайды. 2000 жылы жуық
шамамен 17 млрд доллар пайда алған, 5 трлн доллар сомасындағы
активтерге ие 9500 коммерциялық банктер ғана қалды.
Банк жүйесінің даму үлгісімен бірнеше мемлекеттің банк жүйелерін
келтірейік.
Ағылшын банк жүйесі Англия Банкісінен (елдің орталық банкісі),
депозиттік банктерден (ақшалай салым ақшаны қабылдаумен және
несиелеумен ғана айналысады), сауда банктерінен (сыртқы сауда
саласында), достастық банктерінен (аса ірі 7 шетелдік банк), шетелдік
банктерден (50), консорциумдік банктерден, есеп-қисап үйлерінен (қысқа
мерзімді операцияларды орындайды, олардың саны – 9) және бірқатар
банктік емес мекемелерден тұрады.
Швейцария банктердің елі, әрбір 1,5 мың тұрғынға бір банктен келеді.
Оның банк жүйесі 500-ден де көп банктік ұйымдарды біріктіріп отыр. Бұл
елде ұлттық банктерден басқа 3 банк категориясы бар:
- біріншісі – 3 аса ірі банк – Швейцарияның Біріккен банкі,
Швейцариялық банк корпорациясы, Швейцариялық несие банкісі;
- екіншісі – несиелеу мен есеп айырысуға маманданған, негізінен
жергілікті салымшылармен жұмыс істейтін контоналдық, жергілікті және
жинақ ақша банктері;
92
- үшіншісі – инвестициялық портфельдерді басқарумен айналысатын
жекеше банктер.
Швейцариялық банк жүйесінің айрықша белгісіне банктердің
құпиялылығы және банктермен инвестициялық компаниялар қызметінің
бақыланатындығы жатады. Банктерге бақылауды орнатудың үш сатылы
жүйесіне ие және оларды Федералдық Банк комиссиясы, Ұлттық банк,
Швейцариялық банктер ассоциациясы жүзеге асырады.
АҚШ-тың банк жүйесіне Федералдық дамыған жүйе (ФДЖ) кіреді. Ол
12 федералдық резервтік банктен (жоғары деңгей) тұрады, 6 мың
коммерциялық банк ФДЖ-ға мүше емес коммерциялық банктер
Депозиттерді сақтандырудың федералдық корпороциясына (ДСФК)
кіреді, олардың саны шамамен 3 мыңдай болады және ФДЖ мен ДСФК-ге
мүше емес банктер бар.
Жапонияның банк жүйесі Жапония Банкісін, коммерциялық
банктерді,
мамандандырылған
несие
институттарын,
қаржы
компанияларын, үкіметтік несие мекемелерін, пошталық-жинақ ақша
кассаларын қамтиды.
Достарыңызбен бөлісу: |