«Экономика негіздері»



Pdf көрінісі
бет82/124
Дата18.01.2024
өлшемі1.48 Mb.
#489299
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   124
экономика негиздері кітап

 
Сабақтың құрылымы
І. Ұйымдастыру сәті. 
ІІ. Жаңа тақырыпты меңгеруге оқушылардың дайындығы. 
ІІІ. Сұрақтар бойынша жаңа материалды баяндау. 
1. Экономикалық процестегі мемлекеттік рөліне теориялық 
көзқарастар. 
2. Нарықтық экономикадағы мемлекеттің экономикалық қызметі. 
3. Нарықты реттеу тәсілдері. 


127 
ІV. Алған білімдерін бекіту. 
V. Үй тапсырмасы.
 
Әдістемелік нұсқаулар: 
Осы тақырып елдің шаруашылық өмірінде мемлекеттің ролін жан 
жақты зерттеуге арналған. Ерекше назарды нарықтық экономика 
жағдайында мемлекеттің әр түрлі қызметтеріне, нарықты реттеу 
әдістері мен формаларына аударады. Нарықтың экономикалық 
реттеулердің жіктелуіне, олардың ерекшеліктеріне тоқталу керек. 
Мемлекет өркениетті елдің экономикалық өмірінде бірнеше маңызды 
қызметтерді орындау жөнінде қорытында жасау. Оның ішінде бастысы 
болып экономикалық бостандықты және шаруашылық қызметтің 
ережелерін қорғау табылады. 
Дәріс. 
1 сұрақ. 
Бұдан 225 жыл бұрын (1776 ж) Адам Смиттің «Халықтар байлығының 
табиғаты мен себептерін зерттеу» еңбегі жарық көрді, онда ол «мейлі бәрі 
өзінше жүрсін» тезисін жариялады. Мемлекет нарықтық экономикаға 
араласпау керек, бірақ ол «түнгі қарауылдың» рөлін атқарып, жалпы 
тәртіптілікті қамтамасыз етеді. Бұл уақыттың ішінде мемлекеттің рөліне 
әлденеше рет теориялық көзқарастар өзгерді. Джон Мейнрад Кейнс 1936 
жылы шыққан «Еңбекпен қамту, өсім мен ақшаның жалпы теориясы» 
еңбегінде мемлекеттің экономикаға араласуының қажеттілігін айтты. Ол 
экономикалық дағдарысты, жаппай жұмыссыздықтың тууын ескеріп 
отыруы керек. Алайда мемлекет, Дж. Кейнстің кеңесін тыңдай отырып, 
экономикалық қызметтерден бас көтере алмай,жаңа міндеттеді шеше 
алмады. Батыс елдерінде 70-шы жылдың ортасында тағы да экономикалық 
дағдарыстар леп ете қалды. Осы толқынның арқасында Дж.Кейнстің 
көзқарасын жоққа шығаратын тұжырымдар пайда бола бастады. Олар 
нарықтық экономикаға мемлекеттік араласпау идеясын дәріптеді. 
Бұл тұжырымдар «неоклассикалық» («неолибералдық») деп аталды. 
Оның авторлары неміс экономисі Фридрих Август фон Хайек (1899-1984 
жж) пен американ экономисі Милтон Фридмен (1912 ж) және басқалары 
болды. 
Нарықтық экономикаға мемлекеттің рөлі жайлы аралас экономиканы 
жақтайтындар басқа көзқараста болды. 
Американ экономисі Дж.Гелбрейт (1908 ж) «салмақтылық» күш 
теориясын ұсынды. Оның айтуынша, еркін нарықтық экономикада реттеу 
механизмі жоқ, ал оның орнын «салмақтылық» күш ауыстырып
монополияға қарсылық білдіреді және олардың қысымын басып отырады. 
Дж.Гелбрейт «салыстырмалық» күшке алдыменен мемлекетті жатқызады. 
Мемлекеттің араласуының басты мақсаты - экономиканың дұрыс қызмет 
атқаруы, дағдарысқа қарсы бағдарламалар, әлеуметтік инвестициялау: 


128 
мектеп, аурухана тұрғын үй, жол салу және қауқары төмен аудандарға 
төмен жасау болмақ. 
Басқада белгілі американ экономисі, «аралас экономика» теориясының 
өкілі Пол Самуэльсон былай деген: «Біздің экономикалық жүйе – еркін 
кәсіпкерлердің «аралас» жүйесі болып табылады, себебі экономикалық 
бақылау қоғам тарапынан жүзеге асады». 
Әр түрлі экономикалық жүйедегі мемлекеттің экономикалық рөлі 
жайлы теория К.Маркс еңбектерінде терең қаралған. Айтпағымыз, 
В.И.Лениннің жаңа экономикалық саясат негізінде экономикасына 
нарықтық қатынастарды ендіру кезіндегі мемлекеттің рөлі жайлы ойлары 
өте құнды. 
Жаңа экономикалық саясат еркін сауданы ендіруді ежелеп, жаңа 
жағдайдағы мемлекеттің рөлін анықтады. 
Қазақстан Республикасы аралас әлеуметтік бағытталған нарықтық 
экономика жолын түсті. Осы жағдайды ескере отырып, біз енді 
мемлекеттің экономикалық қызметін қарастырамыз. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет