«Экономика негіздері»



Pdf көрінісі
бет83/124
Дата18.01.2024
өлшемі1.48 Mb.
#489299
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   124
экономика негиздері кітап

2 сұрақ 
Мемлекет пен нарықтың өзара қатынасы нарықтық қоғамда 
маңызды мәселелердің бірі, себебі бұл экономикалық жүйеде 
мемлекет ерекше қызметтерді атқарады. Экономиканы мемлекеттік 
реттеу жүйесі ұзаққа созылған эволюциясының жемісі, бұл істі жүзеге 
асыруда оны реттеудің экономикалық механизмдері өзгеріп отырды. 
Кез келген елдің экономикалық жүйесіндегі мемлекеттің рөлі 
оның қызметтер арқылы байқалады. Экономикалық қызметтің түрлері 
көп, сондықтан оны топтап, негізгі блоктарға біріктіру қажет: 
Біріншіден, нарық жағдайында мемлекет мына қызметтерді өз 
мойынына алады: стратегиялық, экономикалық, құрылымдық, 
техникалық, әлеуметтік, демографиялық болжау мен жоспарлауды. 
Екіншіден, мемлекет иығына мемлекеттік кәсіпкерлік қызметті 
жатады. Ол қоғамға қажет мемлекеттік кәсіпорын мен өндірістік және 
әлеуметтік инфрақұрылымды жасайды. 
Үшіншіден, нарықтық жүйе қалыпты қызметін қамтамасыз ету. 
Сатып алушы мен кәсіпкер мүдделерін қорғау, стандарт қызметін 
құру, өнім сапасы мен салмағын өлшеу, бәсекені қолдай отырып 
нарықтық экономикада монополизмнің болуына барынша күрес 
жүргізу, ол үшін белгілі құқықтық база жасалады. 
Төртіншіден, мемлекет дағдарысқа қарсы саясатты жасау мен 
өткеру қызметін атқаруды бюджет саясатының көмегімен ұлттық 
табысты үлестіру арқылы жүргізеді. Тұрғындардың толық жұмыспен 
қамтамасыз етілуін қолдап, экономиканы тұрақтандыру қызметін 
жүзеге асырады. 
Бесіншіден, 
мемлекет 
тұрғындарды 
әлеуметтік 
қорғау 
жұмыстарын өзіне алады. Оларға – оқушылар, студенттер, 
зейнеткерлер, мүгедектер мен көп балалы отбасын жатқызамыз. 


129 
3 сұрақ 
Нарықты реттеу тәсілдері – бұл мемлекет пен мекемелердің ұдайы 
өндіріс процесінде мақсаты бағыт беру әдісін айтамыз. Ол нарықтық 
қызметіне қалыпты жағдайы қамтамасыз етуге әсер етеді. 
Реттеуші субъектілеріне байланысты реттеу тәсілін шартты түрде 
жіктейміз: мемлекеттік және мемлекеттік емес, ол нарықтық тепе-
теңдікке әсер ету әдісіне қарай – тікелей және жанама. 
Реттеудің тікелей тәсілі экономикалық процестің өзіне және оның 
параметріне өктемділеу әсер етумен байланысты. Әдетте, олар белгілі 
объектіге бағытталып, адрестік сипатқа ие болады. Нарықты тікелей 
реттеу тәсіліне жиынтық сұраным төлем қабілеттілігінің қалыптасуы 
үшін және халық шаруашылығы тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін 
орталықтан қолданылатын әдістер жатады. 
Реттеудің жанама тәсілі негізінен адрессіз болғанмен, бірақ 
барлық шаруашылық субъектілеріне міндетті болады. Олар 
экономикалық қызметтің жағдайы мен нәтижесінге әсер етумен 
байланыстырылады. Тікелей және жанама тәсілдер арасындағы шекара 
шартты түрде ғана. 
Мемлекеттік реттеудің – ең маңызды құралдарына мыналар 
жатады: 
1. Фискалдық саясат; 
2. Несие – ақша саясаты; 
3. Баға мен табысты реттеу саясаты; 
4. Әлеуметтік саясаты
5. Сыртқы экономикалық саясат; 
6. Әкімшілік реттеу; 
7. Қысқа мерзімді реттеу; 
8. Ұзақ мерзімді реттеу; 
9. Аймақтық реттеу. 
1. Фискалдық саясат. Ол мемлекеттік бюджетпен байланысты 
қаржыны реттеуді қамтиды. Ең алдымен оған мемлекеттік сатып 
алуды ұлғайту мен қысқарту, күрделі қаржы бағдарламасы, әлеуметтік 
төлемдер, бюджетпен жекелеген сала мен кәсіпорын үшін дотация мен 
субсидиялар, салық шаралары жатады. 
2. Несие - ақша саясаты. Бұл тәсілде халық шаруашылығы 
мәселелерін шешуде ынталандырушы роль атқарады. Мемлекет нақты 
салалық және аймақтық мәселелерді шешу үшін арнайы мемлекеттік 
бағдарлама негізінде мақсаттық жеңіл несиелер береді. Ол арнайы 
бюджеттен тыс даму қорын құруы мүмкін. 
3. Баға мен табысты реттеу саясаты. Фискалды және несие-ақша 
тәсілдері көбінесе баға мен табыстарды реттеуде тиімсіз құрал болып 
қалады. Сондықтан мемлекет көбірек тікелей құралға жүгінеді. 


130 
4. Әлеуметтік саясаты өзіне табысты индексациялау, төменгі өмір 
сүру деңгейін бекітуді қоса отырып, қоғамдағы кедей топқа көмек 
көрсету бағдарламасын жүзеге асыруға күш салады. 
5. Сыртқы экономикалық реттеуге мыналар енді: мемлекеттің 
сауда саясаты, валюталық курсты басқару, сыртқы сауда тарифтер 
жүйесі, квота, лицензия. Осы мақсатқа мемлекет баға мен табыстың 
өсуіне (жалақы, зейнетақы, шәкіртақы, жұмыссыздық ақысы және т.б.) 
максималды шектеуді белгілеп. Кейде оның уақытша ұлғаюын 
тоқтатады. 
6. Әкімшілік реттеу әр түрлі бақылау шараларын жүзеге асырады. 
Олар арнайы кейбір оқшауланған салаларға байланысты қолданылады. 
7. Қысқа мерзімді реттеу ұдайы өндіріске сондай мақсатпен әсер 
етеді, себебі бірнеше айдың ішінде нәтиже алуы керек. Алдына қойған 
мақсаты экономикалық циклдің ағымдағы фазасының іс-әрекетін 
өзгертуге әрекет жасау. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет