«Экономика негіздері»



Pdf көрінісі
бет95/124
Дата18.01.2024
өлшемі1.48 Mb.
#489299
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   124
экономика негиздері кітап

2 сұрақ. 
Барлық елдердің экономикасы, соның ішінде экономикалық 
дамыған елдің экономикасы халықаралық саудаға байланысты. 
Сонымен бірге, АҚШ экономикасы толықтай банан, какао-бабтары, 
кофе, шай никель, мыс, табиғи каучук, алмаздар және басқада 
өнімдерді басқа елдерден импорттауға байланысты. Сонымен бірге 
АҚШ мыналарды шағарады: химиялық өнімді, әртүрлі жабдықтар, 
автокөліктер, 
ұзақ 
пайдаланудағы 
тауарлар 
(тоңазытқыш, 
шаңсорғыштар және басқалары), бидай және т.б., Яғни, халықаралық 
сауда – екі жақты қозғалыспен көше. 
Жоғарыда айтылғандай, өзінің құрылым бойынша халықаралық 
сауда экпорт пен импорттан тұрады. Экспорт – басқа шетел еліне 
тауарлар мен қызметтерді шығаруды білдірсе, импорт басқа шетел 
елінен тауарлар мен қызметтерді әкелуді білдіреді. 
Әрбір елдің сыртқы саудасының қорытындысы сауда балансында 
бейнеленеді. Егер шетелде шығарылатын тауарлардың құны шетелден 
әкелінген тауарлардан жоғары болса, онда саудалық баланс активті 
болып есептеледі, кері қатынас кезінде елдің пассивті саудалық 
балансты қалыптастырады. 
Пассивтік саудалық баланс кезінде мемлекет айырмашылықты 
алтынмен жабуы және несиені ұсыну өтінішімен беруі мүмкін. 
Сондықтан әрбір ел активті сауда балансына ие болу үшін көп 
шығаруға және аз әкелуге ұмтылады. 


145 
Әрбір елдің сыртқы экономикалық қызметтерді сипаттайтын 
кешенді көрсеткіш болып төлем балансы табылады. Ол барлық сыртқы 
экономикалық операцияларды қызмет көрсететін ақша құралдарын 
кірісі мен шығысын бейнелейтін құжатты білдіреді. Сыртқы 
экономикалық операциялар бойынша кірістер мен шығыстар 
арасындағы айырмашылық төлем балансының сальдосы деп аталады. 
Егер кіріс шығыстан жоғары болса, ол жағымды, егер шығыстар 
кірістен жоғары болса, онда ол жағымсыз болады. Соңғы жағдайда 
«төлем балансының дефициті» пайда болады. Сауда балансы – төлем 
балансының бөлігі. Егер импорт экпорттан жоғары болса, онда 
мемлекет қорғаныс құралдарына сүйенеді. Қазіргі жағдайда әлемдік 
нарық үш негізгі ірі нарықты кірістіреді: 
- тауарлар мен қызметтер; 
- жұмыс күші; 
- ссудалық капиталдар. 
Әлемдік нарықта тауарлар интернационалдық құндылықтардың 
негізінде бағаланады, ол жұмыс уақытының қоғамдық қажетті 
интернационалдық, орташа шығындармен анықталады. 
Тарифтер мен саудалар бойынша халықаралық бас келісім-шарты 
бар. Осы келісім-шарт бастапқыда саудада кедендік шектеулерді 
төмендету мақсатымен өнеркәсіптік дамыған елдер арасындағы 
келіссөздер үшін негіз болып кызмет етті. 
Еңбекті халықаралық бөлу және өнеркәсіптік дамыған елдерді 
нығайту өнеркәсіптік бұйымдармен айырбастардың өсуіне әкеледі. 
Әлемдік саудада шикізат тауарларының үлес салмағын қысқарту 
қазіргі өндірісте шикізаттың үлесін қысқартуға жалпы тенденцияны 
бейнелейді. 
ҒТР дамуы жаңа техниканы қолдануға және дайын өнімнің 
бірлігін энергия және шикізат шығындарының қысқаруына әкеледі. 
ҒТР бірге сауданың жаңа формалары пайда болады: техникалық 
білімдер, техникалық тәжірибемен. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет