36
заңы айқын көрінеді: бір атаулы ақша бірлігінің жылдам айналымына
бөлінген, тұрақты айналымға қажетті ақша көлемі, барлық
тауарлардың бағасының құнына теңеледі.
Ақшаның негізгі нысаны тиындар, қағаз ақшалар мен несиелік
ақшалар болып табылады. Тиын - бұлар ерекше нысандағы, металл
құймасы, салмағы,
белгісі бар, нағыз ақшалар. Бұлар толық бағалы
ақшалар. Қағаз және несиелік ақшаларды толық бағалы емес ақша деп
атайды. Оларға сондай-ақ, күміс, мыс ақшаны да қосады. Несиелік
ақшалар - бұлар вексель, банкнот және чектер.
Вексель - бұл оның
иесіне (вексель ұстаушы) мерзімі өткеннен кейін, қарыз адамнан
көрсетілген ақшалай соманы талассыз талап етуге құқық беретін,
қатаң белгіленген нысандағы жазбаша қарыздық міндеттеме. Банкнот
- бұл ұсынушы барлық уақытта ақша
ала алатын және банкир жеке
векселді ауыстыратын, банкирдің векселі. Чек - банк шотынан бір
адамға немесе ұсынушыға ондағы көрсетілген соманы төлеу туралы
иесінің сөзсіз бұйрығы көрсетілген құжат.
XX ғасырдың екінші жартысынан бастап, төлемдік есеп беру және
несиелік тетіктерді біріктіретін, несие
карточкасын қолдану кеңінен
тарады. Несиелік карточка өзіндік ерекшелігі бар, атаулы чекті
айырбастаушы және төлем құралы ретінде ақшаның қызметін
орындайды.
Қазіргі уақытта электрондық ақша деп аталатыны кеңінен
қолданылады. Электрондық ақша жүйесі
бірнеше элементтерді өзіне
қосады:
автоматтандырылған
есеп
беру
палатасын,
автоматтандырылған кассир жүйесін және тауар сатып алу мен қызмет
көрсету пункттерінде орнатылған, терминал жүйесін.
Достарыңызбен бөлісу: