«Экономика негіздері»



Pdf көрінісі
бет72/124
Дата18.01.2024
өлшемі1.48 Mb.
#489299
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   124
экономика негиздері кітап

Сабақтың құрылымы
І. Ұйымдастыру сәті. 
ІІ. Жаңа тақырыпты меңгеруге оқушылардың дайындығы. 
ІІІ. Сұрақтар бойынша жаңа материалды баяндау.
1. Капиталдың мәніне теориялық көзқарастар. 
2. Капитал мен инвестицияның қорлануы. 
3. Капиталдың шеңбер айналымы. 
ІV. Алған білімдерін бекіту. 
V. Үй тапсырмасы.
Әдістемелік нұсқаулар: 
Макроэкономика – бұл халық шаруашылығының төменгі 
буынының қарапайым емес механикалық сомасы. Ол біріңғай 
тұтастыққа барлық шаруашылық элементтерді біріктіру негізінде 
тығыз байланыстардың жиынтығын білдіреді. Макроэкономиканы 
зерттеу объектісі болып елдің халық шаруашылығы табылады. Ол бір 
жиынтық өнімнің бір жиынтық тұтынушысынан және бір жиынтық 
өндірушісінен тұрады.
Дәріс. 
1 сұрақ
Жұмыс күші нарық жағдайында тауар болып табылады. «Жұмыс 
күшінің құны, кез келген басқа тауар сияқты, өндіріске қажетті жұмыс 
уақытымен анықталады және осы ерекше сауда заты ұдайы өндіріледі». 
Өмір сүру үшін жұмысшы еңбек нарығында өзнің жұмыс күшін сатуға 
мәжбүр. Еңбек процесінде жұмысшы құнды жасайды, ол болса оның 
жұмыс күші құнынан асып түседі – міне осы қосымша құн болып 
табылады. Қосымша құн – жұмысшының атқарған еңбегінің нәтижесі 
(немесе жұмысшы еңбегін тиімді пайдаланудың нәтижесі) және ол 
өндірілген тауарға сіңіп, нарықта өткеріледі, яғни тауар айырбасы 
процесінде жүзеге асады. Жұмыс күші кез келген қоғамда екі бөлшекке 
бөлінеді: қажетті және қосымша жұмыс уақыты, ал жалдамалы жұмысшы 
еңбегі соған сай – қажетті және қосымша еңбектен тұрады. Өндіріс құрал-
жабдығына жұмсалған және өнімді дайындау процесінде өзінің құнын 
өзгертпейтін капиталдың бөлшегін К.Маркс тұрақты капитал деп, оны 
латыннның «С» әрпімен (constant – тұрақты) белгіленген. 


114 
Өзгермелі капитал- қосымша құнның қайнар көзі. Өзгермелі 
капиталдың мөлшерінен құн (m) мөлшері байланысты, кәсіпорындағы 
(фирма) жасалған тауар құнның (W) формуласы мынадай түрге ие болады: 
W=C+V+m 
Қосымша құнның абсолюттік мөлшері «m» - бұл қосымша құнның 
массасы. Қосымша құнның салыстырмалы мөлшері - бұл өзгермелі 
капиталдың абсолюттік қосымша құн мөлшері қатынасына өсу дәрежесі. 
m=m/v*100 
Пайыз түрінде көрсетілген осы қатынас қосымша құнның нормасы деп 
аталады. Ал қосымша құнның массасы мына формуламен анықталады. 
M=m/v*V 
Мұндағы: М- қосымша құн массасы; 
V- өзгермелі капиталдың сомасы. 
Жұмыс уақытын ұзарту есебінен жасалған қосымша құнды абсолюттік 
қосымша құн дейміз. 
Қажетті жұмыс уақытын қысқарту арқылы және жұмыс күшінің 
өзгермесінде қосымша жұмыс уақытының ұлғаюы арқылы өндірілген 
қосымша құнды салыстырмалы қосымша құн дейміз Қосымша құнның 
бұл түрі қоғамдық еңбек өнімділігін ұлғайту арқылы жүзеге асады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   68   69   70   71   72   73   74   75   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет