120
қалыптасқан жұмыс күшіне
сәйкес келмейді, сондықтан, өндірістен
белгілі бір жұмыс күшін қысқартуға алып келеді.
Нарықтық экономикадағы елде
құрылымдық және уақытша
жұмыссыздық болғанда ғана, жұмыспен толық қамтамасыз ету
мүмкін. Жұмыссыздықтың бұл табиғи деңгейі 5-7 пайызды құрайды.
Ал, кезеңдік жұмыссыздықтың пайда болуы
кезінде толық жұмыспен
қамтамасыз етілу бұзылады.
Жұмыссыздықтың көрсеткіштері:
Жұмыссыздық деңгейі - жұмыссыздар санының пайызда
көрсетілген жұмыс күшінің санына қатынасы. Жұмыссыздықтың
ұзаққа созылуы.
3 сұрақ.
Оукен заңы экономикалық белсенділік
пен жұмыссыздықтың
арасындағы сандық өзара байланысты сипаттайды. Осы заңға сәйкес,
ЖҰӨ-нің әр жылғы өсу деңгейі жобамен 2,7 пайызға тұрақты
деңгейдегі жұмыссыздықтың үлесін ұстайды. ЖҰӨ-нің әр қосымша 2
пайызы жұмыссыздықтың үлесін 1 пайызға азайтады. Осыған
сәйкесті
жағдайда: ЖҰӨ-нің өсу қарқынының 2 пайызға әр қосымша қысқаруы
жұмыссыздық мөлшерінің 1 пайызға өсуіне алып келеді.
Жұмыссыздықтың әлеуметтік-экономикалық нәтижесі:
Жұмыссыздық экономикалық шығынға әкеледі, ЖҰӨ-нің
деңгейін төмендетеді.
Жұмыссыздық адамдар үшін
табысты жоғалтуға, өмір сүру
деңгейін төмендетуге, қылмыстың көбеюіне, өлімнің өсуіне әкеледі.
Жұмыссыздықтың
ұзаққа
созылуынан
жұмыскерлердің
мамандығы жоғалады.
Еңбек нарығын мемлекеттік реттеудің негізгі төрт бағытын бөліп
алуға болады:
жұмыспен қамтамасыз етуді ынталандыру мен мемлекеттік
секторда жұмыс орындары санының көбеюі;
жұмыс күштерін дайындау және қайта әзірлеу;
жұмыс күшін жалдауға көмектесу;
жұмыссыздықты әлеуметтік сақтандыру.
Еңбек нарығының негізгі элементтері
- еңбек биржасы болып
табылады.
Еңбек биржасы - жұмысшылар мен кәсіпкерлердің арасында
жұмыс күшін сату-сатып алу мәмілесін жасау кезіндегі делдалдықты
жүзеге асыратын, сонымен бірге жұмыссыздықты тіркейтін мекеме.
Достарыңызбен бөлісу: