«Экономика негіздері»



Pdf көрінісі
бет86/124
Дата18.01.2024
өлшемі1.48 Mb.
#489299
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   124
экономика негиздері кітап

2 сұрақ. 
Экономикалық мазмұн тұрғысынан салық дегеніміз тұрғындар
кәсіпорын (фирма) мен ұйымдардан заңға негізделіп алынатын міндетті 
төлем жүйесін айтамыз. Салық салудың мақсаты кәсіпорын тұрғындар 
қаржыларын қоғамдық қажеттілікке тарау болмақ. 
Салық салудың мынадай принциптері бар: 
 салық бар игіліктерге пропорционалды түрде қоғам мүддесіне сай 
алынады; 
 салық табыс мөлшері мен әлауқаттылық деңгейіне тәуелді болады. 
Салық төмендегідей қызметтерді атқарады: 
 фискалды (тіркелген) немесе жұмылдыру, қызметі. Осы қызметте 
мемлекет бюджеттік шығындарды қаржыландыру үшін салық 
жинайды; 
 бөлу қызметі, мемлекет қаржыны қайта бөлуді әртүрлі топтардың 
арасында, территория, облыс, аудандар бойынша жүргізіледі; 
 реттеуші қызметі мемлекет салықтың көмегімен тұтыну және 
қорлану арасындағы пропорцияны реттейді; 
 ынталандыру қызметі, мемлекет өндіріс пен техникалық прогресті 
дамыту үшін әртүрлі ынталандыру шараларын жүзеге асырады; 
 шектеу қызметі, мемлекет салық саясаты арқылы кейбір өндіріс 
түрлерінің дамуын тежейді немесе шектейді; 
 бақылап-есептеу қызметі, мұнда кәсіпорын мен тұрғындар 
топтарының, қаржы қоры көлемінің табысын есептеуді жүзеге 
асырады. 
Салық сипаты тұрғысынан тікелей және жанама болып бөлінеді. 
Тікелей салық мемлекет тарапынан кәсіпорын және тұрғындар 
табыстарынан алынады. Осы салықтың түрлеріне - айлықтан алынатын, 
пайдадан 
алынатын, жылжымайтын 
мүліктен, бағалы 
қағаздар 
операциясынан алынатын т.б салықтар жатады. 


134 
Жанама салықты мемлекет тікелей емес, баға арқылы айналдыра 
отырып алады. Оған - акциздер, кеден баж салығы, қосымша құнға 
салынған салық жатады. Жанама салық мемлекеттік реттеудің бірден-бір 
тәсілі ретінде қолданылады. 
Салықтан алынатын сома- салықтың негізі деп аталады. Мысал 
ретінде табыстан алынатын салықты қарастыруға болады. Табыстан 
алынатын салықты салық алудың басты көзі ретінде қараймыз. Табыстан 
(пайда) алынатын салық алынған табыс (пайда) көлемі мен салық 
жеңілдіктерінің өзара айырмасына тең. 
Салыққа жеңілдіктер салық сияқты белгілі тәртіпке негізделген заң 
актілерімен айқындалады. Салыққа жеңілдіктердің төмендегідей түрлері 
бар: 
 салық объектісінің алынбайтын минимумы; 
 кейбір адамдарды салық төлеуден (соғыс ардагері, мүгедектер) 
босату; 
 салық негізінен босату; 
 салық несиесі (салықтың белгілі көлемін алуды ұзарта түсу) және 
т.б. 
Салық өсімі- салық салу бірлігіне деген мөлшер. Әдетте салық өсімі 
пайыз түрінде белгіленеді. 
Салық өсімі үш түрге бөлінеді. 
Бірінші түрі - прогрессивтік салық өсімі. Мұның мәнісі - табыстың 
өсуіне қарай салық өсімінің мөлшері өседі. Кең таралған түрі - Қазақстан 
Республикасы азаматтарының айлығынан алынатын салық. 
Екінші түріне салық өсімінің пропорционалды өсімі жатады. 
Үшінші түрінде - регрессивтік салық өсімі жатады. Регрессивтік салық 
өсімі біздің елдегі салық заңдылықтарында қолданылмайды. Бұл өсім кері 
прогрессивті және оның мәні салық өсімі мөлшерінің ұлғаюын табыстың 
азаюымен түсіндіріледі. 
Қазақстан Республикасында жалпы мемлекеттік салықтар бар. 
Олар мемлекеттік бюджетті реттеудің қайнар көзі саналады. Жыл 
сайын Қ.Р-сы бюджет заңына сәйкес, мемлекеттік салықтан бөлінген 
бюджет табысына түсіп отырады. Ал жергілікті салықтар жергілікті 
бюджет табысының негізгі көзі болып табылады. 
Жалпы мемлекеттік салыққа жататындар: заңды және жеке 
тұлғалардың табысынан алынатын салық; қосымша құн салығы, акциздер, 
бағалы қағаздар операциясынан салық; арнайы төлемдер мен жер 
байлығын пайдаланғандар салығы. 
Жергілікті салық пен алымға жататындар: заңды және жеке тұлғалар 
мүлкінің салығы; көлік, құрал-жабдығы салығы; кәсіпкерлікпен 
айналысатын заңды және жеке тұлғаларды тіркеудегі алым; қызметтің кей 
бір түрімен айналысуға құқылы адамдардан алым; аукцион сатылымынан 
алынатын алымдар. 
Салықтардың ішіндегі - салығы ерекше орын алады. Табыс салығы 
алғашқы рет Англияда XIX-ғасырдың тасында ендірілген екен. 


135 
Прогрессив салық туралы әңгіме еткенде, ғалымдар жоғары 
(көтеріңкі) табыс салығы фирма мен тұрғындардың іскерлік белсенділігін 
төмендетпей ме деген күдікті жиі айтады. Американ экономисі Артур 
Лаффер 80-ші жылдардың басында осы мәселені қарап, мынадай ой 
түйген: салық өсімінің жоғары болуы адамның экономикалық 
белсенділігін бәсеңдетіп, оларды салық төлеуден қашуға итермелейді. 
Қызмет жасау арқылы табатын табыстың өмір сүруден гөрі, олар жәрдем 
ақыға өмір сүргенді жөн санайды. А.Лаффердің атағын ресторанда 
салфеткаға «Лаффер қисығы» шығарды. 
Салық өсімі 50%-тен асқанда адамдар аз жұмыс істейді және ақшасын 
сақтауға еш тырыспайды. Өзінің күш-жігерін «көлеңкелі экономикаға» 
бағыттап, нәтижесінде мемлекеттік қазынаның табысы азая түседі. Егер 
салық өсімі көтерілсе, ерте ме кеш пе оның деңгейі сондай дәрежеге жетіп 
ешкім жұмыс істегісі келмейді және салықты төлемейді. Сайып келгенде, 
мемлекетке ешқандай салық түсімі түспейді. 
Акциздер жанама салықтың бірден-бір түрі болып табылып, тауар 
бағасына енеді және сатып алушылар оны төлейді. Елімізге импортталған 
және Қ.Р-сы территориясында өндірілген тауарларға, сондай-ақ ойын 
бизнесіне акциздер салынады(алынады). Экспортталатын акциздік емес 
акцизделген тауарлар өндірушінің тауарды сыртқа-экспортқа шығаруы 
расталса, акциз салынбайды. Қ.Р-сы қатысатын хаықаралық келісімде 
көрсетілген кейбір нәрселер есепке алынады. Қ.Р-сы территориясында 
акцизделген тауарды өндірушілер, оны импорттаушылар немесе ойын 
бизнесін жүзеге асыратын заңды және жеке тұлғалар акциз төлеушілер 
болып табылады. 
Қ.Р-сы территориясында өндірілген немесе біздің елге импортталатын 
тауарлар акцизделген тауар боп табылады. Оларға: ішілетін этил спирті, 
тамақ шикізатынан өндірілген арақ, ликер-арақ, бұйымдары, қаттыланған 
сусын мен соктар, бальзам, шарап, коньяк, шампан шарабы, сыра, темекі 
бұйымдары, құрамында темекі бар бұйымдар, осетра және лось бағалығы, 
олардың уылдырығы. Осы балық пен уылдырықтан жасалған 
дилекатестер, күміс пен платина, алтыннан жасалған бұйымдар жатады. 
Өңделген және өңделмеген мехтық терілер: натуральды мех бұйымдары, 
бензин, тері киімдері, жеңіл автомобильдер, атылатын және газ 
мылтықтарын да қосуға болады. 
Акциз өсімін Қ.Р-сы үкіметі тауардың, құнына пайызбен белгілейді 
немесе оның натуралды қалпына қарай физикалық көлеміне сәйкес 
бекітеді. 
Жанама салықтың келесі бір түрі қосымша құн салығы (ҚҚС) болып 
табылады. Ол өндіріс процесінде қосылған құн өсімшесінің бөлігін 
бюджетке жібергендіктен және тауар жұмысы мен қызметінің, 
айналымынан тұрады. Сондай-ақ қосымша құн салығы Қ.Р-сы 
территориясында тауарды импорттауда жүзеге асады. Қосымша құн 
салығының бюджетке төленетін белгілі қосалқы құн салығы сомалары 
өткерілген тауар мен жұмыстың айырмасымен анақталады. 


136 
ҚҚС-ғын алу объектісі болып айналым алымы мен импорт алымы 
жатады. Айналым алымына қызмет пен жұмыс, тауар өткерілуінің 
айналымы жатады. Айналым алымы Қ.Р-сы шеңберінде жүзеге асуы 
қажет. Айналым алымы мына жағдайда: салықтан босатылған да және 
өзінің өндірістік қажеттілігін жүзеге асырғанда; ережеге сай анықталған 
айналым, Қ.Р-сы қатысын халықаралық келісімде көрсетілген нәрселерге 
жүргізілмейді. Жалақыны натуралды түрде төлеген жағдайда да берілген 
тауар құнына қосылған құн салығы енеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   82   83   84   85   86   87   88   89   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет