«Экономика негіздері»



Pdf көрінісі
бет87/124
Дата18.01.2024
өлшемі1.48 Mb.
#489299
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   124
экономика негиздері кітап

3 сұрақ 
Қарыз нарығы - қаржы нарығының бір бөлігі. Ұдайы өндіріс 
процесінде уақытша қатысуға пайдалану үшін еркін қалған ақша қорлары 
өткерлеу (өткізу) обьектісі міндетін атқарады. Қарыз нарығы еркін қалған 
ақша қорын қайта бөліп, жаңадан ақша ресурстарын құрайды. 
Банк ұсынатын несиелер - қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді 
болып жіктеледі. Несиенің бірнеше түрлері бар; а) банктік, ә) чектік, б) 
коммерциялық, в) тұтыну, г) халықаралық. Банктік несиеде клиент векселі 
дисконттанып, оған есеп-шот ашылады. Чектік несиеде банк қарыз 
сомасын ұсынады. Осы сала көлемінде клиент төлемдері өтеу үшін чек 
жазып береді. Коммерциялық несие төлемдерді төлеуді созу үшін 
ұсынылады. Бұл несиені банк кәсіпорынға уақытша мұқтаждығы үшін 
береді. Тұтыну несиесі – тұтынушыға тауар мен қызмет төлемдерін соза 
орындау үшін қажет. Халықаралық несие сыртқы экономикалық 
байланыстарға қызмет жасайды.
Несие өзінің қызметін банк арқылы жүргізеді. Экономикалық көзқарас 
тұрғысынан, банктер несие-қаржы мекемесі. Банктің негізгі қызметі 
тұрғындар мен ұйымдардың, кәсіпорындардың еркін ақша қорларын 
тартып қорландыруды жүзеге асыру. 
Коммерциялық банктер әр түрлі меншік негізінде құрылады. Олар-
акционерлік, кооперативтік, шетел банк капиталының қосылуымен жеке 
банк де болуы мүмкін. Коммерциялық банктің классикалық қызметі 
вексельдік айналымға негізделген. Берілген қарыз бойынша алынған пайыз 
жиынтығы, басқада жүргізген операциялар табысымен бірге және осыдан 
банк шығынын алып тастағандағы қалдық банк пайдасы болады. Банк 
пайдасының аты маржа деп аталады. 
Банкке табыс әкелетін операцияны-активті (қарқынды); ал ақша 
капиталын қосу арқылы жасалған операцияны-пассивті деп айтамыз. 
Активті (қарқынды) операциялар; вексельді, тауар ішіндегі қорлық 
(қаржылық) және баланстық операция болып бөлінеді. 
Осы операциялардың бастысы - вексель есебі мен вексель бойынша 
қарыздар беру болып табылды. 
Банктің қорлық операциялық бағалы қағаздар - акция, облигация 
арқылы жүзеге асады. Бұл операцияларға бағалы қағаздар кепілдігі мен 
қарыз беру, банк инвестициясы жатады. 


137 
Соңғы 10-15 жылда банк қызметінде операциялар жаңа түрлері белең 
ала бастады. Олар лизинг, факторинг, қаржы-трастық операциялар. 
Лизинг (ағылшын сөзі) мүліктерді (машина, ірі құрал-жабдықтар т.б) 
уақытша пайдалануға алу немесе беру. 
Факторинг –қаржы коммерциялық қызметтің бір түрі. Сондай-ақ банк 
өз клиентінің құқықты сатып алып, оған ақшалай қарыз болғандарды 
өндіреді. 
Коммерциялық банктің жеке заңды тұлғалар мүліктерін басқару 
жұмысын-трастық операция. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   124




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет