145
Әрбір елдің сыртқы экономикалық қызметтерді сипаттайтын
кешенді көрсеткіш болып төлем балансы табылады. Ол барлық сыртқы
экономикалық операцияларды қызмет көрсететін ақша құралдарын
кірісі мен шығысын бейнелейтін құжатты білдіреді. Сыртқы
экономикалық операциялар бойынша
кірістер мен шығыстар
арасындағы айырмашылық төлем балансының сальдосы деп аталады.
Егер кіріс шығыстан жоғары болса, ол жағымды, егер шығыстар
кірістен жоғары болса, онда ол жағымсыз болады.
Соңғы жағдайда
«төлем балансының дефициті» пайда болады. Сауда балансы – төлем
балансының бөлігі. Егер импорт экпорттан жоғары болса, онда
мемлекет қорғаныс құралдарына сүйенеді. Қазіргі жағдайда әлемдік
нарық үш негізгі ірі нарықты кірістіреді:
- тауарлар мен қызметтер;
- жұмыс күші;
- ссудалық капиталдар.
Әлемдік нарықта тауарлар интернационалдық
құндылықтардың
негізінде бағаланады, ол жұмыс уақытының қоғамдық қажетті
интернационалдық, орташа шығындармен анықталады.
Тарифтер мен саудалар бойынша халықаралық бас келісім-шарты
бар. Осы келісім-шарт бастапқыда саудада кедендік шектеулерді
төмендету мақсатымен өнеркәсіптік
дамыған елдер арасындағы
келіссөздер үшін негіз болып кызмет етті.
Еңбекті халықаралық бөлу және өнеркәсіптік дамыған елдерді
нығайту өнеркәсіптік бұйымдармен айырбастардың өсуіне әкеледі.
Әлемдік саудада шикізат тауарларының үлес салмағын қысқарту
қазіргі өндірісте шикізаттың үлесін қысқартуға жалпы тенденцияны
бейнелейді.
ҒТР дамуы жаңа техниканы қолдануға және дайын өнімнің
бірлігін энергия және шикізат шығындарының қысқаруына әкеледі.
ҒТР бірге сауданың жаңа формалары пайда болады:
техникалық
білімдер, техникалық тәжірибемен.
Достарыңызбен бөлісу: